9.10.1946-1964 жылдардағы Қазақстан
Үлы Отан соғысы аяқталған соң
еліміздегі жағдай ауыр
болды. Соғыс жылдары 1710 қала үлгісіндегі елді мекендер мен
70 мың деревнялар мен қоныстар қиратылып, 25 миллион адам
баспанасыз қалды. Соғыста қүрбан болған адамдардың саны
миллиондап саналды, соңғы мәліметтер бойынша, соғыс кезінде
30 миллионнан aeVaM адам қаза тапқан. Көптеген фабрикалар,
зауыттар, шахталар, электр станциялары, мектептер, ауруханалар
қирап қалды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру
кеңес
халқынан бар күшті жүмылдыруды талап етті. Қазақстандықтар
Ленинградты,
Сталинград™,
Брянскіні,
Курскіні,
Орлов
облысын, Мөскеу түбі мен Солтүстік Кавказды және тағы
басқа елдің көптеген аудандарын қалпына келтіру жүмысына
белсене араласты. Тек 1945 жылы Украинаға 500 трактор мен
басқа да ауыл шаруашылығы машиналары, 140 паровоз
жіберіліп,
ауыл шаруашылығының
жүздеген мамандары да
кетті.
Қазақстанның колхоздары неміс
басқыншылығынан
босатылған аудандарға көмек ретінде тегін 17,5 мың ірі қара,
22 мың жылқы, 350 мың қой берді.
Соғыстың
зардаптары
Қазақстанның
экономикасына
ауыртпалықтар өкелді. Халық шаруашылығын бейбіт кезең
ырғағына көшіру барысында партияның нүсқауларына сөйкес
жекелеген салалардың арасалмағы өзгерді.
Өнеркөсіптің
дамуына ерекше көңіл бөлінді: болат прокаттары, цемент, қара
жөне түсті металлургияның
қүрал-жабдықтары өндірілді.
Жүмысшыларды даярлау мен қайта даярлау, жүмысшы күштерін
қайта бөлу жүргізілді. КСРО Қарулы Күштердің өскер қатарынан
босатуына байланысты 104 мың солдаттар мен офицерлер елге
оралды, 1947 жылы 1 қаңтарда бүл көрсеткіш 188,2 мыңадамға
жетті. Өнеркөсіпте 8 сағаттық жүмыс күні қалпына келтірілді,
жүмыс уақытынан тыс жөне демалыс күндері жасалатын
жүмыстар қысқартылды. Жүмысшылар мен қызметкерлерге
ақысы төленетін еңбек демалыстары берілді.
252
1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында
«1946-1950 жылдарга арналған халык шаруашылығын калпына
келтірудің
бесжылдык жоспары туралы Заң» кабылдады.
Бесжылдык жылдары кара жэне түсті металлургия каркынды
дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үш прокаттык
кондырғы мен екі мартен пеші орнатылды, Актөбе ферросплав
зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске косылды. Өскеменде
корғасын-мырыш комбинаты жұмысын бастады. 1947 жылы ол
алгашкы мырышын берді. Балкаш мыс корыту зауытының
куатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасты. Жезказған мыс
корыту комбинатында ірі кешен тұрғызылып, Текелі корғасын-
мырыш комбинатының екінші кезегі косылуға дайындалды.
Караганды көмір бассейні шахталарында көмірді механикалан-
дырылған әдіспен өндіретін «Донбасс» жоғары өнімді 50
комбайны
жұмыс
істеді.
100
кашап-үйгіш
жэне
кашау
машиналары, 40 көмір жэне кендерді тиеу машиналары, 1000 аса
куатты кырғыш конвейерлер іске косылды. 20-шы жылдары
токтатылған ашык әдіспен өндірілетін Екібастұз көмір кені
кайтадан іске косылды. 1945 жылы Екібастұздағы № 1 кешенді -
механикаландырылған көмір кеніші катарға косылды. 1955 жылы
Екібастұз 2 млн. тоннадан астам көмір берді.
Теміржол желілерін салуға мол күрделі каржы бөлінді.
Республиканың Солтүстігінен Оңтүстігіне карай Петропавл-
Көкшетау-Акмола-Қарағанды-Мойынды-Шу Қазакстан көлік
магистраль! салынды, ол Қазакстанның Солтүстік облыстарын
Новосібір аркылы республиканың Оңтүстік облыстары мен Орта
Азияны
жалғастыратын
жолды
кыскартты.
Алматыда
баскарылатын темір жол кұрылысы салынды.
Біркатар мұнай кәсіпшіліктерін, оның ішінде Қаратон жэне
Мұнайлы кен орындарын пайдалануга беру мұнай өндіруді 1950
жылы соғыстан бұрынғы кезеңімен салыстырғанда 52% өсірді.
Қаратау тау-кен химиялык комбинатының, Жамбыл суперфосфат
зауытының бірінші кезегі іске косылды. Қостанай жасанды
талшыктар зауыты алғашкы өнімдерін бере бастады. Караганды
синтетикалык каучук зауытында екі цех іске косылды, Актөбе
химиялык зауыты 1954-1958 жылдар ішінде Республикада 730
өнеркәсіптік кәсіпорындар мен цехтар салынып, пайдалануга
берілді. Жеңіл өнеркәсіптер дами түсті. Семейдегі механикалык
зауыт, Петропавлдағы «Комсомол тігін фабрикасы» өнім бере
бастады. Жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы былгары
2 5 3
зауыттарының қүрылысы аяқталды. 1950 жылдардың бас кезінде
республикада осындай 65 кәсіпорын болды. Мүның өзі
өнеркәсіптің «Б» тобы саласының артта қалғандығын көрсетті.
Республика мақта мен жүннің, тері шикізатының ірі өндіруші
орталығы бола түрса да одақтық мақта-мата өндірісінде (0,1%)
және жүн (1,4%) мата мен тері аяқ киімдері (1,7%) өнімдерін
берудегі үлестік салмағы өте аз болды.
1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда автоматтандырылған
телефон станциясы іске қосылып, бүл жүйе астананы елдің 56
қаласымен байланыстырды. Радио қабылдағыштар мен хабар
беретін нүктелерінің саны 1945 жылмен салыстырғанда екі есе
артты. Өскемен гидроэлектр станциясының, Жезқазған мен
Жамбылдағы жылу электр станцияларын пайдалануға беру,
Караганды, Шымкент және баска жылу электростанцияларын
кеңейту арқасында Республиканың элекр станцияларының қуаты
2,5 есе өсті. Бүқтырма ГЭС-нің қүрылысы басталды. Зырьянов,
Рубцов, Змеиногор энергетикалық аудандары Алтай энергия
жүйесіне біріктіріліп, республика аумағындағы ең қуатты ГЭС
болды. 1960 жылы Қазақстанда электр энергиясы 1945 жылмен
салыстырғанда 10,5 есеге артты.
Соғыстан кейінгі жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін өте
қиын болды. 1949 жылдың басында Қазақстан колхоздарына
әртүрлі үйымдардың 214 млн. сом қарызы, көптеген мал,
техника, 540 мың гектарға жуық заңсыз алынған жер кері
қайтарылды. Әкімшілік басқарма қызметкерлерінің саны едәуір
қысқартылды. Өндірісті нығайту мақсатында үсақ колхоздар
іріленген шаруашылықтарға біріктірілді. Бүл 1945 жылдан 1952
жылга дейін колхоздар санын 3 еседен аса қысқартып, олардың
санын 2047-ге жеткізді. Жалпы мал басы өсті, суармалы жердің
егін алқабы 16% кеңейді. Бірақта бүкіл КСРО-дағы сияқты
республиканың ауыл шаруашылығындағы халықтың азық-
түлікке деген,
өндірістің
шикізатқа деген
сүраныстарын
қанағаттандыра алмады. 1946 жылы Қазақстанда бір колхозға
тиесілі ақшалай кіріс 143 мың сом болса, 1953 жылы бүл
көрсеткіш 170 мың сомға жетті (тиісті жылдардағы баға
бойынша). Сондықтан ауыл түрғындарының орташа еңбекақысы
5 жылдықтың
аягына таман, (1950ж.) 40 сомға өрең жетті.
Колхоздардың 60% бір еңбек
күнге
Ікг астық берсе,
қалғандарының нормалары одан да томен болды. Тіршілік көзінің
бірі жеке қосалқы шаруашылық еді. Колхозшылар осының
2 5 4
есебінен өздерінің сүраныстарын қамтамасыз етті: картоп 88,4%,
көкөніс 73,4%, ет 85,3%, жүмыртқа 95,6%, сүт 97,7%. Ауыл
түрғындары өздерінің қосалқы шаруашылығынан алынған өнімді
сатудың нәтижесінде ақшалай кірістің үштен бірін тапты. 1947
жылы тауарларды бөлудің карточкалық системасы жойылып,
ақша реформасы жасалды.
Қаралып отырған кезеңде білім, ғылым әдебиет саласында
белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. 1947 жылы БК(б)П
Орталық Комитеті және кеңес үкіметі «Қазақ КСР-інде жоғары
және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы
қабылдап, республикада мектептер мен басқа да оқу орындарын
салуға олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға
қосымша қаржы бөлінді, Қазақстанға кәсіби дәрежесі жоғары
кадрлар жіберілді. Ағарту саласына бөлінетін қаржы көбейтілді.
Бүл мақсатқа 1946 жылы 85,6 млн., ал 1950 жылы 146,5 млн. сом
бөлінді. 1953 жылы республиканың мектептері мен интернат-
тарында малшылардың 40 мың баласы оқыды, сонымен қатар
алые мал жайылым учаскелерінде 300 жеті жылдық мектеп
үйымдастырылды. 1950 жылы Қазақстанда 9088 жылпы білім
беретін мектеп жүмыс істесе, онда Імлн. 439 мың оқушы оқыды.
1947 жылы Қазақ оқу-педагогикалық баспасы қүрылды. 1951
жылдан бастап 1958 жылға дейін республикада 11 жаңа жоғары
және 22 орта арнаулы оқу орындары ашылды. 1950-1959 жж.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен техникумдары 63 060
жоғарғы білімді және арнайы орта білімді 132 050 мамандарды
даярлап шығарды.
1946 жылы маусымда КСРО Ғылым академиясының Қазақ
филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы қүрылды.
Академияның бірінші президента болып көрнекті ғалым және
талантты үйымдастырушы Қ.И.Сәтпаев сайланды. 1950 жылдың
аяғына таман ҚазКСР Ғылым академиясының жүйесінде 50
ғылыми-зерттеу мекемелері болды, оның ішінде 19 институт, 13
сектор, 2 мүражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақша мен 8
ғылыми база болды. 1946-1949 жылдары ғылыми зерттеу
мекемелері өндіріске енгізу үшін 900 үсыныстар мен зерттеулер
тапсырылды.
1947 жылы М.Әуезов «Абай» роман-эпопеясының екінші
кітабын
аяқтады,
1949
жылы
оған
КСРО
мемлекеттік
сыйлығының бірінші дәрежесі берілді. Сол кезде С.Мүқановтың
«Сырдария», Ғ.Мүстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтың
2 5 5
«Қазақ солдаты», Ғ.Слановтың «Кең дала», М.Иманжановтың
«Алғашқы айлар» тәрізді, казақ әдебиетінің ірі туындылары
жарық көрді. И.Шухов, Н.Анов, Д.Снегин, К.Хасанов тәрізді
орыс және үйғыр жазушылары өздерінің шығармашылығымен
көзге түсті.
Соғыстан кейінгі жылдары зиялыларға қатысты саяси-қуғын
сүргіннің жаңа кезеңі басталды. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар өте
күрделі
жағдайда
дамыды.
«Звезда»
және
«Ленинград»
журналдары туралы БК(б)П қаулысы (14 тамыз 1946 ж.) оның
одан өрі дамуына көп қиындық келтірді. Аталған қаулы бойынша
Қазақстанның партия комитеттері де өз жүмыстарын жолға
қоюға тиіс болды. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазак
КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының
жүмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы»
арнайы
қаулысымен Е.Ысмайылов, М.Әуезов, Қ.Жүмалиев, С.Мүқанов,
Ә.Марғүлан үлтшылдық пен оны «таратуға» қатысты деп
айыпталды. Ленинград пен Мәскеуде «ленинградтық іс»,
«дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, ал Қазақстанда «Бекмаханов
ісі» пайда болды. Е.Бекмаханов жас та, талантты ғалым болды, ол
соғыс жылдары
А.П.Кучкин, А.Н.Панкратова, Б.Д.Греков,
Н.М.Дружинин және басқа белгілі тарихшылар енген ғалымдар
үжымының қүрамында, 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР
тарихы» еңбегін шығаруға қатысты. 1947 жылы Е.Бекмаханов
«XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясын
дайындады. Ғалымның көзқарасын үлтшыл, буржуазияшыл,
саяси жағынан зиянды, партияның идеологиясына жат деп
айыптады.
1952 жылы 4 желтоқсанда Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып,
тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылы көктемде
Қазақстанға оралды.
Қазақстан әскери-өнеркәсіптік кешенінің басты буынына
айналды. 1949 жылы 23 тамызда Семей полигонында бірінші
ядролық сынақ жасалды. Семей полигонында барлығы 456
ядролық жөне термоядролық жарылыс болып, сынақ жасалған.
Оның 116-сы ашық, яғни, жер бетінде немесе ауада жүргізілген.
Кеңестер Одағы жерасты сынағына арада 14 жыл өткеннен кейін.
яғни 1963 жылдан кейін кірісті. Қазақстандық ғалымдардың
мәліметтері бойынша Семей полигонында атмосферада және жер
бетінде жасалған сынақтардың ядролық зарядының қуаты 1945
жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың
2 5 6
есе артық екен. Атырау және Батыс Қазақстан облысы
шекарасында Азғыр полигоны орналасты. 1965 жылдан бастап
Батыс Қазақстанда, өнеркәсіп қажеттілігіне байланысты 26
жерасты ядролық жарылыс болған. Қазақстан халқының
денсаулығы мен қоршаған ортаға бүл сынақтардың тигізген
залалын созбен жеткізу мүмкін емес.
И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 ж. 5 наурыз) және
Л.П.Берияны биліктен шеттеткен соң, КСР Одағында сүреңсіз
қатал режимдердің бірі аяқталды. КОКП XX съезінде (1956 ж.
ақпан) Сталиннің жеке басқа табыну кезінде қалыптасқан
тәртіпті бүзуда, алғашқы талпыныстар жасалды. И.В.Сталиннің
жеке басы на табынуды айыптау аса маңызды қадам болып
есептелсе де, іс сынаумен және бірнеше лауазым иелерінің жеке
басына табынуды әшкерлеумен шектелді. Әкімшілдік жүйені
біржолата талқандау мүмкін болмады. Түтастай алғанда,
әміршілдік-әкімшілдік жүйе бүрынғыша салтанат қүрды. Тек
арада 33 жыл откеннен кейін «Известия ЦК КПСС» журналы
(1989, №3) Компартия Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
Н.С.Хрущевтің жасаған баяндамасын толық жариялады.
Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық
дамуының арасындағы айырмашылықты жою міндеті түрды.
1953 жылы елде егін алқабы 1950 жылмен салыстырғанда 10,9
млн. гектарға, астық алқабы 9,8 млн. гектарға артты. Дегенмен,
ауыл шаруашылығының даму қарқыны әлі томен болды. ККП
Орталық Комитетінің қыркүйек Пленумы
(1953ж.) ауыл
шаруашылығын одан әрі дамытудың шаралары туралы мәселені
талқылады. Аграрлық секторды дамыту барысында шаруашы-
лықтардың бүрынғы қарыздары есептен шығарылып, салық
мөлшері едәуір төмендетілді. Етке, сүтке' жүнге, картопқа,
көкөніске қатысты сатып алу бағалары көтерілді. Кеңес
өкіметінің басшылары тың және тыңайған жерлерді игеру
идеясын жүзеге асыруды көздеді. Соның есебінен астық
дақылдарын өсіруді үлғайтып, нан тапшылығын жоймақшы
болды.
1954
жылы
16-18
ақпанда
өткен
Қазақстан
Компартиясының ҮІІ съезінде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко, екінші
хатшысы
Л.И. Брежнев
сайланды.
Министрлер
Кеңесі
төрағалығына Д.А.Қонаев тағайындалды.
1954 жылдың 23 ақпан - 2 наурыз аралығында КОКП
Орталық Комитетінің пленумы «Елде астық өндіруді одан әрі
2 5 7
арттыру және тың мен тыңайған жерлерді игеру» туралы мәселе
қарады. 1954 жылы 10 тамызда тың көтеру жоніндегі белгіленген
тапсырма орындалды: 13,4 млн. гектар тың жер жыртылды
немесе жоспар 103,2% орындалды, оның ішінде Қазақстанда бүл
көрсеткіш тиісінше 6,5 млн. гектар яғни 50% қүрады.
Елде ауыл шаруашылығын және оның өндіргіш күштерін
күрт дамыту жөнінде бүкіл халықтық қозғалыс етек алды. Тың
жерлерді игеру жаппай бүқаралық қозғалысқа үласты. Бір жыл
ішінде (1954 жылдың наурызынан 1955 жылдың наурызына
дейін) республиканың тың өлкесінде 337 жаңа астық совхоздары
үйымдастырылды. Бүл шаруашылықтардың қарамағында 17 млн.
гектардан астам жер аумағы болса, оның 10 млн. гектардан
астамы жыртылған жерлер болды. Жаңа астық совхоздары оның
жүмысшылары мен қоныс аударушылары қай жерден келсе,
соның атауымен аталатын болды: «Московский», «Бауманский»,
«Горковский», «Киевский», «Кубанский», «Ленинградский».
«Львовский», «Одесский», «Ростовский» жэне т.б. Жаппай тын
жерді игерудің бірінші кезеңінде (1954-56 жж.) республикаға 640
мыңнан аса адам келді, оның ішінде: 391,5 мың ауыл
шаруашылығының механизаторлары, 50 мың қүрылысшы, 3
мыңдай медицина қызметкерлері, 1,5 мыңға жуық мүғалімдер, 1
мыңнан аса сауда қызметкерлері және т.б. 1954-55 жылдары
бүкіл ел бойынша 29,7 млн. га. тың және тыңайған жерлер
игерілді, оның 18 млн. гектары немесе 60,6% Қазақстанның
үлесіне тиді. Әлемдегі егістік алқабының 90-95% жүмсақ бидай
болса, Қазақстанда өзіндік артықшылығы бар қатты бидай
өсірілді. Оның сорты жоғары, қүрамында белок коп; тек осы
жерде ғана, элем бойынша ірі көлемде осірілді (мысалы,
технологиялық сапасы нашар 100 кг. үннан 91кг. нан пісіріледі.
ал тап осындай мөлшердегі қатты бидай үнынан 115 кг. нан
дайындалады; жүмсақ бидайға 20-30% молшерде араластырылған
күшті бидай сапалы нан пісіруге мүмкіндік береді). Тың жерлерді
игеру нәтижесінде республика тек озінің түтыну қажетін отеп
қана қойған жоқ, сонымен қатар жоғарғы технологиялық
астықты әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алды.
Тың жерлерді игерудің кері әсері де болды. 1961 жылдың
басында республикада 25,5 млн. гектар тың жерлер жыртылды.
Бүл КСРО бойынша жаңадан игерілген жерлердің 61% қүрайды.
Жерді
оңды-солды
жыртудың
салдарынан
Павлодар
облысындағы үшпа топырақты жерлерде қүм борандары
2 5 8
басталды, 60 жылдардың басында барлық тың аудандарының
жерінде топырақтың бүліну процесі (дефляция) жүрді. 1960
жылы Солтүстік Қазақстанда жер эрозиясына 9 млн. гектар
егістік
алқап
үшырады.
Бүл,
Францияның
бүкіл
ауыл
шаруашылығы алып жатқан жер көлемімен тең.
Қазақстан картасында бүл жылдары 15 жаңа қала және 86
қалалық типтегі поселкалар пайда болды. Тың аудандарындағы
халықтың саны РКФСР, Украина, Белоруссия, Молдавия
республикаларынан көшіп келгендерінің есебінен 61%-ке ості.
1954 жылдан 1962 жылға дейін тың игеруге Қазақстанға 2 млн.
адам қоныс аударды. Сонымен қатар, бүл жылдары өнеркәсіпке,
қүрылысқа,
көлікке
жүмысшы
күшін
тарту
акциялары
үйымдастырылып, 1954-65 жылдары Қазақстанға 0,5 млн. адам
келді. 1962 жылдары қазақтар республика халқының үштен
біріне жетер-жетпес болып, небәрі 29% қүрады, ал 1897 жылы
олар 85% болып еді. Осындай жағдайлардың нәтижесінде қазақ
тілінің аясы тарылып, 700 мектеп қазақ тілінен орыс тіліне
кошірілді, сөйтіп қазақ тіліне, әлеуметтік мәдени дамуымызға,
жалпы қазақ этносының өмірлік жүйесіне кауіп төнді. 1962 жылы
Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның Солтүстік облыстары
Тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп
аталды.
Қазақстан әуелгі бастан мал шаруашылығын дамытуға
қолайлы аудан болып табылады. КОКП Орталық Комитетінің
қаңтар пленумы (1955ж.) ауыл шаруашылығының осы бір
маңызды саласын дамыту жөнінде мәселе қарады. Қабылданған
шешімдер нәтижесінде 47 далалық аудандар мен 225 совхоздар
жергілікті мал өсіруге шүғыл түрде ауыстырылды.
1950
жылдардың аяғында Қазақстанда 36,4 млн. мал басы болды.
Сонымен, 1953-64 жылдары «хрущевтік кезең» бір жағынан
өзінің демократияландыруға деген талпынысымен ерекшеленді.
«Жеке басқа табынумен және оның салдарын жою» туралы
арнайы
қаулы
шаруашылықтағы
экономикалық
әдістерді
оңтайлы
қолдануға
жағдай
жасады.
Бүл
еңбекшілердің
экономикалық мүддесін барынша ескеруге арнапды. Ал екінші
жағынан - жаңа алға қойған
саяси
шешімдер жүзеге
асырылмады. Экономиканы экстенсивті дамыту республиканы
тек шикізат көзі ретінде пайдалануға әкеп соқтырды. Республика
аумагында жаңа өнеркәсіп алыптары салынғанымен олардың
әлеуметтік базасын дамытуға және экологиялық тепе-теңдікті
259
сақтауға мән берілмеді. 1958 жылы Теміртау қаласында ірі
әлеуметтік наразылық болды.
Достарыңызбен бөлісу: |