Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Тәуке хан тұсындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз (1680-1715 жж.). «Жеті жарғы» заңдар жинағы



бет12/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

Тәуке хан тұсындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз (1680-1715 жж.). «Жеті жарғы» заңдар жинағы.

Тәуке хан тұсында қазақтардың саны миллионға жетіп,саяси жағдайы жақсарады. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті.

20. ХVIII ғ. 1-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын сипаттаңыз. «Ақтабан шұбырынды». 1726 жылғы мәслихаттың тарихи маңызы. Аңырақай шайқасы.
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.

Аңырақай шайқасы – қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға негіз болған қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші соғыстардың бірі. 1726 жылы Ордабасыдағы үш жүз өкілдерінің құрылтайы жауға бірлесіп соққы беруді ұйымдастыру жөнінде өте ұтымды шешім қабылдады. Бұл жиын тамыздың аяққы күндерінде өтті. Сонда Қанжығалы Бөгенбайдың «Қашанға дейін тазы ит соңынан қалмаған қоян сияқты боламыз» деп намысқа шапқан сөзі жеке ерлігімен көзге түскен, кең далада есімдері аңызға айналған жаужүрек батырларға терең ой салды. Құрылтайда жоңғарлардың әскери өнерімен жете таныс 36 жастағы Мұхаммедқазы баһадүр Әбілхайыр дара сардар ретінде бірауыздан сайланды.

21. XVI ғ. соңы – XVIII ғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарына талдау жасаңыз. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуы: алғышарттары, барысы, салдары.
Қазақ-орыс қатынастарының ертеден келе жатқан тарихы бар. Ресей, Қазан Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғрарлармен және азиялық хандықтарымен XVIII ғасырдың басында Ресей империясы оңтүстікке шығатын жерлерді іздеуге Ресей дипломатиясы қазақ-орыс қатынастарының жандануына жағдай жасады. Ресей тарапынан XVIII ғасырдың 20-жылдарында казақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады.
1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезі Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет