19
Дəнді жармалау кезінде оның қабыршықтары аз уатылуы
үшін бірінші жармалау жүйесінің алдында оны 0,3-0,5%-ға дейін
ылғалдап, 15-30 минут арнаулы қорапқа салып қояды.
Дайындаудың соңғы үшінші бөлімінде дəннің сыртын құрғақтай
қырғылау жəне щеткалы машиналармен, ал қалып қойған қоспалар
мен шаңды АІ-БСШ-20 жəне БПС сепараторларында тазалайды.
Дəнді тазалағанда ол бірнеше рет магниттен өтеді. Магнитті ап-
параттар жуғыштың, қырғылау жабдығының (обойканың), щет-
калы машиналардың алдына жəне астықты тазалап болған соң
ұнтақтауға жіберудің алдарында орналастырылады. Ең соңында
дəнді қораптардан кейін мөлшерлегіш арқылы өлшеп жібереді.
Сызбаның басында дəнді ауа райы суық кезде арнайы
жылытқышты қолданып, 15-20
0
С-қа дейін жылытады.
Ұн тартуға жіберілетін астықтың мөлшерін анықтау үшін
технологиялық сызбаның басында жəне дайындаудың аяғында авто-
матты таразылар қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: