Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары



бет58/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары

1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.


2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:


1) венчурлік қорларды қоса қаржыландыру;


2) инновациялық гранттар беру.


3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау осы Кодекске, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес айқындалады.

241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру

1. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асырады.


2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыздарды беру арқылы оларды қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі.


3. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға өз қалауы бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жекеменшік венчурлік инвестор болып табылады.

241-9-бап. Инновациялық гранттар беру

1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.


Инновациялық гранттар беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.


Инновациялық гранттар беруге арналған конкурс жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен және (немесе) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерімен бірлесе отырып, жекелеген басым бағыттар бойынша өткізілуі мүмкін.


2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.


3. Инновациялық гранттар мыналарға:


1) технологияларды коммерцияландыруға;


2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;


3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.


4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.


Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.


5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.


6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.


Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.

24-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру

Ескерту. 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет

Ескерту. 1-параграф алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
245-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесін қалыптастыру мақсаттары

Ескерту. 245-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

246-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерi

Ескерту. 246-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

247-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым

Ескерту. 247-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

248-бап. Арнайы экономикалық аймақтар

Ескерту. 248-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

249-бап. Индустриялық аймақтар

Ескерту. 249-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет