Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері



бет55/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері

1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілеріне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады.


2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері:


1) технологиялық болжамдауды жүргізуде, мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;


2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;


3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;


4) технологиялық тұғырнамаларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технологиялық парктерді, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын, технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;


5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;


6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжамдау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;


7) бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;


8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;


9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді;


10) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді;


11) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді;


12) маркетингтік және өзге іс-шараларды өткізу, әлеуетті инвесторларды іздестіру бойынша инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынады;


13) инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауға, оның ішінде инноваторлар, рационализаторлар мен өнертапқыштар арасында конкурстар өткізуді ұйымдастыру арқылы қатысады;


14) қайырымдылық ұйымдарына, эндаумент-қорларға инновациялық жобаларға сараптама, мониторинг жүргізу жөнінде қызметтер көрсете алады.


Ескерту. 241-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет