11
қасиетті толықтырушы. Бұл көрсеткіштерді əртүрлі
сападағы бидай
партияларынан стандартқа сəйкес алғанда қолдануға болады.
1.2. Астықты тазалау жəне ұн тартуға дайындау тəсілдерінің
технологиялық жүйелері
Дəнді тазалау жəне ұн тартуға дайындау – ұн шығарудағы
технологиялық жүйелердің ең маңызды сатыларының бірі. Бұл
дəннен бөтен қоспаларды бөліп алып, тазаланған дəндердің
технологиялық қасиеттерін керек жаққа қарай өзгертіп, дəннің са-
пасын тұрақты бір межеде ұстаудың негізі. Бұған сапасы əртүрлі
астықтарды оны бөтен заттардан тазарту, дəннің
сыртын тазалау,
оны ылғалдап (булап) технологиялық қасиеттерін өзгерту, тазалау
кезінде алынған бөтен қосындылардың сапасын тексеру жұмыстары
жатады.
«Ереже» бойынша ұн тартуға дайындалған бидай мен қара
бидайдың сапасы мына талаптарға сай болуы керек:
- Шөп-шалаң қоспалардың мөлшері 0,4%-ға дейін,
оның ішінде
қарамықша – 0,1%, зиянды қоспалар – 0,05%, оның ішінде укекіре
мен қоянбеде – 0,04%-ға дейін болуы (гелиотроптың тұқымы жəне
триходесма құм-тас қоспалары жоқ);
- Бидайдың ішіндегі дəнді қоспалар – арпа, қара бидай дəндері
жəне өнген дəндер-4%, оның ішінде өнген дəннің саны - 3%-ға дейін
ғана болуы;
- Қара бидайдың ішіндегі басқа дəнді қоспалар – арпа жəне
өнген арпа мен қара бидайдың дəндері – 4%-ға дейін, оның ішінде
өнген дəндердің саны – 3%-дан аспауы;
- Наубайханалық ұн тартуға арналған бидайдың ылғалдылығы,
шынылығына қарай 15-16%, макарондық
ұн тартуға арналған қатты
бидай мен шынылығы жоғары жұмсақ бидайдың ылғалдылығы
16,0-16,5%, сұрыпты ұн тартуға арналған қара бидайдікі 13,5-15,0%,
жай ұн тартуға арналған бидай мен қара бидайдың ылғалдылығын,
ылғалдылығы тұрақты жай ұнның сапасына қарай қояды.
Достарыңызбен бөлісу: