4 Мектептегі білім беру үдерісіне ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
көмек көрсету
Ғылыми-әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету – бұл пайда болған
проблемалық жағдаяттарға бағытталған, өзара іс-әрекетке білім беру үдерісі
субьектісін қатыстыруға арнайы ұйымдастырылған және бақыланатын үдеріс.
Ғылыми-зерттеу қызмет білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу
жұмысы жүйесінің барлық іс-әрекетінің ажырамас элементі болып табылады.
Бір жағынан, педагогикалық қызметкерлердің ғылыми және шығармашылық
өсуіне мүмкіндік туғызып, екінші жағынан, педагогтің кәсіби өсуіне барынша
үлес қосу мақсатын қадағалайды.
2012-2014 жылдары орта білім саласында Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының қызметкерлерімен келесідей әртүрлі бағытта
ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды:
1) 12 жылдық мектептің білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде білім
беру стандарттарын жасаудың теориялық-әдіснамалық негіздері [23].
Зерттеу нысаны: орта білім саласын стандарттау.
Зерттеу мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту аясында 12 жылдық
мектептің білім беру стандартын әзірлеудің ғылыми- әдіснамалық негіздерін
анықтау.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбына сәйкес философиялық,
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді,
нормативтік және бағдарламалық- әдістемелік құжаттарды зерделеу және
талдау; модельдеу, болжау, салыстыру, құрылымдық талдау, жинақтау,
жалпылау, қорытынды жасау, сондай-ақ шетелдік және отандық тәжірибелерді
зерделеу.
Зерттеу барысында анықталды:
– білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердегі
білім беру үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік және психологиялық-
педагогикалық негіздері;
– білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта мектеп пен жоғары оқу
орнындағы білім беруді кіріктірудің теориялық негіздері және әдіснамасы;
– критериалды бағалау жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері, оқу
үдерісінде критериалды бағалауды қолданудың шарттары мен практикалық
маңыздылығы.
Әзірленді:
– білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердегі
білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі;
– білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім алушылардың оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі;
– оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану бойынша әдістемелік
ұсынымдар;
– білім мазмұнының барлық компоненттерін жүйелі кіріктіру негізінде 12
жылдық мектепке арналған білім беру стандартының моделі.
112
Зерттеу нәтижелері негізінен жаңаша сипатқа ие, өйткені ұсынылып
отырған 12 жылдық мектепке арналған білім беру стандартының моделі
қазақстандық білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуінің шынайы
жағдайын ескере отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде білім мазмұнын
жаңарту аясында әзірленіп отыр. Сонымен бірге, ұсынылған білім беру
стандартының моделі халықаралық іс-тәжірибелер мен «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДББҰ-ның тәжірибесі негізінде орта білімнің барлық деңгейлерінің
білім мазмұнының сабақтастығын ескереді.
Алынған зерттеу нәтижелерін білім беру ұйымдарындағы педагогикалық
үдерістің нақты жағдайларына бейімдеу негізінде барлық типті мектептердің
оқу-тәрбие үдерісінде, сондай-ақ, жалпы алғанда, қазақстандық білім беру
жүйесін дамытудың басым бағыттарын анықтауда және ішінара білім
мазмұнын жаңарту мәселелерін шешуде қолдануға ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартын, мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
стандарттарының жобасын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуға
арналған үлгілік оқу жоспарларының жобасын әзірлеуде қолданылды. Ғылыми-
зерттеу жұмысының нәтижелері эксперименттік оқу жоспарларын, оқу
бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде
пайдаланылады.
Қолдану аясы: ғылыми-педагогикалық орта, орта білім беру жүйесі, білім
беру ұйымдарының қызметін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету жүйесі,
үздіксіз білім беру жүйесі.
Нәтижелердің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасында білім
беру жүйесін дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарына,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерге, ғылымды,
инновацияны және технологиялық жаңғыртуды дамытудың 2010-2014
жылдарға арналған бағдарламасына толық сәйкес келеді.
Зерттеу нысанын дамыту туралы болжамдық ұсыныстар: орта білім
саласын стандарттау әлі де зерттеуді қажет етеді, себебі білім беру
стандарттарын әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына жоспарланған өзгертулер
мен толықтырулар енгізумен, сондай-ақ білім беру практикасын дамыту және
жетілдіру қажеттілігімен тығыз байланысты болып табылады.
2) орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беруді ғылыми-
әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету [24].
Зерттеу объектісі: орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім
берудің үдерісі.
Зерттеу мақсаты: орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім
беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу және негіздеу.
113
Зерттеу барысында:
- тілдерді оқытудың деңгейлік моделі негізінде көптілді білім беру
саласындағы шетелдік тәжірибе зерттелді;
- «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде тілдерді оқытудың деңгейлік
моделі негізінде көп тілді білім беру сабақтастығының дидактикалық негіздері
анықталды;
- орта және жоғары мектепте көп тілді білім беру үшін үш тілдік жүйенің
лексика-грамматикалық құралдарына лингводидактикалық сипаттама берілді –
үш тілді функциональды лексика-грамматикалық минимум әзірленді (орта және
жоғары мектептерде көп тілді білім беру үшін);
- орта және жоғары мектептің оқу үдерісінде үш тілді функциональды
лексика-грамматикалық минимумды пайдалану механизмдері әзірленді.
Зерттеу нәтижелері жаңашылдығымен ерекшеленеді, өйткені көптілді
оқыту жүйесінде функционалдық-коммуникативтік және когнитивтік-
коммуникативтік технологияларды қолдану алғаш рет негізделді.
Жүзеге асырылу деңгейі: зерттеу нәтижелері 21 ғылыми мақалада, 18
әдістемелік құралда және көп тілді функционалды лексика-грамматикалық
минимумда көрініс тапты.
Енгізу жөніндегі ұсынымдар: зерттеуден алынған қолданбалы нәтижелерді
көптілді оқытуды жүзеге асырушы білім беру ұйымдарындағы нақты
педагогикалық үдерісте қолдану ұсынылады.
Қолданылу саласы: зерттеу нәтижелері тілдік және тілдік емес пәндер
сабақтарында көптілдікті дамыту үшін мектептерге қажет.
Нәтижелердің маңызы Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
т.б. белгілеген қазақстандық қоғамның өзекті және әлеуметтік маңызы бар
міндеттерін шешуге бағытталуымен айқындалады.
3) қоғамды инновациялық тұрғыда дамыту мәнмәтінінде орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік негіздері [25].
Зерттеу нысаны: орта білім жүйесін ақпараттандыру үдерісі.
Зерттеу мақсаты: қоғамның инновациялық дамуы шартында орта білім
жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік, технологиялық және
қолданбалық аспектілерін анықтау және сандық білім ресурстарын оқу
үдерісінде қолданудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері:
– ғылыми-теориялық: білім беру саласын ақпараттандырудың заманауи
үрдістеріне талдау, білім беруді ақпараттандырудың болашақтағы дамуына
қатысты футуристік болжамдарды қарастыру, шетелдік және отандық сандық
білім беру ресурстарын қалыптастырудағы ұстанымдарды қарастыру;
– қолданбалы-тәжірибелік: IT саласындағы әлемдік және отандық
сараптамалық компаниялардың деректерін салыстыру, сандық білім беру
ресурстарын оқу үдерісінде қолдану әдістемелеріне талдау жасау және оларды
салыстыру, зерттеу болжамдарын, ұсыныстары мен қорытындыларды
114
қашықтықтан жүргізілетін (дистанттық) семинарлар, шеберлік класстары,
конференциялар мен әдістемелік семинарлар арқылы апробациялау.
Ғылыми зерттеу аясында келесідей нәтижелер алынды:
-
білім беру саласын ақпараттандырудың заманауи үрдістері анықталды;
-
ғылыми
зерттеудің
ғылыми-әдістемелік,
технологиялық
және
қолданбалы аспектілері белгілі болды;
-
орта
білім
беру
саласын
ақпараттандырудың
ұйымдастыру-
педагогикалық жағдайы негізделіп айқындалды;
-
білім
беру
саласында
заманауи
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
құралдарын
қолданудың
психологиялы-педагогикалық
аспектілері анықталды;
-
оқытудың ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі
факторы мен қағидалары белгілі болды;
-
сандық білім беру ресурстарын құру, оларды білім беру үдерістеріне
енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері зерттелді;
-
диагностикалық зерттеу тәсілімен орта мектепте сандық білім беру
ресурстарын қолданудың деңгейлері анықталды. Диагностикалық зерттеулерге
3 қалалық және 2 ауылдық мектептердің оқушылары мен мұғалімдері
(«Павлодар облысы Баянауыл ауданы Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта
білім беру мектебі» ММ, «Қарағанды облысы Осакаровка ауданы Осакаровка
әкімшілігінің №12 орта мектебі» МҚМ, «Степногорск қаласы Л.Н.Толстой
атындағы №4 мектеп-гимназиясы» ММ, «Астана қаласы №54 мектеп-лицейі»
ММ, «Астана қаласы №66 мектеп-лицейі» ММ) қамтылған болатын;
-
мектепте сандық білім ресурстарын пайдаланудың әдістемесі
даярланды;
Сандық білім ресурстарын даярлау мен оқу үдерісінде пайдаланудың
ұсынылған
әдістемесін
апробациядан
өткізу
барысында
аталған
диагностикалық зерттеудегі мектептер мұғалімдерінің қатысуымен дистанттық
семинар және шеберлік класстары өткізілді.
Келешек сандық ғасырдағы білім беру, біліктіліктің жоғары талаптарына
сәйкес орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың заманауи кезеңінің негізгі
міндеттері ғылыми зерттеу қызметінің нәтижелерін болжау болып табылады.
Серпінді дамушы IT салалары білім беру жүйесіне көбіне-көп өзінің
толықтыруларын енгізеді. Қоғамды инновациялық дамыту контекстінде білім
беруді ақпараттандырудағы ғылыми-әдістемелік негізін дамыту жоспарында
оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін
жүйелі зерттеуді жалғастыруды талап етеді.
Енгізілу дәрежесі: зерттеу жұмысының аралық және қорытынды
нәтижелері орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері қатысуымен өткен
семинарлар мен конференцияларда ұсынылып, талқыланды, орта мектептің оқу
үдерісінде сандық білім ресурстарын қолданудың ұсынылған әдістемесін
мектеп мұғалімдері өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана алады, зерттеудің
кейбір нәтижелерін басқа ғылыми-диагностикалық зерттеулерде пайдалануға
болады, ғылыми мақалалар, әдістемелік ұсыныстар мен құралдар түрінде
115
жарияланған зерттеу нәтижелері жалпы білім беруді ақпараттандыру саласына
өзіндік үлесін қоса алады.
Қолдану аясы: жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін
орта мектептер, білім беруді ақпараттандыру орталықтары, білім беру
саласындағы ғылыми-зерттеу және білім жетілдіру мекемелері, әдістемелік
қызмет көрсетуші орталықтар, сандық ақпарат және сандық білім ресурстарын
таратушы ақпарат көздері.
Жұмыстың маңыздылығы: зерттеу нәтижелері «Ақпаратты Қазақстан -
2020» және ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс міндеттерді
орындауға тікелей үлес қоса алады.
Зерттеу
нысанының
дамуы
туралы
болжам:
мобильдік
технологиялардың, ұлттық және смарт шешімдердің, әлеуметтік желілердің
жаппай қарқын алуы, жалпы ақпараттың жаһандануы мен әлеуметтік сипатқа
ие болуы білім беруді ақпараттандыру мәселесінде де жаңаша көзқарастағы
заманауи зерттеулердің қажеттілігін көрсетіп отыр.
4) орта білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері [26].
Зерттеу нысаны: орта білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үдерісін ғылыми
әдістемелік және оқу-ұйымдастырушылық тұрғыдан қаматамасыз ету.
Мақсаты: орта білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін ғылыми
әдіснамалық тұрғыдан негіздеу және әдістемесін әзірлеу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамасы: жобаның теориялық тұғырлар
ретінде диалектиканың, синергетиканың, аксиологияның, экологиялық
этиканың, экологиялық білім берудің салалары алынды.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін тақырып және зерттеу проблемасы
бойынша мынадай зерттеу әдістері қолданылды: теориялық - философиялық,
психологиялық,
педагогикалық
және
ғылыми-әдістемелік
әдебиетті,
нормативтік және бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды зерделеп тану және
талдау; модельдеу, болжау, салыстыру, құрылымдық және факторлық талдау,
жинақтау, топтастыру, жіктеу, қорытынды байламдар жасау т.б.; эмпирикалық-
бақылау, сауалнама жүргізу, сұрау салу, әңгімелесу, эксперттік бағалау т.б.
Алынған нәтижелер мен олардың жаңашылдығы:
1)
орта білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайында оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі әзірленіп апробациядан
өткізілді;
2)
орта білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайында оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік құжаттар
жиынтығы құрастырылды;
3)
орта білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайында оқушылардың
экологиялық
мәдениетін
болашақта
қалыптастырудың
жолдары
анықталды [27].
116
Зерттеу нәтижелері айқын түрде жаңа сипатқа ие. Өйткені ұсынылып
отырған оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі
кезінде әзірленген педагогикалық модельдің функционалдық мазмұны мен
анықталған ғылыми-әдістемелік негіздерге сай және қазіргі замандағы білім
беру практикасының объективтік шынайы болмысын ескереді, сонымен қатар
конференцияларда, семинарларда апробациядан өтіп, көпшілік пікірлері мен
оқушылар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының
оқытушы-профессорлар құрамы арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама
нәтижелерін ескере отырып толықтырылды. Оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру бойынша оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы
апробация қорытындыларын ескере келе құрастырылды.
Енгізілу дәрежесі: зерттеу нәтижелері Ғылыми-зерттеу орталығы
мәжілістерінде, түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда,
мектеп басшылары мен мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларында
талқыланды, сонымен бірге ашық баспада жарияланды.
Енгізу бойынша ұсыныстар: қол жеткізілген зерттеу нәтижелері барлық
типтегі мектептердің оқу-тәрбие процесінде қандай да болмасын білім беру
ұйымдарының өзіндік ерекшелігі бар педагогикалық үдерісіне бейімделе
отырып пайдалануына ұсынылады.
Қолданылу саласы: мектептің тұтас педагогикалық үдерісі, мектептің
дидактикалық үдерісі мен тәрбие жұмысы үдерісі, мектептен және сыныптан
тыс жұмыс жүйесі, оқушыларға қосымша білім беру жүйесі.
Алынған
нәтижелердің
маңыздылығы,
олардың
Қазақстан
Республикасының білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын индустриялық-
инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарында, Ғылым, инновация мен технологиялық
жаңашаландыруғы
ықпал
етудің
2010-2014
жылдарға
арналған
Бағдарламасында көрсетілген ғылыми және әлеуметтік-экономикалық даму
басымдықтарына толыққанды түрде жауап бере алатындығымен танылады.
Зерттеу нысанының дамуы туралы болжам ұсыныстар: оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік және оқыту-
ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуі әлі де болса ғылыми
зертеулерді талап етеді, өйткені бұл мәселе орта білім жүйесінде өткізіліп
жатқан құрылымдық реформаларына, сонымен қатар білім беру жүйесін
жетілдіруі мен дамыту қажеттіліктеріне тәуелді.
5) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім
мазмұнын интеграциялаудың дидактикалық негіздері.
Зерттеу объектісі: орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
жоғарғы білім мазмұнын интеграциялау.
Зерттеу мақсаты: орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
жоғарғы білім мазмұнын интеграциялаудың дидактикалық негіздерін жасау.
Зерттеу әдістері:
117
салыстырмалы: білім мазмұнын интеграциялау мәнмәтінінде орта білім,
техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында оқытудың кредиттік
технологиясын қолданудың тиімділігін талдау негізінде салыстырмалы
зерделеу;
индуктивтік және дедуктивтік: қолданыстағы бағалау жүйесін талдау
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың интеграцияланған
жүйесі бойынша эмпирикалық жолмен алынған деректерді жалпылаудың
логикалық әдістері; жеке білім деңгейлері мазмұнының бірізділігін және
үйлесімін қамтамасыз ету бойынша инструментарийді жасау және сипаттау;
эксперименттік: білім жүйесінің эксперименттік ұйымдары жағдайында
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім мазмұнын
интеграциялаудың моделін қалыпқа келтіру.
Зерттеу нәтижелері:
Зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық материалдар зерделенді және
жүйеленді;
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім
мазмұнын интеграциялау мәнмәтінінде бағалаудың түрлерінің жіктеуіші
жасалды;
Мектептер, колледждердің білім алушылары мен жоғары оқу орындары
студенттерінің жетістіктерін бағалаудың қолданыстағы жүйесіне талдау
жасалды;
Жеке білім деңгейлері мазмұнының бірізділігі мен үйлесімін қамтамасыз
етудің инструментарийін сынақтан өткізу жүргізілді;
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім
мазмұнын интеграциялаудың дидактикалық негіздері жасалды;
Графикалық пәндер циклінің мазмұнын интеграциялау бойынша білім
берудің оқу бағдарламалары жасалды;
Білім берудің барлық деңгейлерінің мазмұнын интеграциялау
мәнмәтінінде оқу жетістіктерін бағалау бойынша ұсынымдар жасалды.
Енгізу дәрежесі: Енгізудің негізгі нәтижелері 23 ғылыми мақалаларда, 6
білім берудің оқу бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдарда жарияланды.
Зерттеу нәтижелері мынадай эксперименттік алаңдарда: Қазақ-Ресей
университетінде, Астана қаласы колледждерінде (Қазақ технология және
бизнес
университетінің,
Қазақстан-Ресей
университетінің,
Еуразия
гуманитарлық институты колледждерінде), Ақмола облысы Оқжетпес орта
мектебінде, Ақтөбе облысы Лингвистикалық мектеп гимназиясында, Алматы
облысы М. Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінде, Атырау облысы
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте, Шығыс Қазақстан облысы Уваров
атындағы орта мектепте, Жамбыл облысы Төле би атындағы орта мектепте,
Батыс Қазақстан облысы Дариялық орта мектепте, Қарағанды облысы №101
мектеп-лицейінде, Қостанай облысы №17 орта мектебінде, Қызылорда облысы
Қ.Баймағамбет атындағы №42 орта мектебінде, Маңғыстау облысының
М.Атымов атындағы №6 орта мектепте, Павлодар облысы №8 орта мектепте,
118
Солтүстік Қазақстан облысы №2 Бескөл орта мектебінде, Оңтүстік Қазақстан
облысы №8 М.Х. Дулати атындағы мектеп гимназиясында сынақтан өтті.
Қолдану саласы: интеграцияланған білім берудің оқу бағдарламалары
жасау процесі.
Зерттеу объектісінің дамуы туралы жобалау ұсыныстары: барлық білім
беру деңгейлерінде бағалаудың критерийлік жүйесінің (БКЖ) мен оқытудың
кредиттік технологиясының (ОКТ) инструментарийін жасау жөнінде қосалқы
ғылыми зерттеулер жүргізу.
6) Тұлғаны этномәдени кеңістікте рухани-адамгершілік дамытудың
психологиялық-педагогикалық негіздері [28].
Зерттеу нысаны: оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру жүйесі.
Зерттеу мақсаты: тұлғаны этномәдени кеңістікте рухани-адамгершілік
дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін дайындау, жалпыадамзаттық
және ұлттық құндылықтардың, инновациялық тәрбие қызметінің ғылыми-
әдіснамалық негіздерінің басымдығы негізінде оқушыларға отбасылық тәрбие
беруді
дамытуды
ғылыми-әдіснамалық
қамтамасыз
ету,
тұлғаны
мәдениетаралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеудің кешенді
бағдарламасын теориялық негіздеу және дайындау.
Зерттеу әдістері: проблеманың ғылыми аясын теориялық-әдіснамалық
талдау, ғылыми дереккөздерді, нормативтік-құқықтық құжаттарды, БАҚ
материалдарын теориялық талдау және жинақтау, теориялық модельдеу,
дерексіздендіру, ұқсату және жалпылау және т.б. Достарыңызбен бөлісу: |