Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Жеке тағам өнімдерінің комплексті анализі



бет3/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Таурбаева Г.О. Тағам өнімдері анализі бойынша практикум (1)

2 Жеке тағам өнімдерінің комплексті анализі.......................................48
2.1 Бал және оның құрамын фальсификациялау тәсілдері.................... 48
2.2 Жеке компоненттері мен қоспаларын анықтау үшін ара балын анализдеу ....................................................................................................50
2.3 Бал сапасын анықтау............................................................................ 53
2.4 Сүт және сүт өнімдерінің химиясы және биохимиясы.............. ........ 59
2.5 Ет өнімдерінің анализі.......................................................................... 63
2.6 Ұн, жарма (крупа), крахмал және дәнді дақыл өнімдерінің экспертизасы.............................................................................................. 68


3 Витаминдер және тағам қоспаларын анықтау................................. 71
3.1 Витаминдердің тірі организмдердегі рөлі........................................... 71
3.2 С витаминінің мөлшерін иодометрлік титрлеу арқылы сандық анықтау........................................................................................................ 73
3.3 Шайдың әр түрлеріндегі Р витамині мөлшерін анықтау................... 75
3.4 Тағам қоспалары туралы түсінік.......................................................... 76
3.5 Шұжық өнімдеріндегі натрий нитриті мөлшерін анықтау................... 80
3.6 Нитрат-иондарын жартылай сандық анықтаудың экспресс әдісі......83

Тест тапсырмалары.................................................................................... 86


Пайдаланылған әдебиет..............................................................................91


Қосымша...................................................................................................... 92



КіРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында және еліміздің 2030 жылға арналған даму стратегиясында мемлекеттік саясаттың бастапқы бағыттарының бірі халықтың денсаулығын нығайту болып табылатындығы атап көрсетілген.


Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтану және соған байланысты тағам өнімдерінің құрамын, сапасын білу маңызды болып табылады.
Тамақтану кең мағынада тағамдық заттардың организмге өтyi мен ондағы өзгерiстерiнiң барлық биологиялық қосындысын көрсетедi. Бұл процестер организмдi энергиямен және әртүрлi функция атқаратын структуралық заттармен қамтамасыз етедi. Тағамдық заттардың организмдегі өзгерiстерiн қамтамасыз ететін ферменттердің қажетті
жиынтығы эволюция барысында қалыптасқан.
Қазіргі кездегi адамның тамақтануы бұдан 60 жыл бұрынғы тамақтану құрамынан күрт ерекшеленедi. Соңғы жылдары қоғамдағы әлеуметтік өзгерiстер, экологиялық жағдайдың нашарлауы тағамдық заттар құрамының өзгеруiне әкелді. Нарықтық экономика тағамдык өнiмдердi өндiретiн қәсіпорындар арасында бәсекелестік тудырады. Осыған байланысты сақталу мерзiмi ұзағырaқ болатындай, тез дайындалатын тағамдық өнiмдер шығарылады. Тағамдық өнiмдер ұзақ сақталу үшiн оларға әртүрлі тағамдық қоспалар қосылады, бірақ олардың мөлшері белгілі бір нормадан аспауы тиіс. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі – тағам өнімін өндіру (жасау), айналымға шығарудың барлық сатыларында адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін және тұтынушылардың заңды талаптарын бұзатын фактілердің болмауы. Сонымен қатар тағам өнімінің негізгі заттарының – белоктардың, көмірсулардың, майлардың мөлшерін анықтау да оның энергетикалық және пластикалық құндылығын бағалауға мүмкіндік береді. Сол себепті тағамдық өнімдердің құрам бөліктерін, әсіресе қоспалар мөлшерін сандық анықтау –тағам өнімдері сапасын бақылау ұйымдарының негізгі міндеті.
Студенттерде салауатты өмір салтының негізі ретіндегі дұрыс тамақтануға тәрбиелеу және болашақта химик-мұғалім, химик-зерттеуші немесе өндіріс саласының маманы ретінде тағам өнімдері анализін жүргізе білу қабілетін дамыту – педагогикалық жоғары оқу орнының «Химия» мамандығы бойынша оқитын студенттері үшін жасалатын оқу жоспарының элективті пәндері бірінің мақсаты. Оқу құралында тағам өнімдерінің анализін жүргізуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар тағамдық заттардың организмдегі өзгерістерін көрсететін кейбір әдістемелер келтірілді және оларды студенттермен қатар мектеп мұғалімдері оқушылармен ғылыми жұмыс ұйымдастырып, өткізуде пайдалана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет