Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет36/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   98
Байланысты:
file185

Бақылау сҧрақтары
1. Қазақ хандығының қҧрылуы туралы қандай деректерден білеміз? 
2. ХV-ХVІ ғғ. қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты қандай 
болды? 
3. Қазақ этногенезінің қайнар кҿздерін атаңыз.
4. «Қазақ» этнонимі туралы айтыңыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 2, А., 1998. 
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993. 
3. Ж.О. Артықбаев. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия) 
Астана, 2000. 
4. Ш. Қҧдайбердиев. Қазақ, қырғыз, тҥрік һҽм хандар шежіресі. А., 
1990 
5. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. А., 2008. 
6. М.Б. Мҧхамедов, Б. Сырымбетҧлы. Қазақстан тарихы. А., 2007. 
7. Мҧхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. А., 1999.
 
 
Дәріс 6. XVII ғасырдағы Қазақ хандығы 
 
Дәрістің мақсаты – 
ХVІІ ғ. Қазақ хандығының саяси тарихы мен 
дҽстҥрлі қазақ қоғамының ҽлеуметтік қҧрылысының ерекшеліктерін 
ашып кҿрсету. 
Тҥйінді сӛздер – 
Қасқа жол мен ескі жол, жоңғар, жҥздер, ақсҥйектер, 
қара сҥйектер, тҿлеңгіттер, адат, шариғат. 
ХVІІ ғасырдағы Қазақ хандығы.
ХVІІ ғ. Қазақстандағы ішкі саяси 
ҿмір тҧрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған 
сайын бҿлшектене тҥсті, феодалдық ала ауыздықтар кҥшейді. 
Оңтҥстікте іс жҥзінде екі хан бекіді. Тҽуекелдің мирасқоры Есім хан 
Тҥркістан қаласын ҿзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жҽлім 
сҧлтанның (шыққан тегі белгісіз) ҧлы Тҧрсын-Мҧхаммед ҿзін тҽуелсіз 
ханмын деп жариялады. 1627 жылы Есім хан ойраттарға қарсы жорыққа 
аттанғанда Тҧрсын хан бар ҽскерімен Тҥркістанды жаулайды. Қарусыз 
халықты қырғынға ҧшыратып Есім ханның балаларын тҧтқындап 
Ташкентке ҽкетеді. Сол жылы Ташкент тҿңірегінде қазақ хандары – Есім 
мен Тҧрсынның шайқасы болды. Бірақ Тҧрсын ханды ҿзінің жақтастары 
тҧтқындап Есімнің қолына береді. Осыдан кейін Бҧхара ханы Есім 
сҧлтанға Ташкентті, Тҥркістанды билеу тізгінін тапсыру туралы грамота 
берді. Есім хан 1628 жылы қайтыс болды. Есім ханның тҧсында «Есім 
ханның ескі жолы» деп аталатын заң ел аузында сақталған. Ол 
деректерге қарағанда Есім хан хандық қҧрған кезде «Қасым ханның 
қасқа жолына» қосылған жаңалық – «Хан болсын, ханға лайық заң 


56 
болсын; Би болсын, би тҥсетін ҥй болсын; Батыр болсын, жорық жолы 
мақҧл болсын, абыз сайлау парыз болсын» деген ережелер екен. Бҧл 
Қазақ хандығы қҧрылысының саяси, ҽкімшілік, ҽскери, рухани жҽне сот 
істері жҿніндегі негізгі заң сипатындағы тҿрт тҧғыр екені анық.
Жоғарғы заң шығарушы билік 
Мәслихат
болды. Оның қҧрамына 
қазақ қауымдарының барлық ҿкілдері мен ең ықпалды сҧлтандар кірді. 
Мҽслихат жылына бір рет кҥзде Ҧлытауда, Тҥркістанда немесе 
Ташкенттің тҥбінде шақырылды. ХVІІ ғасырдың басында қазақ 
қоғамында қауымдық қҧрылыммен бірге генеалогиялық (шығу тегі) 
туыстығы арқылы адамдардың ҽртҥрлі иерархиялық ҧйымдасқан 
ҽлеуметтік топтарға бірігуі тҥріндегі тармақты рулық-тайпалық 
ҧйымдары ҿмір сҥрді. 
Олар жүздер
деп аталды. 
Жүз – 
тарихи 
шаруашылық жҽне географиялық аймақ, белгілі рулық топтың 
территориясы. Жҥз - бҿлік, тарап мағынасын білдіреді. Жҥздердің 
қҧрылуының негізіне жекелеген рулар мен тайпалардың тайпалық 
одақтарға бірігуі жатыр. Ҥш жҥз географиялық орны мен климатымен 
ерекшеленеді. 
Ұлы жүздің
территориясы Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстан. 
Рулары: ҥйсін, қаңлы, дулат, албан, жалайыр, ошақты, суан, сіргелі, 
ысты тайпалары кірді. 
Орта жүздің
территориясы Орталық, Солтҥстік, Шығыс 
Қазақстан. Рулары: қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ. 
Кіші жүздің
территориясы Батыс Қазақстан. Рулары: негізгі ҥш ру 
бірлестігі: 
жеті ру
– табын, тама, жағалбайлы, кердері, керейт, телеу, 
рамадан; ҽлімҧлы – қаракесек, шҿмекей, кете, тҿртқара, қарасақал, 
шекті; байҧлы – адай, алшын-жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, 
таз, есентемір, ысық, шеркеш, тана, қызылқҧрт. Тарихи деректерде ҥш 
жҥз жҥйесі Хақназар хан тҧсында бекітілді деп айтуға толық негіз бар. 
Халық арасындағы аңыздарда ҥш жҥздің пайда болуын Алаша ханның 
атымен байланыстырады. Сондықтан «Алаш» деген атау-ертедегі тҥрік 
тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккенін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет