Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Арақ-ликер өнімдерін құю жəне безендіру



Pdf көрінісі
бет326/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   375
12.4. Арақ-ликер өнімдерін құю жəне безендіру
Құны қымбат арақ-ликер өнімдері көлемі бойынша шөлмекке 
нақты берілген мөлшерде құйылады. Газдалған сусындар (сыра, 
35–298


538
минерал сулары, алкогольсіз газдалған сусындар) деңгейі бойынша 
(биіктігі бойынша белгіленген деңгейге дейін) құйылады. Бұл сусын-
дар артық қысымда болады жəне оларды қысым астында, қысымның 
еш ауытқусыз (изобаралық) құяды. Шөлмекте (бөшкеде) изобаралық 
қысым жасау үшін бірінші сусынның қысымына тең келетін қысым 
жасайды, содан соң ыдысты толтырады. 
Толтырылған шөлмектер тығындау аппараттарына беріледі, 
олардың конструкциядағы айырмашылығы мен қолдану принциптері 
сан алуан тығындау материалдарға байланысты келеді. 
Одан кейін шөлмектер бракераж автоматында тексеріледі, онда 
нашар жуылған, жарылған жəне тығындалмағандарын іріктеп алып 
тастайды. Бұдан əрі шөлмектер этикетка аппаратына барып түседі, 
онда шөлмектің цилиндрлі бөлігіне этикеткалар тағылады. Кейбір 
жағдайларда шөлмектің мойнына екінші жіңішке этикеткасы (ко-
льеретка) жабыстырылады, онда бабына келтіру мерзімі жəне т.б. 
көрсетіледі.
Шөлмектерді жəшіктерге жинайды жəне дайын өнім қоймасына 
тапсырады. 
Бақылау сұрақтары:
1. Арақ-ликер өнімдері өндірісінде қандай шикізат түрлері 
қолданылады?
2. Арақ-ликер өнімдерінің өндірісінде қолданылатын суға қандай 
талап қойылады?
3. Сұрыптама деген не?
4. Арақ шығару өндірісі қандай технологиялық кезеңдерден 
тұрады?
5. Арақ-ликер өнімдерін дайындау үшін қандай шикізатты пай-
даланады?
6. Арақ-ликер өнімдерін дайындау үшін қандай жартылай фабри-
каттарды пайдаланады?
7. Сусындарды құю автоматтандырылған желісінде қандай негізгі 
операция түрлері жүргізіледі?


539


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет