Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны



бет54/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
241-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны

1. Инновациялық қызмет деп инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда) түсініледі.


Инновациялық қызмет инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекелдің болуы мүмкіндігін білдіреді.


2. Инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені инновациялық жоба болып табылады.


3. Бәсекеге қабілеттілікті және алдыңғы өнімдерге немесе процестерге қарағанда салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін, әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) немесе пайдалануға берілген процесс түріндегі инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі инновация болып табылады.


4. Инновациялық жобаларды іске асыратын жеке, заңды тұлғалар, жай серіктестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.


5. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, процестер мен технологиялар жаңа немесе жетілдірілген деп есептелуі мүмкін болатындай, оларда жүзеге асырылуы мүмкін жаңалықтардың барлық түрлері инновациялық қызметтің объектісі болып табылады.

241-2-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты, міндеттері мен негіздері

1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті), технологияны немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісін қолданысқа енгізу, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.


2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау міндеттері мыналар болып табылады:


1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және ұстап қалу әрі ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;


2) жоғары технологиялық салаларды дамыту, экономиканың технологиялық күрделілігін арттыру, экономика мен қоғамның инновацияларды қабылдау қабілетін арттыру есебінен ұлттық экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғырту және оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;


3) инновациялық қызметті қолдау, инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновацияларды дамыту және технологиялар трансферті;


4) стартап-инфрақұрылымы мен венчурлік инвестициялау мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;


5) инновацияларға деген сұранысты ынталандыру;


6) инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда, ғылымды қажетсінетін бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасауда жәрдем көрсету;


7) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету;


8) инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруда және инновациялық кластерлерді дамытуда жәрдем көрсету;


9) мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.


3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мыналарға негізделеді:


1) осы Кодекске сәйкес инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;


2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы және транспаренттілігі;


3) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;


4) инновациялық қызмет субъектілері инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру;


5) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін кешенділік пен жүйелілік;


6) ғылым, технологиялар және инновациялар саласында тиімді коммуникациялар жүйесін қалыптастыру есебінен инновациялық қызметтің өмірлік циклінің барлық сатыларында мемлекеттік қолдау көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет