Қазақстан тарихы 1-тоқсан «№ орта мектебі» кмм


Зерттеу сұрағы: «Ұлы Жібек жолының қала мәдениетін дамытудағы ролін қандай археологиялық және жазба деректер дәлелдейді?»



бет14/32
Дата07.09.2023
өлшемі2,6 Mb.
#106522
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Зерттеу сұрағы: «Ұлы Жібек жолының қала мәдениетін дамытудағы ролін қандай археологиялық және жазба деректер дәлелдейді?»
(Б) мұғалім сұрақ қояды:
- өз білімдеріңізге сүйеніп, Қазақстанның көне қалаларын зерттеген қандай археологиялық қазба жұмыстары мен археологтарды білетіндеріңізді атасаңыздар?
- Жазба дерек көздері берген ақпараттар қаншалықты маңызды?
- Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуынданеліктен Ұлы Жібек жолы ықпал етті дейміз?
Оқушылардың жауабы тыңдалады, мұғалім жауаптарды толықтырады.
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Бағалау критерийі:
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтары мен оның ортағасырлық қалалардың дамуына ықпалын анықтайды.
Дескрипторы:
1.Қазақстан территориясын басып өткен Жібек жолының тармақтарын атайды;
2.Қазақстан жеріндегі қалалардың дамуына Жібек жолының әсерін анықтайды, дүниежүзілік дамумен байланыстырады;
3.Қала мәдениетінің дамуына Жібек жолының ықпалын бағалайды.


Бағалау критерийі:
Жоғары ойлау дағдылары.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның экономикалық, мәдени дамуына әсерін талдап, баға береді.
Дескрипторы:
1.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның саяси дамуына әсер еткен факторларды жинақтай алады, бағалайды;
2. Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның экономикалық дамуына әсер еткен факторларды жинақтай алады, бағалайды;
3.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның әлеуметтік дамуына әсер еткен факторларды жинақтай алады, бағалайды;
4.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның технологиялық дамуына әсер еткен факторларды жинақтай алады, бағалайды;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет