Республика бойынша
83263
60129
23134
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша
72-сурет – Облыстар бөлінісінде ҰБТ-2015 орташа балл
2015 жылғы ҰБТ Қызылорда облысының орташа балы +7,5 балға өскен
(2014 жылы – 74,2 балл). Соңғы екі жылда Атырау обысында төмен нәтиже
байқалады (2014 – 62,2; 2015 – 61,1 балл). Ақмола (2014 – 80,2; 2015 – 78,24),
153
Қостанай (2014 – 79,9; 2015 – 78,79) және Солтүстік Қазақстан (2014 – 77,9;
2015 – 77,78) облыстары былтырғы жылғы көрсеткіштерін сақтай алмады.
Тестілеудің оқыту тіліне байланысты нәтижелерінің айырмашылығы 1,21
балды құрады, яғни қазақ тілінде білім алатын түлектер орташа 79,09 балл
жинаса, орыс тілінде оқыған оқушылар 80,3 балл жинаған.
Алматы (94,14) және Астана (87,7), Батыс Қазақстан (83,47), Ақтөбе
(82,92), Шығыс Қазақстан (82,18), Павлодар (81,73), Қызылорда (81,71)
облыстарының қазақ тілінде білім алған мектеп бітірушілері республикалық
орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті. Мемлекеттік тілде білім алған
түлектердің ішінде орташа ең төмен балл жинағандар атырау облысының
түлектері (59,63). Орыс тілінде оқыған жеті аймақтың мектеп түлектері орташа
көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті: Алматы (89,99), Астана (85,44)
қалалары, Батыс Қазақстан (83,99), Ақтөбе (81,89), Қызылорда (81,68),
Қарағанды (81,6), Қостанай (80,49). Ең төмен ортана нәтиже көрсеткен Атырау
облысы түлектері (65,11).
ҰБТ тапсырғын мектеп бітірушілерді қала және ауыл мектептері
тұрғысынан қарастырсақ, бірыңғай тестілеуге 42522 қалалық және 40741
ауылдық түлектер қатысқан. Қалалық мектеп бітірушілердің нәтижелері
ауылдық құрбыларына қарағанда жоғары (83,02 және сәйкесінше 75,67 балл
(47-кесте).
47-кесте – Қала/ауыл бөлінісінде жоғары нәтиже көрсеткен аймақтар
Қала
Ауыл
№
Аймақтар
Орташа балл
Аймақтар
Орташа балл
1
Алматы қ.
92,1
БҚО
81,82
2
Астана қ.
86,69
Қызылорда
81,65
3
ШҚО
86,47
ШҚО
79,68
4
Жамбыл
85,29
Ақтөбе
78,89
5
Ақтөбе
85,25
ОҚО
75,93
6
Қостанай
84,71
Павлодар
75,56
7
ОҚО
83,1
СҚО
75,80
Республика бойынша
83,02
75,67
8
Қарағанды
82,86
Ақмола
75,49
9
Павлодар
82,24
Алматы
75,22
10
Қызылорда
81,78
Жамбыл
75,06
11
СҚО
81,18
Маңғыстау
74,69
12
Ақмола
80,91
Қарағанды
71,7
13
ШҚО
80,62
Қостанай
73,02
14
Алматы
79,67
Атырау
73,02
15
Маңғыстау
76,64
16
Атырау
63,40
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша
ҰБТ тапсырған мемлекеттік тілде білім алушылардың саны – 26241
оқушы, орыс тілді түлектердің саны – 16281, яғни қазақ тілінде оқығандардың
саны 9960 оқушыға артық. Қазақ тілінде (83,3) оқыған қалалық мектеп
бітірушілердің балдық орташа көрсеткіштері орыс тілінде (82,58) білім
154
алғандарға қарағанда 0,72 балға жоғары (73-сурет).
Қазақ тілінде оқыған қалалық оқушылардың ішінде ең жоғары көрсеткіш
Алматы (94,14) және Астана (87,7) қалалары, Батыс Қазақстан (86,47), Ақтөбе
(85,69), Жамбыл (84,98), Павлодар (84,9), Шығыс Қазақстан (84,49)
облыстарының мектеп бітірушілері көрсетті, яғни бұл аймақтардың нәтижесі
республикалық қалалық көрсеткіштен (83,3) жоғары болды.
Алматы қаласы (89,99), Жамбыл (86,04), Батыс Қазақстан (85,87)
облыстары, Астана қаласы (85,44), Қостанай (84,66), Ақтөбе (84,04), Қарағанды
(83,57), Оңтүстік Қазақстан (83,08) облыстарының орыс тілінде оқитын
қалалық оқушыларының нәтижесі республикалық қалалық көрсеткіштен (82,58)
жоғары болды.
Ең төмен орташа балдық нәтижені Атырау облысының орыс тілді (67,3)
және қазақ тілді (60,84) түлектері көрсетті.
Ең жоғары балл мен төмен балдың арасындағы айырмашылық қазақ тілді
қалалық мектептерде 33,3 балл болса, орыс тілді қалалық мектептерде 22,69
балды құрайды.
73-сурет – Оқыту тіліне байланысты орташа көрсеткіш (қала мектептері)
Ауылдық жерде білім алған түлектердің жалпы саны – 40741, олардың
33888-і қазақ тілінде және 6853-і орыс тілінде оқыды, яғни мемлекеттік тілде
оқыған оқушыладың саны орыс тілді мектеп бітірушілерден 27035 оқушыға
артық. Алайда, қазақ тілінде (75,83) оқыған оқушылардың орташа балдық
көрсеткіші орыс тілді (74,87) құрбыларына қарағанда 0,96 балға жоғары (74-
сурет).
155
74-сурет – Оқыту тіліне байланысты орташа көрсеткіш (ауылдық мектептер)
Елді мекендердің қазақ тілінде оқыған түлектерінен республикалық
(ауылдық) көрсеткіштен жоғары нәтижені еліміздің жеті аймағы көрсетті:
Батыс Қазақстан (81,9), Қызылорда (81,51), Шығыс Қазақстан (80,22), Ақтөбе
(79,37), Павлодар (78,33), Ақмола (76,34), Оңтүстік Қазақстан (76,13). Ең төмен
нәтижені Атырау облысының (58,86) түлектері көрсетті. Жоғары көрсеткіш пен
төмен нәтиженің арасындағы айырмашылық 23,11 балды құрады.
Үміткерлердің жалпы санынан «Алтын белгі» белгісін растаған мектеп
бітірушілердің үлесі 44,5%-ға дейін өсті (2014 жылы – 42,2%). Бес пәннен
жинауға болатын ең жақсы нәтижені – 125 балды 5 түлек алды (2014 жылы – 4
түлек).
Еліміздің жеті аймағының орыс тілінде білім алатын мектептерінің
түлектері орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті: Қызылорда (84,22),
Батыс Қазақстан (81,48), Шығыс Қазақстан (77,6), Алматы (76,47), Ақтөбе
(76,17), Солтүстік Қазақстан (75,89), Қостанай (75,72).
Ең төмен нәтижені Атырау облысының түлектері көрсетті (58,3). Жоғары
көрсеткіш пен төмен нәтиженің арасындағы айырмашылық 25,92 балды
құрайды.
Республика бойынша 14467 мектеп түлегі 100-ден артық балл жинаған,
яғни барлық мектеп бітірушінің 17,38%-ы. Олардың 10491-і қазақ тілінде және
3676-сы орыс тілінде оқитын түлектер (75-сурет).
13654 түлек немесе ҰБТ қатысқан барлық мектеп бітірушілердің 16,4%-ы
90-100 балдың аралығында жинаған.
0-49 балдың аралығында немесе межелік деңгейді өтпегендер саны – 6843
түлекті құрады немесе барлық тест тапсырушылардың 8,22%-ы, олардың 5319-
ы қазақ тілінде және 1524-і орыс тілінде білім алушылар.
156
75-сурет – 2015 ж. ҰБТ алынған балл бойынша түлектердің бөлінісі
ҰБТ тапсырылатын міндетті пәндер: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан
тарихы және математика.
«Қазақ тілі» пәнінен тестілеуге мемлекеттік тілде оқитын мектептердің
60129 түлегі қатысты, 2014 жылы 61654 мектеп бітіруші қатысқан болатын,
яғни ағымдағы жылы 1525 оқушыға кем. Республика бойынша орташа балл
18,33-ті құрады, бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,54балға
жоғары (2014 жылы – 17,79).
Еліміздің тоғыз аймағында тестілеудің нәтижесі республикалық деңгейден
жоғары нәтижені көрсетті: Алматы қаласы (20,64), Батыс Қазақстан (19,86),
Қызылорда (19,55), Астана қаласы (19,27), Павлодар (18,98), Ақтөбе (18,94),
Қарағанды (18,74), Солтүстік Қазақстан (18,60), Шығыс Қазақстан (18,45).
Соңғы екі жылдың нәтижесі бойынша Алматы қаласы, Батыс Қазақстан
облыстарының мектеп түлектері алдыңғы орында келеді.
Республика бойынша ең төмен орташа нәтижені Атырау облысының
тестіленушілері көрсетті (15,45 балл), өткен жылғы нәтиже 15,34 балл болған,
яғни көрсеткіш (+0,11) сәл жоғарылаған (76-сурет).
76-сурет – Мемлекеттік тілде оқитын мектептердің «Қазақ тілі» пәнінен орташа
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)
157
Мектеп бітірушілердің 23087-сі қазақ тілінен тесті үздік бағаға орындап,
21-25 балдан алған. Тестің 14-20 тапсырмасын дұрыс орындаған оқушылардың
үлесі 45,78%-ды құрады. Сонымен қатар тесттің 0-3 тапсырмасын ғана, яғни
«2» бағаға орындаған оқушылар саны 118 немесе қазақ тілінен ҰБТ
қатысқандардың 0,2%-ы. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан облыстарында төмен (0-3) балл алған оқушы жоқ.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінен тестілеуді
23143 түлек тапсырды және республика бойынша орташа нәтиже 16,34 балды
құрады (77-сурет).
77-сурет – Орыс тілінде оқитын мектептердің «Қазақ тілі» пәнінен орташа
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)
Республикалық деңгейден жоғары көрсеткішті Қызылорда (18,05), Батыс
Қазақстан (17,99), Алматы қ. (17,69), Маңғыстау (17,39), Ақтөбе (16,99),
Жамбыл (16,79), Астана қ. (16,78), Оңтүстік Қазақстан (16,76), Қостанай (16,48)
облыстарының түлектері көрсетті.
10355 түлек немесе тестке қатысушылардың 44,76%-ы тапсырмалардың
18-25 сұрағына дұрыс жауап беріп, үздік білім деңгейін көрсетті. 12-17
тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардың саны 8750 оқушы немесе
тестіленушілердің 37,82%-ы. Сонымен қатар қанағаттанарлықсыз баға алған
түлектер де бар, олардың саны 90 немесе жалпы оқушылар санының 0,39%.
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ғана ең төмен (0-3) балл алған
мектеп түлектері жоқ екенін атап өту қажет.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәнінен республика
бойынша орташа көрсеткіш – 13,15 балл. Еліміздің он аймағының мектеп
бітірушілері республикалық орташа балдан жоғары нәтиже көрсетті. Алматы қ.
(16,80), Астана қ. (16,04), Павлодар (15,36), Солтүстік Қазақстан (14,60), Ақтөбе
(14,56), Батыс Қазақстан (14,43), Шығыс Қазақстан (14,19), Ақмола (13,93),
Қостанай (13,58), Қарағанды (13,39). Атырау облысының мектеп бітірушілері
төмен 10,10 балл жинаған (78-сурет).
Тестке қатысушыларының 23,80%-ы 18-25 балл алып, орыс тілінен үздік
баға алды. 12-17 тапсырманы дұрыс орындағандар үлесі 34,34%, 1148 оқушы
тестің үш тапсырмасын ғана орындай алған немесе қанағаттанарлықсыз
баға алды.
158
78-сурет – Мемлекеттік тілде оқитын мектептердің «Орыс тілі» пәнінен орташа
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәнінің орташа
көрсеткіші – 16,7 балл. Республиканың жеті аймағының: Алматы (18,39) және
Астана (17,32) қалалары, Қарағанды (17,29), Батыс Қазақстан (16,91), Солтүстік
Қазақстан (16,88), Қостанай (16,87), Ақтөбе (16,80) облыстарының ҰБТ
тапсырушылары орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен. Тестілеуде ең
төмен нәтижені Атырау (13,77) облысының түлектері көрсетті (79-сурет).
Орыс тілінде оқитын 5061 түлек (21,88%) жоғары 21-25 аралығындағы
балл алып, «Орыс тілі» пәнінен өте жақсы білімдерін көрсетті. 12552 мектеп
бітіруші (54,26%) 14-20 балл жинап білімдерін жақсы деген бағаға растады.
Сондай-ақ өте төмен білім сапасын көрсетіп 3 балға дейін ғана нәтиже көрсетіп
«екілік» алғандардың саны республика бойынша 45 оқушы немесе 0,19%-ды
құрады. Еліміздің он алты аймағының ішінен тестілеуден Маңғыстау,
Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының түлектері аталған
пәннен «екіліксіз» өтті.
79-сурет – Орыс тілінде оқитын мектептердің «Орыс тілі» пәнінен орташа
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)
159
«Қазақстан тарихы» пәні ҰБТ міндетті тапсырылатын пән болғандықтан
республиканың барлық мектеп түлектері тестілеуге қатысты. Республика
бойынша орташа нәтиже – 17,68 балды құрады, 2014 жылы 16,77 балл болған,
яғни ағымдағы жылы көрсеткіш 0,91 балға жоғарылаған. Орташа
республикалық көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен: Алматы қ. (19,71),
Қызылорда (19,10), Батыс Қазақстан (18,92) облыстары, Астана қ. (18,50),
Оңтүстік Қазақстан (18,22), Ақтөбе (17,97), Маңғыстау (17,76), Павлодар
(16,87) облыстарының мектеп түлектері (80-сурет).
Аталған пәннен екі жыл қатарынан тестілеудегі ең төмен орташа нәтижені
Атырау облысының мектеп түлектері көрсетті (2015 ж. – 13,54 балл, 2014 ж. –
12,86 балл).
Алматы қаласының мектеп бітірушілері екі жыл қатарынан ең жоғары
нәтиже көрсетіп, алдыңғы орында келе жатқанын, сонымен қатар ағымдағы
жылы еліміздің барлық аймақтарының нәтижесі өткен жылғыдан (2014 ж.)
жоғары болғандығын атап өту қажет.
Тест тапесырмаларының 21-25 сұрағына дұрыс жауап беріп «5» баға алған
түлектер үлесі 33,20%-ды құрады, өткен жылы 25,77% болған. 14-20 балл
аралығындағы нәтижені 39222 (47,11%) көрсетіп, білімдерін жақсы бағаға
растады. Өте төмен нәтиже көрсеткен түлектер үлесі 0,30%-ды құрады немесе
еліміздің барлық аймақтарының 251 мектеп бітірушісі, 2014 жылы
321тестіленуші немесе түлектердің 0,37%-ы қанағаттанарлықсыз баға алды.
80-сурет – «Қазақстан тарихы» пәнінен орташа көрсеткіш
(облыстар бөлінісінде)
ҰБТ таңдаған түлектердің барлығы «Математика» пәнін тапсырды.
Республикалық орташа нәтиже 13,72 балды құрады, 2014 жылы 12,68 балл
болған, яғни нәтиже 1,04 балға жоғарылаған. Алты аймақтың мектеп
бітірушілері республикалық деңгейден жоғары нәтижеге қол жеткізді: Алматы
(17,22), Астана (16,22) қалалары, Ақтөбе (14,61), Шығыс Қазақстан (14,34),
160
Павлодар (14,24), Қарағанды (14,11) облыстары. Алматы, Астана қалаларының
және Ақтөбе облысының түлектері математикадан соңғы екі жылдың
қорытындысы бойынша алдыңғы қатарда келе жатқандықтарын атап өту қажет.
16395 немесе барлық тестіленушілердің 19,69%-ы жоғары 20-25
аралығындағы балл жинап, «Математика» пәнінен үздік білім көрсетті (2014 ж.
– 17,39%). Тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілердің 42,33%-ы 12-19 балл
аралығындағы нәтиже көрсетіп, жақсы баға алды. Барлық қатысушылардың
2,36%-ы немесе 1968 түлек (2,36%) математикадан қанағаттанарлықсыз нәтиже
керсетті, өткен жылы бұндай нәтижені 2869 (3,28%) оқушы көрсеткен болатын
(81-сурет).
81-сурет - «Математика» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)
ҰБТ мектеп түлектері физика, химия, биология, география, дүние жүзі
тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі
пәндерінің бірін таңдады.
Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 26065 түлегі«Физика» пәнін
таңдады. Пәннен орташа балл – 14,11 (2014 ж. 12,69). Алматы (17,15), Астана
(15,76) қалалары, Шығыс Қазақстан (14,66), Жамбыл (14,62), Ақтөбе (14,44),
Қостанай (14,17), Оңтүстік Қазақстан (14,14) облыстарының түлектері,
сонымен қатар Алматы, Астана қалалары, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай,
облыстарының түлектері салыстыруға алынған екі жылдың қорытындысы
бойынша республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті (82-
сурет).
4643 түлек немесе физиканы таңдаған түлектердің 17,81%-ы 20-25
аралығында балл жинап үздік нәтижеге жетті. 12-19 немесе жақсы нәтиже
көрсеткендердің саны 12948 (49,68%). Ең төмен нәтиже (0-3 балл) алған
түлектердің саны 438 (1,68%).
161
82-сурет – «Физика» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)
2877 мектеп түлегі (2014 ж. – 3151) «Химия» пәнін таңдады және
республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,35 балл (2014 ж. – 16,60 балл),
яғни ағымдағы жылы аталған пәнді 274 түлекке аз таңдағанына қарамастан,
нәтиже де сәл төмендеген (-0,25). Еліміздің тоғыз аймағының оқушылары
республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті: Алматы қ.
(18,54), Ақтөбе (17,93), Батыс Қазақстан (17,16), Астана қ. (17,13), Ақмола
(16,85), Шығыс Қазақстан (16,67), Қызылорда (16,52), Оңтүстік Қазақстан
(16,49), Қарағанды (15,42).
Химияны таңдаған 862 түлек тест тапсырмаларын орындауда үздік білім
көрсетіп 20-25 балдың аралығындағы нәтиже көрсетті (2014 ж. – 1013). Аталған
пәнді таңдаған түлектердің басым көпшілігі 51,96%-ы (51,32%) тест
сұрақтарын жақсы орындап, «4» баға алды (83-сурет).
12 мектеп бітіруші үшін химияның тест тапсырмалары қиындық туғызған,
яғни төмен бал жинаған, алайда Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс
Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан аймақтарының мектеп
бітірушілерінің бұл пәннен төмен балл алмағандықтарын атап өту қажет.
83-сурет – «Химия» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)
162
Республика бойынша 26949 (2014 ж. – 29682) мектеп бітіруші «Биология»
пәнін таңдаған. Пән бойынша орташа балл 17,29-ды (16,98 балл)құрады, яғни
ағымдағы жылы көрсеткіш сәл жоғарылаған (+0,31). Сегіз аймақтың
оқушылары республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтижеге қол
жеткізген: Алматы қ. – 19,58 (20,24); Қызылорда – 18,53 (17,21); Батыс
Қазақстан – 17,97 (17,27); Оңтүстік Қазақстан – 17,94 (17,93); Астана қ. – 17,73
(17,93); Ақтөбе – 17,68 (17,44); Шығыс Қазақстан – 17,52 (17,42); Жамбыл –
17,52. Жамбыл облысының түлектерінен басқа аталған аймақтардың мектеп
бітірушілері 2014 жылы да жақсы нәтиже көрсеткен (84-сурет).
84-сурет – «Биология» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)
«Биология» пәнін таңдаған оқушылардың 29,83%-ы (8038) тапсырмаларды
өте жақсы орындап, жоғары нәтижеге ие болды (2014 ж. 25,52%). 12912 мектеп
бітіруші аталған пәннен жақсы білім көрсетті, яғни бұл пәнді таңдаған
оқушылардың 47,91%-ын құрайды. Алайда биологиядан да тест тапсырмалары
қиындық туғызып, қанағаттандырарлық межені өте алмаған оқушылар бар (66
оқушы немесе 0,24%). Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан
облыстарының
және
Алматы
қаласының
оқушыларының
қанағаттандырарлықсыз баға алмағанын атап өту қажет.
2015 жылғы тестілеуде еліміздің 12386 мектеп бітірушісі «География»
пәнін бесінші пән ретінде таңдады, орташа көрсеткіш 16,58 балды құрады
(2014ж. – 16,79). Еліміздің тоғыз аймағының түлектері республикалық орташа
көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті: Алматы қ. – 18,50 (19,59); Ақтөбе –
17,68 (18,00); Батыс Қазақстан – 17,62 (18,46); Қызылорда – 17,50 (17,00);
Оңтүстік Қазақстан – 17,47 (17,61); Астана қ. – 17,22 (18,06); Қостанай – 17,06
(17,16); Жамбыл – 16,92; Павлодар – 16,61 (17,18), аталған облыстардың ішінде
жамбылдық түлектер 2014 жылы орташа нәтижеден төмен балл жинаған, яғни
сегіз аймақ екі жылдың қорытындысы бойынша республикалық деңгейден
артық балл жинаған. Атырауі облысының мектеп бітірушілері төмен нәтиже
көрсетті – 12,87 (13,08) (85-сурет).
Географияны таңдаған түлектердің 2835-і (22,89%), 2014 жылы 3263
оқушы немесе 24,41%-ы пәннен үздік нәтиже көрсетті. 6312 түлек немесе пәнді
таңдаған түлектердің жартысынын артығы (50,96%), былтырғы жылы 6794
163
(50,82) тест тапсырмаларын жақсы орындап 14-20 арасындағы балл жинады.
Астана
қ.,
Батыс
Қазақстан,
Қостанай,
Павлодар
аймақтарының
қанағаттанарлықсыз баға алған жоқ, ал басқа аймақтарда тест сұрақтарын
орындай алмаған оқушылар бар.
85-сурет – «География» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)
«Дүние жүзі тарихы» пәнін еліміздің 5153 11-сынып оқушылары таңдады
(2014 ж. – 5048). Ағымдағы жылғы орташа көрсеткіш 14,56 балл, өткен жылғы
нәтиже деңгейінде. Жамбыл – 16,18 (14,55); Алматы қ. – 15,90 (17,32); Астана
қ. – 15,67 (16,09); Ақтөбе – 15,54 (15,29); Батыс Қазақстан – 15,49 (15,53);
Оңтүстік Қазақстан – 15,45 (15,13); Қызылорда – 15,13; Шығыс Қазақстан –
14,69 (15,05); Павлодар – 14,69 аймақтарының 11-сынып оқушылары
республиканың орташа көрсеткішінен жоғары нәтиже көрсетті. Қызылорда
және Павлодар облыстарының түлектерінен басқалары орташа жоғары деңгейді
екі жыл катарынан көрсетіп отыр. Павлодар облысының мектеп бітірушілері
мемлекеттік тестілеуді екіліксіз тапсырғангын атап өту қажет (86-сурет).
86-сурет – «Дүние жүзі тарихы» пәнінен орташа көрсеткіш
(облыстар бөлінісінде)
164
«Қазақ әдебиеті» пәнін 2978 түлек таңдаған, орташа көрсеткіш – 17,06
балл. Аталған пәннен 843 оқушы өте жақсы, 1412 түек жақсы білім көрсетті.
Төмен балл алған оқушылар саны – 5 (Ақтөбе – 3, Оңтүстік Қазақстан – 2) (87-
сурет).
Қызылорда (19,40), Алматы қ. (18,99), Ақтөбе (17,80), Батыс Қазақстан
(17,75), Оңтүстік Қазақстан (17,63) облыстарының қазақ әдебиетін тандаған
түлектер республикалық орташа балдан жоғары нәтиже көрсетті.
87-сурет – «Қазақ әдебиеті» пәнінен орташа көрсеткіш
«Орыс әдебиеті» пәнін таңдаған оқушылар саны – 181 (2014 ж. 192).
Орташа балл 15,85, өткен жылғы көрсеткіштен сәл төмен (16,09). Тесті 26
оқушы үдік және 100 оқушы жақсы тапсырды. 1 ғана түлек қанағаттанарлықсыз
баға алды (Атырау облысы).
«Ағылшын тілін» 6612, 2014 жылы 6708 түлек таңдады. Республика
бойынша орташа балл 18,93 балл, 2014 жылғы көрсеткішпен тең. Пәнді
таңдаған түлектердің 2769-ы үздік және 3092-сі жақсы білім деңгейін көрсетті.
6 оқушы төмен 0-3 аралығындағы нәтиже көрсетті. Республикалық орташа
көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен аймақтар: Алматы қ. (20,25), Павлодар
(19,68), Астана қ. (19,63), Солтүстік Қазақстан (19,50), Батыс Қазақстан (19,34),
Қызылорда (19,23), Ақмола (19,14), Қостанай (19,04).
«Неміс тілі» пәнін 45 мектеп түлегі таңдаған. Орташа балл – 18,96 балды
құрады. Неміс тілін таңдаған оқушылардың 17-сі пәннен үздік және 25-і жақсы
білім деңгейін көрсетті.
«Француз тілі» пәнін еліміздің 16 мектеп түлегі таңдады, орташа нәтиже
16,56 балл (шетел тілдері арасындағы ең төмен көрсеткіш). Пәнді таңдаған 7
түлек үздік және 4 түлек жақсы нәтиже көрсетті. 1 оқушы төмен
қанағаттанарлықсыз баға алды (Оңтүстік Қазақстан).
Қорытындылай келе ҰБТ нәтижесі бойынша 14467 мектеп түлегі жоғары
101-125 аралығындағы балл жинаған, яғни бұл тестілеуді таңдаған түлектердің
17,38%-ы. 15468 мектеп бітіруші немесе ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы
санының 18,58%-ы 0-ден 49 балл жинады, яғни шектік деңгейден төмен нәтиже
көрсетті (2014 жылы шектік деңгейден өте алмағандар 20232 немесе ҰБТ-ға
қатысушылардың 23,11%-ы).
Талдау қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің басым көпшілігі
бесінші пән ретінде «Биология» пәнін, яғни болашақ мамандықтарын
165
биологияға байланысты таңдаған. Биологияны – 26949, физиканы – 26065,
географияны – 12386, ағылшын тілін – 6612, дүние жүзі тарихын – 5153,
химияны – 3151, қазақ әдебиетін – 2978, орыс әдебиетін – 181, неміс тілін – 45
және француз тілін – 16 түлек таңдаған.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған
байланысты еліміздің оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау
үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері өткізілуде [37].
PISA ( Programm for lnternational Student Assessment) – оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Бұл бағдарламаның
мақсаты білім беру жүйелері әр түрлі елдердің 15 жастағы жасөспірімдерінің
мектепте математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білім, білік
және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана
алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін
салыстырмалы бағалау болып табылады. PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш
жылда бір өткізіледі.
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы IEA
( International Association for the Evaluation of Educational Achievement өткізетін),
TIMSS ( Trends in International Mathematics and Science Study) халықаралық
мониторингтік зерттеуі төрт жыл сайын әлемдегі 50-ден астам елдің
математикалық және жаратылыстану ғылымдары білімінің дамуы үрдісін
бақылауға мүмкіндік береді.
TIMSS ( Third International Mathematics and Science Study) – математика
және жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу.
Жобаға қатысушы елдердің білім мазмұнын ескере отырып, бұл зерттеудің
аясында 4-сынып және 8-сынып оқушыларының математика және
жаратылыстану ғылымдары бойынша дайындықтарының сапасы бағаланады.
TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, ел,
мектеп және білім берудің жағдайлары туралы қосымша ақпарат алуға да
мүмкіндік береді. TIMSS-ке қатысушы елдердің құрамы алуан түрлі, олар
экономикалық дамуы, географиялық жағдайы, халқының саны жағынан бір-
бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың бәрі білім беру ұйымдарының жүйесін,
оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін оқушылардың жетістіктері арқылы
салыстыру, білім беру саласында тиімді курстар әзірлеуге арналған құнды
ақпарат жинақтауға көмектеседі [37].
PISA-2015 негізгі зерттеуіне 71 елдің білім алушылары қатысты.
Халықаралық жобаның басым бағыты 15 жасар білім алушылардың ғылыми-
жаратылыстану дайындықтарының деңгейін бағалауға арналған (тест
сұрақтарының 44%-ы физика, химия, биология және география пәндерінен
құзыреттілік деңгейін анықтауды жоспарлайды).
PISA-2015 жобасында Қазақстан әдеттегідей кітапшада (қағазда) жазылған
тапсырмалармен жұмыс жүргізді. Білім алушыларға тест буклеттерінің 30
166
нұсқасы ұсынылды, жауапты таңдау, сонымен қатар тапсырмалардың.
Барлық білім алушыларға жауапты таңдайтын және ашық-құрастырылған
тапсырмаларды қарастыратын 30 нұсқалық тесттік буклеттер ұсынылды.
Жаратылыстану бойынша ашық тапсырмалардың жалпы саны 33 құрады,
математика бойынша – 38 және оқу бойынша – 55.
Зерттеуді өткізу технологиясына сәйкес, тесттік тапсырмаларды орындауға
2 сағат 15 минут, ал сауалнаманы толтыруға 35 минут берілген. 15 жастағы
қатысушыларға арналған сауалнамада білім беру ұйымы, жанұя және жеке
қызығушылықтар туралы сұрақтар берілсе, ал әкімшілікке арналған
сауалнамада – ресурстік қамтамасыз ету туралы, кадрлік сұрақтарға, ата-аналар
қарым-қатынасы және оқу процесін ұйымдаструға арналған сұрақтар
ұсынылды.
PISA-2015 зерттеуіне қатысу үшін Қазақстаннан 189 мектеп және 27
колледж іріктелініп алынды. Сонымен қатар, PISA-2015 зерттеуіне 16
Назарбаев Зияткерлік мектептері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 8 074
адамды құрады, оның ішінде 7 842 15 жастағы білім алушылар және 232 білім
беру ұйымдарының басшылары.
Сондай-ақ, ЭЫДҰ талабына сәйкес ең аз қатысу көрсеткіші 95% болып
табылса, нақты қатысу пайызы 98% құрады. Халықаралық бақылаушылар
Қазақстанның PISA-2015 зерттеуіне қатысу дайындығын жоғары деңгейде
болғанын атап өтті.
PISA-2015 зерттеуі қазақстандық білім алушылардың нәтижелері 2016
жылғы желтоқсанда жариаланады.
TIMSS-2015 негізгі зерттеуіне 57 ел қатысты. TIMSS зерттеуі бастауыш
және негізгі мектептің жаратылыстану және математика саласындағы дайындық
деңгейін салыстырмалы бағалауға бағытталған.
TIMSS-2015 зерттеуі бойынша 4 және 8-сынып оқушыларына математика
және жаратылыстану пәндері бойынша 14 нұсқалық буклеттегі тесттік
тапсырмалар ұсынылды. Бір буклеттегі тапсырмалар саны 4-сыныпта 45-50
сұрақты, ал 8-сынып бойынша 55-60 сұрақты тұрады. Төртінші сынып
оқушыларына тесттік тапсырмаларды орындауға берілген уақыт 72 минутты, ал
8 -сынып оқушылары үшін 90 минутты құрайды. Сауалнаманы толтыру үшін
оқушыларға 30 минут берілді.
Қазақстаннан 179 қатысушы мектептерден жалпы қатысушылар саны
15902 адамды құрады, оның ішінде 9579 оқушылар (4710 төртінші сынып
оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушылары). Барлық білім беру
ұйымдарында зерттеуге қатысу 97% құрады (IEA талабына сәйкес іріктелініп
алынған қатысушылар саны 90% кем болмауы керек).
IEA
ұйымы тарапынан тағайындалған халықаралық бақылаушы
Қазақстанда TIMSS-2015 зерттеуінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын
және өткізілгенін атап өтті.
TIMSS-2015 зерттеуін өткізу технологиясына сәйкес, оқушылардың
нәтижелері туралы Халықаралық есеп 2016 жылғы желтоқсанда жариаланады.
Алғаш рет Қазақстан PIRLS-2016 атты бастауыш сынып оқу және мәтінді
түсіну сапасын бағалайтын халықаралық зерттеуіне қатысады.
167
PIRLS-2016 апробациялық зерттеуіне қатысу технологиясына сәйкес
еліміздің 14 облысынан (Астана қаласын және Қарағанды облысын қоспағанда)
34 мектеп (20 қалалық және 14 ауыл мектептері) іріктелініп алынды.
PIRLS-2016 апробациялық зерттеуіне барлығы 2 873 адам қатысты, оның
ішінде 1 388 4-сынып оқушылары, 1 388 4-сынып оқушыларының ата-аналары,
63 бастауыш сынып мұғалімдері және 34 мектеп директорлары. IEA талабына
сәйкес қатысудың ең аз көрсеткіші 90% болып табылса, нақты қатысушылар
саны 98% құрады.
PIRLS-2016 негізгі зерттеуі Қазақстанда 2016 жылдың сәуірінде өткізіледі.
168
Достарыңызбен бөлісу: |