3. Түйсіктің жалпы заңдылықтары.
Біз түйсіктердің заңдылықтарын мынадай екі түрге бөліп
қарастырамыз. Бірінші - түйсіктер мен тітіркендіргіштер
арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық
заңдылықтар; екінші - түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына
тəуелді психофизиология- заңдылықтар. Сезгіштік жəне түйсік
табалдырығы.
Талдағыштар-рецепторларына
əсер
еткен
тітіркендіргіштердің бəрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік
тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі бір дəрежелік мөлшері
жəне күші болуы керек. Бұл жағдай түйсіну процесіндегі түйсік
табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі -
абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы
деп өте нəзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің аз
ғана шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни:
төменгі минимал-табалдырық жəне жоғарғы максималдық
табалдырық. Егер тітіркендіргіштер əлсіз болып, түйсіктің
төменгі табалдырығына жетпесе, онда əсер еткен тітіркенгішті
адам түйсіне алмайды. Мəселен, бөлменің бұрышына барып,
алыстау тұрған адам қол сағаттың тықылын естімейді. Себебі,
сағат тықылының күші абсолюттік табалдырықка жетпейді.
Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін
сипаттайды. Абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса,
абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша
айтканда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің
абсолюттік табалдырығының мөлшеріне кері пропорциялы
болады.
Түйсінудің абсолюттік табалдырығы төмен болса,
абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады абсолюттік
сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну
табалдырығы соғүрлым жоғары болады. Абсолюттік сезгіштіктің
саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты.
Ондай себептерге адамның іс-əрекеті, жасының ерекшелігі,
рецепторлардың қызметі, тітіркендіргіштердің күші мен əсері,
мерзім ұзақтығы жатады.
Табалдырық түрлерінің абсолюттік сезгіштігі əр адамда əр
түрлі. Мəселен, сіздің сыбырлап айтқан сөзіңізді бір бала едəуір
алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді
ести алмайды. Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің
екінші баланікіне қарағанда күштірек екендігін көрсетеді. Адам
талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігін
академик С. И. Вавилов зерттей отырып, адамның көзі жарық
қуатының 7-8 квантасына (квантаны фон деп те атайды, ол -
жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай
алатынын
анықтаған.
Айыру
табалдырығы
дегеніміз
-
түйсіктердің
болар-болмас
айырмашылығын
тудыратын
тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы айыру сезгіштігі деп
рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындагы азғантай ғана, бол-
машы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мəселен, 100 кісі
қатынасқан хорга 10 адам қосылса, хор аздап қана артады.
Адаптация
, сенсибилизация, синестезия
Сезім мүшелерінің сезгіштігі əсер ететін тітіркендіргіштерге
біртіндеп бейімделуіне карай өзгеріп икемделеді. Бұл
кұбылысты адаптация дейді. «Адаптация» - латын сөзі, қазақша
икемделу,
бейімделу
деген
мағынаны
білдіреді.
Сезім
мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген
түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны
қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз
қарашығы 17 есе ұлғайады. Бұл - қашықтан өтетін жарық мөлшері
де 17 көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы
қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті əсер етеді.
Олардың əлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті мол. Мəселен, 30-40
минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мəселен,
камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша
мен нашатыр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте əлсіз, ауырсыну
организмнің
қалыпты
жұмысының
бұзылғандығын,
оның
биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын
сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да
бейімделе алатындығын байқатады.
«Сенсибилизация» - латын сөзі, қазақша мағынасы - сезгіш.
Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі
жағдайларға
орай
бəсеңдеуінің
көрсеткіші
болса,
ал
сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін
құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің əсерінен басқаларының
сезгіштігі артып отырады. Əлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге
əсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін
арттырады. Мəселен, көзге түскен жарық мөлшері оның көру
қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға
себеп болады. Əдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс
ажыратуына жəрдемдеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану
кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері
осыдан. Бірсыпыра психологиялық зерттеулерде адамның таза
ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-
қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы
анықталған.
«Синестезия» - грек сөзі. Қазақша мəнісі қосарласқан түйсік
дегенді білдіреді. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде
ғана түйсік туғызудың орнына сол сəтте басқа түйсіктердің пайда
болуына да жағдай жасайды. Мəселен, кейбір адамдар біреудің
сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дəмдер мен түстерді де сезінуі
мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен - жылылықты,
екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің
осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап
сезу, иіс, дəм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс
өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия - түйсіктердің
өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.
Бірізді
бейнелер
.
Тітіркендіргіш
əсерінің
тоқтағанына
қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да өз күшінде
қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру,
есту, иіс, дəм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мəселен,
адам 2-3 секунд бойы көз алмай, шамға қарап отырып, содан
кейін көзін жұмса, жарық ізін айқын көре алады. Бірізді бейненің
бұл түрі оң ізді бейнелер делінеді. Екі парақ ақ қағазды қолға
алып, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына
шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қойса, бұдан соң
қызыл қағаздан 20-30 секундтай көз алмай отырып, көзімізді ақ
қағазға сəл аударсақ, онын бетінен көгілдір түсті көруге болады.
Бұл - теріс бірізді бейненің мысалы. Соңғы түс - алғашқы қызыл
шаршының теріс бір ізді бейнесі. Бірізді бейнелер көбіне адамда
байқала бермейді. Себебі, мұндайда тітіркендіргіштің бір түрі
екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы -
көздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан
адамның көзі талмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғарғы
бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бірізді бейнелердің
физиологиялық негізі болып саналады.
Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процестер мен
байланысты түрде қарастыра отырып, оның барлык психикалық
процестердің негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар
неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым
анық хабарлар алып отырады. Белгілі дəрігер ғалым С. П. Боткин
(1832-1889) түйсік адамның өмірлік тонусын белгілі дəрежеде
сақтап
отыратын
процесс
екендігін
өзінің
тəжірибелік
зерттеулерінде айқындап берді.
Дəріс
бойынша сұрақтар:
1.
Түйсік дегеніміз не?
2.
Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов
ілімі қалай түсіндіреді?
3.
Түйсікті материалистік тұрғыдан қалай түсінуге
болады?
4.
Сезгіштік пен табалдырық заңдылығының мəнісі
неде?
5.
Адаптация жəне сенсибилизация дегеніміз не?
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
6.
Синестезия дегеніміз не?
7.
Бірізді образдар дегеніміз не?
8.
Түйсік қандай түрлерге бөлінеді?
9.
Көру түйсігі, «үш түсті көру» теориясы дегеніміз не?
10.
Есту түйсігінің ерекшеліктері қандай?
11.
Иіс,
дəм
түйсіктерінің
бір-бірінен
айырмашылықтары неде?
12.
Органикалық,
кинестезиялық,
статикалық
түйсіктерді
түсіндіріңіз.
Вибрациялық
түйсік
дегеніміз не?
6-дəріс
Қабылдау
.
Жоспар:
1. Қабылдау жəне оның физиологиялық негізі.
2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
3. Бақылау жəне бақылампаздық.
4. Кеңістік пен уақытты қабылдау.
1. Қабылдау жəне оның физиологиялық негізі. Адам
түйсік арқылы заттар мен нəрселердің жеке қасиеттерін, мысалы,
«алдымнан бір нəрсе жалт етті», «маған суық бір нəрсе жармасты»
деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат
немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап
жүрген сəби, ккң бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау -
затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда,
қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.
Сонымен, қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз
қасиеттері
жəне
бөлшектері
жиынтығы
қосылып,
сезім
мүшелеріне тікелей əсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары
қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар
сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы
жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді
іс-əрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына
жауап беру реакциясы нəтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз
раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның түрін,
тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар иісін иіскеп, жұтамыз, ұстап
көріп, оның жапырақтарының нəзік те жұмсақ екенін сезінеміз.
Осындай жеке түйсіктердің бəрі мидың қабығында қосылып,
біртұтас болып бірігеді. Сөйтіп, біз бұл заттың раушан гүлі екенін
білеміз. Бұл жерде ес процесі орын алады. Гүлдің иісі бізді
шаттандырып, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға
ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортқа
жататыны туралы ойланып, өзімізше карапайым қорытынды
жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру,
есту, иіс, дəм, сипап сезу не қимыл-қозғалыс, кинестетикалық
қабылдау түрлері болып ажыратылады.
Апперцепция жəне оның қабылдаудағы рөлі.
«Апперцепция» - латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша
деген мағынаны білдіреді. Латынша «ап» - үстеме жұрнақ,
«перцепцио»- қабылдау. Адамның психологиялық жай-күйі мен
оның өткендегі өмір тəжірибенің мазмұнын қабылдауда мұның
маңызы
ерекше.
Бұрынғы
тəжірибелер
жаңа
нəрселерді
қабылдауда
танымдық
өлшем
қызметін
атқарады.
Апперцепцияның тұрақты жəне уақытша дейтін екі түрі бар.
Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен дүниетанымына,
мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады.
Мысалы, «түбір» деген сөзді филолог пен биологтың, математик
пен химиктің қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция
адамның əр түрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер
туғызады. «Иллюзия» - латын сөзі, мағынасы - алдану. Алдануда
қабылданған нəрселер мен заттар біріне-бірі сəйкес келмей,
бұрмаланады. Стақан ішіндегі суға қасықты салғандағы кескіннің
кесінді болып көрінуі де - алданудың бір мысалы. Əдетте,
қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе-тең
адекватты болып келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда
алданулар болып тұрады. Мына төмендегі сызба-суреттерде
заңдар алдануы, параллелограмм алдануы, кесінділер алдануы
тəрізді басқа да түрлер көрсетілген.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдыруына байланысты
жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туады. Осы орай да
галлюцинация деп аталатын жағдай бар. Бұл термин қиялдану,
шатасу деген түсінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы дəрілерді
қолданған адамдарда, маскүнемдікке салынған кісілер мен
нашарқорларда жиі кездеседі. Ондай адамдар жүйке жүйесінің
ауруына ұшырау салдарынан əрбір нəрсені бұрмалап қабылдайды
да, өзінен-өзі отырса да айқай-шу естиді, үстінде не кеудесінде
бір нəрсе жорғалап бара жаткандай болады. Сондай-ақ, жүйке
жүйесі
ауруына
душар
болғандарда
шизофрения
не
шизофрениктер
деп
аталатын
қабылдаудың
айырықша
бұрмаланған түрі де болады. Əдетте, мұндай науқастардың көз
алдына қауіпті адам елестеп, өміріне зиян келтіретіндей күй
кешеді.
2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тəн
ерекшеліктері бар:
а
) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен
нəрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеліп, ажыратылып
тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде қабылдаймыз.
Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек тұрғанымен , оларды
үшбұрыш деп білеміз. Немесе Мəриям Жагорқызының
«Дударай» əнінен үзінді еститін болсақ та, сол əннің мазмұнын
толық қабылдаймыз.
ə
) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданган объект тұтас
болады,
оның
мəн-жайы
сөзбен
беріледі,
мазмұны
тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану.
Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралық тану
болып бөлінеді. Жалпылап тануда нəрселердің жай-жапсары
терең
біліне бермейді,
ал даралап
тануда
заттар
мен
кұбылыстарды білу анық, толық түрде болады. Мысалы, адам көп
киімнің ішінен өз киімін таниды, немесе көп адам ішінен өзіне
таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сəби де бірнеше адамның
ішінен өзінің ата-анасын, жақын туыстарын тани алады.
б
) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің
бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мəнісі əрбір нəрсенің
сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік -
заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мəнінің болуы.
Мұны контур деп атайды. Бұл заттың кескіні (фигурасы) мен
фонын қабылдау аралығындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы,
мұғалім кластағы оқушылармен жұмыс істейді. Жақсы жауап
берген окушы фигура, ал қалғандары оның фоны болып
есептеледі. Қабылдаудьң таңдамалылық ерекшелігінде зейін
сияқты сананың бір нəрсеге бағытталуы жəне адамның сол
нəрсеге қызығып зер салуы, ынталанып, танып білуге ұмтылуы
айрықша рөл атқарады. Мысалы, телеграф бағаналары, үлкен зал
ішіндегі колонналардың жақын тұрғаны биік, алыстағысы кіші
болып көрінеді. Бірақ, біз олардың бəрінің бірдей екендігін
біліп, дұрыс қабылдаймыз. Темір жол рельсі ұзақтаған сайын
бірігіп кететін сияқты. Мұндай жағдайда алыс пен жақын арасы
сол күйінде бір қалыпты болып қабылданады. Балалардың
қабылдау тұрақтығы 2-4 жас арасында қалыптасады. Заттар мен
нəрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тəжірибесіне
байланысты болып отырады. Əрбір зат сөзбен, өз атауларымен
аталып, сана мен ойлау процестері байланысып жатады.
Қабылдауда ес процесі де шешуші рол аткарып, бұрынғы
қабылданған нəрселердің бейнесі қайта жаңғырады. Тəжірибе мен
көріп білген нəрселер өзара ұштасып, əсерленген бейнелер
туындайды.
3. Бақылау жəне бақылампаздық.
Бақылау не байқау дегеніміз - белгілі мақсат қойып, объектіні
əдейі қабылдау. Қөріп қана қою жеткіліксіз, затты білу үшін
көзқарас, пікір керек. Бақылау - əрі жүйелі, əрі мақсатты процесс,
арнайы жүргізілетін əрекет. Ой жүгірту, зейін кою - бақылаудағы
негізгі əрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға
ерекше мəн беріп, лабораториясының маңдайшасына «бақылау»
деген сөзді үш қайтара жазып койған.
Бақылампаздық - адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл
бойынша көпшілік көрмеген нəрсені, сапаны, ерекшеліктерді
бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халкының өмір
тіршілігінде бақылампаздықты дəріптейтін мысалдар көп.
а) Ы. Алтынсариннің «Үш жолаушы» деген əңгімесінде түйесін
жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп қалып, жоғалған
малын іздеп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың
ақсақтығын, бір көзінің соқырлығын жəне құйрығы шолақ
екендігін айтып береді... Мұндай бақылампаздық жолаушылардың
шаруа, өмір тəжірибесі мол адамдар екенін білдіреді. ə) Мал
бағып тіршілік еткен қазақ жұрты əрбір мал түлігінің мінез-құлқы
мен қылығын, ауа райы жəне жер жағдайына бейімделіп
тіршілік етуін жақсы білген. Осы орайда, қазақтар жоғалған
малдың ізіне түсіп, іздестіріп тауып алатын болған. Бұл ретте,
олар мал қай күні жоғалды, сол күні ауа райы қандай болған еді
деген мəселелерге ерекше мəн берген. Өйткені, уақ мал (қой-ешкі)
желді, жаңбырлы, суық күндері ықтап кетеді де, ал жылқы
керісінше желдеп кетеді. Осындай жайттардан жақсы хабардар
жандар жоғалған түліктің қайсысын қайдан, қалай іздеу керектігін
де анық білетін болған. б) Сыр бойының жұртшылығына танымал
Қыпшақбай деген қария ошақта кешке жағылған от пен оның
сөнген шоғына қарап, ертеңгі күнгі ауа райының қандай
болатынын тура айтқан. Сондай-ақ, қыс кездері мен жаз
айларындағы ауа райын салыстырып, жаңбырлы, қарлы жəне
құрғақшылық болатын күндерді анық болжаған. Өмірде мұндай
мысалдар көп. Малдың мінез-құлқы да ауа райының қандай
болатындығын білдіретіндігі елге ерте заманнан-ақ белгілі.
Бақылаудың физиологиялық негізі - «Бұл не?» деген таңдану
рефлексі.
Мысалы,
Австралиядағы
абориген
тайпасының
адамдары шөл даладағы мың-сан «белгілерді» қатесіз оқи алады
(ізшілдік, құпия сырларды ашу, адамның ізіне қарап салмағын,
бойын білу). Сондай-ақ, ұстаздар мен тəрбиешілердің, шеберлер
мен тəлімгерлердің оқыту, тəлім-тəрбие істерінде үнемі бақылау
жүргізіп, шəкірттердің психикалык дамуын белгілі жүйелілікпен
байқап отыруы да - өз жұмыстарында табысқа жетудің кепілі.
Бакылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде
қабылдау əрекеті болып саналса, бақылампаздық адамның жеке
басына тəн, танып білуге қызығу мен құмарту қасиеті болып
есептеледі. Қабылдау - түйсікке қарағанда күрделі процесс. Бұл
процесте бірнеше талдағыштар бірлесіп жұмыс атқарады. Жүйелі,
мақсатты бақылау - кез-келген жұмыста табысты болудың шарты.
4. Кеңістік пен уақытты қабылдау.
Материалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі
түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл
формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік
етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол
арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты
бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жайында қажетті
мəліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Кеңістіктегі
объектілерді қабылдау - күрделі процесс.
Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың
əрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді - енсіз,
биік - аласа, үлкен - кіші. Олар бізден түрлі қашықтықта
орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни
бинокулярлық
көрудің
маңызы
зор.
Бір
көзбен
көру
монокулярлық нəрселердің терендігі жөнінде дəл мағлұмат бере
алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып,
нəрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша
көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы,
шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері əртарапты байқалып, анық көруге
мүмкіндік туады.
Қашықтық
пен
заттар
көлемін
қабылдауда
көздің
конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір
көздей болып əрекет етуі қажет. Бұл жақын жердегі нəрселерді
ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нəрселерге қарағанда
олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Көздің түрліше
қашықтықтағы
заттарды
көруге
бейімделу
қабілеттілігін
аккомадация (көз үйрену) деп атайды. Қашықтықтағы нəрселерді
қабылдау адамның өмір тəжірибесімен байланысты. Кеңістікті
қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен
бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы
түрліше болып келеді. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы
қабығында-сəулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына
байланысты. Адам заттардын бағытын тік тұрып не отырып,
көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс
қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен
ғарышкерлер, суретшілер мен əскери қызметкерлер, дəлдік
аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.
Уақыт та - материяның өмір сүруінің объективті шындық
формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бəрі де кеңістік
пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытты қабылдау
бірнеше компоненттерден тұрады. Уақыт құбылыстың белгілі
бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын
- кұбылыстардың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады.
Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дəуір,
кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар
көмескі болып қабылданады.Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн,
сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен
шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъективтік
жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді,
қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |