Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ


 Жаңа форматтағы мұғалім: мәртебесі және құзыреттілігі



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

7 Жаңа форматтағы мұғалім: мәртебесі және құзыреттілігі  
 
Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде 
тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, 
тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Білім берудің мақсатын айқындау үшін 
Ж. Аймауытов:  «Мектеп  бітіріп  шыққан  соң  бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және 
өзінің  өміріне  білім  көзімен,  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне, 
білімдендірудің  көздейтін  түпкі  мақсаты  ‒  осы.  Мектеп  осы  бағытта  баланың 
келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» [50] ‒ деген еді. Осы мақсатқа 
жетелейтін бірден-бір күш ол, әрине мұғалім.  
Әрине, осы тұрғыдан келгенде, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? ‒ 
деген  сұрақ  әркімді  ойландырары  сөзсіз.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту, 
қастерлеу, арындай таза ұстау ‒ әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, 
шәкірттерін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа 
формация  мұғалімі  –  педагогиканы  терең  меңгерген,  тұрақты  түрде  өзін-өзі 
жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан,  шығармашыл  тұлға.  Жаңа 
формация  мұғалімі  табысы,  біліктері  арқылы  қалыптасады,  дамиды.  Қазіргі 
заман  мұғаліміне  қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру 
сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы 
шеберлігі болмақ.  
«Ескіден  қол  үзбей,  жаңаға  қол  жеткізгендер  ғана  мұғалім  бола  алады», 
 деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций [51]. Сонымен мұғалім өткен 
тәжірибесін  жаңамен  ұштастыра  алатын  кәсіби  қызығушылығы  жоғары, 
танымы  биік,  бастаған  ісінің  нәтижесін  көре  алатын,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  таңдай  білетін,  педагогикалық  үдерістің  заңдылықтарымен  етене 
таныс,  оқытудың  әдістемелік  жаңалықтарынан  хабардар,  оқыту  үрдісін 
ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.  
Сол себепті, қазіргі мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: 
сергектік, 
байқағыштық, 
сезімталдық, 
сенім, 
әділдік, 
байсалдылық, 
ұстамдылық, сабыр сақтау, ілтипаттылық.  
Жаңа  формациядағы  мұғалім  –  ең  алдымен  шәкіртіне  өмірді,  білімді 
үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі 
және  қалай  үйретудің  тәсілдері  мен  әдістерін  жақсы  меңгереді  де,  шәкіртін 
білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты 
түйсіндіретін эстет.  
Елбасымыз  өз  Жолдауында:  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның 
бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды 
құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне 
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» [52] ‒ деп атап көрсетті.  
Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінде  мұғалімге  қойылатын  талаптарға 
тоқтала кетейік:  
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі 
тұлға  және  маман  мұғалім  болуы  қажет.  Зерттеушілік,  ойшылдық  қасиеті  бар 
мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана 
түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.  

188 
Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, 
сол  білімін  күнделікті  ісінде  шебер  пайдалана  білетін  болуы  керек. 
Дүниежүзінде  ғаламдану  үрдісі  жүріп  жатқандықтан,  ақпараттар  ағыны 
көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың әр салаға қатысты кез 
келген  сұрағына  жауап  беруге  дайын  болуы  керек.  Әр  мұғалімнің 
педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.  
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, 
ақпараттардың  көбеюі  мұғалімнің  білім  берудегі  жетекші  рөлін  жойды.  Енді 
білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің 
оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол 
жеткізе  алмайды.  Жан-жақты  даму  үшін  осы  салада  мұғалім  ғана 
көмектесе алады.  
Төртіншіден,  мұғалім  ұйымдастырушылық,  құрылымдылық,  бейімділік 
сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, 
дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-
салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.  
Бесіншіден,  мұғалімнің  адамгершілік,  саяси  идеялық  ұстанымы 
жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. 
Қысқасы,  бала  ықпал  ету  обьектісі  емес  ынтымақтаса  қызмет  ететін  тұлғаға 
айналуы қажет.  
Қазақстанның  Еңбек  Ері  А.  Миразова  қазіргі  заманғы  мұғалім  бейнесі 
қандай болуы тиіс? ‒ дегенге: «Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс 
екенін  түсіну  үшін,  бүгінгі  күні  орта  білім  беретін  оқу  орындарында  жас 
ұрпақты  оқытып  және  тәрбиелеп  жүрген  мұғалім  бейнесін  қайта  қарауымыз 
керек  [53]  ‒  дейді.  «Бұл  орайда  тілге  тиек  болатыны,  педагогтердің 
біліктілігінің  төмендігі,  шәкірттермен  арадағы  педагогикалық  әдептілік 
негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала 
бермеуі.  Сондықтан,  мұғалімге  тән  педагогтік  қарым-қатынас  әрекетінің  мәні 
мен  мазмұнын  ашып,  ұстаздарға  оның  негізгі  сапаларын  қалыптастыруымыз 
қажет  сияқты»  [53]  ‒  деген  ой  қорытады.  «Сонымен  XXI  ғасыр  педагог 
имиджіне тоқталатын болсақ, «имидж» – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», 
«кейіп»  деген  мағына  береді  ‒  деп  жаңа  формациядағы  ұстаздың  бейнесін 
көрсетеді. Мысалы:  
Тартымды имидж:  
- айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;  
- кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.  
Егер  оқушылар  мұғалімнің  жеке  тұлғасына  қызықпаса  пәнге  деген 
қызығушылығы  да  болмайды  деген  байламға  келуге  болады.  Себебі,  баланың 
өмірінің  жартысы  оларға  білім  ғана  беріп  қоймай,  сонымен  қатар  оларды 
тәрбиелейтін  және  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуы  мектепте  өтеді.  Мұғалім 
оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  көмектеседі.  Ақпараттың  басым 
бөлігін  біз  көру  арқылы  аламыз,  сондықтан  да  біздің  тартымды  бейнеміз  өте 
маңызды.  Оған  ұқыптылық,  іскерлік  стиль,  мәнер,  әдеп,  күлкі  жатады.  Ұстаз 
өзін  қалай  көреді  және  оны  оқушылары  қалай  елестетеді?  Мектеп  әкімшілігі 
мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе 

189 
имиджде» ‒ дей келе имидждің маңыздылығын, құрылымын былай береді:  
Имидж  құрылымы:  сыртқы  бейне;  вербалды  және  вербалды  емес  қарым-
қатынасты пайдалану құралы; ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.  
Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен тембрі, костюм, 
қимыл, мәнер.  
Айналаңыздағы  адамның  санасындағы  сіздің  бейнеңіз  туралы  көзқарас 
сізбен  жүздесуден  кейінгі  сыртқы  кейпіңіз  бен  өз-өзіңізді  ұстауыңыздың 
тәрбиелік  мәні  мен  сөйлесу  мәнеріңіз  арқылы  қалыптаспақ.  Сыртқы 
бейнеміздің  үйлесімді  әсер  қалдыру  үшін  вербалды  және  вербалды  емес 
қатынас қажет:  
- мәнерлі сөйлеу;  
- көндіре білу;  
- стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу;  
- тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу;  
- шыдамдылық;  
- көргіштік қасиеттері болуы керек» [53] деген ұстанымды алға тартады.  
Атақты ұстаз Ш. Амонашвили: «Кез келген пайдалы реформа тек ұстаздан 
басталады.  Егер  мен  жаман  ұстаз  болсам,  менің  қолыма  жақсы 
бағдарламаларды  берудің  қажеті  не?  Ал  егер  мен  жақсы  ұстаз  болсам, 
қолымдағы жаман бағдарлама сапалы білім беруге маған кедергі бола алар ма? 
Әдістемені  өзіңше  көріп,  өзіңше  түсініп,  бар  жан  тәніңді  балаларға  бағышта. 
Әуелі шығармашыл, ойшыл, тәуелсіз ұстазды тәрбиелеу керек. Оларға ұрыспай, 
керісінше  мадақтау  керек.  Олар  өмір  суретшілері  емес  пе»?  [54]  ‒  деп  кадр 
даярлау мәселесінің маңыздылығын айтады.  
Мұғалімнің  біліктілігін  арттыруда  өзіндік  білім  көтерудің  орыны  ерекше. 
Өздігінен  білімін  жетілдіру  өте  күрделі  құбылыс,  өйткені  айналаны  қоршаған 
ортаның  өзі  бағалы  педагогикалық  білім  көзі  болып  табылады.  Педагогтің  өз 
білімін  жетілдірудің  төрт  түрлі  қызметі  айқындалған,  олар:  жалпы 
мәдениеттілік,  педагогикалық  перспективті  және  өзектілік  тұрғысынан  білім 
жетілдіру,  мұғалім  өмірінің  табиғи  қажеттілігі  болып  табылатын  тұрақты, 
танымдық  қызмет  тұрғысынан  жалпы  мәдениеттілік  білімді  дамыту,  бұл 
ешқандай  ұйымдастыруды,  жоспарлауды  талап  етпейтін,  мұғалім  өмірінің 
күнделікті тіршілігіне айналған әдеби кітап оқу, күнделікті баспасөзді бақылап 
отыру,  көркем  әдебиетпен  танысу,  әртүрлі  танымдық  және  ақпараттық 
телехабарларды 
көру, 
радио 
тыңдау, 
кинотеатрларға, 
көрмелерге, 
мұражайларға барып тұру, курс, семинарларға қатысып, экскурсияларға шығып 
отыру. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқанда бұл да оның өмірінің кәдімгі 
үйреншікті  тірлігіне  айналады.  Кәсіби  перспективті  өздігінше  білім  алу  ‒  бұл 
ұстаздың  өзінің  педагогикалық  қызметінің  нәтижесін  талдау  негізінде  пайда 
болған  белгілі  бір  психологиялық,  педагогикалық  немесе  әдістемелік  мәселе 
төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі.  
Жақсы  мұғалім  ‒  бұл  қай  кезде  де  ең  алдымен  кәсіби  деңгейі  жоғары, 
интеллектуалдық,  шығармашылық  әлеуеті  мол  тұлға.  Ол  оқытудың  жаңа 
технологияларын  өмірге  ендіруге  дайын,  оқу-тәрбие  ісіне  шынайы 
жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі.  

190 
Жоғарыда  баяндалғандарды  жинақтай  келе,  жаңа  формация  мұғалімі 
рефлекцияға  қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық, 
зерттеушілік, 
дидактикалық-әдістемелік, 
әлеуметтік 
тұлғалы, 
коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құзыреттіліктердің  жоғары 
деңгейімен  сипатталатын  рухани-адамгершілігі  мол,  жауапты,  белсенді, 
сауатты, шығармашыл тұлға.  
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі 
мұғалім:  
-
 
педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;  
-
 
педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;  
-
 
жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;  
-
 
оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;  
-
 
білімді, іскер, шебер болу керек.  
Халқымыз  әрқашанда  ұстаз  мәртебесін  көтеріп,  аса  жоғары  қастерлеп, 
бағалаған.  Ұлы  Абай:  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға», 
«Адамның  адамшылығы  жақсы  ұстаздан  болады»  [55]  ‒  десе,  чехтің  педагогі 
Я.А. Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл 
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» [54] ‒ деп, 
ұстаздар мәртебесін жоғары бағалаған.  
Қазіргі  тез  құбылмалы  әлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың 
әлеуметтік,  экологиялық,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 
белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 
факторлардың біріне айналып отырған уақытта жаңа формациядағы мұғалімге 
жаңаша біліктілігін арттыру заман талабы.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2012  жылғы 
27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының 
басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз 
үшін  келесі  іс-шараларды  жүзеге  асырудың  маңызы  зор.  Біріншіден,  оқыту 
үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, 
педагогтер  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор.  Үшіншіден, 
біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет» ‒ деген болатын.  
Білім 
беру 
нәтижелеріне 
табысты 
қол 
жеткізуді, 
Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартында 
көрсетілген міндеттерді нәтижелі орындау, алған білімін оқу және практикалық 
қызметте  пайдалана  алуын  қамтамасыз  ететін  логикалық,  конструктивті  және 
сыни  тұрғыда  ойлау  негіздерін  қалыптастыру  мақсатындағы  оқытудың  тиімді 
нысандары мен әдістерінің енгізілу қажеттілігі педагог кадрлардың біліктілігін 
арттыру  және  қайта  даярлау  бағдарламаларының  жаңартылған  мазмұнда  іске 
асырылуын  міндеттейді.  Жаңа  мазмұнды  біліктілікті  арттыру  жүйесі 
педагогтерді  оқытудың  инновациялық  әдістерін,  қазіргі  заманғы  білім  беру 
және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  қолдана  алу 
мүмкіндіктеріне жол ашады. Бұл мүмкіндік оқушылардың пәндік білім алулары 
мен алған білімді нақты өмірдегі жағдайларда пайдалана алу үрдісін қатар ала 
жүруіне  жағдай  туғызатын  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігімен  анықталады. 
Педагог  кадрлардың  кәсіби  шеберлігін  шыңдау  бағытындағы  жаңа  мазмұнды 

191 
жаңғыртылған  біліктілікті  арттыру  жүйесі ‒  тұлға бойындағы  функционалдық 
сауаттылықты қалыптастырудың сенімді кепілі.  
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  тапсырмасына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 24 мамырда мұғалімдерді даярлау және 
олардың  біліктілігін  арттыру  жүйесін  дамыту  жөніндегі  тұжырымдамалық 
тәсілдерді  мақұлдады  және  жаңадан  құрылған  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығына  (бұдан  әрі  –  «НЗМ» 
ДББҰ  ПШО)  шетелдік  әріптестермен  бірлесіп,  озық  әлемдік  тәжірибе  мен 
педагогикалық  тәжірибені  қолдану  арқылы  Қазақстан  Республикасы  педагог 
кадрлардың  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламаларын  әзірлеу 
тапсырылды.  
Деңгейлі  бағдарламаның  мақсаты  –  қазақстандық  педагогтердің 
әдістемелік  қуатын  кеңейтуге,  өзгермелі  әлемге  ұмтылған  жағдайда 
оқытылатын пәндердің ерекшеліктеріне қарамастан педагогтердің практикалық 
жұмыстарына қажетті жалпы педагогикалық тәсілдер мен әдістемелік әдістерді 
қалыптастыруға ықпал етеді.  
Деңгейлі бағдарламаның негізгі міндеттері:  
-  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  оқушылардың  өз  бетімен  оқу 
дағдыларына, өзін-өзі реттеуіне, белсенді азамат әрі ақпараттық технологиялар 
саласында  маман  болып  қалыптасуына,  түрлі  аудиторияларда  сындарлы 
диалогқа  қабілетті,  заманауи  әлемде  табысты  болуына  ықпал  ететін 
мұғалімдердің білімі мен практикалық дайындығын қамтамасыз ету;  
- қосымша білім көлемі мен дағдыларды алудағы педагог қызметкерлердің 
білім  берудегі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  қарқынды  өзгермелі  әлем 
жағдайында  қазақстандық  мұғалімдердің  үздіксіз  кәсіби  дамуын  даярлауға 
ықпал ету;  
-  жеткілікті  теориялық  жоғары  деңгейі  және  практикалық  кәсіби 
құзыреттілігі бар, өз әріптестерін оқытып, тәлімгерлік ете алатын мұғалімдерді 
даярлау;  
-  мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығы  аясында  қазақстандық  мұғалімдерді 
белсенді жұмыс істеуге даярлау.  
Республика бойынша корпоративті басқару мен әлемдік тәжірибені тарату 
негізінде  біліктілікті  арттыру  жүйесін  жетілдіру  және  педагогтерді  сапалы 
кәсіби  дамыту  үшін  деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  педагог  кадрлардың 
біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі іске қосылды.  
Біліктілікті  арттырудың  жаңа жүйесін «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  және  «Өрлеу» 
біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  (бұдан  әрі  -  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ) 
іске  асыруда.  Осы  орайда,  негізгі  басымдылық  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін 
дамытуға қойылып отырғанын, ерекше атап өтеміз.  
Жалпы,  біліктілікті  арттырудың  жаңа  жүйесін  енгізудің  бірқатар 
артықшылықтары бар, олар:  
-  білім  беру  қызметі  мен  ақпараттың  ашықтығын  қамтамасыз  етуге 
қатысты демократизациялау принциптерін ұстану;  
-  біліктілікті  арттыру  жүйесіне  институттарды  материалды-техникалық 
жабдықтау үшін инвестициялар мөлшерінің өсуі;  

192 
-  мұғалімдерді  біліктілікті  арттыруға  ынталандыру  және  т.б.  Ал,  ең 
бастысы,  біліктілікті  арттыру  жүйесі  мектептердің  кадрлық  әлеуетін 
басқарудағы маңызды құралға айналуда.  
«Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  қызметін  жаңғырту  заманауи  ұстаздың  бедел-
бейнесін  қалыптастыруға  тікелей байланысты.  Сол  себепті,  оларда  мұғалімнің 
бедел-бейнесінің  технологиясы  туралы  курстар  ашылған  және  бұл  курстар 
үлкен сұранысқа ие болып отыр. Онда ұстаздың сәтті бедел-бейнесінің жүйелі 
компоненттері:  жеке  және  тұлғалық  қасиеттері,  кәсіби  қызметінің 
коммуникативтік ерекшеліктері мен тәртібі туралы мәселелер қозғалады.  
Қоғамның  өзгеруімен  бірге  ұстаздық  қызметке  де  терең  өзгерістер  енді. 
Ақпараттық  технологиялар  ғасырындағы  жаңалықтардың  көптігі  мұғалімнің 
алдына  үлкен  міндеттер  қояды.  Жаңа  педагогикалық  технологияның 
ерекшеліктері  –  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту.  Бұрынғы 
оқушы  тек  тыңдаушы,  орындаушы  болса,  ал  қазіргі  оқушы  –  өздігінен  білім 
іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз  керек.  Заман  ағымынан 
қалмауы үшін мұғалім жинақы, жігерлі, өзгерістерге икемді болуы шарт.  
Сонымен  қатар  жыл  сайын  мұғалімдердің  білім  деңгейіне,  кәсіби 
деңгейіне,  педагогикалық  шеберлігінің  шыңдалуына  қойылатын  талаптар 
күшеюде.  Сол  себептен  ұстаздың  біліктілігін  арттыру  мәселесі  тек  мемлекет 
пен білім беру жүйесінің ғана басым мақсаты болмау керек. Мысалы, әлемнің 
білім  беру  жүйесі  дамыған  елдерінің  бәрінде  біліктілікті  арттыру  жүйесін 
мемлекетпен қатар үлкен компаниялар, ғылыми орталықтар, бизнес мекемелері 
қаржыландырады.  Білім  беруге,  әсіресе  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін 
шыңдауға  құйылған  инвестиция  ‒  қаржы  жұмсаудың  ең  тиімді  түрі,  өйткені, 
«Мемлекеттің 
болашағын 
қалыптастырудағы 
басты 
рөл 
ұстаздың 
еншісінде» [55].  Осы  мақсатта,  талдамалық  материалды  әзірлеу  барасында 
«НЗМ»  ДББҰ  ПШО  және  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  біліктілікті  арттырудың  жаңа 
жүйесінен өткен мұғалімдерге жан-жақты талдау жасадық.  
2014 жылы «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ І (ілгері) деңгей 
бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан - 3101, ІІ (негізгі) деңгей 
бағдарламасы  бойынша  -  3197,  ІІІ  (базалық)  деңгей  бағдарламасы  бойынша  - 
8217  педагогті  өткізсе,  2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  І  (ілгері) 
деңгей  бағдарламасынан  -  1414,  ІІ  (негізгі)  деңгей  -  598,  ІІІ  (базалық)  деңгей 
бағдарламсы  бойынша  -  6063  мұғалімді  курстардан  өткізді.  Талдау  көрсетіп 
отырғандай,  2014  жылы  І  және  ІІ  деңгейлік  курстардан  өткен  мұғалімдерге 
қарағанда, ІІІ деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер саны 2,5 есеге артық.  
2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  І  (ілгері)  деңгей  бағдарламасы 
бойынша  курстан  өткендер  саны  ІІ  (негізгі)  деңгей  бағдарламасы  бойынша 
курстан  өткендерге  қарағанда  2,3  есеге  артқаны  байқалады.  Ал,  ІІІ  (базалық) 
деңгей  бағдарламасы  бойынша  курстан  өткендер  саны  І  (ілгері)  деңгей 
бағдарламалары  бойынша  курстан  өткендерге  қарағанда  4  есеге,  ІІ  (негізгі) 
деңгей бағдарламалары бойынша курстан өткен мұғалімдермен салыстырғанда 
10  есеге  көп  екені  анықталды.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  республика 
бойынша  ІІІ  (базалық)  деңгей  бойынша  өткен  мұғалімдердің  саны  І,  ІІ 
деңгейлерге қарағанда әлдеқайда көп екені анықталды (88-сурет).  

193 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
 
88-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша деңгейлік курсты аяқтаған 
мұғалімдер бойынша мәлімет  
 
2014  жылы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  шет  тілі, 
Қазақстан  тарихы  пәндері  мұғалімдерінің  деңгейлік  курстан  өтулері  орта 
есеппен алғанда шамалас. Курстан ең көп өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
мұғалімдерінің  орташа  балы  825-ті  құраса,  ең  аз  қамтылған  шет  тілі  пәнінің 
мұғалімдерінің  орташа  балы  340-ты  құрап,  деңгейлік  курстан  2,4  есеге  аз 
өткенін  көрсетті.  2015  жылы  ІІ  (негізгі)  деңгей  бойынша  курспен 
салыстырғанда  І  (ілгері)  деңгейлік  курстан  өткен  мұғалімдердің  саны  басым 
(89-сурет).  
 

194 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері 
 
89-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша деңгейлік курсты 
аяқтаған мұғалімдердің саны бойынша мәлімет  
 
2014 жылы математика, информатика, биология, химия, физика, география 
пәндерінен  ІІ  (негізгі)  деңгей  бойынша  курстан  өткендердің  орташа  балы  147 
балл болса, І (ілгері) деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің орташа балы 181 
балды  құрады.  І,  ІІ,  ІІІ  деңгейлік  курстан  ең  көп  өткен  математика  пәнінің 
мұғалімдерінің саны 1285 болса, ең аз қамтылғаны химия пәнінің мұғалімдері 
511 адамды қамтыған.  
2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  математикадан  –  42, 
информатика – 21, биология – 21, химия – 22, физика – 27, географиядан – 25 
мұғалім деңгейлік курстардан өткен. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы көрсеткішпен 
салыстырғанда әлдеқайда аз қамтылғанын көрсетіп отыр (90-сурет).  
 

195 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері 
 
90-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша деңгейлік курсты 
аяқтаған педагогтер саны 
 
Талдау 
эстетикалық 
бағыттағы 
пәндер 
қоғамдық-гуманитарлық, 
жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  пәндерге  қарағанда  деңгейлік 
курстан  өте  аз  өткенін  көрсетіп  отыр.  2014  жылы  І  (ілгері)  деңгей  бойынша 
дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тек 128 мұғалім 
курстан  өтсе,  музыка  пәнінен  41  мұғалім  ғана  біліктілікті  арттыру  курсынан 
өткен. Бұл бағытта І деңгей бойынша өткізілген курстарға қарағанда ІІІ деңгей 
бойынша курстардан білімін жетілдірген ұстаздар саны басым (91-сурет).  
 

196 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері 
 
91-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында эстетикалық 
бағыттағы пәндер бойынша деңгейлік курсты аяқтаған педагогтер саны  
 
 
Талдау  2014  жылы  бастауыш  сынып  мұғалімдері  І,  ІІ  деңгейгелерге 
қарағанда  ІІІ  (базалық)  деңгей  бойынша  курстардан  көп  өткенін  көрсетті. 
Сонымен  қатар,  2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  да  ІІІ  (базалық) 
деңгейлік  курстардан  өткен  мұғалімдердің  саны  басым.  ІІІ  деңгейлік 
курстардан көбінесе жас мамандардың өтуіне байланысты мұғалімдердің басым 
бөлігін орта жасқа дейінгі мамандар құрап отыр (92-сурет).  
 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
 
92-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың І жартыжылдығында бастауыш сынып 
мұғалімдері бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны  

197 
2015  жылы  ауылдық  мектептерде  еңбек  ететін  педагогтердің  деңгейлік 
курстан  өткендерінің  саны  8394  адамды  құрады,  қалалық  мектептерде  еңбек 
ететін  6121  адам  біліктілігін  жетілдірген.  2015  жылдың  бірінші 
жартыжылдығында ІІ (негізгі) деңгей бойынша курстан өткендерге қарағанда І 
(ілгері)  деңгей  бойынша  курстан  өткендердің  саны  артқанын  көруге  болады 
(93-сурет).  
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
93-сурет . 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қалалық, 
ауылдық мектептер бойынша деңгейлік курсты аяқтаған педагогтер саны  
 
Оқыту  тілі  бойынша  2014  жылы  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін 
мектептерден  деңгейлік  курстардан  өткен  мұғалімдердің  саны  оқыту  орыс 
тілінде  жүргізілетін  мектептердегі  мұғалімдерге  қарағанда  2,3  есеге  артық 
болса,  2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  3  есеге  дейін  көбейген.  2014 
жылы  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  мектептерден  10  174  мұғалім,  оқыту 
орыс тілінде жүргізілетін мектептерден 4341 мұғалім біліктілік курсынан өткен 
(94- сурет).  
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері 
94-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында оқу тілі 
бойынша деңгейлік курсты аяқтаған педагогтер саны  

198 
Талдау  барысы  2014  жылы  біліктілігі  жоғары  және  бірінші  санатты 
мұғалімдердің  І,  ІІ  деңгейлік  курстардан  өтуі  екінші  және  санаты  жоқ 
мұғалімдерге қарағанда басымдыққа ие болғанын көрсетті. 2014 жылы ІІ деңгей 
бойынша курстан санаты жоқ 9 мұғалім, ІІІ деңгейден санаты жоқ 797 мұғалім 
өтсе,  2015  жылы  І  деңгейден  санаты  жоқ  1  мұғалім,  ІІ  деңгейден  -  10,  ІІІ 
деңгейден  933  мұғалімнің  біліктілігін  арттырғанын  көруге  болады. 
Қорытындылай  келе,  жас  мамандардың  деңгейлік  курстардан  өту 
мүмкіндіктерін байқап отырмыз (95-сурет).  
 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
 
95-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында санаты 
бойынша деңгейлік курсты аяқтаған педагогтер саны  
 
Республика  бойынша  2014  жыл  мен  2015  жылдың  бірінші 
жартыжылдығында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің орта жасы 41 жасты 
құрайды.  Бұдан  байқайтынымыз  білім  сапасын  арттыруда,  мектепте  жаңа 
формация мұғалімін қалыптастыруда мұғалімдердің ішкі мүмкіндігі жеткілікті 
деген қорытындыға келеміз (96- сурет).  
 

199 
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері 
 
96-сурет – 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында деңгейлік 
курсты аяқтаған педагогтердің орташа саны  
 
2014 жылы облыстар бөлінісінде І, ІІ деңгейлер бойынша курстан өткендер 
шамалас болса, ІІІ деңгей бойынша курстан өткендер саны басым (97-сурет).  
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
 
97-сурет – 2014 жылы облыстар бөлінісінде деңгейлік курсты аяқтаған 
педагогтер саны  

200 
2015  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  ІІ  (негізгі)  деңгей  бойынша 
курстардан  өткен  мұғалімдерге  қарағанда  І  және  ІІІ  деңгейлер  бойынша 
курстан  өткен  мұғалімдердің  саны  артық.  Негізінен,  ІІІ  деңгей  бойынша 
курстан  екінші  санатты  немесе  санаты  жоқ  жас  мұғалімдер  өткендіктен  жаңа 
формациядағы педагогтерді қалыптастырудың зор мүмкіндігін байқауға болады 
(98-сурет).  
 
 
Дереккөзі: «НЗМ» ДББҰ ПШО және «Өрлеу» БАҰО» АҚ мәліметтері  
 
98-сурет – 2015 жылдың І жартыжылдығында облыс бөлінісінде деңгейлік 
курсты аяқтаған педагогтер саны  
 
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің шыңдалуына деңгейлік курстың ықпалы 
зор  болмақ.  Талдау  көрсеткендей  деңгейлік  курстардан  өткен  мұғалімдердің 
орта  жасы  41  жас.  Бұл  өз  кезегінде  жаңа  тұрпатты  мұғалімнің  қалыптасуына 
үлкен ықпал ететіні сөзсіз.  
Жаңа  жүйе  алдағы  уақытта  да  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  Кембридж 
университетімен  бірлесе  отырып  әзірлеген  педагог  кадрлардың  біліктілігін 
арттырудың  деңгейлік  бағдарламалары  шеңберінде  3  (базалық),  2  (негізгі),  1 
(ілгері)  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  еліміздегі  жалпы  білім  беретін 
мектеп мұғалімдерін оқыту курстарын өткізуді болжайды.  

201 
Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  курстан  өткен  және  біліктілік 
емтиханын табысты тапсырған мұғалімдерге білім беру саласындағы уәкілетті 
органмен келісілген белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.  
Жобаны іске асыру 5 жылға жоспарланған. Осы кезеңде 120 000-нан астам 
адам  (мұғалімдердің  43%-ы)  аталған  курстармен  қамтылады  деп  күтілуде. 
Сертификатталған  мұғалімдердің  негізгі  бағытынан  бақылау  жұмысының 
үзінділері,  тірек  мектептердің  жұмыстарын  күшейту,  үнемі  кедергі 
факторларды  анықтап  отыру,  желілік  қоғамдастықта  жұмыс  істеу  қарқынын 
белсендендіру көзделеді.  
Аталған  үш  айлық  курстардың  мақсаты  өзінің  дәстүрлі  педагогикалық 
ойлауын  өзгертуге  және  басқа  мұғалімдер  арасында  оқытудың  жаңа  тәсілін 
насихаттауға  қабілетті  мұғалімдердің  «сыни  массасын»  қалыптастыру  болып 
табылады.  
Педагогтердің  біліктілігін  арттырудың  осы  жаңа  форматы  педагогтердің 
кәсіби  деңгейін  сапалық  жағынан  арттыруға  орасан  зор  мүмкіндік  береді. 
Бағдарлама 
педагогтің 
білімділік 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
бағытталған  және  өз  жұмысына  рефлексивті  талдау,  өз  пәнін  оқытудың 
жаңартылған  тәсілдерін  жасау  арқылы  педагогтің  кәсіби  деңгейін  арттыруға, 
жаңа кәсіби белеске шығуға ынталандыруды қамтамасыз етеді.  
 
 
 

202 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет