Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер



бет12/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

БАҒАЛАУ

  • БАҒАЛАУ - бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі

БЕЙІНДІК ОҚЫТУ

  • БЕЙІНДІК ОҚЫТУ - білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы

БЕЙІНДІК ПӘН

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ

  • БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ - білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай-күйін жүйелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.

ДИАГНОСТИКА

  • ДИАГНОСТИКА - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады.

ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

  • ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ - тұлғаның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін, оқушылардың дүниетанымын меншік нысандары, типтері мен түрлеріне тәуелсіз жалпы орта білім беретін барлық ұйымдарда оқытылуы міндетті білім беру мазмұны. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің одан арғы деңгейлерінде білімін жалғастыруға негіз болып табылады.

ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ОРТА

  • ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ОРТА - білім беру процесін жүзеге асырудың ақпараттық және байланыс ресурстарының, техникалық құралдарының және материалдық жағдайларының (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақтарға арналған ғимараттарды орналастыру және т.б.) жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет