Білім беру процесін ұйымдастыруда мынадай қағидаттар сақталуы тиіс:
- білім берудің құзыреттілікті - білімдік-бағдарлы нәтижелерін қолдайтын білім беру салалары мазмұнының тепе-теңдігі; оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларынан құзыреттілікті-бағдарлы тапсырмаларды орындауға 25%-дан кем емес оқу уақыты бөлінеді;
- оқушылардың өнімді және репродуктивті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі; оқушылардың өзіндік жұмыстарын (оның ішінде ақпараттық технологияларды) ұйымдастыруға бастауыш мектепте - 20%, негізгі орта мектепте - 35% және жоғарғы, бейіндік мектепте - 50% кем емес оқу уақыты бөлінеді;
- ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, оларды оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, оның ішінде жобалау және зерттеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы енгізу;
- оқушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетін, оқу материалын блоктық-модульдік құрылымдау және т.б. қамтитын оқытудың әдістері мен нысандарын, инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану және дамыту.
10-11 сыныптарда – 20 маусым мен 31 тамыз аралығы.
БАҒА
БАҒА - бағалау процесі нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.