оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
елiмiздiң жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының меншік нысандарына, түрлері мен типтеріне қарамастан, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу;
білім беру ұйымдарын қаржыландыру;
жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау;
білім берудің барлық сатыларында білім сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндетті болып табылады
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы стандартты әзірлеу төмендегi нормативтік-құқықтық және тұжырымдамалық құжаттарға негізделген:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- «Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы.
Пәндер бойынша бiлiм беру және оқу бағдарламалары
оқу пәндерiн оқытудың мақсаттары мен мiндеттерiн;
оқу пәндерi бойынша оқытудың жоспарланған нәтижелерiн;
пәндер бойынша оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн бағалау жүйесiн;
оқу пәндерi бойынша бiлiм беру процесiн ұйымдамтыру және iске асыру жағдайларына қойылатын талаптарды:
бiлiм беру технологияларын;
материалдық-техникалық жабдықталуын анықтауы тиiс
ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыреттi тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері әрбір оқушыға мынадай мүмкіндіктердің жасалуын көздейді:
жеке және қоғам өміріне қажетті әрi қарай кәсiби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алу;
өзінің білім алу қызметiн тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, білімдерді меңгеруде өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын жүзеге асыру және талдау;
түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату, орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беру;
қазақтың және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, өзінің бірегей мәдениеттілігін дамыту;
Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау, елдің мемлекеттік жүйесін түсіну және бағалау;
ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т.б. қарамастан, өзге мәдени түсінікке төзімділік таныту, олардың өзге көзқарастағы, ұстанымдағы өкілдерімен құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болу;
мәдени және шығармашылық істерге қатысу, және тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттiң маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және бағалай білу.