Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



бет52/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
232-1-бап. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодекстің 93-бабында көзделген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларынан және осы Кодекстің 232-бабында көзделген шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, мынадай түрде жүзеге асырылады:


1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету;


2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық жеңілдіктер беру;


3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) ақы төлеуге субсидиялау беру шеңберінде);


4) мемлекеттік мүлікті "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға) беру;


5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсету;


6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу мәселелері бойынша).


Осы Кодекстің мақсаттары үшін акселерациялық бағдарламалар деп оқыту және сараптамалық қолдау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қарқынды дамыту және ілгерілету бағдарламалары түсініледі;


7) өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік әріптестерді іздестіруге жәрдемдесу (оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы);


8) кәсіптік білім беру мен қосымша білім беруді ұйымдастыру;


9) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.


Ескерту. 232-1-баппен толықтырылды – ҚР 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

233-бап. Бизнес-инкубаторлар



1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар беру, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету арқылы оларға қолдау көрсету үшiн құрылатын заңды тұлға бизнес-инкубатор болып табылады.


2. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.


Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:


1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;


2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету;


3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау болып табылады.


Ескерту. 233-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

234-бап. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектiлерiн мүліктік қолдау



1. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi және қызметтер көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.


Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалдау немесе сенiмгерлiк басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелік етуге уәкiлеттiк берілген тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.


2. Сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне, олар көзделген шарттарды орындаған жағдайда, шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен өтеусiз берілуі мүмкін.

23-тарау. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет