Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет3/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.1-кесте. Бидайға жəне қара бидайға қойылған негізгі (тұрақты) талап 
көрсеткіштері (% есебімен)
Көрсеткіштер
Бидай
Қара бидай
Ылғалдылығы 14,5
14,5
Дəннің күлділігі
1,97
1,97
Шөп-шалаң қоспалары
1,0
1,0
Оның ішінде: тас-балшық
0,1
0,1
Зиянды қоспалар
0,1
0,1
Дəнді қоспалар
1,0
1,0
Көлемдік өлшемі, г/л
750
700
Ұнның, кебектің жəне қосалқы өнімдердің шығымын есептеген-
де осы тұрақты көрсеткіштегі астықтан алынатын ұнның, кебектің 
жəне қосалқы өнімдердің мөлшерін үйлестіру арқылы не қосып
не кемітіп есептеп табады. Астықты қабылдағанда да осы негізгі 
(тұрақты) көрсеткіштерді пайдаланып есеп қайырады.
Дəннің ұн тартуға əсер ететін көрсеткіштері
Төменде берілген бұл көрсеткіштер дəнді ұнтақтап, ұнға ай-
налдыру кезінде ұнның шығымы мен сапасына, электр қуатының 
шығынына үлкен əсер етеді. 
Дəннің шынылығы. Бидай мен қара бидайдың эндоспермінің 
құрамы дəннің құрылысына едəуір əсер етеді. Ал дəннің құрылысы 
өз кезегінде ұн тартуға дайындауда, ұнның түсіміне көп əсер етеді. 
Эндоспермнің құрамына байланысты бидай дəні шынылығына 
қарай үш топқа бөлінеді:
Шынылығы 60%-дан жоғары,
40%-дан 60%-ға дейін,
40%-дан төмен астық партиялары.
 Бірінші топқа жататын дəндер салыстырмалы түрде қаттылау 
болады да, оны ұстау үшін көп қуат жұмсалады, одан ұнтақтау 
жүйесінде көп жəне сапасы жоғары жарма алынады. Ал шынылығы 
үшінші топқа жататын дəндер жұмсақ болғандықтан, жеңіл 
ұнтақталады, электр қуаты аз жұмсалады, ұнның шығымы өседі. 
Астықты ұн тартуға дайындау кезінде шынылығы əртүрлі астық 
партияларын араластырып, шынылығы орташа 50-60% қоспадан ұн 
тартылатын партиялар дайындайды. 
Дəннің ірілігі жəне біркелкілігі. Ұсақ дəнге қарағанда ірі дəнде 


9
ақуыздың мөлшері көптеу, сапасы жоғарылау болады. Ұсақ дəнмен 
салыстырғанда ірі дəннің күлділігі төмендеу, эндоспермінің көлемі 
үлкен болады. Ұнтақтау кезінде ірі дəннен жоғары сапалы көп жар-
ма алынады. Ірілігі бойынша біркелкі дəндерді тазалау жəне ұн 
тартуға дайындау, ұнтақтау едəуір жеңіл болады. Сонымен қатар 
олар диірменнен жақсы өтеді.
Салмағы жоғары бидай мен қара бидайдың дəндері ірі, толық, 
біркелкі, эндосперм мөлшері үлкен болады. Ондай дəндерден 
ұнтақтау кезінде көп мөлшерде жоғары сапалы ұн алынады. 
Сондықтан бұл көрсеткішті шығымды есептеп анықтау үшін 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет