Жүзім шырыны Жеміс шырындарының ішінде натурал жүзім шырының адамның
тамақтануында жəне консервіленген өнім өндірісіндегі алатын орны
ерекше. Жүзім шырынын өндіру технологиясы басқа натурал шы-
рын өндірісінен ерекшеленеді, сондықтан оған жеке нормативті-
техникалық құжат жасалған.
Натурал жүзім шырынын балғын жүзім жидегінен немсе жарты-
лай фабрикат-шырыннан дайындайды. Жүзім жидегінде 80% дейін
су болады, одан басқа табиғи қанттар, пектиндер, ақуыз, органикалық
қышқылдар, көмірсулар, сондай-ақ майлар, эфир майлар, дубильді
жəне бояғыш заттары бар. Қара жəне қызыл жүзімдердің сүйектері
мен қабығында табиғи күшті антиоксиданттар бар. Оның əсері мен
пайдалылығы Е витаминінен он есеге дейін асып түседі. Қабынуға
қарсы қасиетіне байланысты жүзім рак ауруына қарсы күшті ем бо-
лып табылады.
Шырын алынатын жүзім сорттарына: мускат, кабермен, алиготе,
рислинг жəне т.б. жатады. маркалы жəне жоғарғы сортты шырын
алу үшін қолданылатын жүзімдегі құрғақ зат мөлшері 14,2-16,2%-
дан кем болмауы керек. Жүзім шырынын өндірудің технологиялық
сызбасы 14.7-суретте көрсетілген.