КІРІКТІРІЛГЕН КУРС - бір оқу пәнінің аралық тақырыптық блоктарының негізгі мазмұнын немесе бір білім беру саласының түрлі пәндерінің өзара сәйкес келетін тақырыптық блоктарының мазмұнын өзіне біріктіретін пәндік курс.
ҚҰЗЫРЕТ
ҚҰЗЫРЕТ - қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ - білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.
ОҚЫТУДЫ САРАЛАУ
ОҚЫТУДЫ САРАЛАУ - тұлғаның жеке-типологиялық ерекшеліктері ескерілетін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ - белгілі білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытуды ұйымдастыру нысаны
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
ӨЛШЕУІШТЕР
ӨЛШЕУІШТЕР - оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері