Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

5.
 
Ұмыту
 жəне оның түрлері. 
           Ұмыту  процесі  —  есте  қалдыру  процесіне  қарама-қарсы 
процесс. Өмірге қажет емес нəрселерді ұмытып отыру — адамның 
рухани  дамуына  көп  көмегін  тигізеді.  Егер  адам  қабылдаған 
нəрсенің  барлығын  есінде  сақтай  беретін  болса,  оңда  кез-келген 
ұсақ-түйектер  мидың  бірқалыпты  жұмысын  қиындатар  еді. 
Эксперименттік  тексерулерге  қарағанда  қайта  жанғыртылған 
материалдардың дел болып келуі өте сирек кездеседі. Материалды 
қайтадан  құрастыру  кезінде  оның  көлемі  кемиді,  онша  маңызы 
жоқ  ұсақ  жерлері  шығып  калады  да,  негізгі  түпкі  мағынасы  ғана 
қорытылып  есте  қалады.  Қабылдаған  материалдың  тіршілік 
қажетімізге  жарайтындары  ғана  (түрлі  жолдармен  арнайы  есте 
қолданғаны)  көбінде  ұмытылмайды.  Ал  біздің  тіршілігімізге 
тікелей  байланысы  жоқтары  өзінен-өзі  ұмытылып  отырылады. 
Ұмыту  түрліше  жағдайларда  көрінуі  мүмкін.  Бірде  ұмыту 
объектіні  əдейілеп  еске  түсіруге,  не  тануға  мүмкіншіліктің 
жоқтығынан  пайда  болса,  енді  бірде  обьектіні  қате  тану,  не 
əдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда 
(көлемді,  күрделі  түрлерін)  бірден  қайта  жанғырту  кейде  қиынға 
түсіп,  мазмұны  толық  берілмей  қалатын  кездер  болады.  Бірақ 
бұлар екі-үш күннен кейін тым тəуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. 
Осындай  кешігіп  еске  түсіруді  психологияда  реминисценция 
құбылысы  деп  атайды.  Кешігіп  еске  түсіру,  көбінесе,  мектепке 
дейінгі  балалар  мен  төменгі  сынып  оқушыларда  жиі  кездеседі. 
Өйткені  олар  көлемі  үлкен,  күрделі  материалдарды  бірден  толық 
айтып беруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерін айта 
береді. 
Ой-əрекетінің 
біртіндеп 
күрделенуіне 
жəне 
есте 
калдырудың  жолдарын  меңгере  білуге  байланысты  ересек 
адамдарда реминисценция құбылысы деп кездеспейді. 
Ұмыту  процесінде  байқалатын  екінші  бір  құбылыс 
төмендегіше  сипатталады:  өткен  материалға  ұқсас  екінші  бір 
материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне 
əсер  етеді.  Бұл  құбылыс  ретроактивтік  тежелу  деп  аталса, 
бұрын  есте  сақталған  материалдың  екіншісіне  бөгет  жасауы 
проактивтік тежелу деп аталады. 
Айтылған  құбылыстардың  табиғатын  білудің  үлкен 
педагогикалық  мəні  бар.  Өткен  шығармадан  келемді,  мазмұны 

 
ұқсас шығарманы жаттағанда, олардың басы мен аяғы есте жақсы 
сақталып,  орта  жері  тежелуге  ұшырайтындығы  көрініп  отыр. 
Мұғалімдер  мұндай  тежелулерді  оқушыларда  болдырмау  үшін, 
сабақ кестелерінде ұқсас пəндердің қатар тұрмауын қадағалап, ер 
жастағы  оқушылардың  үй  тапсырмаларының  нормасы  қатаң 
сақталынып, оку ерекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек. 
 
6.
 
Ес
 саласындағы дара айырмашылықтар. Есті тəрбиелеу. 
Ес  дəрежесі  бірдей  екі  адамды  табу  қиын.  Біреу  елеңді 
жылдам жаттаса, екінші біреу — санды жақсы жаттайды, үшінші 
біреу  —  ұмытшақ,  төртінші  кісі  көргенін  есінде  ұстағыш  келеді 
т.б.  Адамдар,  сондай-ақ,  есінің  дəлдігі  жөнінен  бір-бірінен 
ажыралады.  Естің    —  ешбір  жаңылмай,  ойдың  тəртібін  бұзбай, 
мағыналы  түрде  айта  білу  қабілеті.  Мəселен,  орыс  композиторы 
Балакиревтің  есі  дəл  осындай  болған.  Концертте  барғанда,  ол 
Чайковскийдің  бір  симфониялық  шығармасын  естиді  де,  екі 
жылдан кейін осы симфонияны жаңылмай орындап береді. 
Есі  дəл  адамдар  материалды  игеріп  алудың  жылдамдығы 
жөнінде  де  алдына  қара  салмайды.  Жұрт  бұларды  зейінді,  зерек 
адам  дейді.  Ал  басқа  біреулер,  керісінше,  қайта-қайта  оқыса  да 
есіне  түсіре  алмай,  əуре  болады.  Адамдар  еске  калдырудың  ұзақ  
ажыратылады.  Мұны  кейде  естің  беріктігі  деп  те  атайды. 
Мəселен,  бір  нəрсені  жаттап  алса,  оны  ұзақ  уақыт  бойына 
ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады. 
Естің  жақсы  сапаларының  бірі  —  даярлығы.  Естің 
қорынан ірі келген уақытта қажет нəрсені тауып ала білуді естің 
даярлығы дейді. Сондай-ақ көп нəрсені миына тоқи алатын, есінің 
өрісі  кең  адамдар  да  болады.  Біреулер  көзбен  көргенді,  тіпті 
біреулер  құлағымен  естігенді  жақсы  қалдырады.  Жоғарыда 
айтылған  ерекшеліктер  балалар  арасында  да  жиі  кездеседі. 
Оларды жіктеуге болады: 
1.
 
Есте  қалдыруы  шапшаң,  қайта  жаңғыртуы  жақсы,  еске 
қалдырғанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар. 
2.
 
Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар. 
3.
 
Есіңде 
калдыруы 
тез 
болғанымен, 
тез 
ұмытатын 
оқушылар. 
4.
 
Есіне  қиналып    түсіретін  жəне  тез  ұмытып  қалатын 
оқушылар. 

 
Бала  есінің  сапасы  төмен  болуы  көптеген  себептерге 
байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, 
үй  тапсырмаларын  жүйелі  орындап  отырмайды,  кітапты  қалай 
оқудың  тəсілдерін  білмейді.  Есте  қалдырудың  нашарлығы 
баланың 
сабақты 
дұрыс 
тыңдамауынан, 
зейінсіз 
отыратындығынан  да  болады,  мұндай  балалар  үнемі  мұғалімнің 
бақылауында  болуға  тиіс.  Енді  бір  балалар  ауру-сырқаулы  (тілті 
ми-жүйке  ауруларымен  ауыратындары  да  болады)  болғандықтан 
тез  шаршайды,  сабақты  кірбің  көңілмен  тыңдайды.  Мұғалім 
осындай  балалармен  де  жеке  жұмыс  жүргізуі  тиіс.  Мəселен, 
оларға  қосымша  сабақ  ұйымдастыру,  ол  оқушылардың  арнаулы 
режиммен  жүріп-тұруын  қадағалау  т.б.  балалардың  ес  қабілетіп 
арттыруға себепші болады. 
Баланың  есі  туғаннан  былай  қарай  дами  бастайды. 
Мəселен, төрт-бес айлық бала стақандағы ыстық суды біліп, оған 
жоламайды,  өйткені  оған  қолын  күйдіріп  алған.  Жарты  жастағы 
бала  өзінің  шешесін  бірер  жеті  көрмесе  де  тани  алады.  Бұл  — 
балада  тану  процесінің  өте  ерте  көрінетіндігін  байқатады. 
Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі. 
Бір  жасар  бата  көрген  нəрсесін  бір-екі  апта  есінде  сақтайды,  үш 
жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бата (  дамуына 
жүру,  айналасындағылармен  қарым-катынас  жасауға  талпыну, 
ойын  ерекеті  елеулі  орын  алады.  Үш-төрт  жасар  баланың  есте 
калдыруындағы  негізгі  ерекшелік  —  жаттайтын  материалдың 
сыртқы  түрлеріне  көңіл  бөлегіндігі,  есінің  нақтылы,  бейнелі 
келетіндігі.  Төрт  жасқа  дейін  балада  еріксіз  ес  күшті  дамиды. 
Мəселен, бала өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез 
жаттап алғанымен, оның мазмұнын түсінбейді. Бес жастан былай 
қарай  балада  естің  жоғары  түрлері  (ерікті  есті  қалдыру,  қайта 
жаңғырту) көрінеді. 
Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда 
үлкен  рөл  атқарады.  Оқушылардың  есін  тəрбиелеуде  де  мүғалім 
олардың  жас  жəне  дара  ерекшеліктерін  қатты  ескере  отырып, 
жұмыс  жүргізеді.  Төменгі  сынып  оқушылары  оқу  тəсілім  өз 
бетімен  тандап  ала  алмайтындықтан  мүғалім  үйге  тапсырм 
бергенде,  материалды  қалай  оку  керектігін  балаларға  ұдайы 
ескертуі  керек.  Бұл  жөнінде  оқулықтардың  бəрінде  мəтінді  қалай 

 
оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Біраз баланың 
назары  кейде  бұған  жөнді  түсе  қоймайды.  Мұғалім  мұны  қатты 
ескергені жөн. 
Төменгі  сынып  оқушылары  (əсіресе,  бірінші,  екінші 
кластағылар) материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар 
материалды  есіне  қалдырғанша  оқи  береді.  "Оқулықтағыдай 
білсем болғаны ғой" дейді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың 
қысқалығы  əрі  жинақылығы  себеп  болады.  Балалардың  сөздік 
қорының  аздығы  да  өз  сезімен  айтуға  мүмкіндік  бермейді. 
Сондықтан,  мұғалім  бір  жағынан,  баланың  сездік  қорын  дамыта 
отырып,  екінші  жағынан,  материалды  өз  бетінше  айта  білуге 
үйретуі  қажет.  Баланың  оқыған  нəрсесінің  менін  түсіне  алуы  — 
оның  материалды  өз  сөзімен  айта  білуі  болып  табылады. 
Осылайша,  есте  қалдыру  үшін  оқитын  материалды  бірнеше 
мағыналы  бөліктерге  белу,  оның  жоспарын  жасау  қажет  екендігі 
өткен  параграфта  айтылды.  Төменгі  сынып  оқушылары  бұл 
жағына өте шорқақ екенін де, психологаялық зерттеулер көрсетіп 
отыр. Өйткені бала мəтінге талдау жасауды білмейді, мəтінді жеке 
бөліктерге, оның негізгі жерін айыра алмайды шығарманың жеке 
бөліктеріне  ат  беріп,  басты  жерлерін  табудың  орнына,  мəтінді 
түгелдей  жаттай  қояды.  Бұл  əдіс  оған  оңай  болып  көрінеді.  Егер 
мəтін  ұсақ  бөліктерге  бөлінетін  болса,  оқушылар  жеке  фактілер 
мен  сөйлемдерді  оларға  тақырыпша  етеді  де,  мəтін  үлкен 
беліктерге  белінсе,  бұлардың  тақырыпшасы  шамадан  тыс, 
шығарманың мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады. 
Шығарманың  мəніне  карай  бөліктерге  бөлуге  төменгі 
сынып  оқушыларының  көпшілігінің  қабілеті  жетеді.  Бірақ  мұнда 
оқылатын  мəтіннің  сипаты  жəне  балалардың  жас  ерекшеліктері 
ескерілуі  тиіс.  Шығарманың  ең  негізгі  идеясын  табу,  оған  өз 
бетінше  тақырыпша  беру,  үшінші  сынып  оқушыларында  жап-
жақсы  дамитындығы  байқалады.  Бұл  əдісті  балаларға  мұғалім 
ғана  үйрете  алады.  Оқушыларды  жаңа  шығарманы  еткен 
шығармамен 
байланыстыра 
білуге 
машықтандыру, 
оқу 
материалдарын  неғұрлым  ұзақ  мерзімге  есте  қалдыруға  бағыт 
беру  —  мағынасы  есті  дамытудың  басты  əдістерінің  бірі. 
Мұғалім,  соңдай-ақ,  балаларың  есте  қалдыру,  қайта  жаңғырту 

 
мүмкіндіктерін  өздері  қадағалай  алуына  үнемі  жолбасшылық 
көрсетіп отыруы тиіс. 
Бала  есінің  дамуы  —  мұғалімнің  жұмыс  əдісіне,  əсіресе 
психологиялық  қайшылықтарға  байланысты.  Алдымен  мұғалім 
есте  қалдыру  мен  қайта  жаңғыртудың  заңдылықтарын  жақсы 
білуге тиіс. Мұғалім оқушылардың есін тəрбиелеуде олардың жас 
жəне 
дара 
ерекшеліктерін 
қатты 
ескереді. 
Мұндайда 
бағдарламалық  материалдардың  ішікен  аса  кажетті  дегеңдеріп, 
жаңа 
сабақтың 
мазмүнын 
əркез 
окушының 
бұрыннан 
білетіндерімен 
байланыстырады, 
баланы 
аландататын 
факторларды  болдырмау  жағын  қарастырады,  оқушылардың 
шамасы  келмейтін  тапсырмаларды  бермейді.  Сабақты  баланың 
есінде  жақсы  қалдыру,  мұғалім  бала  білуге  тиісті  нəрсені  үнемі 
көзіне көрсетіп, дұрыс қабылдай алуына қатты зер салу қажет. Бұл 
үшін  қолымен  ұстатқызып,  суретін  салдырғызып  отырғаны 
дұрыс.  "Алғашқы  образдардың  есте  берік  жəне  барлық  жағынан 
сақталып  қалуының  ерекше  мəні  бар,—  дейді  К.Д.Ушинский,  — 
өйткені  балалардың  есінде  оқыту  арқылы  жеткізілетін  алғашқы 
образдар  неғұрлым  берік  орын  алатын  болса,  соғұрлым 
келешектегі  образдар  баланың  есінде  оп-оңай  жəне  берік 
сақталатындығын  көреміз".  Баланың  есін  тəрбиелеп,  дамыту  ісін 
оның  бүкіл  ақыл-ой,  адамгершілік  тəрбиесімен  қосақтастыра 
жүргізген 
жөн.

 

 
1
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Ес деп нені айтады? Оның адам өмірінде алатын 
маңызы қандай? 
2.
 
Ассоциация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? 
3.
 
Естің қандай түрлері бар? 
4.
 
Естің негізгі процестерін атаңыз. 
5.
 
Есте қалдыру дегеніміз не? Материалдың 
мағынасын түсініп жаттап алудың шарттары 
қандай? 
6.
 
Механикалық есте қалдыру дегеніміз не? 
7.
 
Қайта жаңғырту мен танудың бір-бірінен 
айырмашылығы неде? 
8.
 
Елес дегеніміз не? 
9.
 
Елестің қабылдаудан айырмашылығы жəне оның 
маңызы қандай? 
10.
 
 Ұмыту неден болады жəне оның қандай түрлері 
бар?  
11.
 
 Ұмытуға қарсы ең басты қандай əдіс бар? 
12.
 
 Ес саласында қандай дара айырмашылықтар 
болады?  
 
8-дəріс 
Ойлау
 мен сөйлеу. 
 
Ойлау

 
Ойлау
 жəне оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары. 
      Ойлау  процесі  объект  пен  субъектінің  өзара  əрекеті  ретінде 
жүзеге  асады.  Ойлауды  психологиялық  тұрғыдан  зерттеу 
дегеніміз  -  оның  ішкі,  танымдық  құпия  мəнін  жəне  жемісті 

 
2
болуының  себебін  ашып  көрсету,  яғни  ойлаудың  мəнін  жəне 
жемісті  болуының  себебін  ашып  көрсету,  яғни  ойлаудың  мəнін 
зерттейді, əрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып 
отыруға баса мəн береді. 
      Қазіргі  психологияда  ойлау  ұғымына  əр  түрлі  түсінік 
беріледі,  ойлау  дегеніміз  -    əлеуметтік  жағдаймен  ұштасқан, 
тілмен  тығыз  байланысты  психикалық  процесс,  сол  арқылы 
болмыстың,  дүниедегі  нəрселердің  жалпы  жəне  жанама 
бейнеленуі.  Бұл  бейнелену  адам  ойының  талдау  жəне  біріктіру 
əрекеттері  арқылы  танылады.  Ойлау  –  сыртқы  дүниедегі 
болмыстың  жалпы  жанама  жолмен  біздің  санамыздағы  ең  биік 
сатыдағы  бейнесі.  Ойлау  адамның  өмір  тəжірибесі  мен 
практикалық  іс-əрекеттері  нəтижесінде  пайда  болып,  тікелей 
сезім процесінің шеңберінен əлдеқайда асып түседі. 
      Ойлау  –  адам  соның  арқасында  заттар  мен  шындық 
құбылыстарын 
олардың 
елеулі 
белгілері 
бойынша 
бейнелендіретін  жəне  олардың  ішінде  сондай-ақ  арасында 
болатын əр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс. 
Ойлау  –  аса  күрделі  психикалық  процесс.  Оны  зерттеумен 
бірнеше  ғылым  айналысады.  Бұлардың  ішінде  логика  мен  
психологияның    орны  ерекше.  Психология  түрлі  жас 
мөлшердегі  адам  ойының  пайда  болуы,  дамуы,  қалыптасуы 
жолдарын,  яғни  жеке  адамның  ойлау  ерекшеліктерінің 
заңдылықтарын  қарастырса,  логика  –  бүкіл  адамзатқа  ортақ  ой 
əрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының 
нақты  нəтижесі  болып  табылатын  ұғым,  пікір,  дəлел,  ой 
формаларының  табиғатын  зерттейді.  Ойлау  ерекшеліктерін 
таным  мен  ой  процесінің  сатысы  ретінде  зерттеу,  ойлаудың 
білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. 
     Ойлауды  дамыту  –  оның  мазмұны  мен  формасын  өзгерту 
болып табылады.  
    Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады: 
1.Практикалық іс-əрекеттілік. 
2. Көрнекі-бейнелік 
3.Сөздік – логикалық. 
    Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.  

 
3
1.  Ойлаудың  барлық  түрлері  мен  формаларын  дамыту 
практикалық іс-əрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық. 
2.  Ойлау  амалдарын  қалыптастыру  жəне  жетілдіру  анализ, 
синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау т.б. 
3. Заттың  мəнді белгілерін ажырата білуін дамыту. 
4.  Қоршаған  орта  құбылыстары  мен  заттары,  қатынастары  мен 
маңызды байланыстарын табу. 
5.  Өз пікірінің дұрыстығын дəлелдеу. 
6.    Өз  ойын  анық,  жүйелі,  қарама-қайшылықсыз  жəне  негізді 
түрде баяндау. 
7.  Ойлау тəсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре 
білу. 
8.    Құбылыстың  дамуын  көре  білу,  негізделген  қорытынды 
жасау. 
9.  Формальды  логикаға  негізделген  ойлаудан,  диалектикалық 
логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау. 
10.  Оқушылардың  оқу  жəне  оқудан  тыс  іс-əрекеттерінде 
формальды 
жəне 
диалектикалық 
логика 
заңдары 
мен 
талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру. 
        Сын  есімді  оқыту  процесінде  оқушылардың  ойлауын 
дамыту  дегенде  ойлаудың  барлық  түрлері,  формалары  мен 
амалдарын қалыптастыру жəне жетілдіруді танымдық жəне оқу 
іс-əрекетінде  тəсілдерінің  білімінің  бір  облысынан  екіншісіне 
көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз. 
     Ойлау  амалдарын  қалыптастыру  жəне  жетілдіру  арқылы  біз 
оқушылардың 
ойлауын 
дамытамыз.Ойлауды 
дамыту 
критерилері  ретінде  оқушылардың  ойлауын  дамытудың  қандай 
да  бір  деңгейінің  жетістігін  көрсететін  көрсеткішті  түсіндіреді. 
Деңгей-ойлауды  дамытудың  дəрежесі,  критерий  –  деңгейдің 
өлшемі. 
     Оқушылардың  ойлауын  дамыту  деңгейлерін  анықтау  үшін, 
психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды: 
  -ойлау  операцияларын  түсіну  дəрежесі  –  ойлаудың  маңызды 
сипаттаушысы;  
  -операцияларды  меңгеру  дəрежесі  анализ,  синтез,  салыстыру, 
жалпылау,  нақтылау,  классификациялау  жəне  т.б.  оларды 
барлық танымдық процестерде қолдана білу (оқу, оқудан тыс); 

 
4
  -операцияларды 
түсіну 
жəне 
ойлау 
тəсілдерін 
басқа 
жағдайларға  жəне  басқа  нəрселерге  ауыстыруды  жүзеге  асыра 
білу дəрежесі; 
  -ойлаудың əртүрлі түрлерінің қалыптасу дəрежесі; 
  -білім  қорының,  олардың  жүйелілігінің,  білімді  меңгерудің 
жаңа тəсілдерін білу дəрежесі; 
  -мидың əртүрлі сапаларының динамикалық дəрежесі, тереңдігі, 
икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы жəне т.б.  
  -іс-əрекеттегі  ықшамдылық  дəрежесі:  шығармашылықпен 
жұмыс, жаңа жағдайларға бейімделе білу; 
  -оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-
əрекетінде қолдана білу дəрежесі. 
      Психолог  А.Н.Леонтьев  оқушылардың  ақыл-ойын  дамыту 
мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті. 
Оқыту  арқылы  ойлаудың  төмендегі  сапаларын  дамытуға  ықпал 
етуге болады: 
1.Ойлаудың икемділігі. 
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі. 
3.Ойлаудың сынилығы. 
4.Ойлаудың мақсаттылығы. 
5.Ойлаудың жалпылығы. 
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі. 
7.Анықтылығы, дəлелдігі. 
Ойлауға тəн осы сипаттар оқушылардың ойлауының мəдениетін 
көтеруге,  олардың    интеллектуалдық  потенциалын  дамытуға 
көмектеседі. 
      Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана 
емес,  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  да  көмегін  тигізеді. 
Ойлау  мəдениеті  жеке  тұлғаның  туа  біткен  қасиеті  болып 
табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау 
аппаратының  дамуы  арқылы  адамның  танып-білу  мүмкіндігі 
ұлғаяды, қарастырылып отырған мəселенің түп мəніне тереңірек 
үңілуге  мүмкіндік  алады.  Ақыл-ой  еңбегі  мəдениеті  -  ойлау 
мəдениеті  -  сыншыл  ойлау  мəдениеті.  Осылайша,  оқу 
бағдарламаларына  сəйкес  білімді  меңгеру  оқушыдан  күрделі 
ақыл-ой  еңбегін,  жақсы  есті  дамыған  қиялды  жəне  оқуға 
шығармашылық  тұрғыдан  келуді  талап  етеді.  Ойлау  мəдениеті 

 
5
түсінігін  А.Қасымжанов,  А.Ж.Келбұғанов  ойлау  қабілеті 
дамуының  белгілі  бір  дəрежесі  ретінде  түсінеді,  яғни  тар 
мағынасында  ол  “Ойлаудың  қағидалық  əдісі  немесе  ұғымдарға 
сүйеніп  ойлау  өнері”.  Бұл  бəрін  терең,  əрі  жан-жақты 
қарастыруға  көмектесетін,  сол  арқылы  мəңгі  даму  үстіндегі 
əлемді  дұрыс  қабылдайтын  ойлаудың  əдістері  мен  тəсілдерін 
меңгеру  арқылы  қол  жеткізу.  Оқушылардың  белгілі  бір  бөлігі 
ғана өз бетінше еңбек ету жəне еңбек ету мəдениеті дағдыларын 
меңгереді.  Бұл  оларда  өзінің  жұмыс  орнын  қарапайым 
ұйымдастырудан  бастап,  дəл  жəне  дұрыс  ақыл-ой,  сонымен 
бірге  практикалық  əрекет  дағдыларына  дейін  барлығынан 
көрініс  табады.  Олар  ақыл-ой  əдістерінің  бірқатар  қорын 
жинақтайды.  Олардың  таным  əрекеті  жоғарғы  дəрежелі  ойлау 
операцияларымен, 
ойлаудың 
шапшаңдығы, 
икемдігі, 
оралымдығымен,  оқушылар  бұрын  кездеспеген  жаңа,  тың 
тапсырмаларға  өзінің  білімін,  интеллектуалдық  біліктілігі  мен 
дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. 
Оқу  əрекеті  дағдыларын  меңгермеген  оқушылар  өз  жұмысын 
жоспарлап,  уақытты  дұрыс,  тиімді  пайдалана  алмайды.  Бұл 
жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы (мұғалімі 
тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, 
электронды  машиналармен)  жөнінде  ғана  емес,  оқу  əрекеті 
барысында  саналы  түрде  өзін-өзі  басқару  жəне  өзін  өзі  реттеу 
жөнінде  де  болып  отыр.  Ал  бұл  үшін  оқушыға  оның  жеке-
психологиялық  ерекшеліктерін,  оның  оқу  жəне  практикалық 
əрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек жəне оның 
меңгерген  өзіндік  жалпылама  тиімді  тəсілдерін  меңгеруін 
қамтамасыз  етуі  қажет.  Интеллектуалдық  білік-дағдыларға 
үйрету  бір-бірімен  тығыз  байланысты  болатын  төрт  мəселені 
қамтиды:  ойлау  əрекетінің  саналы  болуына  қажеттілік 
қалыптастыру, əрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл 
əрекеттерді  тəжірибе  жүзінде  тексеру  жəне  өзін-өзі  бақылау. 
Оқушыларды  керекті  себептендіруді  (мотивация)  тудыру  үшін 
оларда  ойлау  процесінің  өзін  саналандыруға  (рационализация) 
қажеттілік  пайда  болуы,  оны  дамыту  туралы  неғұрлым  кең 
мəселеге өсетін белгілі бір нақты əдіс қолданылады. Зерттеулер 
көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой əрекеті 

 
6
əдістерінің  ұзақ  уақыт  қалыптасуы  нəтижесінде  пайда  болады. 
Ойлауды  саналандыруға  қажеттілік  ойлау  мəдениеті  əдістерін 
тиімді  меңгерудегі  қажетті  алғы  шарттардың  бірі  болып 
табылады. 
      Бұл  жағдайда  оқушы  есіне  үлкен  көлемдегі  ақпараттарды 
сақтай  алады,  бірақ  оны  пайдалана  алмауы  да,  құрғақ  жаттап 
алған  материалдың  мазмұнын  жете  түсінбеуі  де  мүмкін.  Міне 
осы  жерде  ойлау  мəдениетіне  үйрету  керек  болары  сөзсіз. 
Əрине,  оқушы  білімді  меңгеру  кезінде  ойлау  əрекетінің  белгілі 
бір  тəсілдері  мен  əдістерін  меңгереді,  бірақ  мұндай  стихиялы, 
жүйесіздік  жеткіліксіз  екендігі  анық.  Бұл  мəселені  қалай 
шешуде 
педагог 
психологтардың 
көзқарастары 
əртүрлі, 
біреулері  оқытуды  өз  бетінше  ойлауды  дамытатындай    етіп 
ұйымдастыру  керек  деп  есептейді,  егер  соңғы  нəтижесінде 
оқушылар дұрыс ойлау мəдениетіне үйренетін болса, бұл жерде 
түбегейлі айырма жоқ. 
Жақсы 
өңделген 
жəне 
берік 
тұрақталған 
əдістердің 
қалыптасуына  əкелетін  ақыл-ой  дамуының  аса  маңызды  жағын 
құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты 
əдіс-тəсілдері  сан  алуан,  əр  текті  болып  келеді.  Бұл  жерде  біз 
ойлау мəдениетіне тоқталамыз. 
      Соңғы  кездердегі  педагогикалық  ізденістерде  ақыл-ой 
біліктерінің  мақсатты  түрде    дамуына  ойлау  əрекетінің  арнайы 
қалыптасуына 
ерекше 
назар 
аударылуда, 
яғни 
ойлау 
дағдыларына  үйретуге,  танымдық  ізденіс  процестеріне  ден 
қойылуда.  Бұл  ізденіс  басталғаннан  бері  педагогикалық 
тəжірибеде 
əртүрлі 
оқу 
курстарына 
ақыл-ой 
дамуына 
байланысты  тапсырмаларды  енгізуге  ұмтылыс  жаппай  сипат 
алды.  Мамандар  мен  оқытушыларға  жаппай  бағдар  беру 
мақсатында  ойлаудың  білік-дағдыларының  ортақ  көрініс 
көрсету  үшін  ортақ  үрдісіне  мақсатты  түрде  қалыптастырылуға 
тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-
ой  (интеллектуалдық)  дағдыларының  орталық  тірегі,  діңгегі 
болып ойлау белгіленеді. 
Ойлау  мəдениеті  үшін  төмендегідей  сапалар  тəн  болуы  тиіс: 
айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дəйектілік, яғни 
ойлау  тəртібін  құрайтын  заңдылықтар  басшылыққа  алынады. 

 
7
Ойлау  мəдениетін  тек  қана  пайымдаулар  мен  тұжырымдардың 
логикалық  тұрғыдан  қатаң  дəлелдігі  айқындамайды,  ол  үшін 
мінез-құлықтың  да  белгілі  бір  сапалары  қажет:  “оқушының 
ақыл-ойын 
басынан-ақ 
өзіндік 
сыншылдыққа, 
өзіндік 
көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап 
табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дəлелдеген болатын. 
     Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-
құлық  ерекшелігіне  айналады,  ақыл-ой  процестерінің  жүруіне 
əсер  етеді.  Ол,  шын  мəнінде,  міндеттің  ақиқат  жағдайлары  мен 
шарттарына  сəйкес  келмейтін  сəтсіз  ұқсату  –  сəйкестендірілуі 
шығарып тастайды. 
     Адам  өзінің  жəне  өзгенің  ойларына  қатаң  баға  беріп 
отырады,  олардың  күшті  жəне  əлсіз  жақтарын  көре  біледі,  кез-
келген  болжамды  ақиқат  ретінде  тани  бермейді,  оның 
ақиқаттығын 
дəлелдеуге 
ұмтылады. 
Адамның 
ойлау 
сыншылдығы  өзі  қалыптасқан  көзқарастарын,  қағидаларын 
қайта  қарап,  егер  ол  ғылым  мен  практиканың  жаңа,  тың 
мəліметтеріне,  деректеріне  қайшы  келсе,  оларды  соған  сəйкес 
өзгертіп отырады. 
    Ғылыми-техникалық  даму  жағдайында  əр  саладағы  білімнің 
қажеттілігі  мен  адам  əрекетінің  сан  алуан  түрлерінің  бөлініп 
шығу үрдісі, сонымен бірге əртүрлі мамандыққа ортақ болатын 
құраушы  бөліктерінің  көрініс  беруі  арқылы  олардың  бірігу 
үрдістері  үнемі  жүріп  жатады,  бұл  адам  еңбегінің  неғұрлым 
түсуінің  нəтижесі  болып  табылады.  Сондықтан  оқыту  барысы 
кезінде  жеке  тұлғалық  сапалардың  нақты  дағдылары  мен 
біліктерінің,  қатаң  анықталған  білім  жүйесінің  қалыптасуын 
қамтамасыз  ету  керек  болады.  Бұның  бəрі  оқушының  оқу 
процесі  кезіндегі  ақыл-ой  əрекетін  басқара  білуді  барынша 
өзекті мəселеге айналдырды. 
    Оқушыларды  ой  еңбегіне  тəрбиелеу  түгелдей  оқыту-тəрбие 
жұмыстарының  кезінде  үздіксіз  жүріп  отырады.  Ақыл-ой 
тəрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар: оқу 
материалдарының мазмұны, оқыту əдістері жəне оқушының сол 
арқылы  реттеле  ұмтылдырған,  қоршаған  өмірге  байланысты 
жеке  өзіндік  тəжірибесі  арқылы  бекітілген  танымдық  əрекеті, 
сыныптағы  жəне  сыныптан  тыс  сабақтардың  мазмұны  жəне 

 
8
мектеп  оқушылары  оқып  білім  алатын,  өмір  сүретін  жалпы 
ақыл-ой ортасының дəрежесі болып табылады. 
    Оқушылардың  ойлау  əрекетін  басқарудың  маңыздылығы 
қазіргі  заманғы  оқыту  процесін  талдау  барысында  үш  негізгі 
аспектіден ашылады: 
     1.  структуралық  (құрылымдық)  -  оқыту  процесін  жүзеге 
асыратын жүйенің құрылысы жағынан; 
     2.  функционалды  (қызметтік)  -  оқыту  процесін  басқаратын 
негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан; 
     3.  информативтік  (ақпараттық)  -  осы  жүйеде  əрекет  ететін 
білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан; 
    Ақыл-ой  əрекетін  басқарудың  маңыздылығы  оқытушы  мен 
оқушының  белсенді  түрдегі  байланысын  анықтауға  мүмкіндік 
беретіндіктен  арта  түседі.  Ұстаз  оқушының  танымдық  əрекетін 
мақсатты  түрде  басқару  арқылы  нəтижесінде  оқушыда  белгілі 
бір  анық  білім  қоры,  дағдылар  мен  тіліктер  қалыптасады.  
К.Н.Волков  адам  ойының,  ойлаудың  дамуы  нəтижесінде 
бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші 
роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту 
процесі 
оқушының 
кешегі 
өткен 
даму 
жасына 
емес, 
болашақтағы  даму  жасына  қарай  бағыт-бағдар  алуы  тиіс, 
оқытуды  аяқталған  бір  даму  кезеңі  немесе  деңгейі  ретінде 
қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен əлі қалыптаспағанға, 
енді 
алда 
оқыту 
арқылы 
қалыптаспағанға 
 
қарай 
бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет”. 
      Оқытуда  деректер  мен  теориялық  қағидаларды  білмейінше, 
даму  жоқ  жəне  болуы  да  мүмкін  емес.  Тұлғаның  дамуы  мен 
білімді  меңгеруі  екеуін  тікелей  бір  нəрсе  деп  есептеуге 
болмайды.  Сөйте  тұра  оқушылар  деректер  мен  теориялық 
қағидаларды 
есінде 
сақтап 
алып, 
өздерінің 
танымдық 
қабілеттерін  əртүрлі  дəрежеде  жетілдіреді,  алған  білімді 
өздігінен, біреулері саналы əрі жедел түрде қолдануды үйренеді. 
Оқытудың  түрлі  əдістері  тұлғаның  қалыптасуына  өз  əсерін 
тигізіп отырады. 
      Ойлау  дамудың  жеке  көрсеткіштерінің  бірі  адамның 
алдынан  пайда  болған  қағидалық  жəне  тəжірибелік  міндеттерді 
аңдап қалуы, оны жете түсінуі жəне оны орындап шығуы болып 

 
9
табылады. 
Оқушылар 
үшін 
даму 
үйренімділіктің, 
оқытылымдықтың  өсуі,  яғни  барынша  үнемді  түрде  мүмкін 
болғанша 
неғұрлым 
мол 
білімділік 
жəне 
тəрбиелік 
құндылықтарды  алу  қабілеті  арқылы  анықталады.  Өзіндік 
жұмыстар  арқылы  оқушыларды  оқытудың  əдістері  мен 
психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау əрекетіне 
меңгерту  тəсілдері  тығыз  байланысты.  Сондықтан  бұл  тəсілдер 
де  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  жүргізу  тəсілдерімен 
байланыста  қаралады.  Ақыл-ой  əрекетінің  кең  көлемді 
тəсілдерін, 
яғни 
ойлау 
əрекетінің 
əртүрлі 
жағдайында 
қолданылатын  жəне  оқу  материалдарының  көптеген  түрлеріне 
ортақ болатын жалпы тəсілдерді жəне əрекеттің тар белгілері бір 
жағдайында 
ғана 
пайдаланылатын 
арнаулы 
тəсілдерді 
ажыратып,  екіге  бөліп  қарастырылғанымен,  бұл  екеуінің 
арасында  қатаң  шекара  жоқ.  Екеуі  де  ақыл-ой  тəрбиесіне 
көмегін  тигізеді,  бірақ  олардың  ықпалдығы  бірдей  дəрежеде 
емес.  Дамыту  əрқашан  тəрбиеленуші,  ал  тəрбие  дамытушы 
болуы  тиіс.  Бұл  пікірдің  көкейтестілігі  сонда,  жеке  тұлғаның 
белгілі  бір  сапаларын  меңгермейінше  ойлауды  дамыту  мүмкін 
емес, оқыту барысында тəрбиелеу процесі əрдайым қатар жүріп 
отырады.  Ойлау  қабілетін  дамытуды  қарастырғанда,  оның 
жүйелі  ұйымдастырылған  оқыту  процесінде  жүзеге  асатынын 
ескеру  керек  болады.  Ойлауды  ұйымдастырылған  оқыту 
процесінде  дамыту  жағдайында  жүзеге  асырудың  өзіндік  мəні 
бар  басты  ерекшелігін  көрсету  қажет:  ол  оқушылардың 
теориялық  ойлауының  қалыптасуына  қарай  бағдарланады. 
Əлеуметтік  тəжірибенің  барлық  құндылығы  қандай  да  бір 
ғылыми  сала  арқылы  жеткізіледі.  Ал  мектептегі  білім  беруде 
əрекет  етудің  бұл  салалары  оқу  пəндеріне  айналатыны  белгілі. 
Оқыту  процесінде  ойлауды  дамыту  əлеуметтік,  қоғамдық 
тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны 
арқылы,  түптеп  келгенде  белгілі  бір  нақты  ұғымдар  мен 
түсініктерді,  біліктер  мен  тəжірибелерді  оқушыларға  меңгерту 
арқылы жүзеге асырылады. 
     Педагогика  мен  психологияны  да  дамытудың  көптеген 
шарттары  көрсетіледі.  Мысалы,  Л.В.Занков  оқушылар  үшін  үш 
аспектіні көрсетеді: 

 
10
1. Бақылай алу, ойлау жəне практикалық əрекет; 
2.  Кеңінен  танылған  шарт  ретінде  оқушының  өз  білімдері  мен 
тілектерін  іс  жүзіне  ауыстырылып  қолдана  білуі  болып 
табылады; 
3.  Ол  неғұрлым  өз  бетінше  жұмыс  жасай  алатын  болса,  бұл 
ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең жəне оның шарттары да 
күрделі  бола  түседі,  бұл  оқушының  қаншалықты  дамуын,  яғни 
даму дəрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі 
мектепте  дамытуға  қажетті  танымдық  сапалардың  көптігін 
береді. 
Оқыту  процесінде  ойлаудың  дамуы  жіктелмелі  түрде  жүреді. 
Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі 
керек.  Бір  сабақтарда  даму  жəне  меңгеру  анық  көрініп  тұрса, 
кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін. 
      Əрекет  ету  сипатына  қарай  жəне  қайшылықтарды  шешудің 
оқу  танымындағы  жолына  қарай  ойлаудың  түрлі  деңгейлері 
туралы  айтуға  болады.  Бұл  деңгейлер  ойлаудың  табиғатына 
жəне 
таным 
процесінің 
заңдылықтарына 
байланысты 
анықталады:  бірқатар  оқушылар  жақсы  түсіне  отырып  өз 
бетінше  жемісті  ойлай  алады,  кейбірі  олай  етуге  қабілетсіз 
болады,  бірқатар  оқушылар  талдау  жасай  алады,  енді 
біреулерінің  бұл  əрекет  қолынан  келе  бермейді.  Оқушылардың 
бұлайша  əр  деңгейдегі  дайындығы  əртүрлі  нұсқаларды 
құрастырудың  объективті  негізі  ретінде  танылады,  ол  үшін 
оқытудың  барынша  түрлі  əдістерін  қолдану  керек,  яғни  түрлі 
дидактикалық 
құрылымдарды, 
ерекшеліктерді 
ескеретін 
оқытудың  тиімді  əдіс-тəсілдерін  ойластыру  қажет  болады. 
Ойлауды  дамытуға  негізделген  жаңа  үлгідегі  сабақ  жоспары 
жасалды.  Сонымен  қатар,  сын  есімді  оқыту  барысында 
қолданылатын 
сабақтың 
əр 
кезеңіне 
арналған 
тілдік 
тапсырмалар,  жаттығулар  міндетті,  мүмкіндік,  шығармашылық 
деңгейлер бойынша жасақталды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет