Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Сенім білдірілген адам



бет48/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
210-1-бап. Сенім білдірілген адам

1. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелердің орындалуына сараптамалық бағалау жүргізу үшін нарық субъектісі осы баптың талаптарына сәйкес айқындалатын сенім білдірілген адамды тартуға құқылы.


2. Экономикалық шоғырланудың нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар адам сенім білдірілген адам болып табылады.


3. Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасында монополияға қарсы орган бекітетін үлгілік нысан бойынша шарт жасалады.


Сенім білдірілген адам монополияға қарсы органды шарт жасалғаны туралы ол күшіне енген күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.


4. Сенім білдірілген адам экономикалық шоғырлануға қатысушыларға қатысты тәуелсіз болуға тиіс.


Мынадай:


1) экономикалық шоғырлануға қатысушы болып табылатын не экономикалық шоғырлануға қатысушымен бір тұлғалар тобына кіретін;


2) экономикалық шоғырлануға қатысушының бәсекелесі болып табылатын және (немесе) осындай тұлғамен бір тұлғалар тобына кіретін не экономикалық шоғырлануға қатысушының бәсекелесі болып табылатын тұлғамен бір тұлғалар тобына кіретін адам сенім білдірілген адам ретінде тартыла алмайды.


5. Сенім білдірілген адам нарық субъектісінің экономикалық, мінез-құлықтық, ұйымдастырушылық, құрылымдық және өзге де, оның ішінде мыналарға:


1) нарық субъектісінің бөлінуіне немесе оның құрамынан заңды тұлғаның бөлініп шығуына;


2) нарық субъектісінің мүлікті, мүліктік және өзге де құқықтарды үшінші тұлғаларға өткізуіне, беруіне;


3) мүдделер қақтығысын болғызбау үшін тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерін немесе нарық субъектісінің құрылымдық бөлімшелерін басқару функцияларын бөлуге;


4) тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге, инвестицияларды бағыттауға, тауар нарығындағы мінез-құлықтың әлеуметтік, экономикалық және өзге де шарттарын орындауға;


5) нарық субъектісінің тауарларына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;


6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға қатысты талаптар мен міндеттемелерді орындауына сараптамалық баға береді.


6. Сенім білдірілген адам монополияға қарсы органға нарық субъектісінің экономикалық шоғырлануға келісім беруі туралы монополияға қарсы органның шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелерді орындауы туралы сараптамалық қорытынды жібереді.


7. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы жазбаша міндеттеме берілген жағдайда, сенім білдірілген адамның құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, тиісті нарық субъектісінің сенім білдірілген адамның өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге), электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қол жеткізуіне құқығы бар.


8. Сенім білдірілген адам өзінің арнайы білімінің шегінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ өзіне ұсынылған материалдар мен мәліметтер сараптамалық қорытынды ұсыну үшін жеткіліксіз болған жағдайда, сараптамалық қорытынды ұсынудан бас тартуға құқылы.


9. Көрінеу жалған сараптамалық қорытынды ұсынғаны үшін сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.


10. Монополияға қарсы орган сенім білдірілген адамдардың тізілімін монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.


Сенім білдірілген адамдардың тізіліміне кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері ұсынатын кандидаттар енгізіледі.


11. Сенім білдірілген адамның көрсететін қызметтеріне шартқа сәйкес нарық субъектісінің қаражаты есебінен ақы төленеді.


Ескерту. 210-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

211-бап. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртібі



Ескерту. 211-бап алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет