Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында


ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет12/15
Дата13.04.2023
өлшемі452,95 Kb.
#82099
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
IMP kz 2022 23

ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.
Дамытушы орта мыналарды:

  • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;

  • инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;

  • білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:


    • қауіпсіз;

    • қолжетімді;

    • әртүрлі;

    • мазмұнды;

    • көп атқарымды;

    • өзгермелі;

    • тартымды.

Жас топтары бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:


    1. ерте жас тобында және кіші топта:

танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.

    1. ортаңғы топта:

дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға
арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.

    1. ересек және мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында):

дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
Сонымен қатар, көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын іске асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Сондай-ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз қызығушылықтарына сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту ұсынылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында заттық- кеңістіктік ортаны ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес зоналар бойынша жарақтандыру ұсынылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет