«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау



бет16/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx

Реферат тақырыптары:
1. Философия адамның, мәні мен мақсаты туралы.
2. Гуманизмнің мәні мен тарихи бітімдері.
3. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік жақтардың бірлігі.
4. Философиядағы тұлға мәселесі.
5. Адам табиғаты және мәні.
6. Қайта Өрлеу дәуірі философиясындағы адам мәселесі.
7. Ақпаратты техникалық әлемдегі адам.
Тақырып 9. Этикалық дилеммалар: жағдаяттық талдау. Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты.

1.Құндылықтар теориясының негіздері.


2.Негізгі этикалық категориялар (парыз, ізгілік, мән және қажеттілік, ар-уят, еркіндік).
3.«Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.


Теориялық бөлім
Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар (императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді.
Әдістемелік ұсыныстар

Студент бірінші кезекте «аксиология» терминінің мәнін ашуға тырысады. Құндылық мәселесі философияда қалай қарастырылады, мәдениеттануда қалай қарастырылады, соны айыра білу керек. Шынайы және алдамшы құндылықтар деген не? Ұлттық құндылықтардеген не? Осы сұрақтарды аша білуі керек.

Аксеология


Аксеология (гр. аxia-құндылық және logos-ілім) – құндылықтарды, оның табиғаты мен мәнін қарастыратын философияның негізігі саласы.
ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ. басында филосфияның құндылық мәселесін талдауға қатысты әрекет ретінде пайда болды.
Аксиология құндылықтар табиғатын, әрі оның шындықтағы орнын және құндылықтар әлемінің құрылымын, түрлі құндылықтардың өзарақатынасын және құндылықтардың әлеуметтік және мәдени факторлармен және тұлға құрылымымен байланысын зерттейттейді.



Құндылық – әлеуметтік құбылыс ретінде, қоғамдық сананың нормативті түрде бағаланатын жағының көріністері.
Құндылық ұғымында құндылық қатынасының объектісі ретінде айқындалатын заттар мен нәрселердің сыртқы қасиетінің сипаттамасы, осы қатынастың субъектісі болатын адамның психологиялық – (адами) қадір-қасиеті, адамаралық қарым-қатынасы көрінеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастан құндылықтар жалпымәнділікке ие болады.
Құндылық – субъект пен объект арасындағы қатынастың белгілі түрінің көріну формасы немесе әлеуметтік қатынас көрінісінің нақты формасы.
Құндылық – адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса бас иетіннің бәрін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет