Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Диірменнің ұнтақтау бөліміне жіберілген астықтың сапасы



Pdf көрінісі
бет10/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Диірменнің ұнтақтау бөліміне жіберілген астықтың сапасы 
Тазалау жəне дайындау жүйелері астықтың сапасын жақсартуға 
тиіс. Ұнтақтау бөлімінің бірінші жармалау жүйесіне түсетін дəнге 
қойылатын талаптар: 
- Ылғалдылығы олардың технологиялық қасиеттеріне қарай, 
бидай үшін 15,0-16,5%, қара бидай үшін 13,5-15,0% болуы керек; 
- Барлық қоспалардың мөлшері 0,4%-дан, оның ішінде адамның 
ден саулығына зияндылары 0,05%-дан аспауы керек, құм, тас болмауы 
керек; 
- Дəнді қоспалардың мөлшері 4%-дан аспауы керек;
- Сұрыпты ұн тартуға арналған бидай сағызының мөлшері 25%-
дан, жай ұн тартуға бидайдікі 20%-дан кем болмауы керек. 
Ұнтақтау жайында түсініктеме
Диірмендерде дəнді ұнтақтау үшін білікті станоктар қолданылады. 
Ол екі бөлімнен тұрады. Əр бөлімінде біріне-бірі қарама-қарсы
əртүрлі жылдамдықпен айналып тұратын цилиндрлік біліктер 
орналасқан. Цилиндрдің үстінде оның ұзын бойына арнаулы станок-
пен тістер жасалған. Ол тістердің бір жағы жайпақ, екінші жағы өткір 
бұрыштардан тұрады. Бұл екеуінің арасынан өткірлік бұрыш шығады. 
Екі білік біріне-бірі қарсы бағытта айналғанда олардың тістері бірімен-
бірі өткір тістері немесе жайдақ бұрыштары арқылы айқасады да, дəнді 
үгітеді. Білік тістерінің кесіндісі жəне бір-біріне байланысты орналасу-
ын төмендегі суреттерден (1.4-1.5 суреттер) көруге болады.


20
Білікті станоктар жұмысын: 
- шеңбер бойындағы 1 см-гі тістердің саны – 
п
- біліктердің айналу жылдамдықтары: жылдам айналатын 
біліктің айналу жылдамдығы – 
V
ж, 
ақырын айналатын біліктің 
жылдамдығы – 
V
а
 ;
- Дифференциалы – екі біліктің айналу жылдамдықтарының 
арақатынасы – 
К=1 – 2,5
- Осы жылдамдықтардың айырмашылығы – 
V
0
= V
ж
- V
а 
арқылы 
бағалайды. 
Көбіне жылдам айналатын біліктің жылдамдығы 6 м/сек-ке тең 
болуы керек.
Егер ұнтақтау кезінде дəннен жəне оның бөлшектерінен ірі 
қиыршықтар алу керек болса, оны жармалау дейді де, жармалай-
тын білікті елегімен бірге жармалау жүйесі деп атайды. Бірімен-бірі 
жалғаса орналасқан бірнеше жүйені – жармалау жүйесі деп атайды. 
Жармалау жүйелерін – І ж.ж, ІІ ж.ж, ІІІ ж.ж., т.б. яғни рим сандары-
мен белгілейді. Егер жармалау жүйесінен алынған қиыршықтарды 
1.4-сурет. Білік 
тістерінің пішіні 
ос – өткір бет; сп 
– жайпақ бет; п – 
басмармақ; α – өткір 
бұрыш; β – жайпақ 
бұрыш; γ – сүйір 
бұрыш.
1.5-сурет. Білік 
тістерінің бір-біріне 
қатысты орналасуы: 
1 - «өткір өткірімен»; 
2 - «жайпақ өткірмен»; 
3 - «өткір жайпақпен»; 
4 - «жайпақ жайпақпен».


21
ұнтақтап ұнға айналдыру мақсаты қойылса, оны ұнтақтау жүйесі 
деп атайды. Оның құрамына бірнеше (2-12) жүйе кіреді. Ұнтақтау 
жүйелерін – І ұ.ж, 2ұ.ж, 3ұ.ж. т.б., яғни араб сандарымен белгілейді. 
Ұн жүйесінің құрамына білік станогымен қатар, ұнтақталған 
бөлшектерді сұрыптайтын елеуіш тобы (рассевы) кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет