Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 

 
1.
 
Қабылдау 
дегеніміз 
не? 
Оның 
түйсіктен 
айырмашылығы неде? 
2.
 
Қабылдаудың  тұтастығы  дегенді  қалай  түсінуге 
болады? 
3.
 
Қабылдаудың  мағыналылығы  мен  таңдамалылығы 
деп нені айтамыз? 
4.
 
Қабылдаудың константтылығы дегеніміз не? 
5.
 
Иллюзия деп нені айтады? Оның қандай түрлері бар? 
6.
 
Апперцепция деген не? Оның қандай түрлері бар? 
7.
 
Адам кеңістік пен уақытты қалай қабылдайды? 
8.
 
Адамдардың 
қабылдау 
саласындағы 
типтік 
айырмашылықтары қандай? 
 
 
 
 
 
 
 
7-дəріс 
Ес

 
Жоспар:  
1.
 
Ес туралы жалпы ұғым. 
2.
 
Ес түрлері. 
3.
 
Ес процестері. 
4.
 
Елестету жəне оның ерекшеліктері. 
5.
 
Ұмыту жəне оның түрлері. 
6.
 
Ес саласындағы дара айырмашылықтар. Есті тəрбиелеу. 
 
1.
 
 Ес туралы жалпы ұғым. 
 Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
адам  миында  сақталып,  қайтадан  жаңғыртылып,  танылып, 
ұмытылуын бейнелейтін процесс. 

 
 Ес  —  күрделі  психикалық  процестердің  бірі.  Ес  есте 
қалдыру,  қайта  жаңғырту,  тану,  ұмыту  секілді  процестерден 
тұрады. 
Естің  физиологиялық  негіздерін  бір  кезде  И.П.Павловтың 
жүйке 
жүйесінің 
пластикалық 
қасиеті 
туралы 
ілімімен 
түсіндіретін.  Жүйке  жүйесінің  пластикалылығы  дегеніміз  түрлі 
қозулардан қалған əсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе 
алу  қабілеті.  Уақытша  байланыстардың  тікелей  тітіркеңдіргіштер 
əсер  етпеген  жағдайда  да  мида  жасалынуы  ойда  бұрынғы 
байланыстардан  із  қалып  отыратындығын  көрсетеді.  Бірақ  бұл 
жалпы  долбар.  Өйткені  адам  есінің  мимен  қалайша  байланысты 
екендігі жөнінде ғылымда əлі нақтылы деректер жоқ. Мəселен, ес 
құбылысының  табиғатын  зерттеуші  ғылымдардың  бір  тобы  оны 
мидағы  электр  құбылыстарымен  байланыстырса  (есті  зерттеудегі 
электро физиологиялық бағыт), енді бір зерттеушілер есті мидың 
нейро-химиясына  қарай  түсіндіргісі  келеді.  Соңғы  бағыттың 
өкілдері  мидың  кейбір  клеткаларын  (нейрондарын)  бір  сыдырғы 
зерттегенмен 
(мидан 
нуклеинді 
қышқылдар 
көмекшісінің 
табылуы)  естің  бүкіл  ми  массасынан  алатын  орнын  əлі  анықтай 
алмай келеді. 
Бір нəрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес 
процесінің  негізі  болып  табылатын  байланыстарды  психологияда 
ассоциация  деп  атайды.  Егер  бұрын  бірнеше  объектіні  бір 
мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың 
арасында  байланыс  пайда  болады.  Кейін  объектінің  біреуін  ғана 
елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады. 
Ассоциациялық  принципті  алғаш  рет  ойлап  тапқан    ежелгі  грек 
ойшылы Аристотель (б.э.д. 384-322) болды.  
Ғылымда  тұңғыш  рет  ассоциация  ілімін  шартты  рефлекс 
теориясымен  дəлелдеген,  осы  негізде  көптеген  психикалық 
процестердің  табиғатын  түсінуге  болатындығын  көрсеткен  ұлы 
орыс  ғалымы  И.П.Павлов  болды.  И.П.Павлов  психологияда 
ассоциациялар  деп  аталатын  құбылыс  ми  қабығыңда  екі  қозу 
процесінің қабаттасып келуі не байланысты пайда болып, сан рет 
қайталаудың  нəтижесінде  бекіп  отыратын  уақытша  байланыстар 
екенін  түсіндірді.  Ұлы  ғалым  бұл  туралы  былай  деп  жазды 

 
«Уақытша  жүйкелік  байланыс  жануарлар  дүниесінде  де,  біздің 
өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс». 
Сонымен  қатар,  ол  түрлі  əрекеттерден,  əсерлерден 
құрылса  да  немесе  əріп,  сез,  əлде  ойдан  құрылса  да  психикалық 
құбылыс  болып  табылады,  оны  психологтар  ассоциация  деп 
атайды.  Ассоциациялардың  Аристотель  заманынан  белгілі  үш 
түрі  бар  Олар:  іргелестік,  ұқсастық  жəне  қарама-қарсылық 
ассоциациялар.  Бұл  ассоциациялар  жөнінде  И.  П.  Павлов  былай 
дейді:  "Шартты  байланыс...  бұл,  сірə,  біздің  бір  мезгілдік 
ассоциация  дейтініміз  болса  керек.  Шартты  байланыстардың 
генерализациясы  ұқсастық  ассоциациясы  дегенге  сəйкес  келеді. 
Шартты  рефлекстың  (ассоциациялық)  анализі  мен  синтезі,  сайып 
келгенде, ой əрекетінің негізгі процестерімен мəні бірдей нəрсе".
 
Кезінде  Аристотель  ойлап  тапқан  ассоциацияларды 
табиғатын  былайша  түсінуге  болады:  1)  Іргелестік  ассоциациясы 
бойынша  бір  зат  жөніндегі  елес  өзімен  бірге    оған  қатысы  бар 
екінші затты қоса туғызады. Мəселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң 
ұғымын,  көктем  туралы  ұғым  шөп  туралы  ұғымды  туғызуы 
мүмкін.  2)  Ұқсастық  ассоциациясынан  нəрсенің,  көріністің 
бейнелері  өздеріне  ұқсас  образдарды  еске  түсіреді,  яғни  бір  зат 
жөніндегі    елес    сол  затқа  қандай  болса  да  ұқсастығы  бар  екінші 
затты  елестетеді  (Мəселен,  толқынның  шуы  адамдардың 
самбырлаған  сөзін,  жапырақтың  сыбдыры  адамның  жайлап 
сөйлеуін  т.б.).  3)  Қарама-қарсылық  ассоциациясында  бір  зат 
туралы  елес  оған  қарама-қарсы  екінші  затты  не  құбылысты  еске 
түсіреді.  (Ақ  пен  қара,  биік  пен  аласа,  айқай-шу  мен
 
тым-тырыс 
т.б.).  
Ес процестерінсіз адам баласы мəдениеттің қандай саласы 
болмасын,  қалағанынша  меңгере  де,  жан-жақты  жетіле  де  алмас 
еді.  Егер  біздің  есімізде  ертеректе  қабылданған  нəрселер 
сақталмаса, бізге өмірді əркез қайта жасап отыруға тура келер еді, 
не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да əр уақытта белгісіз, не 
жаңа нəрсе болып көрінер еді. 
Ес  адамның  басқа  жан  құбылыстарымен  де  (қабылдау, 
ойлау,  қиял  т.б.)  тығыз  байланысып  жатады.  Ол,  əсіресе,  ойлау 
үшін  аса  қажет.  Нəрсе  есте  дұрыс  сақталмаса,  бұл  жəйт  ойлауға 

 
қиындық  келтіреді.  Ж.Аймауытов:  "...еске  түсіру  өнері  дегеніміз 
—  ойлау  өнері..байланыстардың  мəнісі  —  ойлау  деген  сөз",  — 
дейді. 
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тəрбиелеу 
айрықша  орын    алады.  Мектептегі  оқу-тəрбие  процесінің  негізгі 
мақсаттарының  бірі  —  баланың  есін  үздіксіз  дамытып  отыру.  Əр 
жастағы  оқушылардың  есінің  қалайша  дамып  отыратындығы 
психологиялық  зерттеулерде  жақсы  көрсетілген,  олардың  біразы 
заңдылықтар ретіңде дəлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың 
оқу  материалдарын  ұмытпай,  есте  сақтауына  қолайлы  жағдайлар 
жасау — əрбір мұғалімнің міндеті. 
 
2.
 
Естің
 түрлері. 
Ойда  қалдырыратын  не  қайта  жаңғыртатын  нəрсенің 
сипатына  қарай  ес  төртке  бөлінеді.  Олар:  қозғалыс,  образдық,  
сөз
-логикалық жəне эмоциялық естер. 
Қозғалыс
  (немесе  моторлық)  есі  деп  ойын,  еңбек 
əрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске 
қалдыру  мен  қайта  жаңғыртып  отыруды  айтады.  Естің  осы  түрі 
қозғалыс  дағдыларын  (мəселен,  коньки  тебу,  жазу,  оқу, 
машинкада  қағаз  басу,  самолет  жүргізу,  турникке  ойнау  т.б.) 
қалыптастырудың  негізі  больш  табылады.  Мəселен,  əріп 
таңбаларын  жаңадан  үйренген  кезде  бала  жазуға  қатысатын 
қолының қозғалыстарын есінде сақтайдъі. 
Заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерінің  нақтылы 
бейнесін  ойда  калдыруда,  қайта  жаңғыртуда  көрініп  отыруын 
образдық
  ес  деп  атайды.  Суретшілер  мен  архитекторлардың, 
м узыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып 
келеді.  Мұндай  адам  оқып  шыққан  кітабының  мазмұнын  есіне 
түсіргенде  ондағы  ұсақ  бөлшектеріне  дейін  көз  аддына  жақсы 
келтіре  алады.  Мəселен,  француздың  белгілі  карикатурашысы 
Гаварни  бір  көрген  адамын  бет-ажарынан  тани  қоюда  орасан 
зейінді  болған.  Ол  көшеде  серуендеп  жүріп,  кенеттен  қасындағы 
жолдасына: "Қарашы, мынау адам есіңізде ме?" деп сұрайды екен. 
Танысы: "Жоқ, білмеймін" десе, "Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл 
бұрын п2лендей көшеде кездестірген жоқпа едік?" — дейді екен. 

 
Адам  ойының  түрлі  формаларын,  (үғым,  пікір,  ой 
қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп 
аталады.  Сөз  жүйесін  есте  сақтау  —  ойлау  жұмысына 
байланысты. 
Естің 
осы 
түрі 
көбінесе 
философтар 
мен 
математиктерде 
жиі 
кездеседі. 
Сөз-логикалық 
естің 
оқу 
процесінде  маңызы  аса  зор.  Өткен  тақырыптарды  есте  қалдыру, 
оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады. 
Сезімдерді  еске  қалдырып  отыруды  эмоциялық  ес  дейді. 
Мəселен,  жас  кезімізде  тұрған  жерге  келсек,  сол  кезде  бізге 
ерекше  əсер  қалдырған  нəрселердің  бəрі  есімізге  оп-оңай  түседі. 
Өткендегі  оқиға  бір  қуанышқа  байланысты  болса,  ол  өмір  бойы 
естен кетпейді. Мəселен, біздің əрқайсымыз Ұлы Отан соғысының 
жеңісін  ойлаған  күн  —  9  Мамырды  немесе  Ю.А.Гагариннің 
космосқа  бірінші  жол  салған  күні  —  12  сəуірді,  жыл  сайын 
мерекеленетін 
Наурыз-тойын, 
Қазақстан 
Республикасының 
теуелсіздік  алған  күні  —  16  желтоқсанды  еш  уақытта 
ұмытпаймыз. 
Адам  сондай-ақ  бір  нəрседен  қатты  қорықса  да,  тентектік 
жасап,  өзін  ұялтқан  күнді  басынан  кешірсе,  мұндайды  еш  уақыт 
ұмытнайды.  Эмоциялық  ес  жөнінде  орыс  сахнасының  шебері 
К.С.Станиславский  (1863-1938)  жақсы  айтқан:  "Егер  сіз  бастан 
кешіргеніңізді  есіңізге  түсіргенде  бозарып  жəне  қызаратын 
болсаңыз,  сіз  ертеде  басыңыздан  өткен  бақытсыздық  туралы 
ойлауға қорқатын болсаңыз — сізде сезіну есі немесе эмоциялық 
естің болғаны". 
Естің  жоғарыда  аталған  түрлері  екі  сигнал  жүйелерінің 
мидағы  қызметімен  түсіндіріледі.  Мəселен,  бірінші  сигнал 
жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы рөл атқаратын болса, 
онда  естің  образдық  түрі  болғаны,  ал  ес  екінші  сигнал  жүйесі 
арқылы  жүзеге  асырылса,  онда  сөз-логикалық  түрі  болып 
табылады. 
Соңғы  кездегі  ғылыми  зерттеулер  адамда  естің  басқа 
түрлері  де  болатындығын  көрсетіп  отыр.  Мəселен,  адамныңы 
материалды канша мерзімге сақтай алатындьгғына байланысты ес 
қысқа  жəне  ұзақ  болып  екіге  бөлінеді.  Қысқа  уақыттық  естің 
əрекеттің  нақтылы  міндеттерін  орындауға  байланысты  көрінетін 

 
түрін оперативтік
 
 ес деп атайды. Мөселен, оқушы тексті көшіріп 
жазғанда,  мүны  түрліше  жолдармен  (жеке  əріптер,  буындар, 
сөздер,  сөз  тіркестерін  көшіру)  орындайтын  болса,  бұл  оның 
оперативтік есі болып табылады. 
 
3.
 
Ес
 процестері. 
Ес  өте  күрделі  процесс,  оның  өзі  бірнеше  жеке 
процестерден  тұрады.  Бұлардың  негізгілері:  есте  қалдыру,  қайта 
жаңғырту, ұмыту. 
Ол арнайы есте қалдыру жəне еріксіз есте қалдыру болып 
екіге бөлінеді. 
        Есте  қалдыру.  Еріксіз  есте  қалдыруда  адам  алдына  арнаулы 
мақсат 
қоймайды, 
есте 
калдырудың 
арнаулы 
тəсілдерін 
пайдаланбайды.  Айналадағы  өмірдің  түрлі  көріністері  (оқиғалар 
мен адамдардың қимыл-əрекеті, сөзі т.б.) сол əрекеттің қарай есте 
қалып  отырады.  Ал  (арнайы  ырықты)  есте  қалдыру  арнаулы 
тəсілдерді  қажет  етеді,  оны  тудыратын  тиісті  мотивтер  болады. 
Қандай  объектіні  болмасын  əдейілеп  есте  қалдыру  үшін  мына 
төмендегі шарттарды орындап отыру қажет болады: 
Есте  қалдыруда  əркез  мақсат  қойып  отыру  зор  маңызды. 
Оқу  материалын  жақсы  меңгеру  үшін,  оған  қатты  зейін  қою 
жеткіліксіз, ол үшін атқа айқын, анық мақсат қою керек. Меселен, 
оқушыларға  бір  əңгіме  айтып,  оны  үш-төрт  күннен  кейін  қайта 
сұраса,  балалардың  біразы  əңгіменің  негізгі  бөлімдерін  қайта 
жаңғырта  алмай  қиналады.  Ал  енді  осы  оқушыларға  екінші  бір 
əңгіме  айтып,  үш-төрт  күннен  кейін  қайтып  айтып  бересіңдер 
десе,  балалардың  біразы  сол  əңгімені  ұмытпай  жадында  ұстай 
алады.  Бұл  екі  тежірибенің  арасындағы  айырма:  соңғыда 
материалды  есте  берік  сақтау  мақсат  етіп  қойылған,  ал  бірінші 
жағдайда мұндай анық мақсат койылмаған еді. 
Оқылатын  шығарманы  жоспарлай  алу  —  есте  қалдыруға 
көп  жеңілдік  келтіреді.  Жоспар  мүмкін  болғанша  анық,  айқын, 
дəл  болуы  керек.  Қалай  болса  солай  құрыла  салған  жоспар  есте 
берік  сақтауға  негіз  бола  алмайды.  Оқитын  шығарманың  ішінен 
еске  тірек  боларлық  жерлерін  іздестіріп,  оны  бірнеше  мағыналы 

 
бөлшектерге 
бөлу, 
бөлшектің 
əрқайсысының 
мағынасына 
лайықты ат ойлап табу — еске қалдыруды нəтижелі етеді. 
Мағыналы  есте  қалдыру  дегеніміз  —  нəрсенің  мəніне 
түсіну.  Сондықтан  мағыналы  түсіну  ойлау  процесімен  тығыз 
байланысты. Материалды жақсы ұғымын, терең түсіну, мағыналы 
байланыстар  жасау,  маңызды  белгілерін  анықтай  алу  —  оны 
анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді. 
Есте калдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз 
сөзімен  құрастырған  сөйлемдермен  айтып  бергені  абзал.  Егер 
бала мұғалімнің айтқанын, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз 
айтып беретін болса, мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті 
жақсармайды. 
Окылатын  шығарманы  жақсылап  есте  қалдыру  адамның 
өзін-өзі  тəрбиелей  алуына  да  байланысты.  Мəселен,  оның  еңбегі 
жақсы    ұйымдасқан  болса,  есте  калдыру  дəрежесі  де  жоғары 
болады.  Күндік  режимге  мəн  бермейтін,  өзін  көлденеңмен  кез-
келген нəрселер билеп кететін адамдардың есте қалдыру дəрежесі 
айтарлықтай 
болмайды. 
Ондайлар 
Абай 
айтқандай, 
"ой 
кеселдеріне" 
қарсы 
тұруға 
шамасы 
жетпейді. 
Абайдың 
түсінігінше, ой кеселді нəрселерден қашық болу - (яғни уайымсыз 
салғырттық, ойыншы, күлкішілдік не бір қайғыға салыну) естіген 
нəрсені ұмытпаудың басты шарттарының бірі. 
Есте  қалдырудың  сапасы  дұрыс  қайталай  алуға  да 
байланысты.  Əдетте  оқу  материалын  бір  қайтара  оқып  жаттап 
алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да 
қажеті  жоқ.  Мəселен,  өлеңді  бірден  жаттап  алса,  ол  тез 
ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, 
бірақ  арадағы  үзілістер  тым  ұзақ  болмасын.  Тек  көлемі  шағын 
шығарманы  тұтас  күйінде  жаттауға  болады.  Егер  шығарма 
көлемді  болса,  оны  бөлшектеу  қажет.  Бірақ  қалай  болса  солай 
бөлшектемей,  логикалық  ой  сақталатындай  етіп  бөлген  пайдалы. 
Мұндайда  қайталаудың  саны  азырақ  болады  жəне  ол  есте  ұзақ 
сақталады. 
Сондай-ақ, жатталған нəрсені ұмытып кеткен соң кайталау 
пайдасыз,  оны  ұмытпай  тұрып  қайталау  керек,  өйткені 
"...қайталауды ескіріп, құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін емес, 

 
үйді  берік  нығайта  отырып,  үстіне  екінші  қабатын  салу  үшін 
жасайды.  Əрбір  ілгерілеп  басқан  адам  бұрынғы  өткендерді 
қайталап  отыруға  негізделу  керек".  Қайталауды  түрлендіріп 
отырудың,  оны  уақыт  жөніне  дұрыс  құрудың  маңызы  жөнінде 
К.Д.Ушинский  былай  дейді:  "Бұдан  бұрын  жаттап  алынғандарды 
сол  күйінде  аудармай,  айтып  берудің  ешбір  қажеттілігі  жоқ...  ал, 
кездейсоқ  кездескенді,  жаттап  алғанды  жаңа  түрмен  айту,  яғни 
жаттап  алғанды  басқа  сөздермен  қайталап  айтып  беру  əлдеқайда 
пайдалы".  Жаттаудың  мемоникалық
 
əдісінің  бірі  механикалық

 
есте 
қалдыру. 
Егер  мағыналы 
есте 
қалдырудың 
мəнісі 
құбылыстардың  ішкі  мəніне,  олардың  бір-бірімен  байланысына 
түсіну  болатын  болса,  механикалық  есте  қалдыруда  заттар  жай, 
сыртқы  байланысқа  түседі.  Мұның  басты  шарты  —  қайталау. 
Естің  бұл  түрінің  кей  жағдайларда  іске  керек  болып  қалатын 
кездері  болады.  Шетел  сөздерінің  жазылуы  мен  айтылуын,  қиын 
сөздер  мен  атауларды,  хронологиялық  даталарды,  көше,  жер,  су 
аттарын,  телефон  нөмірлерін  есте  қалдыру  қажет  болған  кезде 
механикалық  еске  қалдырып  жаттаған  дұрыс.  Есте  қалдырудың 
соңғы  түрі  жасанды  ассоциациялар  арқылы  мнемоникалық 
əдіспен  жүзеге  асып  отырады.  Мəселен,  біздің  көшпенді  ата-
бабаларымыз  жыл  қайыру  тəсілін  оңайлату  мақсатында  мына 
төмендегі төрт жол өлеңді жаттаған: 
Түйе сеніп бойына, 
Қалған ұмыт жылдардан. 
Жатпа қарап, мойыма 
Тайма именіп, ділмардан.  
 Мұндағы  əрбір  сөздің  бірінші  əрпі  жылдардың  атына  (түйе-
тышқан, сеніп — сиыр, бойына — барыс, қалған — қоян, ұмыт — 
ұлу, жылдардан — жылан, жатпа — жылқы, қарап — қой, мойыма 
—  мешін,  тайма  —  тауық,  именіп  —  ит,  ділмардан-доңыз),  ал 
сөйлемдегі  сөздердің  бір-бірімен  ретті  тіркестері  тетелес  жыл 
атауының  тізбегіне  сай  келеді.  Бірақ  адам  осындай  құрғақ 
жаттаумен  алысқа  бара  алмайды.  Өйткені  бұл  құбылыстардың 
ішкі  мəнін  түсіндірмейді.  Естің  бұл  түрін  тек  қосалқы  сүйеніш 
етіп, негізінен мағыналы есте қалдыруды дамытқанымыз пайдалы. 
Мағыналы  есте  қалдырудың  ерекше  тиімділігін  дəлелдейтін 
экспериметтік  деректер  көп.  Мəселен,  бір  зерттеуде  4-ші 
сыныптағы  "Ана  тіл"  сабағында  тексті  жаттау  жəне  оның 
мағынасын түсінудегі оқушылар есінің салыстырмалы ерекшелігі 
мынадай  болған:  текст  бойынша  қайталағанда  бір  күннен  кейін 
шығарманың 72 пайызы, он күннен кейін — 58 пайызы, бір айдан 
кейін  —  51  пайызы,  екі  айдан  соң  —  41  пайызы  жатталатын 
болса,  материалдың  негізіі  мағынасын  есте  қалдыру  бір  күннен 
кейін 100 пайызы, төрт күннен кейін — 99 пайызы, он күн өткен 
соң  —  95,  бір  айдан  соң  —  92  пайызы,  екі  айдан  кейін  —-  92 
пайызы  болып  келген.  Соңғы  цифрлар  мағынады  түрде  есте 
қалдырудың тиімділігін көрсетіп отыр. 

 
    Қайта  жаңғырту  жəне  тану.  Қайта  жаңғырту  еріксіз  жəне 
арнайы  қайта  жаңғырту  деп  екіге  бөлінеді.  Еріксіз  қайта 
жаңғыртуда  адам  алдына  мақсат  қоймайды.  Мұны  іс-əрекеттің 
барысы  туғызып  отырады,  қайта  жаңғыртудың  осы  түрі  көбінесе 
адамның  үнемі  айналысатын  əрекетімен  мазмұндас  болады. 
Мəселен,  музыкант  мелодияларды  қалай  болса  солай  жаңғырта 
береді.  Еріксіз  қайта  жаңғырту  кездейсоқ  туып  отырғанмен,  ол 
белгілі  жүйеде  жүріп  жатады.  Мəселен,  мұғалім  жаңа  сабақты 
түсіңдіргенде  мүмкіндігінше  балаға  бұрын  өткен  шығармаларды 
көбірек беретін болса, мұндайда оқушының білетін шығармалары 
өзінен-өзі қайта жаңғырып, ол білгеннің үстіне біле түседі. 
Арнайы  қайта  жаңғыру  мақсат  қоюмен,  ерік  күшін 
жұмсаумен,  арнаулы  əдіс,  тəсілдер  қолданумен  жүзеге  асады. 
Арнайы  қайта  жаңғырту  —  əдейілете  еске  түсіру,  ойлаумен 
тығыз  байланысты,  өте  белсенді  процесс.  Қайта  жанғыртудың  да 
көптеген əдістері бар. Олардың кейбірі мына төмендегілер: 
Көлемі  үлкен  шығармаларды  қайта  жаңғырту  үшін 
жазбаша  немесе  ойша  оның  жоспарын  жасау  қажет  болады. 
Жоспар жасаудың өзі қажетті шығарманы жинақты, белгілі арнаға 
жүйелейді.  Мұның  өзі  қайта  жаңғыртудың  сапалы  болуына  кəп 
жəрдемін тигізеді. 
Қайта 
жаңғыртуда 
бұрын 
оқылған, 
қабылданған 
объектілерді  бір-бірімен  салыстырып  отыру  да  аса  пайдалы. 
Мұндайда 
нəрселердің 
бір-бірінен 
ұқсастықтары 
не 
айырмашылықтары  тез  ажыратылады.  Мəселен,  адам  өз  еліндегі 
аққуды  Австралиядағы  аққумен  салыстырғанда  оның  дене 
бітіміндегі  ұқсастықтары  мен  (пішіні,  мінезі  т.б.)  қатар 
айырмашылықтарын  да  (қауырсыны,  мамығы,  қара  түсті,  аяғы 
қызыл т.б.) көрсетсе, материалдық жеке бөліктері түсіп қалмай, ол 
толық жаңғыратын болады. 
Оқыған 
нəрсеге 
жауапкершілікпен 
қарау, 
мұнда 
табандылық,  тұрақты  қызығудың  болуы  да  қайта  жаңғыртудың 
нəтижелі  болуының  қажетті  шарттары  болып  есептелінеді.  Қайта 
жаңғыртудан тану процесін ажырату керек. 
Тану  —  қайта  жаңғыртудың  қарапайым  түрі.  Тану  — 
бұрын қабылдаған жəне қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. 
Тану  адамдардың  кабылдау  саласындағы  ерекшеліктеріне  қарай 
түрлі дəрежеде көрінеді. Мəселен, біреу бір нəрсені қиналмай, тез 

 
жəне  толық  таниды,  екінші  біреу  мұны  мүлде  тани  алмайды, 
үшінші  біреу  шала  таниды,  ал  төртінші  біреу  қате  танитын 
болады.  Объектіні  дұрыс  тану  үшін  адамның  көзі  төселіп 
үйренген,  өмір  тəжірибесі  мол,  бақылағыш  болуы  шарт.  Ес 
процесінде болатын қателердің көбі  дəл,  жетік  тани  алмаудан,  ал 
дұрыс  тани  алмаудың  өзі  алғашқыда  зер  салып,  жөнді  қабылдай 
алмаудан болады. Мəселен, адам алғашқы рет бір жерге келгеңде 
(бұрын  көрмесе  де)  оған  көп  нəрсе  таныс,  өзі  бұрын  осында 
болғандай  көрінеді.  Мұндайда  ол  ертеде  ұшырасқан  нақты  бір 
жағдайды қазіргі кездескен жағдайға ұқсатады. 
 
4.
 
Елестету
 жəне оның ерекшеліктері. 
Қайта  жаңғырту  процесі  елеспен  тығыз  байланысты. 
Өйткені  өткендегіні  қайта  жаңғырту  түрлі  елестермен  негізделе 
жарыққа шығып отырады. 
Елесті  түйсікпен  қабылдаудан  ойлауға  өтердегі  көпір 
деуге  болады.  Елес  арқылы  адам  заттар  мен  құбылыстарды  аз  да 
болса,  жалпылай  бейнелей  алуға  мүмкіндік  алады.  И.М.Сеченов 
оны "Заттық ойлау" деп өте дұрыс анықтаған. 
Елес — заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың 
типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тəсілдеріне (анализ, синтез, 
салыстыру  т.б.)  көшуге,  оның  мəнін  танып,  білуге  көмектеседі. 
Демек,  белгілі  бір  зат  жөнінде  елесіміз  болса  ғана,  оның 
ерекшелігін  не  үшін  қажеттігін  тезірек  ұғынамыз  да,  еске  жақсы 
сақтай аламыз. 
Елестердің  түрлері  де  түйсіктер  мен  қабылдаудың 
бөлінісіне  ұқсас.  Мəселен,  адам  заттың  түсін,  пішінін,  көлемін 
көру елестері арқылы; музыкалық шығармаларды, таныс адамның 
даусын, 
иттің 
үргенін, 
сиырдың 
мөңірегенін, 
мысықтың 
мияулағанын  есту  елестері  арқылы;  ал  жусан,  əтір,  сабынқы  иіс 
елестері  арқылы,  мақпалды,  тасты,  тікенек  шөпті  сипай  сезу 
елестері  арқылы  ажыратамыз.  Біздің  елестеріміз  —  жеке 
қабылдаулардың  жалпылауыдың  нəтижесі.  Елестер  жалпылау 
дəрежесінің  əр  түрлі  болатындығына  қарай  жалпы,  жеке  болып 
екіге бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. 
Мəселен,  адамның  өзен  туралы  елесі  —  жалпы  елес.  Сырдария 
өзені — жеке елес болады. 

 
Оқу процесіңде балалардың елесін тəрбиелеуге үлкен мəн 
беріледі.  Мəселен,  баланы  оқуға,  жазуға  үйрету  анық,  дəл 
елестерсіз  мүмкін  емес.  Егер  оқушыға  əріптердің  жазылуы 
жөнінде  анық  елес  болмаса,  ол  дұрыстап  жаза  алмайды.  Көру 
елестері  сурет  сабағында  аса  қажет.  Баланың  зат  жөніндегі 
елестері  анық  болса  ғана,  ол  суреттерді  соған  сəйкес  етіп  сала 
алады.  Елестер  қабылдаулардың  негізінде  қалыптасып  отырады. 
Сондықтан  баланың  қабылдауы  толық  болса  ғана  елестері  де 
толық  болады.  Оқушы  өзі  байқап  отырған  нəрсенің  кейін  қажет 
болатындығын  сезінетін  болса,  оның  елесі  де  тиянақты 
қалыптасады.  Мəселен,  оқушы  табиғаттану  сабағында  үй 
қояндары  туралы  мəлімет  алғанда,  кейін  мұны  жатқа  салатыны 
ескертілсе,  баланың  байқауы  тереңірек  болып,  елесіне  жақсы 
тірек  болады.  Баланың  елестерін  дамытуна  арнаулы  жаттығулар 
жасап  отыру  қажет.  Мəселен,  сурет  сабағында  алдымен 
салынатын  затқа  баланың  зейінін  аударып,  кейін  одан  сол  затты 
жатқа  салуды  талап  етсе  жəне  осындай  əдісті  бірнеше  рет 
қайталаса, баланың көру елесі дами түседі. 
Төменгі  сынып  оқушыларының  өмір  тəжірибесі  аз,  ой-
өрісі  əлі  жетілмегендіктен,  затты  жалпылай  алу  қабілеті  нашар 
болады.  Мүғалім  осы  жағдайды  ескере  отырып,  балада  нақтылы 
елестердің  мол  болуын  ойластыруы  тиіс.  Мұнсыз  жоғары 
сыныпқа  барғанда  балаға  оку  материалдарын  ұғыну  қиынға 
түседі. Мектепке түскен балалардың елес қорының тұрліше болып 
келуі оның отбасынан алған тəлім-тəрбиесіне де байланысты. Егер 
үйде  баланың  ақыл-ойының  дамуына  жеткілікті  көңіл  бөлінген 
болса,  мұндай  баланың  əр  нəрседен  хабары  бар  болып  келеді  де, 
оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін 
дамытып  отыру,  оларды  оқу  əрекетіне  дайындаудың  негізгі  бір 
элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс. 

 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет