«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау


Адамның қоғамдық өмірдегі негізгі реттеушілері



бет17/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx


Адамның қоғамдық өмірдегі негізгі реттеушілері


РЕТТЕУІШТЕР

Сыртқы

Ішкі

нақты адамға байланысты емес, сыртқы жағдайлар – құқық, қоғамдық мораль, дәстүр, әлеуметтік мәдениет, объективті әлеуметтік жағдайлар және процессі, объективті табиғи жағдай, прцесстер және ғарыштық әсерлер.

нақты адамға байланысты, этика, құндылықтар, тұлғаның ішкі мәдениеті.


Адамзат құндылықтарының түрлері мен иерархиясы.


Адамзат құндылықтарының түрлері:



  • рухани;

  • материалды;

  • объективті;

  • субъективті.



Адамзат құндылықтарының иерархиясы



  • жалпыадамзаттық;

  • ұлттық;

  • корпоративті;

  • жеке.



Жалпы адамзаттық рухани құндылықтар



  • махаббат

  • гуманизм

  • парыз

  • әділеттілік

  • еркіндік,

  • күш көрсетпеу

  • бейбітшілік

  • өмір

  • еңбек,

  • этика

  • білім

  • мәдениет

  • теңдік

  • бауырластық

  • үндестік

  • әдемілік


Құндылық мәселесі туралы философиялық тұжырымдар


Адамзат тарихында құндылықтар жөнінде түрлі көзқарастар қалыптасып,
өз заманының қажетілігі мен сұранысына сай ерекшеленіп отырған.



Философиялық мектеп немесе философ

Құндылық туралы философиялық тұжырым

1

Буддизм

Құндылық бұл - төрт ақиқат, сегіздік жол, үш асыл.

2

Конфуций

Құндылық бұл – парыз, ол адамның «өзіне қаламағанды өзгеге тілемеуі».

3

Даосизм

Құндылық – бұл әлемдік үйлесімділік пен табиғи жарасымдылықты ұстану.

4

Индуизм

Құндылық бұл – тіршілікке, рух иелері ретінде қатынас

5

Софистер

«Адам барлық заттардың өлшемі ретінде» құндылық болып табылады.

6

Платон

Ардақты құндылықтар бұл – абсолюттік, игілік, адалдық

7

Аристотель

Құндылық бұл – адам парасаты мен әдептілігінің – игілік ұғымын нақты айқындай білуі.

8

Натуралистік психологизм

Құндылықтардың шығу көзін адамның биологиялық және психологиялық қажеттіліктермен байланыстыра отырып, құндылықтарды шындықта байқалатын арнайы айғақтар ретінде эмпирикалық негізде бекітті.

9

Аксиологиялық трансцендентализм (жаңакантшылдықтық бадендік мектебі өкілдері Г. Риккерт, В. Виндельбанд, Э. Ласк.),

Құндылық идеалды, трансцендентальды санамен байланысты болғандықтан, ол адам қажеттілігі мен тілегіне тәуелді емес, идеалды әрқашан шындыққа сүйенуі тиіс. Құндылықтар әлемі адамзат рухани өміріңіз маңызды саласы. Құндылықтар жүйесі – адамның объективті нақтылыққа қатынасы, ал құндылықтар әлемі – бұл нақты тәжірибелік іс-әрекеттің әлемі.


Бақылау сұрақтары
1. Құндылық ұғымын қалай түсінесіз?
2. Конфуций бойынша адамгершіліктің алтын қағидасы мен (Конфуций) және И.Канттың бұлжымас императивін салыстырыңыз
3.Этикалық ілімдердің тарихи типтерін атаңыз

Реферат тақырыптары
1. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
2. Құндылықтар теориясының негіздері.
3. Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері.
4. Құндылықтық сана табиғаты.
5. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем.
6. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі.
7. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі.
8. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық.
9. Адам құқығы.
10. Кәсіби этика.
11. Бизнестегі этика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет