Н. Назарбаев атындағы білім қоры
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры әлемде қолданылып келе
жатқан көптеген білім модельдерінің ішінен білім беру мазмұнындағы, білім
беру үдерісін ұйымдастырудағы ұлттық және халықаралық компоненттерді
теңгеру идеясымен үйлесетін Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларын (IB –
International Baccalaureate) таңдап алып жұмыс жасайды.
Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектепке арналған Бағдарламасы
(IB PYP) – Халықаралық Бакалавриат ұсынатын үш бағдарламаның бірі болып
табылады [45]. Бағдарламаның басты атрибутына ұлттық және халықаралық
тәжірибенің озық үлгілерін қолдану, балаларға сапалы білім беру жүйесін
жасау мақсатымен еліміздегі білім беру саласына халықаралық оқу
бағдарламалары мен нормаларын енгізу және оны тарату жатады.
Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры инновациялық үш мектеп ашты:
Алматы және Астана қалаларында «Мирас» мектептері, Алматы халықаралық
мектебі.
Қазіргі уақытта «Мирас» Қазақстан Республикасында жаңа бағдарламалар
мен педагогикалық технологиялар енгізген, ұлттық және халықаралық білім
беру жүйелері талаптарын кіріктіре үйлестірген бірден-бір инновациялық
мектеп моделі болып отыр [46].
«Мирас» мектебі – Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш
бағдарламасы бойынша авторизация сынағынан өткен. Сонымен қатар,
Халықаралық мектеп Кеңесі (CIS) және Жаңа Англия мектептері мен
колледждері Қауымдастығы (NEASC) тарапынан да авторизацияланған.
Орта мектепте Білім берудің Ұлттық стандарттарының мазмұнды
компоненттерін Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары оқу философиясы
мен оқыту қадамдарына қойылатын талаптарымен кіріктіру арқылы жаңа
педагогикалық технологиялар мен әдістемелер енгізілген. Орта мектепке
арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы (MYP) 11-16 жастағы (6-10
сыныптар) оқушыларға арналған. Бұл халықаралық бағдарлама заманауи қоғам
талаптарына сәйкес оқушылардың білім алуына, білік және дағдыларды
меңгеруіне бағытталған. IB MYP негізгі ұстанымдарының біріне –
бағдарламаның икемді болуы, оқу үдерісіне жасалатын ортақ қадамдарды
қолдану талаптарын сақтаған кездегі академиялық толықтыруларды таңдаудағы
үлкен еркіндік жатады.
Сабақтарда өзара әрекет ету салалары бойынша барлық негізгі оқу
дағдыларын қамтитын жобалау әрекеті шешуші орынды иемденеді. Орта
мектепке арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын 9, 10 сынып
оқушыларының Жеке жобаны орындауы арқылы аяқталады. Жеке жоба
қайсыбір пән бойынша орындалған Дипломдық жұмыс емес. Бағалау кезінде
бірінші кезекте Жобаны әзірлеу және оны орындау кезінде оқушының
пайдаланған дағдыларды меңгеруіне басты көңіл бөлінеді. Екінші кезекте
өндірілген өнім сапасына көңіл бөлінеді.
IBMYP бағдарламасын аяқтау студенттерге IBMYP сертификатын алуға
176
құқық береді, немесе сыртқы модерация арқылы Халықаралық Бакалавриат
бекітетін MYP бағдарламасы бойынша оқу курсын өткендігін растайтын,
әлемдегі ресми түрде мойындалған құжат – Жетістіктер Есебіне алынады.
Жетістіктер есебі студент нақты баға алған барлық модерациялық пәндер
бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады. Сертификат барлық
орнықтырылған талаптарды орындаған студенттерге ғана беріледі. MYP
бағдарламасы бойынша оқу үш тілде жүреді: ағылшын тілінде (6-10 сыныптар),
орыс тілінде (6-10 сыныптар) және қазақ тілінде (2010 жылдан 6-7 сыныптар).
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры мектептеріндегі білім беру
процесі оқушылардың тұлғалық қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін
дамытуға тиімді жағдай жасауға, қоршаған әлеммен өзара байланыста болу,
өздігінен ойлау, өзін еркін тани және көрсете білу дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған.
Мектептердің білім беру жүйесінің тұжырымдамалық, мазмұндық және іс-
әрекеттік компоненттеріне Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларына сәйкес
өзгеріс жасалынған. Білім беру мақсаттарын қайта қарап, білім мазмұны
Халықаралық Бакалавриат Бағдарламаларына бейімделген, инновациялық
технологиялар мен әдістемелер, студенттердің оқудағы жетістіктерін
бағалаудың өлшемінің жүйесі енгізілген.
«Мирас» мектептері – негізгі мектепті бітіргені туралы Халықаралық
Сертификатқа емтихан (IGCSE – Британ стандарты) қабылдайтын Халықаралық
Емтихан
Орталығы
ретінде
Кембридж
университетінің
аккредитациясынан өтеді.
Үш мектептің үшеуі де негізгі мектеп бағдарламасы (IB MYP - Middle Years
Programme) бойынша авторизациядан өтіп, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі қабылдаған, негізгі мектепті бітіргені туралы қазақстандық
куәлікке пара-пар келетін Халықаралық Сертификат беру құқығын алған.
Жоғарғы сатыдағы оқытуды ұйымдастырудың беделді әрі сапалық
тұрғыдағы жаңа формасы әлемдегі жетекші университеттерге қабылдау
емтиханынсыз түсуге құқық беретін Дипломдық Бағдарлама (11–12 сыныптар)
(IB DP – Diploma Programme) болып табылады. Соның арқасында «Мирас»
мектептерінің түлектері Гарвард, Оксфорд, Кембридж, ММХҚИ, ММУ және
әлемнің басқа университеттерінде білім алуды жалғастырады.
«КАТЕV» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ
Қор Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Қазақстан
Республикасы аумағындағы қазақ-түрік білім мекемелерінің білім беру қызметі
аясындағы ынтымақтастық туралы 17.03.2003 жылдан өзара келісімі негізінде
жұмыс істейді [47].
Қазіргі таңда «KATEV» ХҚҚ-ына қарасты оқу ордалары халықаралық ISO
9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің стандарттарын иеленіп Түркия
стандарттау институтымен тығыз жұмыс істеуде.
«КАТЕV» қоры халықаралық деңгейдегі жаңа мектепті тиісті реформаға
сай, яғни жас ұрпақтың білімі әлемдік білім деңгейіне жетсін деген талапты
177
орындау үшін ашып отыр.
«КАТЕV» қоры қазақ-түрік лицейлерінің оқу-тәрбие ісін жүргізумен қатар,
республикалық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі әлеуметтік-мәдени,
ғылыми-ағарту шаралар ұйымдастырады.
Оқушылардың ізденгіштік қабілетін жетілдіру үшін жан-жақты жұмыстар
қолға алынған.
Лицейлерде сабақ Қазақстан мен Түркияның білім саласындағы елеулі
артықшылықтар мен жетістіктері негізінде арнайы жасақталған бағдарламаға
сай өтеді. Басқа елдердің білім беру мекемелерімен ынтымақтастық
орнатылған, халықаралық оқушылар жарысына дайындық мақсатты түрде
жүргізіледі.
Оның сыртында ғылыми көрмелер мен халықаралық конференцияларға
қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттерінің ұсынған баяндамалары әлденеше рет
жүлделі орындарға ие болды.
Қордың негізгі қызметі – орта және жоғарғы оқу орындарын, ақылы оқу
курстары мен өзге де арнайы мамандандырылған курстар құруды ұйымдастыру,
сондай-ақ өзіне қарасты білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын
нығайтуға, оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларын
енгізуге, білікті кадрларды жұмысқа тартуға мүмкіндігінше қаржылай және
өзге де нысанда көмек көрсету.
Бұған қоса қор жыл сайын Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік
орталығымен бірлесе өткізетін IMPC мектеп оқушыларының халықаралық жоба
жарыстары, оқу-әдістемелік семинарлар, конференция, білім көрмесі секілді
түрлі әлеуметтік-мәдени бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруды
жүзеге асырады.
Қазақ-түрік лицейлерінің мақсаты:
Білімді, көп тілді меңгерген, өз елінің ертеңі үшін болашақта бәсекеге
қабілетті, Отансүйгіш, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, өз ұлтының
құндылықтарын бойына сіңірген және оны қорғай алатын болашаққа үлкен
үмітпен және сеніммен қарайтын, достық пен бауырмалдықты бойына сіңірген
бейбітшілік пен келісімде өмір сүруді ғұмырына ту еткен жас ұрпақты
тәрбиелеп шығару [48].
Қазақ – түрік лицейлерінде төрт тілде білім беру жүйесі.
Қазақ – түрік лицейлерінде тіл үйретуге ерекше мән беріліп, оқыту
процесінде бүкіләлемдік озық әдіс-тәсілдер қолданылады.
Аталмыш білім ордаларында төрт тілде (қазақша, орысша, ағылшынша,
түрікше) білім беріледі.
Дәлірек айтар болсақ, шет тілі (ағылшын тілі), математика, информатика,
физика,химия, биология пәндері ағылшын тілінде; қазақ тілі, қазақ әдебиеті,
қазақ тілі (орыс сыныптары үшін), қазақ әдебиеті (орыс сыныптары үшін),
қоғамдық білім негіздері, құқық негіздері, Қазақстан тарихы, жалпы тарих,
география, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндері қазақ тілінде;
русская речь, русский язык, русская литература орыс тілінде өтеді.
Түрік тілі пәні түрікше оқытылады.
178
Қазақ тілі (қазақ тобы) - қазақ мектептері деңгейінде.
Қазақ тілі (орыс тобы) – орыс мектептеріне қарағанда тереңдетілген
деңгейде.
Орыс тілі – қазақ мектептеріндегі орыс тілі деңгейінде.
Ағылшын тілі бойынша 7 – сыныпты бітірген кезде оқушылар белгілі бір
деңгейде ауызекі сөйлеу тілін еркін меңгереді.
11-сыныпты бітірген кезде ағылшын тілінің Advenced деңгейін толық
меңгеріп шығады. Түрік тілі – 7-сыныпта бастауыш деңгейде, одан жоғарғы
сыныптарда қалыпты деңгейде оқытылады.
«НұрОрда» қазақ-түрік лицей-кешені «KATEV» Халықаралық қоғамдық
қорының жетекшілігімен жұмыс атқарады. Қор лицей-кешенінің оқу және
тәрбие – іс-шараларының негізін басқарады, білім беру бағдарламаларын
лайықты түрде меңгерту үшін ұстаздарға қолайлы жағдайлар жасалуын,
материалды-техникалық базаның қаржылай қамтамасыз етілуін, білім беру
бағдарламаларының сапасы мен мазмұнының үнемі жетілдірілуін, жаңа
педагогикалық, ақпараттық, технологиялық білім беру жүйесінің дер кезінде
енгізілуін қадағалайды.
Оқыту тілі қазақша. 1-11-сыныпқа дейін оқушылар қабылданады.
Ағылшын тілін оқу 1-6-сыныптарда – 4 сағат енгізілген. 3-сыныптан бастап
информатика, 5- сыныптан түрік тілі оқытылуда. 7-сыныптан бастап
жаратылыстану - математика бағыты бойынша пәндер ағылшын тілінде
тереңдетіле оқытылады.
«НұрОрда» қазақ-түрік лицей-кешенінде жаңа үлгідегі сыныптар, медиа,
интерактивті тақта, iMac компьютерлерімен жабдықталған зертхана, спорт
және музыка залдары, жүзу хауызы, интернетке қосылған кітапхана, оқырман
залы, асхана, мәжіліс залы бар. 1-6 сыныпта Susan House, Katharine Scott, Paul
House; Стамбул «Selt publishing» баспа үйінде басылған оқулықтар қосымша
оқытылады.
«НұрОрда» қазақ бастауыш мектебі 1-3 сыныптарда оқушылардың
ауызекі сөйлесу мәдениетін, заттарды тану, оны оқи білу, жаза білу дағдысын
қалыптастыру мақсаты көзделген. Мұғалімдердің сабақта қолданатын әдіс–
тәсілдері: Dyadic Echange (жұптасып оқыту), Cooperative Learning Group
(топтық оқыту), Direct Teaching Method (мұғалімнің өзіндік әдістемесі), Showing
pictures (көрнекілік әдісі), Naming pictures (суретті баяндау, ат қою әдісі),
Watching videos (видео сабақтары).
«НұрОрда» қазақ-түрік лицейінде оқыту 7-11 сыныптарда төрт: қазақ,
ағылшын, түрік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті,
Қазақстан тарихы, география, «Адам. Қоғам. Құқық», дүниежүзі тарихы,
алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу – қазақ
тілінде, ағылшын тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология,
информатика – ағылшын тілінде, түрік тілі – түрік тілінде, орыс тілі, орыс
әдебиеті – орыс тілінде оқытылады.
«НұрОрда» халықаралық мектебі 2011 жылдың 2 қыркүйегінде
Кембридж халықаралық мектебінің статусын алды. Кембридж халықаралық
179
білім беру бағдарламалары бастауыш сыныптарынан бастап, орта мектеп пен
жоғары оқу орындарына түскенге дейін жалғасады. Кембридж халықаралық
білім беру бағдарламалары келесідей атақты біліктіліктен құралады: Cambridge
Primary (бастауыш сыныптары), Cambridge Secondary 1 (орта буын), Cambridge
IGCSE, Cambridge International AS/A Levels.
Біздің мектеп төмендегі біліктілікті ұсынады:
Cambridge Primary Checkpoint
Ағылшын тілі
Ағылшын тілі шет тілі ретінде
Математика
Жаратылыстану
Cambridge Secondary Checkpoint
Ағылшын тілі
Ағылшын тілі шет тілі ретінде
Математика
Жаратылыстану
IGCSE
0610(1): Биология
0620(1): Химия
0625(1): Физика
0510(1): Ағылшынтілішеттіліретінде (ауызшакомпонент)
0580(1): Математика (курстық жұмыссыз)
0417(1): Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ)
0532(1): Қазақ тілі шет тілі ретінде
0516(1): Орыс тілі ана тілі ретінде
AS /A Levels
8693: Ағылшын тілі
9695: Ағылшын тілі және әдебиеті
9696: География
9697: Тарих
9700: Биология
9701: Химия
9702: Физика
9709: Математика
9713: Қолдаңбалы АКТ [48].
Назарбаев Зияткерлік мектептер инновациялық білім беру моделін
әзірлейді, олар қазақстандық және халықаралық үздік тәжірибені
интеграциялайды [45]. Зияткерлік мектептер білім берудің екі моделін іске
асыруда: – біріншісі – ДББҰ-ның стратегиялық әріптесі Кембридж
университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесіп әзірлеген
жаратылыстану-
математика
бағытындағы
Кіріктірілген
білім
беру
бағдарламасы; – екіншісі – Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы.
180
Стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін отандық және халықаралық білім
беру бағдарламаларын үздік мазмұнын, сондай-ақ сабақ беру мен оқытудың
үздік отандық және халықаралық тәжірибесін интеграциялау жүзеге
асырылады. Қазақстандық мектептердің дәстүрлі түрде күшті жақтарымен
біріктірілетін отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы практикалар өзіне
мыналарды қамтиды: үздік халықаралық мектептерге қойылатын талаптардың
деңгейіне сәйкес келетін инновациялық Кіріктірілген білім беру бағдарламасы,
үш тілде білім беру, оқу және оқудан тыс қызметті интеграциялау, құндылыққа
бағдарланған білім беру, әлеуметтік жобаларды енгізу, жаңа педагогикалық
әдістемелер мен технологияларды енгізу, соның ішінде:
– оқушыларды белсенді оқыту, өз бетінше оқуын дамыту;
– пәннің мазмұны мен тілді оқытуды интеграциялау;
– шығармашылық және сыни ойлауды дамыту;
– АКТ және WEB 2.0 технологияларын тиімді пайдалану;
– зерттеу дағдыларын дамыту;
– ынтымақтастықты, коммуникативтік дағдыларды және мәдениаралық
қарым-қатынасты дамыту.
Зияткерлік мектептерде үш тілді орта құру оқушылардың жалпы дамуына
ықпал етеді. Осы саланың негізгі ерекшелігі үш тілде сабақ беру мен сабақтан
тыс қызметті жүргізуді білдіреді, бұл қосымша ақпаратқа қолжетімділікті және
басқа мәдениеттерді түсінуді кеңейтеді.Әрбір Зияткерлік мектептер өз
тәжірибесін көрсете отырып, 3–7 мектеппен әріптестікте жұмыс істейді:
коучинг және консалтинг – топтық және жеке консультациялар; шеберлік
сабақтары; жаңа оқу технологиялары мен әдістемелері, үш тілді орта, сыни
бағалау жүйесі, тәрбие жұмысындағы бағыттар мен көзқарастар бойынша
семинарлар; кітапхана қызметін ұйымдастыру жөніндегі консультациялар;
Зияткерлік мектептер базасында мектеп директорлары үшін практикалар ( Job
Shadowing) ұйымдастыру; үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы ұсыну.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша деңгейлі оқу
бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз ретінде шет тілін меңгерудің алты
деңгейден тұратын жалпы еуропалық құзырет жүйесі пайдаланылды. Осы
жүйеге сәйкес А1 тілді білу деңгейі ең төменгі, ал С2 ең жоғары болып
табылады. Зияткерлік мектептердің оқушылары 12-сыныпты бітірген кезде
бірінші тілді С2 деңгейінде, екінші тілді С1 деңгейінде және ағылшын тілін С1
деңгейінде білетін болады деп күтілуде. Ағылшын тілін С1 деңгейінде білу
IELTS халықаралық тестінің 6,5–7,5 балына сәйкес келеді, бұл әлемнің жетекші
университеттеріне түсу және оқу үшін академиялық ағылшын тілін білудің
көрсеткіші болып табылады [45].
Осылайша, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары мен
педагогикалық құрамы әртүрлі шеберлік сабақтарын, семинарлар, ғылыми-
практикалық конференциялар өткізу арқылы сабақ беру мен оқыту, мектепті
басқару және көшбасшылық мәселелерінде өз тәжірибесімен бөліседі.
Зияткерлік мектептерге базалық мектеп қызметкерлерінің баруы, базалық
мектеп оқушыларының Зияткерлік мектептердің пәндік олимпиадаларына
қатысуы ұйымдастырылады. Базалық мектептерге Кембридж Университетімен
181
бірлесіп, үш деңгей (ілгері, базалық, негізгі,) бойынша әзірленген Кіріктірілген
білім беру бағдарламасы негізінде бейімделген оқу бағдарламаларын, таңдауы
бойынша курстардың байқаудан өткен бағдарламаларын беру жоспарланды.
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) жалпы білім беретін
мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен
республиканың
мұғалімдерінің
педагогикалық
шеберлігін
дамытады.
Орталықта деңгейлік бағдарламаларды әзірлеу, жаттықтырушыларды, бағалау
жөніндегі сарапшыларды дайындау ұйымдастырылған, осылайша елдің
педагогтерін жаңа деңгейде кәсіби дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданды.
Зияткерлік мектептерде енгізілетін және іске асырылатын халықаралық
деңгейдегі педагогикалық практикадан үздік мысалдар курстардың негізі
болды. Деңгейлік бағдарламалардың мазмұны мынадай мәселелерді кешенді
қарауға негізделеді:
– сабақ беру мен оқытудағы жаңа көзқарас;
– сыни тұрғыдан оқыту;
– оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау;
– сабақ беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
– талантты және дарынды балаларды оқыту;
– оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ беру және оқыту;
– оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осылайша, Зияткерлік мектептердің директорлары мен педагогикалық
құрамы әртүрлі шеберлік сабақтарын, семинарлар, ғылыми-практикалық
конференциялар өткізу арқылы сабақ беру мен оқыту, мектепті басқару және
көшбасшылық мәселелерінде өз тәжірибесімен бөліседі. Зияткерлік
мектептерге базалық мектеп қызметкерлерінің баруы, базалық мектеп
оқушыларының Зияткерлік мектептердің пәндік олимпиадаларына қатысуы
ұйымдастырылады. Базалық мектептерге Кембридж Университетімен бірлесіп,
үш деңгей (базалық, негізгі, ілгерілеген) бойынша әзірленген Кіріктірілген
білім беру бағдарламасы негізінде бейімделген оқу бағдарламаларын,
таңдамалы курстардың байқаудан өткен бағдарламаларын беру жоспарланды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына онлайн сабақтар мен
мұғалімдері үшін онлайн семинарлар өткізіледі. Жобалар жалпы білім беретін
мектептерде сабақ беру сапасын арттыруға бағытталған. Онлайн сабақтар мен
семинарларды Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өткізеді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мектептерінде зияткерлік
мектептердің тәжірибесі кеңінен тараған. Соның бірі көшбасшысы ретінде
директорлардың тиімді тәжірибе қоғамдастығын құру [45].
Көшбасшы қасиеттерін жетілдіру үшін мектеп басшысының басты жеті
рөлі ұсынылады (87-сурет).
182
87-сурет – Мектеп басшылығы басшылыққа алуы тиіс жеті тәжірибелік аспекті
Қазіргі мектептердің білім сапасын басқару жұмысында коучингті қолдану
оқытудың сапасын арттыруға өзіндік үлес қосады. Коучинг ‒ мұғалімнің іс-
тәжірибесін жетілдіреді. Мұғалім өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік
беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну
мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг қызмет емес, қарым-
қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгерлер обьективті тыңдаушы
және бағыттыушы болады. Коучинг мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін
пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген. Коучинг аяқталған соң
мұғалімдер арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің
өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып проблемалардың шешуін өзінше табуға
көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағыдатына емес, даму қағидатына
негізделген.
«Тәлімгерлік» пен «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау
үшін әдетте синоним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы
санаттардың мағыналары араласып кетуі ықтимал. Олардың әрқайсысына тән
айырмашылықтар:
Коучинг ‒ ( ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау,
жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және
183
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту
тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан
рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер өз жұмысының
жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары
сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді [49].
Уикипедияға жүгінсек, коучинг (ағылш. coaching – оқыту, жаттықтыру)
– консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен
айырмашылығы – коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді
клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы
коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір
мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге
жету ұйғарылады. Яғни, анықтаманы талдай кетер болсақ, коучинг адамға
немесе компанияға мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі. Коучингті
меңгерген маманды «коуч» не «коучер» деп атайды.
Тәлімгерлік – ( mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі,
озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке
тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог
ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-
амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі.
Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі,
ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің
кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Тәлімгерлік, әсіресе дәстүрлі ұғымда, субъектінің ағалар мен даналар
салған жолмен жүруіне мүмкіндік береді, ал тәжірибелі ағалары оларға білімін,
тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерге жетуге көмектеседі.
Коучинг, керісінше, тренерде міндетті түрде біршама мұғалімдік
тәжірибенің болуын көздемейді, сонымен бірге оқыту мен оқудың нақты
саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағытталады.
Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті
талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі
коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып
табылады.
Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып
табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы
болады. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса
отырып, бірқатар міндеттерді орындайды: тәлім алушыға мүмкіндіктер мен
проблемаларды қарауға мүмкіндік береді; стратегиялық деңгейде өзінің
жаңалығымен алмасады; тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету
жолдарын жоспарлауға көмектеседі.
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас
алғышарттарға негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және
шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің
түйінді рөлі – тәлім алушыларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу
деген ұстанымға негізделген (48-кесте).
184
48-кесте – Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
•
ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі
қарым-қатынас;
•
тәлім алушы үшін қажеттігіне қарай кезде-
су ұйымдастыру арқылы бейресми сипатта
өтуі мүмкін;
•
кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ
уақыт және көп аспектілік негізде көрсетіледі;
•
тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі көбірек
білікті мұғалім, негізінен – білім беру
ұйымындағы
ең
үлкені,
ол
білімін,
тәжірибесін беріп, тәлім алушыға бұған дейін
қолжетімсіз болып кел- ген мүмкіндіктерге
«есік аша» алады;
•
тәлім алушының қызметкер ретінде және
тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады;
•
кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан
келісу және бағыттау арқылы тәлім алушы
адам белгілейді;
•
тәлімгерлік тәлім алушылардың кәсіби да-
муына бағытталған.
•
қарым-қатынас
ұзақтығы
алдын
ала
белгіленеді;
•
әдетте, құрылымдық сипатта болады;
кездесулер алдын ала жоспарланады;
•
кездесулер қысқа мерзімді (кейде уақыты
шектеулі)
және
дамудың
нақты
бағыттарына/мәселелеріне бағытталған;
•
коучте біршама практикалық тәжірибесінің
болуы міндетті емес;
•
коучинг білім алушыларда нақты дағдыны
қалыптастыруға бағытталған;
•
басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік
проблемаларды шешу;
•
кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
•
коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын
қарауға,
нақты
мәселелерді
шешуге
бағытталған.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-
қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу,
тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын
дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп,
қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған
қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне
мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі
тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген.
Тәжірибелі мұғалімдерге басқа мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыруға
арналған идеялар мен тәсілдерді ұсыну мақсатында оларды ойлануға жетелеп,
шығармашылықпен еңбек ету арқылы, мектепте үздік тәлімгер болуға
көмектесе отырып, тренерлер өздеріне коуч рөлін алады. Коуч ретінде әрекет
ететін тренерлер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға
көмектесетін болады.
Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген
көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді
ынталандырып отыруғамүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді.
Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі
аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты жоспарлау және жүргізу
мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-алаанықтай алу
қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.
Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі
мәселені қамтиды:
1. Мәнмәтін. Бірден пайдалануға мүмкіндік болу үшін коучингіні іске
асыру белгілі бір мәнмәтінге сәйкес келуі керек.
2. Өзектілік. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олардың
сабақтары үшін де барынша өзекті болуы керек.
185
3. Жүйелі тәлімгерлік. Тәлімгер күнде қолдау көрсетіп отырады:
мұғалімдерге жақында алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, олардың
табысқа ұмтылуын қамтамасыз ету қажет.
Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:
1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек
көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
2. Коучинг пен тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен
оқудың сапасы артады.
3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтырып жетілдіру – тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер
сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгерте алады.
6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен
әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде
жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.
7. Коучингіні іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ [45].
Кейінгі кезде мектептің білім сапасын арттыруға көмектесетін әдістердің
бірі Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады.
Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы
ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты
бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу»
немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу
сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын
анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін
зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік
болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында
бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми
дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер
жинауды көздейді.
Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі
жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді,
ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ
мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін
жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді
болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала
отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан
мынадай бірқатар қадамдар бар:
Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін
қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық
мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады;
-
топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде
келіп, нені,кімді оқытуды анықтайд;
-
топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді
зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады;
186
-
топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға
алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен
сыныптар болып саналатынын шешеді;
-
топ
зерттеу
сабағын
жоспарлайды,
жоспарда
«бақылаудағы
оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі;
-
бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары –
«бақылаудағы үш оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және
қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырады;
-
мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін
бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді;
-
топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау
белгіленген құрылым бойынша жүреді: жоспарлау үдерісінде жасалған алдын
ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын
қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу; сыныптың
тұтастай оқытылуы; зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі; белгіленген
және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу;
топпен бірлесіп келесі Lesson Study-ді жоспарлау.
Lesson Study шығармашылық тобы (ереже бойынша үш немесе одан көп
сабақ) оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке
таратылатын өзгерістерге келіседі [45].
Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың
жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын
жақсарту, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу
және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін
арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы,
ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған
тән құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар
бағытын, білім, білік, дағдыны қалыптастыру сипатталады.
Жалпы қорыта келгенде:
- оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың білім
мазмұнын өздігінен игеруде белсенділік, қызығушылық танытып, өзіндік ой
қорытындысын жасауға ынталандырып, оларды ізденушілікке талпынуға, өз пікірін
дәлелдеуге, қорғай білуге, яғни шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептерде деңгейлеп оқыту технологиясы
(Қараев Ж.Д.), жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Т.Г.),
шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғәлиев Қ.А., Нурахметов
Н.Н.), блоктық-модульдық технологиясы (Жампейісова М.Н.) және т.б. қолдау тапқан.
Қазақстанның халықаралық мектептері инновациялық технологиялар мен
әдістемелерді оқу-тәрбие процесінде қолдануда көп тәжірибе жинақтаған.
Біздің пікірімізше, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа
технологияларын пайдалану тиімді жолға қойылса, мектептің білім сапасы
артып мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалады, ол
оқушылардың құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.
187
Достарыңызбен бөлісу: |