Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер


ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет4/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім беру деңгейлерінің бірі болып табылады және 6 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдасқан жүйесін көрсетеді.
  • Жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделінің негізінде кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын негізгі мазмұн және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр.
  • Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығымен үш сатысы белгіленеді: 12 жыл: 5+5+2
  • I - саты – бастауыш білім беру. (1 - 5- сыныптар).
  • Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл. Бастауыш білім берудің негізгі мәні– білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту.
  • Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін игертуiн, осы сатыдағы негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

II - саты - негізгі орта білім беру. (6-10 - сыныптар). Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

  • Негізгі орта білім берудің негізгі міндетi – игерген білім, білік, дағдылар мен әрекеттердің базалық тәсілдеріне негізделген базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру.
  • Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
  • Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі.
  • Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет