Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет220/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   375
Жайып, кесіп қалыптау. Кейбір кəмпит массаларында 25% тең 
жоғары май болады. Оған жаңғақты кəмпит массасы жатады. Оны-
мен қатар марципанды, сүтті, қанты, қант-помадаларын, грильяжды 
массалар да жатады. Оларды жылтыр немесе қырлы-қырлы біліктің 
жаймалау қондырғыларын қолданып жаймалайды. Жаймаланған 
заттар жыртылып кетпеу үшін, біліктерге оралып қалмау үшін оған 
тиісті тетіктер-клеенка төселген т.б. тетіктер орнатылған. Бетіне жа-
быспау үшін қант, какао ұнтақтары себіліп, біліктердің арасынан 
өткен кəмпит масса жайылып, салқындатқыш камерада суып, таспа 
түрінде кесіліп шығады.
Престеп (сығымдап) қалыптау. Майлылығы жоғары жаңғақ
шоколад, марципан жəне сүт-помада массалары престеп сығымдалып 
қалыптанады. Ол үшін ШФК агрегаты қолданылады.
Онда негізінде жаңғақ батончиктерін т.б. кəмпит корпуста-
ры шығарылады. Агрегат шнекті пресстен, транспортерден, 
кесетін машинадан тұрады. Пралинді (жаңғақты) кəмпит массала-
ры қалыптануы 30-38
о
С температурасында жүреді. Қалыпталған 
кəмпиттердің қатаю (суу) ұзақтығы 7-8 минут.
Кəмпит масса қабылдау шұңқырға түсіп, тігінен орнатылған шнек 
арқылы престейтін шнекке жіберіледі. Престелген масса транспор-
тер арқылы 3-5
о
С-тағы тоңазытқышқа түседі, қатаяды, содан соң 
оны көлденеңінен кеседі. Ол сым кескіштері арқылы орындалады.
Кəмпитті орау, қаптау жəне сақтау
Шоколадпен, маймен глазурленген, глазурленбеген т.б. кəмпит 
сорттарын орап шығарады. Ол үшін жарлық, парафинделген қағаз
целлофан, фольга т.б. соған жарамды материалдарды пайдаланады. 
Олар кəмпиттің сыртқы түсін жақсартып, ылғалданудан, былғанудан 
(ыластанудан) сақтайды. Оралған қағаздың екі шетін бұрап немесе 
басқалай бүктеп бекітеді. Бұл жұмыстарды орайтын машина (авто-
маттар) орындайды.


362
Кəмпиттерді əр түрлі сыйымдылықты қораптарға салып, қап-
тайды.
Сақтайтын қойма таза, құрғақ болу керек, температурасы 18
о
С-тан, 
салыстырмалы ылғалдылығы 75%- дан жоғары болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет