Қазақстан тарихы оқулық


 0 . 2 . 1 9 9 1 - 2 0 0 2 ж ж . Қ а з а қ с т а н н ы ң с а я с и д а м у ы



Pdf көрінісі
бет56/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

1 0 . 2 . 1 9 9 1 - 2 0 0 2 ж ж . Қ а з а қ с т а н н ы ң с а я с и д а м у ы
2 7 3


Мемлекеттік әнүранның музыкасына кезінде композиторлар 
Мүқан 
Төлебаевтың, 
Евгений 
Брусиловский 
мен 
Латиф 
Хамидидің жазған нүсқасы қайта алынды. Әнүран созінің 
авторлары Мүзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Түманбай 
Молдағалиев 
және 
Жадыра 
Дәрібаева болып 
табылады. 
Әнүранның мәтіні 1992 жылы 4 желтоқсанда қабылданды. Ол 
үш шумақтан және бір қайырмадан түрады. Бірінші шумақта 
Қазақстанның тарихи өткен жолы, екіншісінде оның қазіргісі, ал 
үшіншісінде 
болашағы 
туралы 
айтылған, 
ал 
қайырмасы 
Қазақстан халықтарының бірлігіне үндейді.
1993 
жылы 28 қаңтарда 
республиканың Жоғарғы Кеңесі 
тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады, ол 
қүқықтық 
мемлекетті 
қүрудың 
іргетасы 
болып, 
оның 
мемлекеттігінің 
кепілдігінің 
қалыптасуын, 
тәуелсіздікті. 
экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресті 
қамтамасыз етуді қамтиды. Бүл Конституцияға сәйкес Қазақстан 
Республикасы 
демократиялық, 
зайырлы 
және 
унитарлык 
мемлекет болды. Ол өзінің барлық азаматтарына тең қүқықты 
қамтамасыз етті. Онда аумағының түтастығы, бөлінбейтіндігі мен 
қол 
сүғылмайтындығы 
атап 
көрсетілді. 
Қазақстан
Республикасындағы 
мемлекеттік басқару билігі оның бөліну 
принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі 
болып биліктің үш бүтағына бөлінді, мемлекеттік биліктің 
бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы болып табылады.
1990 жылы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
өкілеттігі 1995 жылы аяқталу керек еді. Бірақ, 1993 жылдың 
аяғында республикадағы саяси өмір күрт өзгеріске үшырады. 
1993 жылы қарашада Алатау аудандық кеңесінің халық 
депутаттары өзін-өзі тарату туралы бүрын болып көрмеген 
шешім қабылдады. Аудандық кеңестің депутаттары Жоғарғы 
және жергілікті 
Кеңестерді 
озін-озі таратуға шақырды. 

желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы халы к 
депутаттарының жергілікті Кеңесінің окілеттігін мерзімінен 
бүрын тоқтату туралы заң қабылдады. Жоғарғы Кеңестің 360 
депутатының 200-і өз окілеттіктерін мерзімінен бүрын тоқтатты. 
10 желтоқсанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республика- 
сының жергілікті окілетті және атқару (әкімшілік) органдары 
туралы Заңды күшіне енгізді.
Мәслихаттарды жергілікті халық бес жылға сайлайтын болды. 
ал облыс әкімшілігі басшыларын (әкімдерді) Президент тағайын-
2 7 4


дады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Кодексі қабыл- 
данды, 
соған сәйкес парламентке сайлаудың 
жаңа (мажо- 
ритарлы) жүйесі 117 депутат қүрамында үсынылды, олар бес 
жыл мерзімге сайланды. 
1994 жылы 7 наурызда республика 
парламентінің сайлауы өтті. Бірақ, ол бірқатар жерде бүзушы- 
лықпен өткізілді. Тіркеуден өтпей қалған парламент депутат- 
тығына 
кандидаттың 
бірі 
Т.Г.Квятковская 
Қазақстан 
Конституциялық сотына Абылайхан сайлау округінде сайлауда 
Кодексті бүзушылық туралы Орталық сайлау комиссиясының 
үстінен талап-арыз берді. Үзаққа созылған сот талқылауынан 
кейін Қазақстан 
Республикасының Конституция-лық соты 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутаттары-ның 
окілеттігін заңсыз деп танып, парламент таратылды.
1994 жылы 19 сәуірден бастап республикада заңды сайланған 
Жоғарғы Кеңестің болмауы және жаңа парламент сайлағанға 
дейін 
«Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті 
әкімшілік басшыларына қосымша окілеттілікті уақытша беру 
туралы» Заң негізінде Президентке заңдылық күші бар шешімдер 
қабылдауға және озге де өкілеттіктер берілді. Республика 
Президенті экономиканы, әлеуметтік мәселелерді реттейтін 
бірқатар жарлықтарға қол қойды. 1995 жылы 29 сәуірде 
Президенттің өкілеттігін 2000 жылға дейін созу туралы 
референдум өткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге, 
дауыс беру қүқығы бар азаматтардың 91% қатысып, олардың 
95% өкілеттікті үзартуды жактайтын-дықтарын білдірді.
1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция жобасы туралы 
республикалық 
референдум 
болды, 
ресми 
мәліметтер 
бойынша, референдумға дауыс беру қүқығы бар азаматтардың 
90% қатысты. Конституцияны қабылдауды дауыс беруге 
қатысқандардың 89% жақтады. 1995 жылы 6 қыркүйекте 
Президент сарайында жаңа Конституцияны ресми түрде 
жариялау салтанаты өткізілді. Оның ресми мәтіні Орталық 
мемлекеттік мүражайға сақтауға берілді. 30 тамыз мемлекеттік 
мейрам 
Конституция күні болып жарияланды. Жаңа 
Конституцияда идеологиялық және саяси көпқырлы мәселелер 
қамтылды. 
Меншік проблемасы жаңа көзқарас түрғысынан 
қарастырылды, жерге жеке меншік енгізілді. Сонымен қатар, 
Конституцияда мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде
2 7 5


қорғалатындығы танылды. 
7 желтоқсан күні Қазақстанның 
қос палаталы парламентіне сайлау өтті.
1997 жылы қазанда Президент Н.Назарбаев Қазақстанның 
премьер-министрі Ә.Қажыгелдинді қызметінен алу туралы 
Жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан 
Республикасының 
премьер-министрі 
болып, 
Н.Балғымбаев 
тағайындалды. 1997 жылы қазанда Президент 1997 жылдың 10 
желтоқсанынан бастап, Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы 
етіп жариялау туралы Жарлық шығарды. 1998жылы6 мамырда 
Ақмола қаласы Астана болып аталды. 
1998 жылы қазанда 
Қазақстан парламенті 1999 жылы неғүрлым үзақ мерзімге (7 
жыл) Президент сайлауын өткізу туралы ереже енгізді. 1998 
жылы қазанда 
Президент сайлауын 1999 жылы 10 қаңтарда 
өткізу белгіленді. 1999 жылдың қаңтарында сайлау өткізілді. 
Ресми мәліметтер бойынша Э.Ғаббасовқа сайлаушылардың 1%,
С.Әбділдинге 13%, Ғ.Қасымовқа 
4%,
Н.Назарбаевқа 80%-тен 
артық дауыс берілді.
1999 жылдың мамырында 
Қазақстанның 
сайлау туралы 
заңына 
кезекті өзгертулер енгізілді, 
сол арқылы 
сайлау 
жүйесінде елеулі өзгерістер жасалды. Заңда жаңа, аралас сайлау 
жүйесі қарастырылып, 
соған сәйкес, парламенттегі 10 орын 
пропорционалды 
өкілдік негізінде бөлінді, қалған 67 орынға 
депутаттар бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын 
болды. 1999 жылы 10 қазанда республика парламентіне сайлау 
жаңаша, аралас сайлау жүйесімен өткізілді. 1999 жылы қазанда 
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми 
қорытындысын шығарып, соған сәйкес, республикада нағыз 
демократиялық 
сайлау өтті. 1999 жыл күзде 
Н.Балғымбаев 
басқарған үкімет отставкаға кетті. Қ.Тоқаев премьер-министр 
болып тағайындалды. 2000 жылы шілдеде «Қазақстан Республи- 
касының бірінші Президенті туралы» конституциялық Заң 
күшіне енді, бүл Заң оған оның қол сүғылмайтындығын күшей- 
тіп, Президентті отставкаға кеткеннен кейін жауапкершілікке 
тартуға (мемлекетке опасыздық жасағаннан басқа) болмайтынын 
көрсетті.
1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында қазақтардың 
Бірінші 
Бүкіләлемдік қүрылтайы ашылды. 
1992 жылы 
желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы болды. 
1995 
жылы 
24 
наурызда 
Алматыда 
Қазақстан 
халықтары 
Ассамблеясының сессиясы ашылды. Ассамблеяның міндеті
2 7 6


Қазақстанда түратын барлық халықтардың 
республиканың 
саяси, экономикалық және әлеуметтік оміріндегі жаңаша 
үлгілендіруде бірігуін жүзеге асыру болып табылды. 1999 жылы 
Қазақстанда егемендік жағдайында бірінші халық санағы 
откізілді. 1989 жылы болған санаққа қарағанда, халықтың саны 
1246 023 адамға кеміп, 
16 199 154 орнына 14 953 131 адам 
болды. Сонымен қатар осы 10 жылда қазақтардың саны 22,9%- 
ке өсіп, 6 496 858-ден 7 985 039 адамға жеткен, яғни 1 488 181 
адамға көбейген. Ал, олардың жалпы түрғындар арасындағы 
үлес салмағы 40,1 %-тен 53,4%-ке дейін өсті.
2001 жылы Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің 10 
жылдығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында 2001 жылы 16 желтоқсанда 
осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты жиналыста «Жүз 
жылға татитын он жыл» атты баяндамасында 
былай атап 
көрсетті: «Біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ, талай ондаған 
жылдарға татырлық жолдан өттік. Біз еркін тыныстайтын, еңсе 
жазатын күйге көштік. Біздің санамызды, зейін-зердемізді, 
жанарымызды түмшалап келген бірталай көнерген сарқын- 
шықтардан, теріс пайым-үғымдардан арыла алғанымызда да 
күмән жоқ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет