Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-4-бап. Мемлекеттік технологиялық саясат



бет56/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
241-4-бап. Мемлекеттік технологиялық саясат

1. Мемлекеттік технологиялық саясат ұлттық экономиканың, оның секторлары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында, технологиялық тұғырнамаларды, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құруды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекет және (немесе) инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын, технологиялық басымдықтарды айқындауға, инфрақұрылымды және оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін білдіреді.


2. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес жұмыс істейді.


Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:


1) технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;


2) мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;


3) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;


4) әзірленетін мемлекеттік технологиялық саясатты салалық бағыттар бойынша қарау;


5) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау.

241-5-бап. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары

1. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін технологиялық тұғырнамалар құрылады.


Технологиялық тұғырнама өзара байланысты және өзара толықтыратын білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінен, технологияларды генерациялау мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінен тұратын кешен болып табылады.


Технологиялық тұғырнама экономиканың салаларын технологиялық дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының коммуникация жасауына және оларды нарыққа бағдарланған үйлестіруге арналған құрал функциясын да орындайды.


2. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындайды.


Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау болып табылады.


Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарына қойылатын өзге де өлшемшарттар технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес айқындалады.


3. Технологиялық саясатты қалыптастыру үшін технологиялық болжамдау жүргізіледі.


Технологиялық болжамдау деп игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын негізгі (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.


Технологиялық болжамдау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының қатысуымен жүргізіледі.


Технологиялық болжамдау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі.


4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді және бекітіледі.


Нысаналы технологиялық бағдарлама деп негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.


Нысаналы технологиялық бағдарламаларды технологиялық тұғырнамаларға қатысушылар әзірлейді.


Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобалардың инновациялық гранттар мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын беру кезінде басым артықшылығы болады.


5. Технологиялық болжамдау және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет