Ұнтақталған заттарды жүйелеу. Дəнді ұнтақтау кезінде
мөлшері əртүрлі бөлшектер пайда болады. Оларды ірілігіне қарай
2-кестеде көрсетілгендей топтарға бөледі.
1.6-суретте ұнтақталған дəнді бөлудің тəсілі, сызбасы көрсетіл-
ген. Сызба бойынша І ж.ж. ұнтақталған дəн елеуішке түседі.
Елеуіштің 1,8 сымтемір елегінен 1-сырғымалы заттарды алады. Ол
ІІ ірі жармалау жүйесіне жіберіледі (ж.ж.) 1,8 сым електен өтіп,
екінші (1,0) төрт сым електен сырғып түскен заттар ІІ уақ жарма-
лау жүйесіне жіберіледі; (1,0) сым електен өткен заттар (17) төрт
капрон елекке түседі. Оның саңылауынан өткен, құрамында уақ
жарма, жармашық жəне ұн бар заттар келесі елеуішке, одан əрі (1)
сұрыптау жүйесіне түседі; (17) елек қорабынан сырғып түсіп, (13)
елекке түскен заттар екіге бөлінеді: сырғып түскені – ірі жарма –
елекпен жəне желмен тазалайтын (1) машинаға түседі, саңылауынан
өткені-орташа жарма (2) желдеткіші бар елек машинасына түседі. (1)
елеуіш-сұрыптауыштың төменгі (25) капрон елегінен сырғып түскен
– уақ жарма желмен, елекпен тазалайтын (7) машинаға түседі, ал (25)
капронды електің тесігінен өткені – жармашық (дунст) 3 ұнтақтау
жүйесіне жіберіледі; (46-49) капрон електен өткендері – ұнды
тексеретін елеуішке жіберіледі. Көрсетілген сызбада ұнтақталған
заттарды екі сатылы əдіспен айыру тəсілі келтірілген.
1.2-кесте.Ұнтақталған бөлшектерді ірілігіне қарай топтау
Заттар
Електің нөмірі
Бөлшектің
ірілігі, мм
Сым-
темірі
Жібек Капрон
Жармалық
Ұндық
Сырғымалы
заттар
1
-
-
7
1,15-тен
жоғары
Жармалар: ірі
1/056
71/120
-
7/12
0,56-1,15
Орташа 056/04
120/160
-
12/17
0,43-0,63
Майда 04/-
160/200
-
17/23
0,32-0,45
Жармашық
(дунсты): қатты
-
200/260
25/29
23/29
0,25-0,32
Жұмсақ -
260/-
29/38
29/43
0,16-0,25
Ұн:
Жоғары сұрып
-
-
38 – 55
43 – 64
0,14-0,16
22
Бірінші сұрып
-
-
-
-
0,14 – 0,18
Екінші сұрып
-
-
-
-
0,16-0,20
Қиыршық ұн
(крупчатка)
-
-
-
-
0,25-0,32
Бұл əдіс көпшілік диірмендерде кең таралған. Үлкен диірмендерде,
əсіресе қатты бидайды макарон ұнына тартқанда, үш сатылы айы-
ру тəсілін қолданады, ал кіші диірмендерде
оларды бір елеуіште ғана айырады.