Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-тарау. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет208/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

18-тарау. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар
446-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
1. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, өзгедей әдейi орындамауы, -
жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекет, -
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топпен, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекеттер, -
бес жылдан он бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда - он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он бес жылдан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
6. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау, -
бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасалған әрекет, -
үш жылдан он жылға дейнгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет