Түйін
Мақалада ақпараттық экономика жағдайында халықаралық аса күрделі бәсекелес ортаны қалыптастыратын
факторлар жан-жақты қарастырылады. «Аса күрделі бәсекелестік» терминіне стратегиялық менеджмент пен
динамикалық әрекеттену нәтижесіндегі бәсекелестердің арасындағы максималды бәсекелес артықшылықтарды
игеру мүмкіндігі ретінде анықтама берілген. Негізгі факторлар ретінде автор жаһанданудың экономикалық
процестері мен заманауи инновациялық-технологиялық өзгерістерді бөліп көрсетеді. Жаһандану деп бір-
бірімен еңбектің халықаралық бөліну жүйесімен, экономикалық және саяси қатынастарымен әлемдік
нарыққа байланысқан ұлттық шаруашылық жиынтығын және олардың экономикаларының трансұлттандыру
мен аймақтандыру негізінде тығыз үйлесімділігін білдіретін экономикалық өзара үйлесімді үрдісті айтамыз.
Бұл базада бірыңғай ірі экономиканың және оның инфрақұрылымының қалыптасуы жүргізіледі. Автор
Еуропа мен Азияның халықаралық көп ұлттық компанияларынан, бәсекелес нарықтағы олардың бәсекелес
артықшылықтарын мысалға келтіреді. Олардың ішінде БРИК мемлекеттері – тез дамып жатқан бес мемлекет
тобы – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік-Африка Республикасы, сондай-ақ Индонезия, Малайзия,
Германия және т.б. Жаһандану процестерімен қатар технологиялық даму қажеттілігі туындады, оның
нәтижесі ретінде әлемдік тұрғындар арасында технологиялар мен инновацияларды жаппай тарату қажеттілігі
пайда болады. Ақпараттық экономика бүгінгі күнгі экономикалық жүйесінің негізгі аспектісі және маңызды
материалдық емес ресурсы болып табылатын қажетті ақпаратты, интеллектуалдық қабілеттіліктерді,
тәжірибені – білімді игеру қажеттілігімен, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың өзгеруінің жоғарғы
жылдамдылығымен сипатталады.
72
Резюме
В данной статье подробно рассматриваются факторы, формирующие международную гиперконкурент-
ную среду в условиях информационной экономики. Дано определение термина «гиперконкуренция» как
способности завоевать максимальные конкурентные преимущества среди конкурентов в результате страте-
гического менеджмента и динамического маневрирования. В качестве основных факторов автор выделяет
экономические процессы глобализации и современные инновационно-технологические изменения. Под гло-
бализацией понимается экономически взаимозависимый процесс, отражающий совокупность национальных
хозяйств, связанных друг с другом системой международного разделения труда, экономических и политиче-
ских отношений, и тесное переплетение их экономик на основе транснационализации и регионализации. На
этой базе происходит формирование единой глобальной экономики и ее инфраструктуры. Автором приво-
дятся интересные примеры международных многонациональных компаний Европы и Азии, их конкурентные
преимущества на конкурентных рынках. Среди них страны БРИК – группа из пяти быстроразвивающихся
стран – Бразилия, Россия, Индия, Китай, Южно-Африканская Республика, а также Индонезия, Малайзия,
Германия и др. Наряду с процессами глобализации возникает острая необходимость технологического разви-
тия и, как результат, повсеместное распространение технологий и инноваций среди мирового населения. Ин-
формационная экономика отмечается высоким темпом изменений информационных технологий и их диффу-
зии, а также необходимостью владения соответствующей информацией, интелектуальными способностями,
опытом – знаниями, являющимися важным нематериальным ресурсом и ключевым аспектом современной
экономической системы.
73
ОӘЖ 338.4:622.32(574)
М.Т. кАЛьМЕНОВА.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ,
доценті, э.ғ.к
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИкАСЫНДАҒЫ МҰНАй-ГАЗ
САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
Мақала жолдағы мұнай газын пайдалану бағыттарын талдауға арналған. Көмірсутекті шикізатты, кон-
денсатты және табиғи газды кешенді өңдеудің мәселесі, барлық аймақтар, экономикалық аудандардың ша-
руашылық жүргізудің нарықтық шарттарына өту алдында тұрғанын есепке алатын болсақ, бұл тіптен шиеле-
ніскенін көрсетеді. Осы кезеңдерде өнеркәсіптік өндіріске негізгі талаптар сәйкес келеді, және бұл негезінде,
экономикалық және экологиялық тарапынан, мұнай-газ өңдеуші салаларға, және жақсы жағдайдағы қоршаған
ортаны сақтау және көмірсутекті ресурстарды пайдаланудан максималды пайданы алумен байланысты бо-
лады. Осы мәселелердің шешілуінің жалғыз мүмкін болатын шешімі ретінде, пайдалы құрауыштарды тұ-
тастай шығару және оларды дайын тауарлық өнімге, мүмкін болатын минимумнан қалдықтар үлесіне жеткізуі
болып табылады. Қазақстан Республикасының энергетикалық стратегиясының басты мәселесі, бұл – отын-
энергетикалық кешенінің жаңа сапалы жағдайына жету жолдарын анықтау, әлемдік нарықтағы оның өнімі нің
және қызметінің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді дамыту басымдылықтарын орнату және әлеуетті пайдала-
ну негізінде, мемлекеттік энергетикалық саясатты оның жүзеге асырылуының болжамдалатын нәтижелерін
есепке алғандағы механизмдерін және іс – шараларын қалыптастыруды болып табылады. Жаһандану про-
цесінің дамуы жағдайында, сыртқы экономикалық байланыс көлемінің өсуі, отандық экономиканың бәсекеге
қа білеттілігіжәне бәсекелік даму мәселесі, оның шаруашылық етуші субьектілері, орталықтың бірі болып
та былды.
Тірек сөздер: мұнай-газ саласы, көмірсутек ресурстарының қоры, шикізатты рационалды қолдану, мұ-
найды өңдеу, мұнай химиясы, мұнай өңдеу зауыты, реструктуризация.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы айтарлықтай та-
быстарға жетті. Жақын арада Қазақстандық экономика, өзінің шикізаттық бағыттылығын
сақтап отыратын болса, көмірсутектердің баланстық қорларының мөлшері және олардың
құн дылығы, оларды елдің тұрақты дамуының базисі ретінде есептеуге мүмкіндік береді. Қа-
зақстанда ірі табиғи-ресурстық әлеуеттің болуы, оны индустриалды дамыған мемлекеттер
қатарында болуын негіздейді, ал оның тиімді пайдалануы, елдің энергетикалық қауіпсіздігінің
маңызды алғышарттарының бірі болып табылады.
Мұнай және газ өндірісі, ел экономикасының басымдылықты және табысты бағыттары-
ның бірі болып қала береді.
Қазақстанда көмірсутектің жалпы шығарылатын қорларымен 5,7 млн тоннаға жуық мұ-
найдың 200 кен орындары табылған, ол біздің еліміздің мұнай өндіруші мемлекеттердің
арасындағы бірінші ондықта болуымен сипатталады. Қазіргі таңда, ТМД елдері арасында
Қа зақстан, мұнай өндірушілер арасында Ресейден кейінгі екінші орында, ал әлемдік қауым-
дастықтың 90 елдері арасында алғашқы отыздық қатарында тұр. Елдегі өндіріс көлемі, өнім
экспорты және ЖІӨ үлесі бойынша Қазақстанның мұнай-газ кешені басқа салалар арасында
көшбасшылық орынды иеленеді.
Республиканың энергетикалық нарығы қалыптасуының маңызды факторы болып, сондай –
ақ, зерттелінген көлемі 3 трлн м
3
, құрайтын табиғи газ, ал табиғи газдың Қазақстандағы потен-
циалдық ресурстары 90,2% құрайтын Каспий маңы ойпатымен байланысқан, 10 трлн м
3
-қа
бағаланады. 94 кен орындарында шоғырланған А+В+С
1
өнеркәсіптік категорияларда есеп-
телінген газ қорлары 1850,7 млрд м
3
құрады. Конденсат қорлары 42 кен орындарында есепке
алынып, олардың А+В+С
1
қалдық категориялары 688,08 млн тонна құрайды.
Мұнай-газ саласы дамуының жағымды үрдісіне қарамастан, ондағы мұнай-газ шикізатын
өндірудің жалпы көлемінде мемлекеттің үлесі 27% құрайтынын атап өту қажет. Шетелдік
компанияларға тиесілі өндірілген мұнайдың қалған бөлігі, негізінен әртүрлі бағыттарға экс-
портталып, отандық өңдеуші секторды қамтамасыз етуде шын мәніде айтарлықтай мәселе
туындатады. Стратегиялық жоспарда, біз осы уақытқа дейін, өндірілмеген шикізаттың шы-
ғарылуына мөлшерлеме қоямыз, ал ол өз кезегінде, өлшемі бойынша тұрақты мемлекетке
пайда алып келмейді.
74
Әзірге бізде, мұнай-газ саласының барлық құрамдас бөлімдерінің – барлау, қайта өңдеу,
инфрақұрылымдар және аралас өндірістер, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу секторы және кадрлар-
ды дайындау секілді өзара үйлесімділіктің әрекет етуші бағдарламасы жоқ. Бұл жағдайды
өзгертпей біз көшбасшылар қатарына ене алмаймыз, себебі, шетелдік тұтынушыларға көмір-
сутекті ресурстардың үлкен көлемінің жеткізілімі, елдің экономикасы секілді, нақты саланың
дамуының шикізаттық бағыттылығын өзгерте алмайды.
Өткен кезеңге саланың дамуын талдай отырып, Қазақстанның мұнай секторына қытай
компанияларының шетелдік капиталының интенсивті түрде енуін атап өту мүмкін емес. Бұл,
көптеген мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудағы Қазақстан үлесінің әлі де аз ғана бола-
тындығына алып келді. Осыған байланысты, ел басшылығы, өзінің мазмұны бойынша шетелдік
инвесторларға айтарлықтай өзгерістер беретін, мемлекет мүддесін айтарлықтай деңгейде
қысым жасаушы, елдің кен орындарында мұнай-газ өндірісі процесіне қатысатын, кейбір
заңнамалық құжаттарға түзету жүргізуді іске асыруға мәжбүр болды [1].
Ең маңызды түзетулер арасында, келесілерді атап өтуге болады:
биржалық баға деңгейіне байланысты, мұнай экспортына салық ендіруді болжамдай-
тын, салық заңнамасына түзетулер (2003 ж.);
екінші нарықтарда мұнай активтерін сатып алу бойынша мемлекеттің басымдылығы
туралы заң (2005 ж.);
егер де инвестордың іс-әрекеті, ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, әрекет
ету ші мұнай келісім-шарттарына қайтарымды күші болатын, жер қойнауын пайдалану бойын-
ша заңнамаға түзетулер ендіру (2007 ж.).
Орын алған өзгерістерге қарай, қазіргі таңда мемлекет, біріншіден, өзінің активтерін бірте-
бірте кері қайтаруын, екіншіден, әрбір мұнайлық жобада 50 пайыздық үлеспен қатысуға, үшін-
шіден, елдімізден тысқары жерлерде мұнай-газ обьектілерін алуға мүмкіндік беретін, жаңа
стратегияны әзірлеу үстінде.
Және де, елдің мұнай-газ секторында ұлттық компания қатысуының артуымен қазақстан-
дық басшылықтың табысты іс-әрекеттеріне қарамастан, инвестициялық жобалардың бірқата-
ры, соңғы жылдары ҚХР-сы банк секторының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, соңғы 2–3 жылда берілген, Қытайдан берілетін несие желілерінің көлемі,
13 млрд АҚШ долларын қамтыды және Қытай корпорациясы, Атырау мұнай өңдеу зауытының
қайта құрылуына және басқа да жобалардың, сондай-ақ, битум зауытының құрылысын жүр-
гізуді жүзеге асырудағы, қытайлық қаржы институттарымен несиелерді ұсыну есебінен «Каз-
мунайгаз» АҚ-ның 11% бағалы қағаздарын иеленді.
Шетелдерде көмірсутекті ресурстардың әлеуетін арттыруға бағытталған, Қытай мұнай
компанияларының қызметін белсендіру жұмыстары, Африка елдерінде (Судан, Чад, Нигер,
Алжир), Орталық Азия аймақтарында (Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан), Оңтүстік Аме-
рикада (Венесуэла, Эквадор, Перу, Коста-Рика), Орталық Шығыс мемлекеттерінде (Иран, Ирак,
Оман, Сирия), Индонезия және Ресейде табысты жүзеге асырылуда.
Соңғы 10–15 жылда және болжамдық пысықтауларда бақыланған, ҚХР мұнай-газ секто-
рының интенсивті дамуы, мемлекет үшін, Қытайдағы жалғасушы әлемдік экономикалық дағ-
дарыс шарттарындағы, елдің көмірсутек ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі жеткіліксіздік
мәселесін шешу, мемлекет үшін маңызды мәселе болып табылады, және бұл мемлекетте мұнай-
газ өнеркәсібі және мұний-химия өндірістерін құру – шикізатты өңдеу жобаларын жүзеге асы-
ру және негіздеу бойынша жұмыстың тоқталмағандығы туралы белгі береді. Экономиканың
мұндай қайта құрылуының басты мәселесі, мұнай-химия өнімдері және отындағы ішкі қажет-
тіліктерден пайда болуымен ғана емес, сонымен қатар, стратегиялық мәселелерді шешуде –
қытайлық мұнай компанияларының елеулі қатысуы байқалатын, елдер нарығындағы бұл өнім-
ге рұқсат алудағы, мүмкіндіктердің ашылуымен сипатталады.
Дамудың жоғары қарқынымен Қытайдың мұнай-химия жасаушы өңдеуші кәсіпорында-
рын құрайтын салалар сипатталады.
Жылдан жылға мұнай-химия өнімдерінің барлық түрлеріне әлемдік сұраныстың артуына
тұрақты беталысты есепке ала отырып, елдің сәйкес кәсіпорындарында соңғы өнімнің белгілі
бір өнім сұрыпталымының өндірісі өсіп жатқандығын ескеру қажет.
75
Осылайша, этиленді өңдеу 2001–2013 жж. 68%-ға жуық, синтетикалық шайырдың – екі
есеге, синтетикалық резіңкенің – 70%-ға, синтетикалық аммиактың – 26%-ға өскендігін көреміз.
Жаңарту және жаңа құрылыс жобасына ендірілетін, мұнайды өңдеу және мұнай-химия-
ның болашағы, Қытайдың әртүрлі аумақтарындағы ірі өндірістердің бірқатарын, өнеркәсіптік
пайдалануға берумен байланысты.
Жаңа обьектілер, озық технологиялық жарықтандырумен сипатталады және экологиялық
тазалықтың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ, мұнай-химия және мұнайды өңдеу интеграция-
сының мысалы бола алады.
2009 жылы мұнай-химия кешенінде жылдық қуаттылығы 10 млн тонна және Душаньцзы да
(Батыс Қытай) 1 млн тонна этиленнің өндірісі, Фушуна қаласында 10 млн тонна мұнай өнді ру
көлеміндегі мұнай-химия кешені, Гуансиде жылдық қуаттылығы 10 млн тонна болатын мұ-
най өңдеу зауыты, Үрімшіде (Батыс Қытай) қуаттылығы 1 млн тонна болатын мұнай-химия лы
кешен, Нинсяйда мұнайдың қуаттылығы 5 млн тонна болтаын мұнай өңдеу зауыты, Қарамай-
дағы (Батыс Қытай) майлайтын материалдар өндірісі бойынша өнеркәсіптер пайдалануға
берілді.
Үш жыл көлемінде пайдалануға беріліп жатқан, мұнайды өңдеу және мұнай-химия ның
жаңа обьектілерінің осы тобына, нәтижесінде, жоғары сапалы отынның, майлау материалдары-
ның, мұнай-химия өнімдерінің өндірісің артып отыратын, технологиялық жабдықтардың ин-
тен сив ті жаңартуы жүзеге асырылатын, тағы да 10 обьектіні қосу қажет [2].
Елдің мұнай-газ секторында орын алған жағдай, ірі шетелдік мұнай компанияларының
қазірден – ақ, қазақстандық көмірсутекті ресурстардың айтарлықтай әлеуетіне ие, ағымдық кен
орындарының қорларынан орын алатын, турбо өткізу жүйелері және өңдеуші қуаттылықтар-
дың болуымен байланыстылығын көрсетеді. Мұның барлығы, осындай жағдайдың елдің ұлт-
тық және экономикалық қауіпсіздігін қорқытатын болғандықтан, сақтық жағдайларын жа сау-
ға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, түбірінде отандық мұнай-газ секторы дамуының барлық идеологиясын
қайта қарастырудың табанды қажеттілігі орын алды, мұның негізіне қазіргі уақытқа дейін,
басты басымдылық ретінде, көмірсутекті ресурстардың интенсивті алынуы және олардың
әлемдік нарықтарға шығарылуы басты басымдылық ретінде көрініс табады.
Сала қалыптасуының бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндігі
бо латын, дамудың бір бағыты ретінде, қосылған құнның жоғары үлесімен тауарлық өнімнің
шығарылымы және өнеркәсіптік өндірістік жалпы құрылымында өңдеуші сектордың мен-
шікті үлесі айтарлықтай артуы мүмкін болатын, кластерлік бастамалардың жүзеге асырылуы
ұсынылады.
Өңдеуші сектор үлесін арттыру мақсатымен, отандық мұнай-газ кешенін қайта құру әре-
кеттері, бірнеше рет өткен 20 жыл ішінде жүзеге асырылған еді.
Қазақстандағы барлық әрекет етуші мұнайөңдеу зауыттарының жаңарту жоспарлары
әзірленді. Кейбір жобалар, мысалы, Атырау мұнайөңдеу зауытында еуропалық стандарттарға
сәйкес отынды өндіру жұмысы жобаланған, технологиялық құрылғылардың қондырғылары
пайдалануға берілгендіктен жүзеге асырылған еді.
Бірақ та, бұл нәтижеге әзірге жету мүмкін емес, себебі, әртүрлі кен орындарындағы өн-
діріске түсетін мұнай қоспалары, өзінің физика-химиялық параметрлерін әркез өзгертуші
еді [3].
Мұнай-газ кешенін қайта құрудағы басқа бағыт, негізіне мұнай-химиялы өндірістердің құ-
рылуы кіретін, кейбір бағдарламалық құжаттардың қабылдануымен байланысты болды. Және
де бұл жағдайда, осы уақыттағы орын алған жағдай, маңызды экономикалық расталған бас-
таулардың, объективті және субъективті сипаттағы көптеген мәселелердің күшінде жүзеге асы-
рылмайтынын көрсетеді.
Кеңінен жарнамаланған, Қаратабан ауылындағы 2005 жылы алғашқы интеграцияланған
мұнай-химиялық кешенді құру идеясы, әзірге дейін, орындалуы бойынша уақыттың үлкен
бөлігін ала отырып, ол нақты жүзеге асырудың пішінін алмайтынын ескеру қажет. 2005–
2011 жж. аралығында техникалық негіздемелерді әзірлеу бойынша тендерді жүргізгеннен кейін,
осы жобаның қатысушылары, технологиялық жабдықтардың жеткізушілері – компаниялар
бірнеше рет өзгерді.
76
Мұндай, іске асырудың баяулығында ел экономикасы үшін, ішкі нарықта талапқа ие, сондай-
ақ, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндігі бар, Қазақстан жобалары, соңғы өнімді
шығару мерзімінің елеулі жоғалтуларға ие болатыны айтпаса да түсінікті. Осыған байланысты,
әлемнің кейбір елдеріндегі мұнай-химия кешендері дамуына кейбір мысал келтіруге болады.
Осылайша, ҚХР-да (Нанкин қаласы) жылына 600 мың тонна этилен өндіретін, мұнай-химиялы
кешеннің құрылысы, үш жыл бойы жалғасты. Осыған ұқсас Германиядағы (Лейне қаласы)
кәсіпорын, сондай-ақ, үш жылға созылып бұл, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті өніммен қам-
тамасыз етті және экспорттық потенциалды көтеруге мүмкіндік берді.
Мұнай-газ саласының дамуында пайда болатын мәселелердің жалпы кешені, өз мерзімінде
кезең бойынша, яғни, геологиялық-іздеу және барлау жұмыстарының басталуынан, көмірсу-
текті ресурстарды қайта өңдеу обьектілерінің құрылысы және кен орындарының пайдалануға
берілуін ендіруге дейінгі уақыт аралығында шешілуі қажет. Мұндай стратегия, жүйелік негізде
мұнай-химиялы кластердің қалыптасу процесінде табысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл үшін алғышарттар, Батыс Қазақстан аймақтарында нақты орын алған, біріншіден, мұ-
най және газдың айтарлықтай көлемі, екіншіден, алдыңғы жылдары мұнай-газ және мұнай-
химия өндірісінің қуаттылығы пайдалануға берілген, үшіншіден, дамыған инфрақұрылымның
жеткілікті деңгейі бар.
Мұның барлығы кластер аумағында, өндірістің шикізат, қаржылық еңбек ресурстары
бойынша байланысты өзара байланысты, төрт батыс облыстарда аумақтық орналасқан, үлкен
жүйенің құрылуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, кластерлік бастаманың нақ осы жерлерде жүзеге асырылуы пласмасса зауыты
(Ақтау қ.), «Полипропилен» АҚ және мұнайөңдеу зауыты (Атырау қ.), Жаңаөзен және Жаңажол
газ өңдеуші, мұнай-газ және мұнай-химия өңдеуші зауыттары секілді ірі обьектілердің пайда
болу алғышарттарына негіз болды.
Осы өнім объектілері үшін қажетті, өзінің жанында өндірісін шоғырландырылған өзегі
ре тінде технологиялық қатынаста шикізатты өңдеуге мүмкіндігі болатын – мұнайлық газды
өнімнің барлық гаммасына, мұның соңында келесі процестерде оны пайдалану, ішкі және
сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті және жоғары қосымша құнға ие, тауарлардың жоғары
сұ рыпталымын өндіруге мүмкіндік беретін жаңа мұнай-химиялық кешен болуы тиіс.
Мұндай өзек ретінде, Атырау облысындағы өнеркәсіптік аумақтармен органикалық бай-
ланыста тұратын алғашқы интеграцияланған мұнай-химиялық кешені (Қаратабан поселкесі не
жақын маңда) болуы мүмкін, мұның ағымдық шикізаты Теңіз және Қашаған кен орындары-
ның ілеспе шикізаты бола алады. Олардың ішінде, хош иісті көмірсутектердің өндірісі бойын-
ша, мұнай-химиялы кешеннің өндірістік және инфрақұрылымдық объектілері дәйекті түрде
орналасады.
«Теңгізшевройл» өнеркәсіптік аумаққа жақын, жаңа газды айырғыш құрылысы бол-
жамдалады, Атырау қаласындағы өнеркәсіптік аумақта, жоғары қосылған құндылықпен инно-
вациялық мұнай-химиялық өнімнің өндірісін ұйымдастыру алдында тұрған, шағын және орта
бизнестің жаңа кәсіпорындары орналастырылады. Сондай-ақ, осында мұнайөңдеуші кәсі-
порындар үшін, химиялық реагенттердің өндірісі қарастырылған. Атырау мұнай өңдеуші
зауы тының өнеркәсіптік қуаттылығы базасында бензол, параксилол өндірісі жүзеге асыры-
луы мүмкін.
Интеграцияланған мұнай-химиялы кешеннің басты мақсаты – мұнай-химиялық бірлес-
тіктерге маңызды – барлық жаңа және аумақтың әрекет етуші өндірістері үшін ағымдық
шикізат болатын полиэтилен және полипропиленнің шығарылымы болып табылады. Мұның
нәтижесінде өндіріс және өткізудің жалпы әлемдік жүйеге қазақстандық мұнай-химияны
интеграциялауға мүмкіндік береді.
Мұнай-химиялы пішіндегі кәсіпорындарда көмірсутекті ресурстарды пайдаланудың ба-
ғытын негіздей отырып, мұнай-химиялы өнімнің барлық спектрін алудың нақты мүмкіндікте-
рін есепке алу қажет, себебі, оның қолданылуы қызмет етудің әртүрлі деңгейлерінде тауарлық
өнімнің кең гаммасын өндіруге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты мұнайдың немесе ілеспе газдың өңделуі әртүрді технологиялық ба-
ғыттар бойынша орын алуы мүмкін. Бірақ та, ерекше ықылас нәтижесінде кластерді құрайтын,
барлық элементтердің тиімділігі өсетін, мұнай және газдың қолданылуындағы коэффициент-
77
тің өсу есебінен, ондағы өнім құрамында үлкен үлесті айтарлықтай алуға мүмкіндік беретін,
ағымдық шикізатты терең өңдеу бойынша технологиялардың ендірілуіне беріледі.
Осыған байланысты, мұнай-химиялық өндірістердің қалыптасуы, ағымдық өнімді өн-
дірумен шектелмеуі керек екендігін мойындау қажет. Олардың қалыптасуының тиімділігі, ере-
же бойынша, ел экономикасының әртүрлі салаларында қажеттілігі шамалы, бірінші ресурстар-
ды пайдаланудың кешенділік деңгейімен тікелей байланысты.
Бұдан басқа, бұл сұрапталымның айтарлықтай бөлігі, біріншіден, өнеркәсіптің (жеңіл, ма-
шина құрылысы, резіңке-техникалық) жеке салаларының дамуына ынталандыру беруге, екін-
шіден, жақын және алыс шетелдердегі елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
Өзінің шешілуін қажет ететін, тағы да бір маңызды мәселе, инвестициялық жобаларды
қазақстандық мазмұнның деңгейі болып табылады.
Компаниялар қызметінің қазақстандық мазмұнына арналған, 2011 жылы қыркүйек айын-
да орын алған Астанадағы бизнес-форумда, келісім-шарттар бойынша отандық тауар өн-
дірушілердің ұзақ мерзімді тауар сатып алулары, біздің кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті
өнімді өндіру мақсатымен өзінің өндірісін жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келесі Салық Кодексіне бірқатар өзгерістерді ендіруді қабылдау, осы мәселенің шеші луі-
не және де барлық мұнай газ кешенінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайда, мұнай-газ қондырғыларының үш жүзге жуық атауларын қамтитын
орналастырылған тапсырыстардың соммасы, 1990 жылдардың аяғындағы 260 миллионға қар-
сы 28 млрд теңге құрағанын атап өту қажет.
Жоғарыда аталғандарды қорытындалайтын болсақ, мұнай-газ ресурстарының үлкен
қор ларының болуы, өзі айтып тұрғандай – ақ, онымен иеленген елдің өзінің экономикалық
дамуында серпіліс жасай алатынын көрсетеді.
Бұл ресурстарды келесі бөлістерге бағытталатын немесе дайын тауар нысанына ие, олардың
бәсекеге қабілетті өнімге айналуына мүмкіндік беретін, соңғы өнімдердің ауқымды гамма сын
алу арқылы тиімді және кешенді пайдалану қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Чигаркина О.А. Приоритеты индустриально-технологического развития отраслей реального
сектора экономики Казахстана // Стратегические парадигмы развития экономики Казахстана: сбор-
ник материалов научно-практической конференции, посвященной 75-летию академика НАН РК
Сагадиева К.А. – Алматы: Университет международного бизнеса, 2013. – 27 февраля–1 марта. – С. 223–
225.
2 Кенжегалиев А., Бекмуханов К.Ж. Глубокая переработка нефти и охрана окружающей среды //
Нефть и газ. – 2010. – № 2 (56). – С. 135–137.
3 Cериков Т.П., Серикова З.Ф., Оразбаев Б.Б. Новые установки Атырауского НПЗ. Установка
производства серы. – Атырау: ЕР ТОСТИК. – 2008. – 142 с.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1 Chigarkina O.A. Prioritety industrial’no-tehnologicheskogo razvitija otraslej real’nogo sektora
jekonomiki Kazahstana // Strategicheskie paradigmy razvitija jekonomiki Kazahstana: sbor nik materialov
nauchno-prakticheskoj konferencii, posvjashhennoj 75-letiju akademika NAN RK Sagadieva K.A. – Almaty:
Universitet mezhdunarodnogo biznesa, 2013. – 27 fevralja–1 marta. – S. 223–225.
2 Kenzhegaliev A., Bekmuhanov K.Zh. Glubokaja pererabotka nefti i ohrana okruzhajushhej sredy //
Neft’ i gaz. – 2010. – № 2 (56). – S. 135–137.
3 Cerikov T.P., Serikova Z.F., Orazbaev B.B. Novye ustanovki Atyrauskogo NPZ. Ustanovka proizvodstva
sery. – Atyrau: ER TOSTIK. – 2008. – 142 s.
Достарыңызбен бөлісу: |