4.
Зейінді
тəрбиелеу жолдары.
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты
зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін
үлкендердің
ықпалымен,
балаларға
түрлі
талаптарды
орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау,
ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің
айтқанын тындай білуге баулу т. б.).
Мектеп
жасына
дейінгі
балалардың
зейінінің
қалыптасуында ойын əрекеті ерекше орын алады. Ойын
арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады,
фактілер мен кұбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға
назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері
(көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады.
Бұлардың бəрі үлкеңдердің басшылығымен жетіледі.
Мектеп
—
оқушылардың
зейінін
оқу-тəрбие
процесінің
талаптарына
байланысты
жүйелі
түрде
қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім —
балалардың зейінін тəрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойынан
басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп
кетпейді, сабактың басынан аяғына дейін отыруға оның
шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы қезде сабақтың
аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада
ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне
де байланысты. Мəселен, бірінші сынып оқушылары түрлі
нəрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына,
бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп
шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың
зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар
келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны
дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл
етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала
зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі
кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде
тəрбиеленеді. Сабақтың əрбір минуты бала зейінін билеп
алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды,
қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен
сабақ өзнің мақсатына жете де алмайды. Зейін тəрбиесінде
əрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына
төмендегілер:
Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке
əдеттеңдіру, оларда зейінінің жоғары түрлерін дамыту естен
шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай
деген: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек жəне сонымен
қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да
бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты
орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар,
балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны
жаттықтырып отыру керек".
Бүкіл сьныпқа не жеке оқушыларға берілетін
тапсырмалар
дəл,
анық,
қысқа
болып
келсін.
Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада)
байқағыштыққа тəрбиеленуі тиіс.
Зейінді күшті жəне тұрақты ететін құбылыстың бірі
— ерік. Сондықтан зейін тəрбиесін ерік тəрбиесімен
ұштастырып отыру кажет.
Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің əлде
де болса, "қатая" қоймағандығы еске алынсын. Олардың
шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр,
жеңілдігі əр түрлі пəндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа
сай орналастыру секілді мəселелер де зейін тəрбиесіне
қатысы бар шаралар.
Оқушылардың
зейінін
дұрыс
қалыптастыруға
мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор.
Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол
біресе
оқытып
тұрған
сабағына,
біресе
сыныптағы
оқушыларға аландап, нені бастап, нені қойғанын есінен
шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс
тəрбиелей алмайды.
Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап
аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген
сабағынан да жөнді нəтиже шығара алмайтын болады.
Мұғалім: "Кейбір оқушылар сабақка зейін қоймағандықтан
үлгермейді" дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс
ұйымдастыра
алмауының
нəтижесі,
өз
жұмысындағы
кемшілігі болып табылады. Ы.Алтынсарин: "Егер балалар
бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінəлауға
тиіс емес, оларға түсіңдіре алмай отырған өзін кінəлауға тиіс"
деп өте дұрыс айтқан.
Дəріс
бойынша сұрақтар:
1.
Зейін дегеніміз не?
2.
Зейіннің физиологиялық негіздері қандай?
3.
Зейіннің қандай түрлері бар, олардың бір-бірінен
айырмашылығы неде?
4.
Зейіннің негізгі қасиеттерін атап беріңіз.
5.
Зейінді тəрбиелеудің негізгі жолдары қандай?
II – бөлім. Таным процестері.
5-дəріс
Түйсік
.
Жоспар:
1.Түйсік туралы түсінік.
2.Түйсіктің түрлері жəне оларды топтастырып жіктеу.
3. Түйсіктің жалпы заңдылықтары.
1.Түйсік туралы түсінік. Түйсік - материялық дүниедегі
заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің
біздің сезім мүшелерімізге əсер етіп, миымызда бейнеленуі.
Түйсік
дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің
алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол - біздің
айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап
отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды
қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық
пен болмыстың адам сезім мүшелеріне əсер етіп, мида
бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік -
сыртқы əсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің
субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы
баспалдағы - осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты
бейнелеу жайындағы мəліметтердің бəрі де адамға осы
баспалдақ арқылы жетеді. Адамның дүние шындығы мен
болмысын танып білуі - диалектикалық жолмен дамитын аса
күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның
«нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын
дүниетанымдық сатысына жатады. Мүндай таным процестері
сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге
тікелей əсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты
бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік - тікелей танымдық
процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына
жататын процестер - ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып
дамиды. Түйсік қарапайым психикалық процесс деп
аталғанымен, ол - адамның шындық пен болмысты дұрыс
бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі.
Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал
жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады.Сезімдік бейнелеудің
мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ. Алайда, сезімдік
бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан
жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер
жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын
ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным
процестері еңбектену əрекетімен ұштаса отырып, бейне мен
сөздің өзара əрекеті нəтижесінде пайда болып отырады.
Дүниетанудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы -
абстрактылы-теориялық ойлау. Ол - тек адамға ғана тəн
қасиет. Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға
негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мəн-мазмұнын еңбектену
процесіндегі іс-əрекеттерімен ұштастырады. Бұл жайт адамның
танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға,
одан тəжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып
отыратындығын көрсетеді.
2.Түйсіктің түрлері жəне оларды топтастырып жіктеу.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту
түйсігі, дəм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық,
вибрациялық жəне органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге
бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне
орай көру, есту, сипау, иіс жəне дəм түйсіктерін ажыратқан.
Қазіргі кезде сыртқы жəне ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін
20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер
бірнеше негіз бойынша жіктеледі.
I. Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор.
Зерттеу нəтижелерінің адамға əсері жеті спектрлі түсті жəне
соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы
анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазонының
өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы «Мың
рет естігеннен бір рет керген артық» деген түсінік осындай
тəжірибеден туындаған. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-
түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын
көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын
айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске
асады.
Көру
түйсігі
біздің
көзімізге
электромагнит
толқындарының əсер етуі нəтижесінде пайда болады.
Заттар мен нəрселердің түстері хроматикалық (қызыл,
қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық,
яғни бояусыз (ақ, қара жəне барлық сұр түстер) болып екіге
бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық
болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық
болуымен ғана ажыратылады.
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы.
II. Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын -
ауаның толқындары. Ауа толкыны деп ауаның белгілі ырғақпен
бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол
толқындар əр тарапқа тарайды. Толқындарының физикалық
құрылысы өте күрделі. Біз сол толкындардың жиілігін,
амплитудасын (құлашын) жəне формасын ажырата аламыз.
Жануарлардың дыбысты сезгіштігі адамнан асып түседі.
Мысалы, насекомдар 80 000 герцке жететін ультрадыбыстарды
түйсіне алады.
Музыкалық аспаптар мен адам даусының өзіндік үнін тембр
дейді. Тембр ауа толқынының шайқалу түріне байланысты. Жеке
дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарынан əсер етсе, ол
дыбыстар бір-біріне қосылып кетеді. Мəселен, пианинаның үш
клавишасын (до, ми, соль) бірдей бассақ, олар үндесіп, аккордқа
айналады. Біз түйсінетін дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды,
жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі
- консонанс (үйлесімді, жағымды), жағымсызы (үйлесімсіз,
жағымсыз) - диссонанс деп аталады.
Есту түйсігі ауа толқынының дабыл жарғағына əсер етуінен
басталады.
ІІІ. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық
клеткаларына түрлі химиялык заттардың əсер етуінен пайда
болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналасқан
аймағы 5 см-ден аспайды. Тітіркендіргіштер əсерінен туған
қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты
шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына
жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып
байқайды. Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда əлі жете
зерттелмеген мəселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлерi
иіс шығаратын заттардың атымен аталады. Мысалы, жусан иісі,
лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т. б. Иіскеу клеткаларына
тітіркендіргіш ретінде əсер ететін, қозу тудыратын — ауада, газ
немесе бу түрінде шығып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны
ішіне тартыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық
элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар
өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық рөлі күшті. Көптеген
жануарлар өз қорегін иісі арқылы тауып алып қоректенеді.
Адам
өмірінде
иіскеу
рецепторының
рөлі
аса
күшті
болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тəжірибесіне сəйкес
күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның, мысалы салтына,
қызмет сипатына қарай дамиды. Мəселен, Африкадағы бушмен
тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ
оңай тауып алады. Олар иісті ең жаксы аңшы иттерден артық
сезеді. Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін
адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шаққан малды, етін жеген
адамдарды (оқ жыланның) иісінен ажырата білу қазақ
халкына да тəн қасиет. Иісті нəзік сезіп, ажырата білу соқыр,
мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен
адамдарды, түрлі нəрселерді алыстан-ақ иісінен «таниды».
Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады.
Мəселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек
сүті мен сиыр сүтін иісінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы
келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын
айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі маңызы
ерекше.
IV. Дəм түйсіктері. Дəмді айыратын мүше - тіліміздегі дəм
бүршіктері. Оны тітіркендіретін - белгілі дəмі бар, суға ерігіш
түрлі химиялық заттар. Дəм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың
ішінде, тандайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан.
Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дəмді тəтті, ащы,
тұщы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дəмнің
жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тəтті дəмді тілдің
ұшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті,
тұщыны - тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді. Егер əлдебір
нəрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дəмін
ажырата алмайды. Өйткені, дəм сезетін бүршіктер тілдің
ортасында болмайды. Балада дəм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар
түрлі тағамдық заттардың қасиеттерін айыру жолымен жетіледі.
Дəм түйсіктері адам психологиясына түрліше əсер етіп, дəмді
тағамдар - адамның тəбетін ашады. Тəбет - дəм жүйкелерін
қоздыратын психикалық əрекеті. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу
адамға жағымды əсер етеді. Желінетін тағамның дəмі тек дəм
түйсігіне
ғана
емес,
иіскеу
түйсігімен
де
байланысты.
Тұмауратқан адамның иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда,
иіс түйсігі өз қызметін атқармайды да, дəм түйсігінің тууына
себепші болуға жарамайды. Соның салдарынан тағамның дəмін
адам түйсіне алмайды. Дəм рецепторының организм сақшысы
ретінде күзетшілік маңызы да бар.
V. Кинестезиялық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі
қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты.
Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді
бірімен-бірі байланыстырып тұратын сіңірлер мен тарамыста, екі
сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады.
Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.
Кинестезиялық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық
жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде
тітіркенуінен пайда болады. Қимылдарды орындағанда
бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің
тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі
бұлшық
еттің
қысқаруын,
зорлануын
білдіреді.
Қозғалу
талдағыштары арқылы адам өз денесінің жəне жеке мүшелерің
қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып
босаңсуын, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз
хабар алып отырады. Кинестезиялық талдағыштың шетте
(периферияда) не болып жатқанын миға тез хабар жеткізіп
отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі əр түрлі кері
афферентацияға байланысты
процестер
адамның
көздеген
мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып
жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның
ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің
бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация — өте керекті
шарт. Кинестезиялық талдағыштардың кері афферентация
жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның күрделі қозғалыс
əрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы
бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға
түсіріп
шығаруға
адамның
шамасы
келмей
қалады.
Кинестезиялық түйсіктер адамның сөйлеу əрекетінде ерекше
орын алады. Өйткені, ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын
қимылдардың дəлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес. Жазудың да
негізі - кинестезиялық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға
шалдықкан адам өзі сөйлеп отырмаса, жатқа жаза алмайды. Адам
өміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестезиялық
талдағыштарсыз
меңгеру
мүмкін
емес.
Қимыл-қозғалыс
дағдыларының барлығына жуығы кинестезиялық түйсікке сүйене
отырып жасалады.
VI.
Органикалық
түйсіктер
адамның
органикалық
қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге
қарын ашу, тою, шөлдеу, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің
қызуы, жүрек жəне тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты
туатын сезімдер ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады.
Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-əрекет үстінде түйсіктердің
бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченев түйсіктердің бұл түрін
«көмескі түйсіктер» деп атаған. Павлов мектебінің зерттеу
нəтижелері көрсеткен - органикалык түйсіктер адамның «хал-
күйінің» негізі болып саналады. Органикалық талдағыштар
адамның көңіл-күйіне ылғи əсер етіп отырады. Осы орайда, «Той-
ған жалтырайды, тоңған қалтырайды» деген мақал организмдегі
органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.
VII. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те
атайды.
Бұл
түйсіктің
рецепторлары
ішкі
құлақтағы
вестибулярлық
аппаратта
(кіре
берісте)
орналасқан.
Статикалық
түйсік бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі
орнын, адамның тең басуын бейнелейді. Faрышты меңгеру
дəуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы
ерекше. Мəселен, ғарышкер мамандарды даярлауда олардың
вестибулярлық аппаратын жаттықтырып, оларды көру, қозғалыс
талдағыштарымен үйлестіре дамытып отыруға баса мəн беріледі.
Адам
40
секунд
ішінде
денесіне
салмақ
түсуді
жəне
салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке
сəйкес адамдарды мынадай үш топка бөліп қарастыруға болады.
Бірінші - жүйке жүйесі барынша төзімді адамдар мұндай
жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші біреулер тосын
тітіркендіргішке кездескенде ынғайсызданып, тез шаршайды, өңі
бозарып, терлейді, жүperi айниды, өздерін тиянақ таппай, қалқып
жүргендерін сезінеді. Үшінші біреулер сəл басы айналғанын
сезгенімен, бірте-бірте оған бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке
жүйесі төзімді болады. Олар өз денесін ерік-жігерімен билейді,
эмоциялық
төзімділігі
мол,
қимыл-қозғалыстарын
қандай
жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
VIII. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың
ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы негізгі
талдағыштар - түйсіну мүшелеріміз. Төрт мүшесі түгел, дені
сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның толқып
тербелуін ол əлдеқайда нəзік түрде, яғни құлағы арқылы
түйсінеді. Ал адам есту қабілетінен айрылса, онда вибрациялық
түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Қейбір саңырау
(керең) адамдар музыканы, əнді күшті ынта қойып «тыңдайды».
Өйткені, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді.
Олар рояльда ойналған əуендерді оның үстіне қолын қою арқылы
естиді. Мүндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына
барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Себебі, нəзік
дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка əуенін
түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға
əдеттенеді, бұрын «тыңдаған» музыкалық шығармаларын үнінен
таниды. Соқыр не саңырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының
келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялық сезімдері
арқылы түйсінеді. Түйсіктің бүл түрі барлық адамдарда бар.
Бірақ
біз
одан
гөрі
жетілген
талдағыштарымызды
пайдаланатындықтан, вибрациялық түйсікті қажет етпейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |