Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 9.47 Mb.

бет51/80
Дата22.12.2016
өлшемі9.47 Mb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80

 

В данной статье рассматриваются значимость интерактивного обучения в ВУЗ-е. 

Также  определяются  педагогические  и  психологические  аспекты  интерактивного 

обучения в процессе подготовки будущих педагогов. 



 

Summary 


 

In  this  article  are  considered  the  importance  of  interactive  training  in  higher  education 

institution. Also pedagogical and psychological aspects of interactive training in the course of 

preparation of future teachers are defined. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.  Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  кеңістіктің  бҽсекеге 

қабілеттілігін                    2006-2009  жылдарда  дамыту  тұжырымдамасы.  – 

Астана,2006.  

2. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный 

подход: методическое пособие. – М.: Высшая школа. – 1991. – 207с.  

3.  Ҽлімов  А.  Интербелсенді  ҽдістерді  жоғары  оқу  орындарында 

қолдану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 328б. 



 

ӘӚЖ 373.3:379.8 

 

Кіші мектеп жасындағы балалардың тынығу уақытын 

ҧйымдастыру ерекшеліктері 

 

Таштауова Ж.Х. 



Ҽл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты 

 


498 

 

Тынығу  уақыты  –  «адамның  еңбекке  қабілетін  қайта  қалпына 



келтіретін  жҽне  еңбек  ҽрекеті  аясында  жетілдіре  алмаған  ептіліктері  мен 

қабілеттерін дамытатын, қоғамдық жҽне тұрмыстық еңбек аясынан тыс бос 

уақыттағы ҽрекеті»[1]. 

Бұл уақытты құр бос ҿткізу, бостан бос жүріп сандалу емес екендігін 

түсіну аса маңызды. Бұл адамның алдына қойған белгілі бір мақсаттар мен 

қызығушылықтар негізінде жүзеге асырылатын ҽрекет.  

Адамның  бос  уақыттағы  ҿз  ҽрекеттерін  жалпы  құнды  мақсаттарға 

жетуге,  ҿзіндік  ҿмірлік  жоспарын  жүзеге  асыруға  бағыттау  ептілігі 

ҽлеуметтік  ҿзіндік  сезінуіне,    ҿзінің  бос  уақытына  қанағаттануына 

байланысты болады.  

Қазіргі 

ҽлеуметтік-экономикалық 

жағдайда 

бос 


уақыттың 

коммерциализациялануына байланысты бос уақытты ҿткізу мекемелерінің 

ҽрекеттер  арнасына  қатысуға  кҿптеген  адамдардың  материалдық 

құралдарының  аздығынан  мүмкін  болмай  тұр.  Осы  себепті,  қоғамда  ҿсіп 

келе  жатқан  жас  ұрпақтың  ҽлеуметтенуінде  бос  кеңістік  орын  алады. 

Сондықтан,  балалар  үшін  кҿше  ҿзіндік  ҽрекет  қағидаларын  орнатып, 

ҿзіндік  «адамгершілік  кодексін»  қалыптастырып,  ҿзіндік  қоғамдық 

қалыптасу  жҽне  тіршілік  ету  жағдайына  кҿндіріп  негізгі  ҽлеуметтік 

ақпарат  кҿзі  болып  табылуда.  Соңында,  ҿсіп  келе  жатқан  ҿскелең  ұрпақ 

үшін кҿше ҽлеуметтенудің ҽсерлі құралдарының біріне айналады, осының 

салдары  ретінде  балаларда  ешқандай  физикалық,  интеллектуалдық  күш 

жұмсамай баюға деген құмарлығы артып ҽртүрлі ауытқушылықтар кҿрініс 

табады.  

Мұндай  жағдайларда  ҽлеуметтенудің  бағытталған  үдерісі  мен 

индивидке  стихиялы  ҽсер  етушілігі  арасындағы  қатынаста  мҽселе 

туындайды.  

Бұл мҽселені шешу жекелік маңыздылық жҽне қоғамдық маңыздылық 

арасындағы сҽйкестілікті қалыптастыруға, жасҿспірімдердің жалпы адами 

құндылықтарын 

қалыптастыруға 

бағытталған 

ҽртүрлі 


ҽлеуметтік 

институттар ҽрекеттеріне негізделеді. Ал бұл міндеттерді шешуде отбасы, 

мектеп  жҽне  бос  уақытты  ұйымдастыру  мекемелері  ерекше  роль 

атқарады[2]. 

Отбасы,  адамның  ерекше  ҽлеуметтік  ролдері  қалыптасатын  алғашқы 

табиғи  қасиеттері  дамуының  негізгі  кҿзі  бола  отырып,  баланың  ҿзіне 

жақындарына, 

қоршаған 

ортаға 

қатынасының 



негізі 

қаланып 


жасҿспірімдердің ҽлеуметтену үдерісіне ерекше ҽсер етеді.  

Балалардың  ҽлеуметтенуінде  мектепте  ерекше  роль  атқарады,  себебі, 

білім  беру  бағдарламаларында  осы  үдерістің  тиімді  жүзеге  асырылуын 

қамтамасыз  ететін  пҽндер  енгізілген.  Дегенмен,  оқушылардың  толық 

ҽлеуметтенуіне  ол  пҽндер  ҽліде  жеткіліксіз.  Едҽуір,  белсенді  мақсатқа 

бағытталған  ҽлеуметтену  сыныптан-тыс  іс-шаралар  жүйесі  арқылы  да 

жүзеге асырылады. Адамгершілік-этикалық, экологиялық, ҿнертанушылық 

т.б. тақырыптардағы дҽрістер мен сұхбаттар еліміздегі барлық жалпы білім 

беретін мектептерде жүргізіледі.  


499 

 

Ҽртүрлі  мҽселелер  бойынша  мектепішілік  кештер,  пікір  алмасулар, 



музыка,  балалар  кітаптары  апталығы  жҽне  басқа  да  мерекелік  іс-шаралар 

оқушылардың ҽлеуметтік қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.  

Дегенмен, 

сыныптан-тыс 

жұмыс 

оқушылар 



үшін 

міндетті 

болмағандықтан, оқушылардың барлығын қамти алмайды. Сонымен қатар, 

бұл  ҽрекеттерде  жұмыстардың  кҿптеген  түрлері  мен  ҽдістері 

қолданылмайды,  кҿптеген  мектептердің  материалдық  жабдықталуы 

нашарлығына  жҽне  балаларды  қызықтыруға,  олардың  тынығу  уақытын 

дұрыс  ұйымдастыруға  қабілетті  білікті  мамандар  тапшылығына 

байланысты мақсатқа бағытталмай кҿпшілік сипатқа ие болмайды.  

Тынығу уақытын ұйымдастыру мекемелері оқушылардың кҿпшілігіне 

ҿзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызып ҿзіндік 

тұлғалық жүзеге асырылуына жол ашады. Тынығу уақытын ұйымдастыру 

мекемелерінің  іс-ҽрекеттері  ҿзіндік  жоғары  формада  ҿскелең  ұрпақты 

тҽрбиелеу,  білім  беру  жҽне  ҿзін-ҿзі  тҽрбиелеу  мақсаттарын  жүзеге  асыру 

қызметтерін атқарады[3].  

Ҿсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  тынығу  уақытындағы  ҽрекеттері 

тҿмендегідей белгілі бір ұстанымдарға негізделуі қажет:  

1. Жалпылық жҽне қолжетімділік ұстанымы, яғни балалардың тынығу 

уақытындағы  қызығушылықтары,  шығармашылық  мүмкіндігін  анықтау 

жҽне дамыту мақсатында тынығу уақытын ұйымдастыру мекемелерінің іс-

ҽрекеттер аймағына барлық жасҿспірімдер мен балалардың қатыстырылуы 

мен араласуына мүмкіндік болу.  

2.  Ҿзіндік  ҽрекет  ұстанымы  -  ҽуесқойлық  бірлестіктерден  бастап 

кҿпшілік  мерекелерге  дейін  балалар  тынығу  уақытының  барлық 

деңгейінде жүзеге асырылады.  

3.  Жекелік  тұғыр  ұстанымы  –  балалар  мен  жасҿспірімдердің  тынығу 

уақытын  ұйымдастыруда  олардың  қызығушылықтары  мен  талап-

тілектерін, 

бейімділіктерін, 

қабілеттерін, 

мүмкіндіктерін, 

психофизиологиялық  ерекшеліктері  мен  ҽлеуметтік  ортасын  ескеруді 

кҿздейді.  

4.  Мақсатқа  бағыттылық  жҽне  жүйелілік  ұстанымы  –  балалар  мен 

жасҿспірімдердің  тынығу  уақытын  қамтамасыз  етуге  міндетті  барлық 

ҽлеуметтік  институттардың  жұмысындағы  үздіксіздік  пен  ҿзара 

бағыныштылық  үйлесімділігінің  жоспарлылық  жҽне  бірізділік  негізінде 

тынығу уақытының ҽрекеттерін жүзеге асыруды кҿздейді.  

Индивидтің  шығармашылық  күшінің  молдығы  қоғамдық  ортадағы 

жан-жақты жҽне толық кҿрсетілуіне байланысты болғандықтан балаларды 

қоғамдық  маңызды  жұмыстарға  бағыттап  отыру  ҿте  маңызды  болып 

табылады.  

5.  Сабақтастық  ұстанымы  –  мҽдени  ҿзара  ҽрекеттестік  жҽне 

ұрпақтардың ҿзара ҽсер етуін кҿздейді. Ата-аналар жҽне басқа да ересектер 

балаларға  ҽлеуметтік  білім  мен  тҽжірибе  беріп,  оларға  тынығу  уақытын 

дұрыс ұйымдастыруға кҿмектесуі қажет.  


500 

 

Сондай-ақ,  сабақтастық  ұстанымы  –  бір  жастық  қауымдастықтан 



екіншісіне, 

бір 


ҽлеуметтік 

тҽрбиелеу 

мекемесіне 

екіншісіне 

ауыстырылғандағы ережелер мен салттарды сақтауды білдіреді.  

6.  Ынта-ықыластылық  жҽне  қызықтылық  ұстанымы  -    тынығу 

уақытын ойындар мен театрландыру негізінде ұйымдастыру арқылы еркін 

эмоционалды  қатынас  құруға  негізделеді.  Балалардың  бос  уақыты  ҽсерлі 

безендіріліп,  ҽртүрлі  белгілермен  толықтырылуы  шарт.  Бағытталған 

қызығушылық  жағымды  психологиялық  жағдай  тудырып,  жасұрпақтың 

ҽлеуметтену үдерісін едҽуір тиімді етеді.  

Балалардың  тынығу  уақытын  ұйымдастыру  ұстанымдарының 

тҽжірибеде  жүзеге  асырылуы  баланың  жан-жақты  дамуына,  девиантты 

мінез-құлықтың алдын алуға ҿз деңгейінде оң ҽсерін тигізеді.  

Тынығу  уақыты  аумағында  жұмсалған  күшті  қайта  қалпына  келтіру 

мен  қайта  жаңғырту  жүзеге  асырылады  жҽне  үлкен  физиологиялық, 

психологиялық  жҽне  интеллектуалдық  күшті  жұмсауды  талап  етеді.  Ал 

бұл  жүзеге  асуы  үшін  бастауыш  сынып  жасындағы  балалар  кҿптеген 

ҽртүрлі тынығу жұмыстарынан рахат табуы тиіс. Сондықтан, бұл жастағы 

балалардың  тынығуы  кҿбіне  ойын  ҽрекеті  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Балалар  ойынында  балалардың  ҽртүрлі  ҽлеуметтік  міндеттерді  басым 

күшпен  меңгеруі  арқылы  олардың  шығармашылық  қабілеттері  кҿрінеді. 

Эмоционалды  қабылдау  мен  уайым-күйзелістер  механизмі  арқылы 

бастауыш сынып жасындағы балалар алдағы бүкіл ҿмірінде із қалдыратын, 

санасы  мен  мінез-құлқында  бекітілетін  шығармашылық  ҽрекеттің 

элементтерін белсенді меңгереді[4]. 

Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  театрландыруға  қабілеттілігі 

олардың  ерекше  қасиеттерінің  біріне  жатады.  Кҿркемдік  бейнелер 

эмоционалды  сфера  арқылы  ҽсер  ете  отырып,  балаларды  уайымдауға, 

қайғыру  мен  қуануға  мҽжбүр  етеді.  Сондай-ақ  жоғары  мақсаттарын 

қалыптастырып, құндылық бағдарлар жүйесін жасауға ҿз септігін тигізеді.  

Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  тынығу  уақыты  олардың 

танымдық  ҽрекетіне  ерекше  ҽсер  етеді.  Тынығу  уақытында  балалар  кітап 

оқиды,  кинофильмдер,  телебағдарламалар  жҽне  қойылымдар  кҿреді. 

Тынығу ҽрекеттері арқылы ҽртүрлі аумақтағы білімдермен танысу жүзеге 

асырылады, 

мысалы: 

кҿркемдік 

ой-ҿрісі 

кеңейеді; 

техникалық 

шығармашылық  үдерісі  ұғынылады;  спорт  жҽне  т.б.  тарихымен  танысу 

жүзеге асады; ҿзінің тынығу  уақытын дұрыс ҿткізуге дағдыланып, ҽртүрлі 

тынығу ҽрекеті түрлерін меңгереді;  

Жоғарыда  аталып  ҿтілген  мҽліметтер  негізінде  бастауыш  сынып 

жасындағы  балалардың  тынығу  уақытының  негізгі  сипаттамаларын  атап 

ҿтуге болады:  

-  тынығу  уақыты  анық  байқалатын  физиологиялық,  психологиялық 

жҽне ҽлеуметтік аспектілерге ие;  

-  тынығу  уақыты  қызмет  түрі  мен  белсенділік  дҽрежесін  таңдауда 

еріктілікке, еркінділікке негізделеді;  


501 

 

-  тынығу  уақыты  регламенттелмеген,  еркін  шығармашылық  ҽрекетіне 



бағытталады;  

- тынығу уақыты баланың тұлғалық қалыптасуына жағдай жасайды;  

-  тынығу  уақыты  ерікті  таңдалған  ҽрекет  түрі  арқылы  тұлғаның  ҿзін-

ҿзі дамытуы мен ҿзін-ҿзі танытуына жағдай жасайды;  

-  тынығу  уақыты  балалардың  еркіндігі  мен  тҽуелсіздігіндегі 

қажеттіліктерін қалыптастырады;  

-  тынығу  уақыты  табиғи  дарындылығын  ашуға  жҽне  ҿмірге  қажетті 

ептілік, дағдыларды меңгеруге жағдай жасайды;  

-  тынығу  уақыты  балалардың  шығармашылық    ынта-ықыласын 

дамытуға жағдай жасайды;  

-  тынығу  уақыты  тұлға  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  аймағына 

жатады;  

-  тынығу  уақыты  тұлғаның  құндылық  бағдарларын  қалыптастыруға 

жағдай жасайды;  

-  тынығу  уақыты  балалардың  ҿзін-ҿзі  шынайы  бағалауына  жағдай 

жасайды;  

- тынығу уақыты жағымды «Мен тұжырымдамасын» қалыптастырады;  

- тынығу уақыты қанағаттануды, қуанышты кҿңіл-күйді жҽне жекелік 

сүйіспеншілікті қамтамасыз етеді;  

- тынығу уақыты тұлғаның ҿзін-ҿзі тҽрбиелеуін қамтамасыз етеді;  

-  тынығу  уақыты  тұлғаның  ҽлеуметтік  маңызды  қажеттіліктері  мен 

қоғамдағы мінез-құлық ережелерін қалыптастырады;  

- тынығу уақыты толық демалумен белгіленетін белсенділікке жатады;  

Қорытындылай  келе,  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  тынығу 

уақытының 

мҽні 


еркін 

таңдалған 

жұмыс 

түріндегі 



олардың 

шығармашылық  ҽрекеті,  басым  болған  қызығушылықтары  мен 

қажеттіліктеріне  сҽйкес  педагог  мамандардың,  ересектердің  бағыттап 

отыруында болып табылады деп атап ҿтуге болады.  

 

Резюме 


 

 

Особенности организации досуга детей младшего школьного возраста. 



 В  статье  рассмотрены  сущность,  важность  организации  и  особенности  досуга  детей 

младшего  школьного  возраста  .  Изучены  принципы  организации  и  характеристики 

досуга детей младшего школьного возраста. 

 

 Summary 



 

 

Features  of organization  the leisure time of children  primary school age. 



In the article considered the essence, importance of organization and features of leisure time 

of children primary school age . Studied the principles of organization and characteristics of 

leisure time of children primary school age. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

502 

 

1.  Воловик  А.Ф.,  Воловик  В.А.«Педагогика  досуга»  -М.  издательство 



«Флинта» 1998  

2. Еремин В.А. Улица-подросток- воспитатель. М., 1991г. 

3. Ариарский М.А. Досуговедение в системе человекознания.  – Л.; ЛГИК, 

1990. 


4.  Культурно-досуговая  деятельность:  Учебник  /Под  ред.  А.Д.Жаркова  и 

В.М.Чижикова. – М.: МГУКИ, 1998. 



 

ӘӚЖ: 821.512.122   

 

                                                                                  



«Сыңсу мен қыз мҧңы» ән-жырларының синкретизмі, жанрлық 

ерекшеліктері 

 

Тилеубаева А.А. 

«Сырдария» университеті, ғылым магистрі 

 

Сыңсу  отбасы  ғұрыптық  фольклордың  ішінде  үйлену  салтымен 

байланысты  ҿлеңдерге  жатады.  «Отбасы  ғұрпының  фольклоры»  деген 

терминді  ең  алғаш  рет  ұсынған  Б.Абылқасымов  еді.    Ал  «ғұрып»  сҿзін 

орыстардың  «обряд»  атауы  мағынасында  ең  алғаш  қолданған 

А.Байтұрсынов  болатын.  Адам  ҿмірінің  негізгі  үш  кезеңі  ретінде 

саналатын  туу,  үйлену,  дүниеден  ҿту  рҽсімдерімен  байланысты 

орындалатын отбасы ғұрыптық фольклор түрлерінің туыстығы қолданылу 

аясына  байланысты  емес,  мазмұндық-кҿркемдік  қырларынан  да  кҿрініп 

отырады. Жанрдың жүйеленуі мен зерттелуінің алғашқы кезеңінен бастап, 

бертінге  дейін  «сыңсу»  терминімен  бірге  «қыздың  қоштасуы»,  «қоштасу-

танысу»,  «кҿрісу»,  «жұбату»  сияқты  атаулар  кейде  қосақталып  айтылып, 

кейде оның орнына қолданылып келді. Оның ҿзіндік себептері де бар. Бұл 

туралы  К.  Іслҽмжанұлы  былай  дейді:  «Қыз  ата-анасының  үйінен  бастап, 

бүкіл туған туыстарын аралап қоштасады, туысқандарын құшақтап, кҿрісіп 

жырлап сыңсиды, ҿз кезегінде туыстары қызды ҿлеңмен жұбатады. Оның 

«қоштасу»,  «танысу»,  «кҿрісу»,  «жұбату»,  «сыңсу»  деп  ҽр  түрлі  аталуы 

сондықтан [1].  

Дегенмен,  ғылыми  еңбектердің  кҿпшілігінде  соңғы  кезеңде  сыңсу 

атауы тұрақты қолданылып келеді жҽне терминдік мағынасы айқындалып 

орнығып  қалғандай.  Оның  үстіне  ол  рет-ретімен  орындалатын  (үй-үйді 

аралап-танысу,  ҽркіммен  құшақтасып  кҿрісу,  қоштасу,  жұбату  айту,  т.б.) 

кҿп  құрамды,  күрделі  ғұрыптық  рҽсім.  Тіпті,  қыз  ата-ана,  туған-туыс, 

жұрағатымен  ғана  емес,  босағамен,  маңдайшамен,  тақиясымен  де 

қоштасады.  Бірақ  оның  барлығын  жеке-жеке  жанрлық  түр  ретінде 

жіктеудің  реті  жоқ.  «Сыңсу»  сҿзі  осының  барлығын  қамтитын  ауқымды 

терминдік  мағынаға  ие.  Сондықтан  оны  ілгергі  еңбектерде  баламасыз 

қолданып, орнықтырған дұрыс[2].  

 

Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарап  ҿседі деп білген қазақ халқы: 



«қызым  жақсы  болсын  десең  –  қылықтылармен  ауыл  бол»  дейтін  халық 

даналығын  берік  ұстанып,  қыз  балаларды  ес  біліп,  етек  жаба  бастаған 



503 

 

кезде-ақ  ҿнерлі,  текті,  тҽрбиелі,  адамгершілігі  жоғары  кісілермен  барыс-



келіс,  жасап, олармен  кҿрші отыруға,  бірге жүруге  құлшынған,  ҽрі ресми 

тҽрбие жүргізе бастаған.  

 

Мұнда,  білікті  аналар  сҽби  қыздарын  бір  тізерлеп  отыру,  қалай 



болса,  солай  отырып;  үнемі  «сіз,  біз»  деп  сҿйлеу,  тасыр  мінез,  кеселді 

сҿзден  аулақ  болу;  кісі  бетіне,  ҽсіресе  ер  адамдардың  бетіне  қылымсып 

немесе  тіке  қарамау  тамақты  ауыз  толтыра  асап,  былшылдатып, 

шалпылдатып  шайнамау;  ыдыс-аяқты  жуғанда,  жиғанда  сылдырлатпау; 

үлкен  адамдар  келгенде  тұрып  жол  беру,  аман-сҽлем  жасау,  ата-ана  мен 

үлкен  кісілер  арасында  отырғанда  білермендік  істемеу,  сҿзге 

қыстырылмау,  «шеше  тұрып,  қыз  сҿйлегеннен  без»  дейтін  халық 

даналығын есте берік сақтау; кҿпшілік ортасында жыртақтап күлмеу, арын 

таза сақтау, ата-анадан рұқсатсыз жҿнсіз қыдырмау сияқты істерден егжей-

тегжейлі тҽрбие жүргізеді[3].  

 

Қазақ салтында жігіттердің қалыңдық таңдағаны сияқты, қыздардың 



да  жар  таңдау,  ҿзі  сүйген  жігітімен  үйлену  еркіндігі  болған.  Мұнда  «қыз 

кӛрелік,  қыз  кӛрелік,  қыз  кӛретін  жігітті  біз  кӛрелік»  дегендей  қыз 

іздеген  атпал  азаматтар  мен  ер  жігіттерге  де  қыздар  жағынан  берілетін 

сын-сипат, баға аз болмаған. Мысалы, «ұлға – отыз жерден тыйым, мың 

сан  үйден  сын»  дейді.  Міне,  бұл  дҽстүрлі  тҽрбие  де  «жігіт  сыны»  деп 

аталған.  

 

Жігіт  сыны  ақылды  да  алғыр,  сезгір  де  сергек  қазақ  қыздары  



жігіттерге  ақыл-білімі,  адамгершілігі,  мақсат-мұраты,  арман-тілегі,  іс-

қимылы, кескін-келбеті сияқты толып жатқан бҿгенайларына қарап ҽртүрлі 

сын  тағып,  ҽртүрлі  бағаларын  беріп  отырған.  Мысалы,  қыздардың 

жігіттерге  қоятын  кескін-келбет  сыны:  еңсегей  бойлы,  ӛткір  кӛзді,  қыр 



мұрынды,  қияқ  мұртты,  кең  иықты,  апай  тӛсті,  ӛткір  тісті,  жуан 

білекті,  қапсағай  денелі,  бура  санды,  кең  жауырынды,  от  ауызды,  орақ 

тілді,  темірдей  саусақты,  жау  жүректі,  сергек  ойлы,  ширақ  қимылды, 

арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты,  сұңқардай  ӛр,  кӛк 

бӛрідей  қайсар,  қырандай  алғыр,  қабыландай  сұсты,  сауысқандай  сақ, 

іскер де ісшең болу керек деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, мұндай қасиеті 

бар жігіттерді: «жігіттің сұңқары», «жігіттің сұлтаны», «жігіттің қыраны», 

«жігіттің  арыстаны»,  «жігіттің  қабыланы»,  «жігіттің  тҿресі»,  «жігіттің 

жамбозы» деп мақтайды. 

«Жинақтап  айтар  болсақ,  сыңсу  –  қыздың  ҿз  ауылынан  аттанар 

қарсаңында  туған  ҽке-шешесімен,  туысқандарымен,  балалық  шақпен,  ел, 

жерімен  қоштасу  кезінде  айтылатын үйлену  ғұрып  жырларының  бір  түрі. 

Оның  композициялық  құрылымы  қыздың  жастық  дҽуреніне,  елі  мен 

жеріне,  туысқандарына  арналған  қоштасуынан,  қыз  туыстарының  қызды 

жұбатуынан жҽне оған арнап айтқан үгіт-насихатынан құралады. Мазмұны 

–  қыздың  жастық  дҽуренін,  елін,  жерін,  туған-туысқандарын,  құрбы-

құрдастарын, балалық бал дҽурен шағын қимай, зарлана қоштасу мен оған 

айтылған жұбатудан тұрады»  – дейді К.Іслҽмжанұлы. Сыңсудың пішініне 


504 

 

тоқталар  болсақ,  ол  кҿбіне  қара  ҿлең  үлгісінде  келеді.  Жұбатуларда  7-8 



буынды жыр үлгісімен келетін тұстар да бар. 

Сыңсудың  ҿзі  іштей  екі  түрлі  сипатта  болады.  Оның  бірі  нақты 

тұлғаға, яғни ҽке-шешеге, ағайын-туысқа, құрбы құрдасқа бағытталса, енді 

бірі абстракті ұғымдарға, жансыз заттарға бағытталады. Мҽселен, жастық 

шаққа, ел, жерге, тақиясына т.б. Мұндайда қыз ҿз-ҿзімен сырласқандай, ҿз 

мұңын  ҿзіне  шаққандай  кейіпте  кҿрінеді.  Сондықтан  да  Қ.Саттаров  «қыз 

мұңы» терминін сыңсудан бҿлек қолданған болуы керек деп ойлаймыз. Біз 

де осы терминді орнықтырған дұрыс деп есептейміз. 

Тарихи-этнографиялық  деректерге  қарағанда  дүние  жүзіндегі 

халықтардың  қай-қайсысының  да  болса,  құдалыққа  келуден  бастап,  келін 

түскенге  дейінгі  аралықта  жасалатын  ҿзінше  кҿп  жора-жосыны  болады. 

Түркі-моңғол  халықтарының  қыз  беріп,  келін  түсіру  ғұрпының  ҿзара 

жақындығын  айтпағанның  ҿзінде,  орыс,  украин  сияқты  славяндықтардың 

құда  түсу  салтында  да  біраз  ұқсастықтар  бар.  Мысалы,  А.Н.Веселовский 

ҿзінің  «Три  главы  из  исторической  поэтики»  деген  еңбегінде  орыс 

халқының құда түсу салтын былай баяндайды. «Русский свадебный обиход 

открывается  сватовством,  обставленным  символическими  обрядами  и 

традиционными  разговорами  сватов  с  родителями  невесты.  Разговор 

ведется  исключительно  в  форме  загадок...  Сваты  являются  под  вечер,  в 

виде  странников  или  охотников,  просят  пустить  их  обогреться,  уверяют, 

что их князь охотился на зверя и сам видел, как одна коница или лисица 

скрылась во дворе именно этого дома». Сҿйтіп қырғыз, қарақалпақ, ҿзбек, 

татар  жұрты  секілді  орыстар  да  құдалықты  жаушы  жіберуден  бастайды 

екен.  Қазақтың  «сізде  лашын  бар  екен,  бізде  сұңқар  бар  екен»  дегені 

сияқты сҿзді астарлап, жұмбақтап айту славян елдерінің ескі салтында жиі 

қолданылып  келген.  Мұндай  қалың  мал  алып,  құда  түсу  ғұрпы  рулық-

патриархалдық  заң  жосынын  бастарынан  кешірген  дүние  жүзінің  кҿп 

елдерінде бар.  Соның  ішінде  Конго,  Чад,  Судан,  Нигерия,  Убанга  секілді 

африкалық елдерде де қыз баланы екі-үш жасынан айттырып қойып, жыл 

сайын қалың малын ҿтеп тұру ҽдеті ҽлі күнге дейін сақталған[4].  

Қазақ  секілді  қырғыз,  қарақалпақ,  татар,  башқұрт,  алтай 

халықтарының үйлену тойларында да толып жатқан ырым-жырымдар аса 

кҿп  болған.  Айталық,  қазақ  дҽстүрінде қалыңдық  ойнамақ  деген  бар.  Бұл 

дҽстүр  бойынша  күйеу  жігіт  қасына  ерген  қосшылармен  қыз  ауылына 

келеді.  Қазақта  мұны  ұрын  бару,    «ұрын  тойы»  дейді.  Ал  қырғызда  «үй 

жаны  қылған»  немесе  «ишикашты»  дейді.  Кҿптеген  түркі-моңғол 

халықтарының  қыз  ұзату  тойы  қызқашар  ойынымен  аяқталады.  Мұндай 

ойынның  тҽртібі  бойынша  қыз  ҿз  ауылының,  немесе  кҿрші  ауылдардың 

бірінің  үйіне  тығылады.  Күйеу  жігіт  қыз  табылған  үйдің  иесіне  ат 

мінгізеді,  шапан  жабады.  Бұдан  соң  үй  иесі  мал  сойып,  қыз-келіншек, 

бозбалаларды  жинап,  ойын-сауық  құрады.  Ойын  аяқтала  бергенде  күйеу 

жігіт  жағы  жиналып  келіп,  құрбы-құрдастарының  ортасында  отырған 

қалыңдықты  тартып  ҽкетпек  болады.  Оған  қалыңдықтың  құрбылары 

қарсылық қылады. Ақыры жігіттер жағы жеңіп, қалыңдықты кілем үстіне 



505 

 

отырғызып алып кетеді. Мұндай қызқашар ойыны дүние жүзінің кҿптеген 



елдерінде  болған.  Академик  А.Н.  Веселовский:  «Вечером,  после 

свадебного  пира,  молодой  хватает  новобрачную  в  охапку  и  выносит  из 

дому,  та  вырывается  и  бежит:  девушки  ее  защищают;  жених  и  поезжане 

снова овладевают ею и увозят в дом жениха. В ритуале народной свадьбы 

на  синайском  полуострове  невеста  бежит,  прячется  от  жениха,  которому 

приходится  искать  ее...  Такие  песни  существуют  в  пересказах 

малорусских,  венецианских,  сицильянских,  новогреческих,  русских;  они 

ходят отдельно, кое-где поются в связи со свадебным ритуалом», – дейді. 

Ал үйлену тойы үстінде айтылатын салт ҿлеңдеріне келсек, мұның да 

ҽр  халыққа  тҽн  ҿзіндік  ҿзгешеліктері  бар.  Мысалы,  татар  жұртында 

құдаларды  мақтап,  кҿңілдерін  кҿтеретін  ҿлеңдер  кҿп  тараған,  ал  қазақ 

арасында  бұл  ҿлең  түрі  тіпті  аз  ұшырасады.  Сондай-ақ  жар-жарды  бізде 

екіге  бҿлініп,  бір  жағы  қыз-келіншектер  тобы,  екіншісі  –  жігіттер  тобы 

болып айтысса, ҿзбектерде мұны бҽрі қосылып бірақ айтады.  

Ҽрине,  үйлену  тойы  жҽне  сол  той  кезінде  айтылатын  ҿлең-жыр, 

орындалатын жол-жора, ҽдет-ғұрыптар дүние жүзіндегі елдердің, үлкенді-

кішілі  халықтардың  бҽрінде  де  бар.  Бірақ  ҽр  халық,  ҽр  ұлт  мұны  ҿзінше 

ҿткізеді. Ҿзінің талай мыңдаған жылдарды кҿктеп ҿткен ата дҽстүрін, ой-

сана, салтын сақтайды. 

Алайда,  осындай  айырым-ҿзгешеліктеріне  қарамастан  бірталай 

елдердің үйлену тойынан, жора-жосынынан ұқсастық, ортақтастық табыла 

береді.  Мұны  орыс,  украин,  белорус  секілді  славян  халықтарының  құда 

түсіріп,  қыз  ұзату,  үйлену  тойларынан  да,  сондай-ақ  Балтық 

жағалауындағы елдердің үйлену салтынан да кезіктіруге болады. Мысалы, 

литвалықтардың үйлену тойында айтылатын ҿлеңдердің 34 түрі бар. Бұлар 

мына  тҽрізді  жол-жора,  кҿп  кҽделердің  тұсында  орындалады.  Олар: 

таныстық, құдалық, күйеуді қарсы алу, орындық ақы, қалыңдықты жұбату, 

неке  қияр,  қоштасу,  жасау  беру,  келін  келді,  таң  атты,  т.б.  Міне,  осы 

аталған  кҽделердің  бҽрі  болмаса  да,  соның  біразы  қазақ  пен  қырғыздың, 

қарақалпақ  пен  алтайдың,  татар  мен  башқұрттың,  ҿзбек  пен  түркіменнің 

үйлену  тойынан  да  табылады.  Демек,  бұл  литвалықтар  мен  түркі 

халықтарының  үйлену  салт  ҿлеңдерінің  тақырып,  мазмұнында  да  ҿзара 

ұқсас ортақ сарындар бар деген сҿз. 

Сыңсудың  орыс,  башқұрт,  поляк,  чех  жҽне  болгар  халқындағы 

кҿрінісі  туралы  Д.М.  Медриштің,  Ю.М.Соколовтың,  В.П.Аникиннің 

айтқан  пікірлеріне  сүйене  отырып,  қазақ  сыңсуымен  салыстырдық. 

Нҽтижесінде, атауы ҿзгеше аталғанмен мағынасы ұқсас екені анықталды. 

«Сыңсу  мен  қыз  мұңы»  ҽдет-ғұрып,  салт-дҽстүрмен  бірге  кешен 

құрайды.  Осыған  байланысты,  бұл  жанр  тарихи-этнографиялық  тұрғыда 

кҿбірек қарастырылып келді. Бұл жанр халықтың этнографиясымен, нақты 

бір  ҽдет-ғұрыпты  атқару  міндетімен  тығыз  байланысты  болуымен  қатар, 

ҿзіндік  эстетикалық  ҽсерінің  күштілігімен  де  ерекшеленеді.  Оның 

эстетикалық  қуаты  ҽркімді  де  қызықтырар  ұзату  тойының  ғұрыптық 

жүйесімен  байланыстылығында  ғана  емес,  ҿзге  ҿнер  түрлерімен,  сҽн 



506 

 

үлгілерімен  (декорация),  музыкамен,  актерлік  шеберлікпен  тұтастықта 



орындалуында  да.  Осы  кҿпқырлы  ҿнердің  ішінде  сҿз  ҿнерінің  орны 

ерекше. Тақырыптың айқындығы, айтар ойдың дҽлдігі, мҽтіндік кҿлемнің 

шағындығы,  композицияның  шымырлығы,  образдар  жүйесінің  ұлттық 

бояуға қанықтығы, тілдік құралдардың шеберлігі эстетикалық ҽсерді одан 

ҽрі күшейтеді 

Қорыта  айтқанда,  сыңсу  мен  қыз  мұңы  –  айшықтау  мен  ажарлауға, 

құбылту түрлеріне аса бай, бірақ кҿркемдік мақсатқа емес, ғұрыпқа тҽуелді 

қолданбалы жанр. Олардың поэтикасында дҽстүрлілік басым. Бұл, ҽсіресе, 

тұрақты  формулалар  мен  қайталаулардың  молдығынан  кҿрінеді.  Бұл 

қайталаулардың  атқаратын  қызметі  кҿпқырлы.  Сыңсу  мен  қыз  мұңы 

табиғатының  күрделілігі  де  осыдан  келіп  шығады.  Сондықтан  аталмыш 

жанрдың зерттелетін мҽселелері ҽлі де кҿп демекпіз[5]. 

 

Резюме 


 

«Девичий  плач»  исполняется  по  традиции.  В  нем  отражаются  внутренние 

переживания  невесты.  В  его  составе  много  драматических  характеров  присущих 

системе красочлости. 

 

Summary 


 

«Sinsu and kiz muni» carried out to tradition. It complexes dramatic characters. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер  




1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал