Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу



бет17/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

113-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес өнімге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеуді және орындауды, өнімге, процестерге және қызметтер көрсетуге, сәйкестікті бағалауға және мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдануды білдіреді.


Ескерту. 113-бап жаңа редакцияда– ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



114-бап. Техникалық реттеу объектілері

Техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:


азаматтық авиация өнімін, мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе заңға сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын пайдалануда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы) қоспағанда, өнім;


өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері;


ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және реттелуі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ерікті сертификаттау бөлігіндегі көрсетілетін қызметтер.


Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда– ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

115-бап. Техникалық реттеу субъектілері



Мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін жеке және заңды тұлғалар және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.


Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ


116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды.


2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.


3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:


1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;


2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;


3) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;


4) мемлекеттік бағалық реттеу енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);


5) трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын, халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;


6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге;


6-1) дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітуге;


7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;


8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;


9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;


10) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге;


11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітуге;


12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;


13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге;


14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді.


Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу



1. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.


Бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шектерде ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн, бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.


Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары деп танылады.


2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болады.


3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган сауда қызметі субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.


Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру



1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.


Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

119-баптың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 9-тармағынан қараңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет