Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН



бет53/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
235-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау

1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау:


1) агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;


2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;


3) ауыл шаруашылығы өнiмiн кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;


4) агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық жарақтандыру;


5) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;


6) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми, нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ол үшiн кадрлар даярлау;


7) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру;


8) негiзгi өндiрiстiк құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркiн, технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығының мал басын жаңартуға арналған жағдайларды ұстап тұратын қаржылық құралдарды қолдану;


9) ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;


10) өнiм экспортын қолдау;


11) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық бiлiмдi тарату;


12) мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын ұсыну арқылы жүргізіледі.


2. Ауыл шаруашылығы қызметiн және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.


3. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмдерi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

236-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру

1. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.


2. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:


1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;


2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;


3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;


4) ауылдық жердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;


5) aуыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;


6) жасанды түрде балық өсiру және балық өнiмiн қайта өңдеу;


7) ауыл халқына микрокредит берудi ұйымдастыру.

237-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау

1. Агроөнеркәсiптiк кешенді субсидиялау мынадай:


1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;


2) өндiрiлетін өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.


2. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

238-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

1. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырады.


2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.


3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Ескерту. 238-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

239-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық қамтамасыз ету



1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:


1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;


2) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтар, журналдар, тақырыптық басылымдар басып шығару;


3) қазiргi заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;


4) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;


5) оқыту семинарларын ұйымдастыру;


6) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;


7) аграрлық ғылымды дамыту және ғылыми әзірлемелерді өндіріске тарату арқылы жүзеге асырылады.


2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде ұсынуына жататын ақпарат пен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.

240-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды мемлекеттік қолдау

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды мемлекеттік қолдау "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Ескерту. 240-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

241-бап. Шаруа немесе фермер қожалықтарын мемлекеттiк қолдау



1. Мемлекет отандық шаруа нарығын немесе фермерлік нарықты дамытуға және қорғауға жәрдемдеседі.


2. Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл iшiндегi активтерiнiң жалпы құны алпыс мың еселенген есептiк көрсеткiштен аспайтын шаруа немесе фермер қожалықтары:


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 14-тармағынан қараңыз.




1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және кәріз бойынша қосылатын қуат үшiн ақы төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда босатылады;


2) мемлекет қатысатын екiншi деңгейдегi банктерде ақы төлемей шоттар ашады;


3) оңайлатылған тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргізедi және қаржылық есептілікті жасайды;


4) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


5) шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қаржылық қолдау шеңберiнде мемлекеттiк бюджеттегі тиiстi жылға арналған қаражат шегінде жеңiлдiктi шарттарда ақпараттық көрсетілетін қызметтер (құралдар), сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды алады;

6) шағын кәсiпкерлiктi қолдау үшiн көзделген қаражат есебiнен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүргiзедi.


3. Шаруа немесе фермер қожалықтары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексi) сәйкес жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң оңайлатылған не жалпыға белгiленген тәртiбiн қолдануға құқылы.


4. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимiн пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына осы Кодексте көзделген тәртiппен және шарттарда инвестициялық преференциялар берiлуi мүмкiн.


Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-1-тарау. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау



Ескерту. 23-1-тараумен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет