Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет7/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Араластырудың əдістері
Жеке-дара қоймалардан араластыратын астықты транспортер 
лентасына құю кезінде есептелген пайыз бойынша жібереді.
Арнаулы қоймаға жіберу кезінде астықтың көлемін диірменнің 
бір тəуліктік жұмысын қамтамасыз ететін мөлшерде дайындайды.
Астықты диірменнің тазалау бөліміндегі ылғалдандырудан 
кейінгі арнаулы қораптардан шығуы кезінде де араластыруға бола-


13
ды. Бұл əдіс, бірақ жақсы нəтиже береді. Өйткені əртүрлі дəндерді 
қасиеттеріне қарай дайындап алып, содан соң араластырады.
Ақаулы дəндерді пайдалану
Ақаулы дəнді ұн тартуға пайдалану өте күрделі. Оларды сапасы 
төмен болса, оны сағызының мөлшері жоғары дəнмен қосып, сапа-
сы тұрақты астық партиясын құрастырады. Егер көлемдік өлшемі 
төмен болса, ондай дəнді көлемдік өлшемі жоғары дəнмен қосады, 
ал сары ала қоңызбен зақымданған дəн болса, оны сағызының са-
пасы жоғары дəнмен қосып пайдаланады. Піспей үсікке шалынған 
жəне көктей орып-жиналған астық ұсақ болып, қабыршықтары 
үгітіліп тұрады да күлділігі өте жоғары болады. Сондықтан олар-
ды ірі, толық пісіп-жетілген дəнмен қосып тартады, тіпті болмаса 
құрама жем жасауға пайдаланады.
Бидай мен қара бидайды жай ұн тартуға дайындау 
технологиясының жүйесі
Жай ұн тарту тəсілі бойынша жай ұнды диірменге түскен 
дəнді, барлық құрамын бірдей ұнтақтау арқылы алады. Бидайды 
ұнтақтағанда 1%, қара бидайды ұнтақтағанда 2% қабыршықтары 
бөлініп шығады. Қазіргі уақытта дəнді жай ұнға тартуда қауыздағыш 
машинасын пайдаланып, 1,5%-дан 3,0%-ға дейін қабыршықтарын 
бөліп шығарып жүр.
Дəнді жай ұнға тарту тəсілінің технологиялық сызбасы бойынша 
элеватордан диірменге жіберілген дəн арнаулы тазаланбаған дəнді 
сақтайтын қоймаға түседі (1.1-сурет). Оған дəн таразыда өлшеніп 
тəулігіне бір рет шнек арқылы түсіріледі, яғни тазалауға баратын 
дəннің мөлшері анықталады. Бұл сызбаны істелетін жұмысқа қарай 
үшке бөлуге болады:
- Бірінші бөлімде астықты, електі, желдеткішті, магнитті сепара-
торды, триерлерді, қырғылау машиналарын пайдаланып тазалайды;
- Екінші бөлімде – дəнді буландырып немесе сулап тазалап
ылғалдандырып, арнаулы қорап-қамбаға бірнеше сағат бойы салып 
қояды;
- Үшінші бөлімде, дəннің сыртын құрғақтай қайтадан қырғылау 
машинасында, қалған қоспаларын електе жəне магниттік сепаратор-
да тазалайды.
Дəнді құрғақтай қырғылау машинасында тазалау кезінде оның 
сыртындағы шаңы жəне қабыршықтарының аздап қырылып кетуіне 
байланысты, оның күлділігі 0,07%-ға кемиді.
Қара бидайдың өзіне тəн физикалық-химиялық қасиеттеріне, 


14
химиялық құрамына қарай, жоғарыда көрсетілген жүйелерге мына-
дай өзгерістер енгізіледі:
- Желді-електі сепаратордың дəнді қабылдау елегінің дөңгелек 
саңылауларының өлшемі – 14,0-16,0 мм, ал №1 төменгі електің 
ұзынша саңылауларының өлшемі 14х20 мм, 15,0х20 мм, №2 
сепаратордың саңылауларының өлшемі 13х20 мм болуы керек
қара сұлыны бөліп шығаратын триердің саңылауларының өлшемі 
9-11мм; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет