Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ауыз су жəне минералды су өндірісі. Ассортименті



Pdf көрінісі
бет342/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

14.4. Ауыз су жəне минералды су өндірісі. Ассортименті
жіктелуі жəне технологиясы
Тірі жəне өлі табиғатта жүретін түрлі үдерістер мен 
құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде 
судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде жер 
бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, 
өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. 


567
Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат 
жəне энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген үдерістер тек 
сулы ортада ғана жүре алады. 
Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Адам 
шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық 
үдерістері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға 
нəрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды 
өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Судың тағы бір қасиеті 
–жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, 
мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы 
əртүрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті 
өзгереді. Дəм жəне иіс пайда болады,жылынады. Жер шарының 
кейбір аудандарында құрамында химиялық компоненттер мен газ-
дар мол кездесетін емдеуге қолданылатын шипалы сулар бар. Осын-
дай жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды 
минералды сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері 
оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды судың 1 л 
2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы əртүрлі 
сырқаттардан айығуға жəрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар 
дейміз. 
Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи су-
лар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген 
теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау үдерістері нəтижесінде 
босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын 
жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір 
қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын 
тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек 
болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, 
гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажы-
ратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен 
арнаулы биологиялық əсері бар құраушылар (CO
2
, H
2
S, AsS, т.б.) 
мөлшеріне қарай анықталады. 
Минералды сулар құрамындағы минералды қосындылардың 
мөлшеріне қарай былай бөлінеді:
1) 2 г/л-ден төмен болғанда – əлсіз;
2) 2 – 5 г/л-де – аз;
3) 5 – 15 г/л-де – орташа;
4) 15 – 35 г/л-ден жоғары болғанда – минералды;
5) 35 – 50 г/л-де – тұзды;


568
6) 50 г/л-ден астам болғанда – күшті тұзды сулар болып сана-
лады.
Минералды 7 – 8 г/л-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын əр 
мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. 
Аниондары мен катиондарының шамасына сəйкес минералды су-
лар хлоридті, гидрокарбонатты, сульфатты, натрийлі, кальцийлі, 
магнийлі болып бөлінеді. Ал газ бен арнаулы элементтеріне қарай 
көмірқышқылды, сульфидті, азотты, бромды, йодты, темірлі, 
күшəлалы, кремнийлі, радиоактивті (радонды) болып ажыратылады.
Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге 
қарсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан 
тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт пен ішті тазалауға 
көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе-бауырдың 
қызметін жақсартады. Бромды сулар орталық жүйке тамыр қызметін 
қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі 
темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына ми-
нералды сулардағы кобальт, никель, күшəла да пайдалы. Сондай-ақ 
көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, 
жүрекке əл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревма-
тизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем.
Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы жəне жазық 
аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам 
алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне 
гидрогеологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, 70%-дан астамы 
(көбінесе Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс аудандарда) пайдаланы-
луда. Мысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мер-
ке”, т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.
Минералды сулар газ тəрізді өнімдері бар (көмірқышқыл газы, 
күкіртсутек, т.б.) минералды тұздардың əртүрлі ерітіндісі. Минерал-
ды сулар алыну əдісіне қарай табиғи жəне жасанды болып бөлінеді. 
Табиғи минералды сулар табиғи жер асты минералды бұлақтардан 
алынады. Табиғи минералды сулар шартты түрде асханалық жəне 
емдік минералды сулар болып бөлінеді. Асханалық минералды су-
лар шөл қандырады. Ассортименті: Нарзан, Боржоми, т.б. Емдік 
минералды сулар дəрігер тағайындалуымен қолданылады. Оларға 
Ессентуки N4, Ессентуки N17, т.б.жатады.
Жасанды минералды суларды тұздарды ауыз суға натрий, магний, 
кальций тұздарын ерітіп көмірқышқыл газымен қанықтыру арқылы 
алады. Оларға Содовая, Сельтерская жатады.


569
Минералды сулар тек емдік мақсатта ғана емес қазіргі уақытта 
асханалық сусын ретінде жиі қолданылып жүр. Минералды сулар 
адам организіміне 3 түрлі əсер етеді :
• нервті рефректілі əсер етуші. Яғни, сусын өңеш асқазанмен 
тікелей жанасып, судың дəмі мен температурасына сəйкес, дəм сезу 
рецептураларын тітіркендіріп, нерв жолдары арқылы миға ақпарат 
береді.
• ішкі қабатпен жанасу əсері .Минералды сулар асқазандағы 
шырышты қабатындағы тамырларды кеңейтіп, асқазан сөлі көп 
мөлшерде бөлінеді. Əлсіз минералды сусындар асқазанда біршама 
ұзақ болып, ас ішекте тез сіңіріледі. Азқазан ішек жолына түскен 
кезде, олар ортан өзгеріске ұшыратып, нəтижесінде асқорыту үдерісі 
тездетіледі. Сондықтан əртүрлі ауру түрлерін емдеуде минерал-
ды сулардың емдік тиімділіген жоғарылату үшін оларды қолдану 
əдістерін қатаң сақтау қажет.Емдік минералды сулар нейтрал немесе 
сілтілік ортаға ие, рН 6,8 – 8,5 аралығында.
• емдік сулардың жалпы əсері. Ішек арқылы қанға жəне 
клетка аралық, клеткаішілік ортаға минералды сулар емес, оның 
құрамындағы жекеленген элементтер келіп түседі. Мысалы: Na, K, 
I, Br иондары тез, ал Ca, Mg иондары баяу сіңіріледі. 
Жер бетіне шығу температурасына байланысты минералды сулар 
мына түрлерге бөлінеді:
• өте суық – температурасы 0°- 4°С
• суық – температурасы 0°- 20°С-қа дейін
• жылы – температурасы 20° - 35°С аралығында
• ыстық – температурасы 35° - 42°С аралығында
• өте ыстық – температурасы 42°С-тан жоғары
Табиғи минералды суларда Менделеев таблицасының барлық 
элементтері болады. Олардың маңызды көрсеткіш – олардағы 
минералдану дəрежесі. Химиялық элементтер минерал суларда 
əртүрлі неорганикалық формада кездеседі, мысалы: ион түрінде, 
молекула, коллоидты жəне кешенді қосылыс түрінде кездеседі. 
Минералды сулар өзінің емдік қасиетін ұзақ уақыт сақтаған, 
санитарлық күйі таза, органолептикалық көрсеткіші жоғары, 
əрекеттегі нормативті-техникалық құжатқа сай болуы керек. Ең 
маңызды технологиялық үдеріс – минералды суларды құю кезінде 
олардың көміртек диоксидімен толық қанығу дəрежесіне жəне та-
лап етілетін микробиологиялық көрсеткішіне үлкен көңіл бөлінеді. 
Сондықтан қондырғылар мен ыдыстарды жуу, дезинфекция-
37–298


570
лау сияқты технологиялық үдерістері маңызды операциялар бо-
лып табылады. Зауыттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету 
үшін минералды сулардың қажетті қорын əртүрлі құрылғыларда 
жəне сыйымдылықтарда резервуарларда сақтайды. Резервуарлар-
ды зауыттың ішінде немесе минералды су шығатын скважинаның 
жанына тікелей орналастырады. Минералды сулар химиялық 
құрамын тұрақты сақтайтын, бактериялды залалдануын болдыр-
майтын жағдайда сақталуы қажет. Суларды ашық резервуарларда 
сақтау кезінде: мысалы, 24°С температурада 6 сағаттан соң судағы 
көмірқышқыл газының мөлшері 12% -ға азаяды, ал 12 сағаттан 
кейін 19%, 24 сағаттан кейін 40%-ға азаяды. Минералды сулардың 
химиялық құрамын тұрақты болып қалуында көмірқышқыл газының 
атқаратын рөлі маңызды болғандықтан, оның жоғалуын болдыр-
мас үшін суларды жабық резеруарларда сақтаған дұрыс. Мұндай 
жағдайда олар екі тəулікке дейін сақталады. Көмірқышқыл газы 
қосылмаған минералды сулар екінші рет бактериалды залалданбас 
үшін жабық резервуарларда сақталады. Көптеген минералды сулар-
ды көмірқышқылгазымен қанықтыру үшін алдын-ала 4-10°С-қа дейін 
салқындатады жəне оларды лайлануды болдырмас үшін суларды құю 
алдында өте ұсақ бөлшектерден ажырату мақсатында сүзеді. Толық 
сүзілу үшін ұсақ саңылаулы керамика жəне Т маркалы сүзгіш картон 
қолданады. Минералды сулардағы бактериалды залалдану дəрежесін 
төмендету үшін оларды арнайы өңдеуден өткізеді. Минералды сулар 
айдау, тасымалдау, сақтау, өңдеу жəне бөтелкеге құю кезінде бакте-
риалды ластануы мүмкін. Сулардың бактериалды тазалық дəрежесі 
коллититр шамасымен анықталады. Бөтелкеге құйылатын сулардың 
коллититрі 300-ден кем болмауы керек. Ал коллититрі 500-ден 
жоғары сулар заласыздандыруға жарамайды. Залалсыздандырудың 
мақсаты – олардағы патогенді микроорганизмдерді толығымен жою. 
Ол үшін мынадай өңдеу əдістері қолданылады:
1. реагентсіз əдіс. Бұл əдіс минералды сулар арқылы өткізілетін 
ультракүлгін сəулелердің бактерицидтік əсеріне негізделген. 
Ультракүлгін сəуленің 225-320 нанометр ұзындығы бактерицидтік 
болып саналады. Сəулелендіру арқылы залалдану тиімділігі бірқатар 
факторларға, яғни микроорганизмдердің ерекшелігіне немесе түріне, 
судың залалдану дəрежесіне, сəуленің қарқындылығына жəне ми-
нералды судың оларды сіңіру қабілетіне байланысты. Реагентсіз 
əдіс минералды судың органолептикалық көрсеткішін өзгеріске 
ұшыратпайды.


571
2. реагентті əдіс – минералды суларды күмістендіру арқылы 
залалсыздандыруға негізделген. Бактерицидтік тиімділік жағынан 
күміс антибиотиктер, хлор жəне құрамындағы хлоры бар заттардан 
жоғары тұрады. Күміспен өнделген сулар толық залалсыздану үшін 
белгілі бір уақыт жəне күмістің белгілі бір мөлшері қажет. Мыса-
лы, суға қосылған 0,2 мг/л күміс мөлшері 2 тəуліктен соң жақсы 
бактерицидтік тұрақтылыққа ие. Өндірістік жағдайда көбінесе 0,75 
% күміс сульфаты ерітіндісі қолданылады.
Минералды сулардың газды құрамына қарамай оларды құю 
алдында міндетті түрде көмірқышқыл газымен қанықтырады. 
Өйткені көмірқышқыл газы олардың химиялық құрамын сақтауға, 
микроорганизмның тіршілігін тежеуге, ұзақ мерзім сақталуына 
көмектеседі. Көмірқышқыл газы суда негізінде молекула күйінде 
- СО
2
түрінде кездеседі. Ал шамамен 1% күкіртті қышқыл (Н
2
SO
3

түрінде болады. Бұл суға əлсіз қышқыл қасиет береді. Суды 
көмірқышқыл газымен қанықтыру əртүрлі төменгі температура-
да құрылыстағы сатураторларда жүргізіледі. Бөтелкеге құйылған 
емдік минералды сулардағы көмірқышқыл газдарының концентра-
циясы 0,15-0,20% болады. Ал емдік асханалық сулардағы олардың 
мөлшері 0,30%-дан кем болмауы керек. Минералды суларды құю 
үшін МЕМСТ талаптарына сай жаңа жəне бұрын қолданыста болған 
бөтелкелер қолданылады. Құю алдында оларды іріктейді, жуады 
(жаңаларын бір рет, қолданғандарды екі рет). Жуу үшін каустикалық 
сода жəне синтетикалық жуу құралдары қолданылады. Бөтелкенің 
жуу сапасын жарық астында көзбен көру арқылы тексереді.
Минералды су құйылған бөтелкелерді тығындармен жабады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет