Сөйлеу
.
Сөйлеу - тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі.
Тіл - адам коғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін
11
құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілер
жүйесі жəне ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы сөздерден
жəне солар бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер
жиынтығы - синтаксистен кұралады. Əрбір сөздің өзіндік
мағынасы болады. Сөздің мағынасы дегеніміз - оның нақты
болмыста белгіленген объектіге қатынасы, бұл арада объектінің
санада
калай
қабылданғаны
есепке
алынбайды.
Тілдің
грамматикалық
категориясы
логикалық
категориямен
ұштастырылады. Логикалық категориялар жалпы адамдық
болып
табылады.
Олар
əр
тілге
тəн
түрде
тиісті
грамматикалық құрылымдар арқылы білінеді.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық
үшін бірдей жəне адамдар білген құбылыстардың алуан түрін
түгел қамтиды. Қай тілдің болмасын айтылуының, грамматилық
жəне синтаксистік нормативті ережелері болады. Сөйлеу -
психикалық құбылыс. Ол əр адамның тек өзіне ғана тəн болады
жəне сөйлеуде объективтік шындықты осы адамның субъективті
бейнелеп, білдіруін көрсетеді, оған индивидтің көзқарасын
білдіреді. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін
ғана пайдаланады. Тіпті ұлы жазушылардын тілінің өзінде 10
мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің
құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болатыны белгілі. Жеке
адамның сөйлеуі стандартынан ауытқи айтылуымен жəне
сөйлем құрылысымен ерекшелінеді.
Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар
қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады.
«Тіл - ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша
жəне ауызша сөйлеу арқылы іске асады. Адамдар арасындағы
қарым-қатынаста пайдаланылмайтын, бірақ жазбаша түрде
сақталған тілді өлі тіл дейді. Демек, тіл рухани мəдениет
құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам кұрып кеткен соң да өмір
сүре отырып, жоғалған цивилизация мəдениетінің аса құнды
ескерткіші бола алады екен (мысалы, ежелгі грек, латын тілдері,
сан-скрит).
Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар (сөйлеу
тілінде) жəне графемалар (жазба тілінде) болып табылады.
Нақ осы əлеуметтік тұрғыда жасалып, қалыптасқан дыбыстар
12
мен графикалық белгілерден адамзат тəжірибесін паш етуші
сөздер құрылады.
Сөйтіп, тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса
бағалы өмірлік қазына жинақталады. Осыған орай сəби тіл
үйрену нəтижесінде өзінің таным əрекетінің тар шеңберін
кеңейтеді, адамзаттың қолы жеткен білім деңгейіне иек артады,
өз басының тəжірибесін сөзбен бекітіп, оны айналасындағыларға
таратуға мүмкіндік алады.
Тіл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа тірелген
жүйесі, ал сөйлеу - ой мен сезімді жеткізуге жасалған тілдің
екеуара қатынасты əрекеттік қолданысы.
Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнек-
арналған əртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан осы қордан
сөйлеу үшін қажетті белгілі тілдік құрам (дыбыстар, сөздер,
ережеге сай сөз тіркестері мен сөйлеу, əуен, ырғақ ж.т.б.) іріктеліп
алынған шақта ғана, ой мүмкіндігіне ие боламыз.
Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде (сөйлеу)
қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық синтаксистік екі
принципті қамтыған дыбысты тіл, фонетикалық белгілер
жүйесін түсінеміз. Сөйлеу - тілде байланыстың ең өнімді
əмбебап құралы, себебі жəрдемімен берілген ақпарат
мағыналық толықтықты жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы
ақпарат тану бекімін тауып, қажет кезде мағыналық шешімге
келеді. Əңгімелесудің ерекшелігі ретінде диалогтық сейлеуде
хабарлаушылар ролі бір алмасып отырады, осыған орай біз не
жөнінде əңгімелесіп жатқанын түсінеміз.
Сонымен, сөйлеу - тек адамға тəн тіл қатынасы, ең
жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы тыңдаушының
міндетті түрде болуымен жасалады. Айтудың ойды жеткізуге
қажет болған сөздерді іріктеп, грамматикалық ережелеріне сай
оларды байланыстырады, ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.
Тыңдаушы қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге
əрекет
жасайды.
Айтушы
мен
тыңдаушы
арасындағы
түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды жіктеуге
бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді елестету құралы
мен ережелері болуы шарт.
13
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып
қалмастан, əңгімелесушілер арасындағы бір-біріне ықпал да
жасалады, яғни өзара бағыт-бағдар көрсете отырып, олар бір-
бірінің іс-əрекет қылықтарын өзгертуге тырысады.
Əңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы
адамдардың сөз саптау сипаты əртүрлі. Хабарлау үшін ақпарат
мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен мақсат
қойып, кейін оны сөзбен баламалайды, Ал хабарлаушының
айтқан ой мағынасының таңдауы түсінікті болғандығы
тыңдаушы хабарлаушы роліне өз сөзімен қабылданған
ақпараттың
түсінікті
екендігі
белгі
бергенге
ғана
айқындалады.Ал бұл ықпал жасау процесін айқын түсіну үшін
тілдестік əрекетінің құрылымын ғана біліп қою жеткіліксіз, Бұл
орайда əңгімелесуге негіз болған себеп, түрткілер, тілдесу мен
ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие.
Бұл үшін тілдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс
белгілерді ажырата алған жөн. Сөзбаян əмбебап болғанымен,
оның толық мəні тілдестік жүйесінің сөзден тыс белгілермен
тілдесу проблемасы туындайды.
Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралин
жəне
экстралингвидациялық
белгілер
жүйесі
де қалыптасады.
Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс əуені, ал
экстралингвистикалық дегеніміз сөз мағынадағы іркіліс,
сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.
Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де
сөйлеу барысында өте маңызды жəрдемші бола отырып, сөз
мəнісін күшейту не кемітумен бірге, қатысқаңдардың ниеттерін
білдіреді. Сөзбен қолдана отырып, вербалды емес белгілер де
адамдардың байланысты қызмет əрекетін ұйьмдастыру үшін
ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
Емеурін, қимыл əліппесін білетін адам қарсыластарының,
əріптестерінің сырын еш қиналмай-ақ ұғынады. Қандай
жағдайда қалай əсер етудің жолдарын пайдаланады. Өз мүддесін
жүзеге асыру үшін түрлі əрекеттерге барады. Тіпті адамның
бетіне қарағанда, қай нүктенің қалай əсер ететінін, қай тұстан
қандай қуат келетінін іштей түйсініп, қалауына орай нəтижеге
жетуге əбден болады. Тек пиғыл, ниет таза болсын. Адамның
14
ойлау мазмұнынан төгілісті пайда, зиянның өлшемі шексіз.
Əрбір сөз, əрбір əліппенің саны, өз жүйесі бар, əрбір əріптің өз
иесі бар. Біреуді жазықсыз ренжіту, қиянат жасау, қалай болса,
солай сөйлеудің түпкі тамырында магнитті толқындар жасырынған
"Жақсы сөз - жарым ырыс", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан
інінен шығады", "Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз
иесін табады" дейді. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға
болады, сөзбен өлтіріп жіберуге, тыпырлатпай тастауға
болады. Сөз төркінін түсінгендер мұны жақсы біледі.
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам аралық
қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы жəне
ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазбаша
болып, ал ауызша - монологтық жəне диалогтық болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді.
Сөйлеу түрлерінің бəріне бірдей сипат - олардың сөздік
дыбысталуында. Бірақ олардың əрбірінің өзіндік ерекшеліктері
бар. Тіл қатысынсыз жəне заттасқан тілдік процесс болмай,
ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, əсіресе жазба
сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі,
күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі
сөйлеу деп атайды. Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу
ауызша жəне жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік
қатынас мəтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің,
ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба
түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі
кезегі көп тілдердің дыбыстары əріптермен өрнектеледі. Жазба
сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен
танылатын əріптер мен адамның тілдік əрекеттерінің күрделі
байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудің
ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, əрі соның нəтижесінде
қалыптасатынын түсінеміз.
Ауызша сөйлеу - диалогтық жəне монологтық түрде
болады. Диалогтык сөйлеу əңгімелесушілердің өзара қысқа
алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен
ерекшеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы əңгіме
желісінен, тақырып барысынан жəне іс-əрекет мазмұнына орай
жетіледі. Ауызша сөз, əдетте, əңгімелесуге қосылған адамның
15
ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай
жасалған жауап ретінде жүзеге асады.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалуына
қарамастан, əңгімелесушілер арасындағы бір - біріне деген
ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт - бағдар көрсете отырып,
олар бір- бірінің іс-əрекет қылықтарын үйлестіруге, өзгертуге
тырысады.
Əңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы
адамдардың сөз саптау сипаты əртүрлі. Хабарлаушы үшін
ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келеді, себебі ол алдымен
мақсат қойып, кейін оны сөзбен баламалайды. Ал тындаушы
үшін қабылданатын ақпараттың мəні, оны сөзге келтірумен
бірге ұғылады (Я.Яноушек).
Ойлау мен сөйлеу арасындағы тығыз байланыс
адамның
сөйлеу
ерекшелігінде
оның
бірқатар
ойлау
ерекшеліктері де көрінетінін түсінуге мүмкіндік береді. Атап
айтқанда, бейнелі ойға, бейнелі сөйлеу сай келеді. Түсінікті
ойлау пайымдаудың бейнелік дəлелділігі емес, логикалық
тұрғыдан дəлелденіп, мейлінше қорыта сөйлеуге байланысты.
Адамның сөйлеу қасиеті алда шешілуге тиісті міндеттерге
байланысты, ол міндеттер күні-түні адамның ойында жүреді.
Білі м беру, айтпақ ойын тындаушыларына кеңейтілген
логикалық формада жеткізу міндеті, көкейдегі ойды мейлінше
айкын, ашық сөздермен айтуға дағдыландырады. Мəселені
іштей ойлау, яғни, іштей сөйлеу арқылы ойлану дағдысы
көбінесе өз ойын айтқысы келген сəтте тыңдаушылармен тіл
табыса алмауға əкеліп соғады. Айтушының өзі үшін айқын ойды
аудитория қабылдамайды. Мұндай жағдайда сөйленген сөз
ойды ашқан жоқ, керісінше «жапты» дейді.
Адамның мəдени дəрежесін сипаттау үшін, адамның
бағыттылығымен тығыз байланысты сөз сөйлеу стилінің
елеулі мəні бар. Сөз сөйлеу стилінен адамның ой жəне еңбек
қызметінің ерекшелігі, оның мамандық ерекшелігі, өзгелермен
қарым-қатынасының дағдылы формасы байқалады. Сөз сөйлеу
стилі: күнделікті тұрмыстық, көркем, іскерлік, ғылыми түрде
болады. Аталған сөздердің мағынасынан ап-айқын көрініп
тұрады.
16
Күнделікті - тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас
тақырыбына байланысты. Ауызекі сөзде бұл стиль əңгімелесу
арқылы, ал жазбаша сөзде жақын адамдардың бір-біріне
жазған хаттарынан аңғарылады. Көркем стиль көбінесе болған
оқиға туралы əңгімелеп беруден көрінеді, жазбаша сөзде проза
мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады. Іскерлік
стиль еңбек үстіндегі ресми қарым-қатынасқа байланысты
болады жəне əңгімелесу, баяндама, талқылау, арыз, акт
формасында жүзеге асады. Ғылыми стиль оқып білім алу,
танымдық іс-əрекетке байланысты жəне лекциялар мен ғылыми
еңбектерде айқын байқалады. Əрбір стильге өзіндік лексика (сөз
саптау) жəне өзіндік сөйлем құрылысы тəн. Адамның өзіндік
қарым-қатынас практикасы адамның өзіндік қасиетін құратын
сөйлеу стилін қалыптастырады. Адамның сөйлеу мəдениеті мен
сөз сөйлеуге жан-жақты төселуі оның сөйлеу стилін қарым-
қатынас ситуациясына бағындыра білуінен көрінеді.
Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары.
Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік,
сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы
жəне ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық
мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді
тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мəндік мазмұнына
аударылады. Адам тілінің əрбір дара сөзі қандай да бір затты
өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не
құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі
жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық
күйін білдіретін
аффектік "тілінен" ажыратылады. Жануарлар тілі ешқашан да
нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен таңбаламайды,
таныта алмайды. Сөздің бұл қызметі - сигнификативтік қызмет
деп аталады. Сөздің белгілеу (таңбалау) қызметі нақты ұлт
өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі. Осы қызмет
нəтижесінде адам əртүрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада
тұрғыза алады, заттардың өзі жоқ болған кезде де олармен іс-
əрекеттік қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселеніп
баиыды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың тікелей
17
бейнесін сақтап, таниды, оған қоса сол заттың таңбалық
баламасымен де байланысқа келеді.
Сөздің күрделірек қызметі бар. Ол арқылы заттарды
талдап, олардың мəнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі
категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Осыдан сөз
дерексіздендіру (абстракциялау) мен нақтылау құралына айналып,
қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан
байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады.
Сөздің бұл екінші қызметі "сөз мағынасы" терминімен белгіленеді.
Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көпғасырлы
тарихында
қалыптасқан
байланыстар
мен
қатынастарды
танимыз, зерттеп, үйренеміз. Сөйлесудің жəне бір қызметі -
коммуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау
құралдарының
бірлігінен
орындалады.
Өрнекке,
яғни
дыбыстардың бірігіп, сөз жəне сөйлем формасына келуінен əлі
сөйлеу (баян) шықпайды. Сөйлеу - заттық негізі бар мағына
болғанда ғана іске асады. Əрқаңдай сөздің (сөйлеу) белгілі зат
жөнінде баяны болып, екінші біреуге бағытталса ғана, өзінің
коммуникативтік қызметіне сай болады. Сөйлеудің мағыналық
мазмұнының өзегі - өрнектеген заты. Бірақ, нақты белсенді
сөйлесу барысында өз сөзінің белгілегенінен тыс көп хабарды
жеткізе алады, себебі сөз ағымы сезімдік əрекеттермен толығады:
ым, ишара т.б.
Адам тіліндегі көніл-күй (эмоция) көрінісі үлкен маңызға
ие. Сөзді тек ақыл-ой көрінісі деп тану оның өрісін өте
тарылтып жібереді. Сөзде, əсіресе оның ауызша түрінде көңіл-
күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады; іркініс,
ырғақ, əуен; жазба түрінде - тыныс белгілері, сөз орыны т.б.
Сөйлеу барысында біз тек білген ақпаратымызды ғана
хабарлаумен тынбастан, əңгіме арқауына болған, əңгіме
тыңдаушыға болған өз көңіл толғаныс, қатынастарымызды
білдіреміз. Сөз неғұрлым өрнекті, əсерлі болған сайын, одан
сөйлеушінің келбеті болмысы дəл əрі нақты көрінеді.
Сөз бір нəрсе жайында баяндаумен бірге ықпал жасау құралы
да болып қызмет етеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі - өте
мəнді
құбылыстардан.
Ол
тікелей
əрекет
қылықты
өзгертпегенімен, қалайда тыңдаушының ой санасына,
18
сезіміне қандай да өзгеріс ендіреді. Сөйлеу əлеуметтік міндетті
орындау, тіл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал
қызметін орындайды.
Сөйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөз
(сөйлеу) қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге
арналған жəне тілдесуде пайда болатын əлеуметтік өнім.
Сөйлеу саналы əрекетке айналуы үшін əңгіме арқылы
шешілетін мəселе жəне оның мақсаты анық болуы қажет.
Сонымен бірге, əңгіме барысындағы міндеттің шешімі сол
əңгіме жүріп жатқан жағдайға да байланысты. Бұл жағдай
əңгіме өзегі болған зат пен əңгіме бағышталған тыңдаушы
қауымының сипатымен анықталады. Əңгіме мақсаттары мен
жағдайларын бірлікте қарастыра отырып, адам не айту керек,
қалай айту керек екендігін барластырады, осыдан өз сөзін
алдына қойған міндетін шешуге жарайтын саналы əрекетке
айналдырады.
Cөйлеудің коммуникативтік қызметі. Коммуникация,
қарым-қатынас жəне олардың құралы. Қарым-қатынас дегеніміз
- тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас
құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден
зерттеп келеді. Кибернетика мен информация теориясы
жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап,
символдармен белгілеу міндеті туды. Осылайша машина тілі
деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-
есептеу
машинасының
қызметін
басқарады,
оны
информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы
сигнал алмасу да тереңірек зерттеле бастады. Түрлі жансыз
жəне жанды системалар арасында информация алмасу жайлы
да едəуір білім жинақталды. Адамның қарым-қатынасы
информация алмасудың жеке-дара жағдайына айналды. Осы
ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бəрін
де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.
Сыртқы пішін жəне физиологиялық маска біршама
тұрақты болады. Қарым-қатынастың динамикалық қыры
мимика мен ым-ишарадан
байқалады. Мимнка дегеніміз -
қарым-қатынас кезіндегі
беттің құбылысы. Ым-ишара дегеніміз
- психикалық күйді əлеуметтік қалыптасқан қимыл. Мимика да,
19
ым-ишара да оларды құрайтын кейбір элементтері туа
біткенімен,
коммуникацияның қоғамдық құралдары ретінде
дамып отырады. Мысалы, физиологиялық зерттеулер жан
рақаттандырарлық
заттарды
көргенде
көздің
қарашығы
ұлғаятынын көрсетті. Екінші жағынан бет құбылысы мен ым-
ишараның біркелкі көрініс əр түрлі мəдениет жағдайында мүлде
қарама-қайшы мағына беруі мимика мен ым-ишараның
əлеуметтік тəуелділігін дəлелдейді. Мысалы, көздің бадырая
ашылуы жапондық үшін ашу-ызаның белгісі болса, европалық
үшін - жайдары шырай немесе таңдану белгісі.
Соңғы кездерде психологиялық
зерттеулерде қарым-
қатынас
жасаушылардың
аралығындағы
қашықтықтың,
серіктестік
отырысының
коммуникативтік
мəніне
көңіл
аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл
бағыттағы зерттеулерге проксемика - деп ат қойылды. Төрт
түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, əлеуметтік,
көпшіліктік.
Алғашқы
екі
арақатынас
жақын,
достық
байланысты
аңғартады,
ресми
байланыстағы
адамдар
əлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас - бөтен
адамдармен араласу. Мұғалім осындай арақатынастарды
алмастыра отырып, оқушыларға қосымша ықпал жасауға жете
алады, себебі бұл серіктер аралығындағы қарым-қатынас
сипатын өзгертеді.
Тілдесу
деген
не?
Тілдесу
-
біркелкі
іс-əрекет
қатынасынан туындаған адамдар арасындағы байланыстардың
көзі.
Тіл
қатынасы негізінен
əңгімелесушілердің
өзара
алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының
коммуникативтік сипатын құрайды. Үшінші, ақырғы, тарапы -
тіл қатынасы сөйлем арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдап,
өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз:
коммуникативті (ақпарат алмасу), интеракативті (өзара ықпалды
əрекетке келу) жəне перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап,
түсінісуі). Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары
бірлікті қызмет орындауымен қызметке араласқан адамдардың
өзара қатынасы ұйымдастырудың əдістерін құрайды.
20
Коммуникативтік процесте, біріншіден
,
ақпарат бір-
біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасында хабар
алмасуы, яғни бір адамның өз ақпаратының мазмұнына сəйкес
екіншісі жауап хабар алуға бағытталған үздіксіз жүріп жатады.
Егер осы ақпарат тілдесу мағынасында түсінімді қабылданса
ғана, тілдескен адамдар үшін мүмкінділігіне ие болады.
Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу
қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде амдардың бір-
біріне ықпалды əсер ете алуына байланысты. Бұл жағдайдағы
коммуникативтік ықпал бір адамның ісіне жасаған психологиялық
əсеріне теңгеріледі.
Үшіншіден,
ақпарат
алмасудың
нəтижесі
болған
коммуникативтік ықпал тілдесуге қатынасқандардың жүйеге
таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында тіл
қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы
беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар дыбыс, сөз,
сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста, қоғамдық
еңбек желісінде, адамзаттың əлеуметтік-тарих дамуыңда
қалыптасты. Сөйлеу процесі санамен реттеледі өз кезегінде,
адамдар арасындағы тілдесуде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |