Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет8/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.1-сурет. Дəнді жай ұн алуға дайындаудың технологиялық сызбасы:
1 – тазаланған дəннің қорабы; 2 – мөлшерлегіш; 3 – араластырғыш; 
4 – автоматтық таразылар; 5 – желді електі сепараторлар; 6 – магниттік се-
параторлар; 7 – тас бөлгіш машина; 8 – қарамықша бөлгіш машина; 9 – қара 
сұлыны тазалағыш машина; 10 – қырғылау машинасы; 11 – ылғалдаушы 
машина; 12 – ылғалданған дəнді салатын қорап; 13 – білік (вал) станогы.
- Қарғылау машинасының ұрғышының жылдамдығы бидай 
үшін 13-14м/с болса, қара бидай үшін 15-18м/с дейін көтереді;
- Қара бидайды 14,5-15,0%-ға, ал бидайды 15,5-16,0%-ға дейін 
ылғалдау керек.


15
Дайындау бөлімінде түскен барлық жарамсыз заттарды 
тексеріп, оның ішіндегі бағалы дəндерді бөліп алу керек. Егер 
сызбада АI-ЗШН-З машинасын қолданса, жұмысын жақсарту 
үшін оның алдына магнит қойып, арнаулы қорап орналастыра-
ды. Машинадан кейін шыққан қабыршақтарды аспиратор арқылы 
желдетіп бөліп тазалайды.
1.3. Қара бидайды сұрыпты ұн тартуға дайындаудың 
технологиялық жүйесі
Қара бидайдан үш түрлі ұн шығарады:
1. Бір сұрып еленген ұн;
2. Бір сұрып ұнтақталған кебексіз ұн;
3. Екі сұрып – еленген жəне ұнтақталған кебексіз ұн.
Қара бидайды ұн тартуға дайындаудың жаңа сызбаларында АI-
ЗШН-З машинасы кең қолданылады. Қара бидайды сұрыпты ұн 
тартуға дайындағанда оны тек қана суық суды қолданып бір рет 
ылғалдайды да арнаулы қорапқа біраз уақыт салып қояды.
1.2-суретте қара бидайдан ұнтақталған кебексіз ұн тартудың 
технологиялық сызбасы көрсетілген. Сызбада АI-ЗШН-З машинасы 
қолданылған. Бұл сызба бойынша дəнді қауыздаудың алдында сепа-
раторларды, тас бөлгіш машиналарды қолданады. Қауыздаушы АI-
ЗШН-З машинасы жақсы жұмыс істеу үшін, оған дəн бірқалыпты 
түсуі керек. Сондықтан оның алдына арнаулы қорап қойылған. 
Тегінде ұнтақтауға құрғақ дəн түсу керек, бірақ кейбір диірмендерде 
дəнді қауыздаудан бұрын 0,5-1,0%-ға дейін ылғалдап, 1,5-2,0 сағат 
сақтап қойып, тек содан кейін ғана ұнтақтап жүр. Мұндай дəннің 
ұрықтық жəне тұқымдық қабыршақтары қауыздағанда жеңіл айыры-
латыны дəлелденген. Ондай ылғалдауды екі сұрыпты ұн тартқанда 
қолданған жөн. Қауыздалған дəн сепараторға немесе аспираторға 
түседі де, одан кейін суық сумен ылғалданады. Тазалауға түсетін 
жəне одан шығатын дəннің мөлшерін тексеріп отыру үшін, астық 
тазалайтын машинаның алдына жəне одан кейін өз бетімен жұмыс 
істейтін таразылар қойылған. Магнитті аппаратты əр сепаратордан 
кейін, ал дайындаудың соңында, АI-ЗШН-З машинасының алдына 
орналастырады.
Дəнді АI-ЗШН-З машинасымен қауыздағанда оның күлділігі 
төмендейді, түрі жақсарады, ұнтақтауға жұмсалатын электр 
қуаты азаяды. Ол машинада дəннің ұрықтық жəне тұқымдық 


16
қабыршықтары 4%-ға дейін қауыздалып кететін болғандықтан, ол 
оңай ұнтақталады, сондықтан технологиялық жүйелер қысқарады.
Қара бидайды жай ұн тартуға дайындағанда 3,5-5,0% 
қабыршықтары бөлініп алынуы қажет.
Қара бидайды екі сұрып – еленген жəне ұнтақталған ұн тартуға 
дайындаудың технологиялық сызбасының жоғарыда көрсетілген 
сызбадан айырмашылығы жоқ, тек дəнді ұнтақтайтын машинаға 
түсердің алдында екінші рет 0,3-0,4%-ға дейін ылғалдайды да, 15-20 
минут бойы арнаулы қорапқа салып қояды.
Егер дайындау сызбасында қауыздаушы АI-ЗШН-З машинасы 
болмаса, онда дəнді екі рет ылғалдап, қырғылау машинасынан өткізу 
керек. Онда астықты қорапқа салып сақтаудың мерзімі қауыздалған 
дəн үшін 3-4 сағатқа, қауыздалмаған дəн үшін 6 сағатқа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет