522
Қондырғыға түсетін ашымық жылытқышта 80-85
0
С дейін
қыздырылады жəне ашымық тізбегінің жоғарғы тəрелкесіне
жеткізіледі, оның астына жылыту буы беріледі. Ашымық тізбегінен
көтерілетін су-спирт буы
ашымық жылытқышы мен ашымық
тізбегінің тоңазытқышында конденсаттанады жəне күштілігі 45-50
% көл. ашымық дистиляты түрінде эпюрациялық тізбекке енгізіледі.
Эпюрациялық тізбектің төменгі бөлігіндегі тəрелкелерге ашымық
дистилятынан жылыту буының ағынымен аса жоғары ұшқыш
қасиетіне ие негізгі қоспалары шығарылады. Эпюрациялық тізбектің
жоғарғы бөлігінде будың төмен ағып түсетін флегмасымен түйісуі
арқасында негізгі қоспалардың қоюлануы жүреді. Эпюрациялық
тізбектің конденсаторы арқылы үздіксіз
шығарылатын фракция
негізгі немесе
эфиральдегидтік деп аталады. Бұл колоннаның
төменгі бөлігінен күштілігі 45-50 % көл.
эпюрат спирті шығады
11.6-сурет. Үш колонналы ашымықты ректификациялау қондырғысының
сызбасы
: (А –жетілген ашымық; Б – барда; В – су; Л – лютер суы,
П – жылыту буы; РС - ректификацияланған спирт; СС – сивуш спирті;
СФ – сивуш фракциясы; ЭАФ – эфиральдегид фракциясы)
523
жəне алғашқы екеуі сияқты астынан бумен жылытылатын спирт
тізбегіне жіберіледі.
Спирт тізбегінің төменгі (айдау)
бөлігінде, құрамында шығаруы
қиын артқы қоспалары (сірке қышқылы, күрделі эфирлер) бар, төменге
лютер су түрінде ағатын сұйықтық фазасынан спиртті шығару жүзеге
асырылады. Тізбектің жоғарғы жағында спирт булары белгіленген
күштілігіне дейін қоюланады. Спирт тізбегінен шығатын будың негізгі
массасы дефлегматорда конденсаттанады жəне флегма түрінде тізбекті
суарады. Салқындатылған соң будың аздаған бөлігі, құрамында басқы
жəне соңғы қоспалары бар
пастерленбеген спиртке айналады жəне
эпюрациялық тізбектің жоғарғы бөлігіне қайтады.
Спирт тізбегінде аралық қосындылары орта бөлігінде
жинақталады жəне екі өнім – бу тəрізді
сивуш фракциясы мен сұйық
сивушты спирті ретінде шығарылады.
Мақсатты өнім – күштілігі 96,2-96,5% көл. ректификат спирті
сұйықтық түрінде жоғарғы колоннадан бастап санағанда 3-шіден 10-
шы тəрелкеге дейін іріктеп алынады. Одан əрі спирт 15-20
0
С дейін
салқындатылады жəне бақылау снаряды арқылы спирт қабылдауыш
бөлімшесіне түседі.
Спирттің сапасын артыру үшін жəне оны шығару көлемін көбейту
үшін ашымықты ректификациялау қондырғыларын қосымша:
түпкілікті тазарту, сивуш жəне айдау тізбектерімен жабдықталады.
Өндірілген этанолдың саны 20
0
С
температурасында сусыз спирт-
ке қайта есептегенде декалитрмен есептеледі. Спирт көлемін шұғыл
есепке арналған бақылау снарядтарының немесе арнайы өлшеуіш
көмегімен анықтайды. Бұл спирттің көлемі мен күштілігін біле оты-
рып, сусыз спирттің саны есептеледі жəне оны 20
0
С температураға
дейін жеткізіледі. Спиртті сыйымдылығы 100-4000 м
3
жабық
темір
резервуарларында (қоймаларында) сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: