Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

№ 
Облыс/қала 
МШ оқушылар 
Үйде оқитын 
оқушылар 

Ақтөбе  
304 
82 

Алматы  
505 
651 

Атырау 
50 


Жамбыл 
435 
382 

Қарағанды 
650 
310 

Қостанай  
2026 
184 

Оңтүстік Қазақстан 

25 

Павлодар 
1148 
129 

Шығыс Қазақстан 
988 
313 
10 
Астана 
799 
257 
11 
Алматы 
518 
90 
Дереккөз:  Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім 
басқармаларының мәліметтері  
 
Орыс  тілінде  білім  алатын  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  талдау 
мыналарды көрсетеді (38-сурет):  

 
Қостанай,  Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  облыстарында  және 
Астана  қаласында  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  саны  басқа 
облыстардан артық;  

59 

 
Оңтүстік  Қазақстан,  Ақтөбе,  Атырау  және  Жамбыл  облыстарында 
мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  саны  басқа  облыстарға  қарағанда 
әлдеқайда аз;  

 
үйде білім алатын оқушылар саны Алматы және Жамбыл облыстарында 
орташа  көрсеткішті  және  Атырау,  Оңтүстік  Қазақстан,  Ақтөбе,  Павлодар, 
Қостанай облыстары мен Алматы қаласында төменгі көрсеткіштерді құрайды.  
799
518
304
50
505
988
435
650
2026
1148
6
257
90
82
5
651
313
382
310
184
129
25
Мектепте оқитын МШБ
Үйде оқитын МШБ
 
 
Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім 
басқармаларының мәліметтері  
 
38-сурет – Жекелеген облыстар бөлінісінде орыс тілінде білім алатын 
мүмкіндіктері шектеулі оқушылар саны  
 
 
Инклюзивті  білім  беру  табысты  жұмыс  үшін  дайындығы  бар  білікті 
кадрлардың  болуын  болжайды.  Бүгінгі  таңда  елімізде  инклюзивті  білім  беру 
бойынша  кадрларды  даярлаудың  жеткіліксіздігі  өзекті  мәселе  болып  отыр. 
Әрбір  білім  беру  ұйымдарында  ерекше  оқытуды  қажет  ететін  балаларға  білім 
беру қызметін көрсететін мамандарға қажеттілік бар.  
Жағдайды  талдау  көрсеткендей,  мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен 
жұмыс  істейтін  арнайы  мамандар  (сурдопедагогтер,  тифлопедагогтер, 
логопедтер,  олигофренопедагогтер)  саны  -  1963  (педагог  кадрлардың  жалпы 
санынан 1,2 %) құрайды (26-кесте).  
 
 

60 
26-кесте – Жекелеген облыстар бөлінісінде арнайы педагогтер саны  
 
№ 
Облыс/қала 
2013-2014 оқу жылы 
2014-2015 оқу жылы 

Ақтөбе  
531 
569 

Алматы  
103 
273 

Атырау 
257 
276 

Жамбыл 
11 
11 

Қарағанды 
79 
79 

Оңтүстік Қазақстан 
25 
50 

Павлодар 
280 
287 

Шығыс Қазақстан 
141 
142 

Астана 
50 
78 
10 
Алматы 
189 
198 
Дереккөз:  Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім 
басқармаларының мәліметтері 
 
Арнайы  педагогтер  санын  салыстырмалы  талдау  мыналарды  көрсетеді 
(39-сурет):  

 
арнайы  педагогтер  саны  Ақтөбе,  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан, 
Павлодар, Атырау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында жылдан 
жылға артып келеді;  

 
арнайы  педагогтер  саны  өткен  жылмен  салыстырғанда  Жамбыл  және 
Қарағанды облыстарында өзгермеген.  
50
189
531
257
103
141
11
79
280
25
78
198
569
276
273
142
11
79
287
50
2013-2014 о.ж.
2014-2015 о.ж.
 
Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім 
басқармаларының мәліметтері  
 
39-сурет – Жекелеген облыстар бөлінісінде арнайы педагогтер саны  
 

61 
Инклюзивті  білім  беруді  сапалы  ұйымдастыру  үшін  кіріктірілген 
оқушылардың  қиындықтарын  еңсеруде  сыныпта  жағымды  атмосфераны  құра 
білетін психологтер қажет.  
Инклюзивті  білім  беру  саласында  көмек  көрсететін  психологтер  саны 
2014-2015 оқу жылы - 2619 құрайды (27-кесте).  
 
27-кесте – Жекелеген облыстар бөлінісінде психологтар саны  
№ 
Облыс/қала 
2013-2014 оқу жылы 
2014-2015 оқу жылы 

Ақтөбе  
421 
451 

Алматы  
61 
147 

Атырау 
195 
206 

Жамбыл 
390 
410 

Қарағанды 
21 
24 

Қостанай  
580 
580 

Оңтүстік Қазақстан 
148 
268 

Павлодар 
240 
239 

Шығыс Қазақстан 
128 
128 
10 
Астана 
125 
128 
11 
Алматы 
34 
38 
Дереккөз:  Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім  басқармаларының 
мәліметтері 
 
Психологтер санын салыстырмалы талдау мыналарды көрсетеді (40-сурет):  

 
психологтер  саны  Ақтөбе,  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл, 
Атырау облыстарында жылдан жылға артуда;  

 
психологтер саны Қарағанды облысы және Астана, Алматы қалаларында 
шамалас.  
125
34
421
195
61
128
390
21
580
240
148
128
38
451
206
147
128
410
24
580
239
268
2013-2014 о.ж.
2014-2015 о.ж.
 
Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының мәліметтері  
40-сурет – Жекелеген облыстар бөлінісінде психологтар саны  

62 
Жалпы  білім  беретін  мектеп  ұйымдарының  барлық  мұғалімдері 
инклюзивті  білім  беру  мәселелері  бойынша  біліктіліктерін  арттыру  мен  қайта 
даярлаудан өтуге мұқтаж. Инклюзивті сыныпта педагогтің рөлі маңызды және 
әрбір  оқушының  қабілеттерін  ескере  отырып,  ерекше  оқытуды  қажет  ететін 
балалардың  сыныпта  ең  жақсы  нәтижеге  жетуі  үшін  жеке  білім  беру  сапасын 
дамытумен сипатталады.  
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  инклюзивті  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін 
арнайы  педагогиканың  әр  саласы  бойынша  -  олигофренопедагогтерді, 
тифлопедагогтерді,  сурдопедагогтерді,  логопедтерді,  сондай-ақ  психологтерді 
қайта даярлау іске асырылуда.  
Инклюзивті  білім  беру  курсынан  өткен  педагогтер  саны  2014-2015  оқу 
жылы – 589-ды құрайды (28-кесте).  
 
28-кесте  –  Жекелеген  облыстар  бөлінісінде  инклюзивті  білім  беру  курсынан 
өткен педагогтер саны  
 
№ 
Облыс/қала 
2013-2014  
оқу жылы 
2014-2015  
оқу жылы 

Ақтөбе  
46 
68 

Алматы  
20 
55 

Атырау 
46 
50 

Жамбыл 
30 
46 

Қарағанды 
27 
23 

Қостанай  
20 
20 

Оңтүстік Қазақстан 
41 
51 

Павлодар 
24 
33 

Шығыс Қазақстан 
54 
55 
10 
Астана 
75 
150 
11 
Алматы 
34 
38 
 
Дереккөз:  Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалалары  білім 
басқармаларының мәліметтері 
 
 
Инклюзивті  білім  беру  курсынан  өткен  педагогтер  санын  салыстырмалы 
талдау мыналарды көрсетеді (41-сурет):  

 
инклюзивті білім беру курсынан өткен педагогтер саны Ақтөбе, Алматы, 
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және 
Астана қаласында жылдан жылға артуда;  

 
 инклюзивті  білім  беру  курсынан  өткен  педагогтер  саны  Атырау, 
Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында шамалас.  
 
 

63 
75
34
46
46
20
54
30
27
20
24
41
150
38
68
50
55
63
46
23
20
33
51
2013-2014 о.ж.
2014-2015 о.ж.
 
Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының мәліметтері  
41-сурет – Жекелеген облыстар бөлінісінде инклюзивті білім беру курсынан 
өткен педагогтер саны  
 
Арнайы  сыныптарда  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту  және 
оларды  жалпы  білім  беру  үдерісіне  қосу  үшін  арнайы  дайындығы  бар 
кадрлардың  жеткіліксіздігі  кері  әсерін  тигізеді.  Арнайы  сыныптар  мен 
инклюзивті оқытатын қалыпты сыныптарда мүмкіндіктері шектеулі балалармен 
жұмыс  істейтін  және  арнайы  дайындығы  жоқ  мұғалімдер  оқу  үдерісін 
ұйымдастыруда қиындықтарға кездеседі.  
Инклюзивті  білім  беру  жүйесінде  дефектолог  кадрлардың  тапшылығымен 
байланысты,  кәсіби  қайта  даярлау  қысқа  уақыт  ішінде  мамандар  мен  басшылардың 
педагог-дефектологтің кәсіби қызметін атқаруы үшін қосымша білім, білік және дағдыларды 
меңгеруіне мүмкіндік беретін қосымша білім берудің бір түрі болып табылады.  
Қажетті арнайы педагогтер саны 2014-2015 оқу жылы – 617-ні құрайды (29-кесте).  
 
29-кесте – Жекелеген облыстар бөлінісінде қажетті арнайы педагогтер саны  
№ 
Облыс/қала 
2013-2014 оқу жылы 
2014-2015 оқу жылы 

Ақтөбе 
15 


Алматы 
26 
53 

Атырау 
10 
13 

Жамбыл 
50 
83 

Қостанай 
200 
200 

Оңтүстік Қазақстан 
25 
57 

Павлодар 



Шығыс Қазақстан 
85 
85 

Астана 
98 
101 
10 
Алматы 


Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының мәліметтері 

64 
Республиканың 
жекелеген 
облыстарын 
салыстырмалы 
талдау 
көрсеткендей,  арнайы  педагогтерге  сұраныс  басқа  облыстарға  қарағанда 
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көп.  
Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Павлодар  облыстарында  және  Алматы 
қаласында инклюзивті білім беру үшін кадрларға сұраныс өзгеріссіз қалуда (42-сурет).  
98
8
15
10
26
85
50
200
9
25
101
8
8
13
53
85
83
200
9
57
2013-2014 о.ж.
2014-2015 о.ж.
 
Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім 
басқармаларының мәліметтері  
42-сурет – Жекелеген облыстар бөлінісінде қажетті арнайы мамандар саны  
 
Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайын  зерттеу  барысында  мыналар 
байқалады:  

 
инклюзивті біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектептер саны бір 
оқу жылында 2,9%-ға артқан, яғни бұл қарқынды динамиканы көрсетіп отыр;  

 
арнайы  сыныптар  өткен  жылмен  салыстырғанда  2,9%-ға  азайған, 
инклюзивті сыныптар 2,9%-ға артқан. Мәліметтер қорытындысы оқушылардың 
қалыпты сыныптарға жылдан жылға табысты ауысуын көрсетіп отыр;  

 
қазақ  тілінде  оқитын  инклюзивті  біліммен  қамтылған  мүмкіндіктері 
шектеулі  оқушылар  саны  8,4%-ға  көбейген,  сондай-ақ  үйде  білім  алатындар 
42,4%-ға  артқан.  Қазақ  тілінде  үйде  білім  алатын  оқушылардың  пайыздық 
қатынасы  (17%)  жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім  алатын  мүмкіндіктері 
шектеулі  оқушыларға  қарағанда  жоғарылаған.  Сонымен  бірге,  пайыздық 
қатынас бойынша (17%) орыс тілінде оқитын мүмкіндіктері шектеулі оқушылар 
көп екенін атап өту қажет;  

 
инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін арнайы педагогтердің 
(логопед,  сурдопедагог,  тифлопедагог,  олигофренопедагог)  8%-ға  өсімі 
байқалады;  

 
салыстырмалы талдау көрсеткендей, келесі оқу жылына ауыса отырып, 
инклюзивті  білім  беру  саласында  көмек  көрсететін  психологтар  саны  5,6%-ға 

65 
артқан;  

 
өткен  оқу  жылымен  салыстырғанда  инклюзивті  білім  беру  курсынан 
өткен педагогтер саны 17,8%-ға артып отыр;  

 
инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  үшін  қажетті  арнайы  педагогтарды 
зерделеуді талдау өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға өсті.  
 
2.3  Шағын  жинақты  мектепте  оқыту  проблемалары,  жағдайы,  шешу 
жолдары, келешегі, ұсыныстар  
 
Ауыл  мектептерінің  даму  болашағын  айқындайтын  маңызды  фактор 
демографиялық  процестер.  Соңғы  жылдары  адамдар  қала  мүмкіншіліктері 
жоғары  болуына  байланысты  ауылдық  аймақтардан  қалаға  көшуі  орын  алуда. 
Бұл  ауыл  мектептерінің  жабылуына,  оның  нәтижесінде  елді  мекеннің 
жойылуына әкеліп соғады.  
Еліміздің  білім  беру  жүйесінде  көптеген  факторлар  –  білім  беру 
ұйымдарының  бір-бірінен  алыс  орналасуы,  қала  маңынан  алыс  орналасқан, 
халық  саны  аз  елді  мекендердің  көп  болуы,  ауылдық  аймақтардың 
инфраструктурасының  нашар  дамуы  және  т.б.  шағын  жинақталған  мектептің 
есебінен бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.  
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  жалпы  орта  білім  беруде 
мемлекет  саясатының  басымдық  бағыттарының  бірі  шағын  жинақталған 
мектептің (бұдан әрі ШЖМ) проблемаларын шешу болып табылады.  
Осыған  орай,  ШЖМ  дамыту  ретінде  «Жалпы  білім  беру  ұйымдарының 
(бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру)  түрлері  бойынша 
қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы бекітілді. 
Осы бұйрықтың 6-тармағында «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:  
1) бастауыш ШЖМ білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;  
2) негізгі ШЖМ білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;  
3)  орта  ШЖМ  білім  алушылардың  саны  81-ден  180  адамға  дейін  болған 
жағдайда жұмыс істейді» деп көрсетілген.  
Қазақстанда  2014-2015  оқу  жылының  мәліметі  бойынша  3268  шағын 
жинақты  мектеп  жұмыс  істейді,  ол  45,3%-ды  құрайды,  соның  ішінде  3209 
(98,2%) мектеп ауылдық елді мекенде, ал қалада 59 (1,8%) мектеп орналасқан. 
765  бастауыш  ШЖМ-те,  9381  кіші  жастағы  мектеп  оқушылары  оқиды.  849 
негізгі ШЖМ-те 35 231 оқушы оқиды. 1654 орта ШЖМ-те 177 355 оқушы білім 
алуда.  Шағын  жинақталған  мектепте  221  879  оқушы  оқиды,  ол  мектеп 
оқушыларының  жалпы  санның  8,5%  құрайды  (2 615  898  оқушы). 
Салыстырмалы  кестеде  көрсетілгендей  елімізде  осындай  мектептердің  саны 
азайып келеді (29-кесте).  
Соңғы  5  жылда  елімізде  ШЖМ  санының  азаю  үрдісі  байқалуда,  осыған 
сәйкес  ШЖМ-да  білім  алушылардың  саны  да  азаюда.  Салыстырмалы  кестеде 
шағын жинақталған мектептің азаю үрдісі көрсетілген (30-кесте).  

66 
30-кесте – Шағын жинақты мектеп саны  
 
 
2012-2013оқу 
жылы 
2013-2014 оқу 
жылы 
2014-2015 оқу  
жылы 
ШЖМ саны 
4145 
3639 
3268 
ШЖМ-те білім 
алушылардың саны 
385342 
284267 
221879 
Дереккөз: ҚР БҒМ-нің статистикасы (ҰБДҚ деректері, 2014 ж.)  
 
ШЖМ-ның  қызметін  талдауда  олардың  қызметінің  ерекшеліктері  және 
білім беру үдерісін ұйымдастыруда әсер ететін факторлар айқындалды:  

 
әкімшілік  және  мәдени  орталықтардың  қашықта  болуына  байланысты 
әлеуметтік кеңістіктің шектелуі;  

 
білім алушылар контингентінің аздығы және біріктірілген сыныптардың болуы;  

 
 ШЖМ 
мұғалімдерінің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
жүйелі 
дамыту 
мүмкіндіктерінің шектеулігі.  
ШЖМ-ді  қолдау  мемлекеттің  білім  беру  саясатының  маңызды  бағыттары 
және келесі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:  
- шағын жинақталған мектепті оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету;  
-  облыстық  білім  басқармалары  жанынан  құрылған  әдістемелік 
орталықтар, кабинеттердің қызметін үйлестіру;  
-  барлық  білім  беру  деңгейіндегі  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру,  білім 
сапасына мониторинг жасау;  
- шағын жинақталған мектептермен кері байланысты жүзеге асыру.  
Шағын  жинақталған  мектеп  қызметін  талдау  көрсеткендей,  ШЖМ-ны 
сапалы білім беру үдерісімен қамтамасыз ету, қазіргі таңда өз мақсатына жетті 
деуге  болады,  ол  білім  беру  қорларын  шоғырландыру  есебінен  және  жақын 
орналасқан  ШЖМ-ның  өзара  бірлесіп  қызмет  етуі,  әдістер  мен  құралдарды 
таңдау есебінен, білім алушыларға білім беру мақсатын алға қоюды қамтамасыз 
етуі, электрондық оқыту және түрлі бағалау стратегиясын қолдану, оқу-тәрбие 
үдерісінде  жеке  білім  беру  маршруттарын  және  әр  оқушының  оқу  жетістігін 
бағалау болып табылады.  
Елімізде  ШЖМ-ның  қызметін  қолдау  келесі  бағыттар  арқылы  жүзеге 
асырылады:  
-  ШЖМ-ның  қызметін  қамтамасыз  етуде,  олардың  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  нормативтік-құқықтық,  ғылыми-әдістемелік,  оқу-әдістемеліктермен 
қамтамасыз етуді жетілдіру;  
- ШЖМ-ның инфраструктурасын жаңарту;  
- ШЖМ-ның кадрлар деңгейін және ресурстар әлеуетін арттыру.  
2011  жылдан  бастап  ШЖМ-да  жаңа  модификациялы  компьютерлер, 
контингенті 10-ға таяу және одан жоғары оқушылары бар ШЖМ-ның көпшілігі 
кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Бірнеше ШЖМ-де электрондық 
оқыту аясында «e-learning» және қашықта оқыту ұйымдастырылған.  
ШЖМ-ның  мұғалімдерін  қолдау  мақсатында  облыстық  білім  басқармасы 
және  аудандық  (қалалық)  білім  басқармалары  жанынан  ашылған  әдістемелік 

67 
қызмет жұмыс атқаруда, ШЖМ-да білім беру үдерісіне қашықтан оқыту енгізілген.  
2014-2015  оқу  жылы  еліміздің  ШЖМ-де  жоғары  санатты  –  5127  (9,3%), 
бірінші санатты – 17478 (31,6%), екінші санатты – 16694 (30,2%), «санаты жоқ» 
- 15953 (28,9%) мұғалім қызмет еткен. Басқа жылдармен салыстырғанда ШЖМ-
де  білікті  мамандар  саны  және  педагог  кадрлармен  қамтамасыз  етілуінің  өсу 
үрдісі байқалады (43-сурет).  
 
43-сурет – Шағын жинақты мектептің педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі  
 
Қазіргі  кезде  әлі  де  болса  кейбір  пәндерден  педагог  кадрлармен  қамтамасыз 
етілуі өзекті мәселе болып келеді (математикадан – 101; химиядан – 83; ағылшын 
тілінен  –  74;  физикадан  –  66;  орыс  тілінен  –  59;  информатикадан  –  34; 
биологиядан  –  29;  географиядан  –  21;  тарихтан  –  14,  бейнелеу  өнері  және 
технология  пәндерінен  –  12,  бастауыш  сыныптарға  –  22  мұғалім  жетіспейді), 
сондай-ақ  ШЖМ  мұғалімдерінің  апталық  жүктемесі  толық  болмай  отыр  және 
кейбір пәндерден білікті емес мамандардың сабақ беруі сақталуда.  
44-суретте  ШЖМ  мұғалімдерінің  2015  жылғы  педагог  кадрларға  қажеттілігі 
көрсетілген.  ШЖМ-да  педагогтердің  жетіспеушілігінен  біліктілігін  арттыруға 
мүмкіндіктері және аралас пәндерден дайындықтары болмайды, кейде бір мұғалім 
әртүрлі  пәндерден,  әртүрлі  тақырыпта  және  әртүрлі  сынып  оқушыларына  сабақ 
беруіне тура келеді.  
0
20
40
60
80
100
120
 
44-сурет – Шағын жинақты мектептің педагог кадрлармен қамтамасыз етілу қажеттілігі 

68 
2013  жылы  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  және  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері»  мен  ТМ  (РО)+ШЖМ  білім  беру  кешенінің  тәжірибелерін  ескере 
отырып,  мектеп  басшыларының  және  ШЖМ  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттыру  мақсатында  Қарағанды  облысындағы  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ 
филиалының  орталығы  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 
институты  базасында  «Бірыңғай  білім  кеңістігінде  шағын  жинақты  мектептер 
мен  тірек  мектептерді  (ресурстық  орталықтарды)  дамыту»  тірек  мектептер 
(ресурстық 
орталықтар) 
мен 
шағын 
жинақты 
мектеп 
педагогтері 
тағылымдамасын ұйымдастырды. Онда ресурстық орталықтарды ашу қызметін 
дамыту мәселелері көтерілді.  
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  іс-шаралар  жоспарын  іске  асыру  бойынша  2020  жылға  дейін 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы базасында шағын жинақты 
мектептерді дамыту орталығы және облыста педагог кадрларды қайта даярлау 
институтының  жанынан  14  Облыстық  орталық  құрылды,  олар  ШЖМ-ны 
әдістемелік ілестірмелермен қамтамасыз етеді.  
Іс  жүзінде  ШЖМ-ға  нақты  көмек  территориялдық  принциппен  құрылған, 
өздерінде  білім  беру  үдерісін  сапалы  ұйымдастыруға  жеткілікті  қорлары  бар 
және  өзіне  жақын  аумақтағы  бірнеше  магниттік  мектептерді  (5-8мектеп) 
біріктіретін ТМ (РО) болып саналады, және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 
120 тірек мектебі (ресурстық орталық) құрылды [3].  
Тірек  мектебі  (ресурс  орталығы)  –  шағын  жинақталған  мектеп 
оқушыларының  сапалы  білім  алуына  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету 
мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды 
аттестаттауды  өткізу  үшін  базасында  таяу  маңдағы  шағын  жинақталған 
мектептердің  білім  беру  ресурстары  шоғырланатын  жалпы  орта  білім  беру 
ұйымы болып табылады.  
ШЖМ-ның оқушылары жылына үш рет (бастапқы – қазан айының бірінші 
онкүндігінде, аралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде, қорытынды – сәуір 
айының  үшінші  онкүндігінде)  ресурстық  орталықта  оқиды,  аралық  және 
қорытынды  сессияларынан  кейін  аттестаттау  тапсырады.  ШЖМ-ның 
оқушыларына  тірек  мектебі  (ресурстық  орталықтың)  пән  мұғалімдері  сабақ 
береді және сессияаралық кезеңде қашықтан оқытуды реттейді.  
Әдеттегідей, магниттік мектеп оқушылары жалпы білім беретін мектептер 
базасында  базалық  пәндер  бойынша  білікті  мамандардан  көмек  алады, 
практикалық  бейіндік  дағдыларын  меңгереді,  сонымен  бірге  сыныптан  тыс 
уақытта  немесе  сессия  уақытында  олқылықтарды  жою  мақсатында 
зертханалық-практикалық  сабақтар  өткізіліп,  оқушылар  топтық  немесе  жеке 
кеңестер  алады.  Бұдан  басқа  шағын  мектептердің  барлық  оқушылары 
сессияаралық кезеңде тапсырмалар алады. Оқушылардың сыныптан тыс әрекеті 
іс-шаралар  мен  әртүрлі  үйірме  жұмыстары,  сабақтың  жеке-жеке  формасы 
арқылы сыныптан тыс ұйымдастырылған. Сессияаралық кезең қашықтан оқыту 
арқылы жүзеге асырылады.  

69 
Облыстардағы  шағын  мектептің  қызметін  талдау  кезінде  Қарағанды 
облысы ресурстық орталықтардың (Ақтоғай ауданындағы ресурстық орталық - 
Шашубай  мектеп-балабақша  кешені,  Бұқар  жырау  ауданында  –  Ростовка  ТМ-
РО, Осакаровка ауданында – Осакаровка №9 мектеп гимназиясының) озық іс- 
тәжірибелері  жинақталған.  Шығыс  Қазақстан  облысында  ШЖМ  қызметінің 
табысты  болуы  «Шығыс»  облыстық  орталығымен  байланысты,  ол  шағын 
жинақты  мектептер  және  тірек  мектептері  (ресурстық  орталық)  оқушыларына 
түрлі  деңгейдегі  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  қолдау 
көрсетуімен қатар ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыруда.  
Облыстардағы  әдістемелік  ілестірмелер  РО  және  магниттік  мектептерде 
шығармашылық  топтар  құру,  ШЖМ-да  білім  беру  үдерісін  тиімді  арттыру, 
баланың 
тұлғасын 
дамытуға; 
ресурстық 
орталықтардың 
жұмысын 
ұйымдастырудың  озық  педагогикалық  тәжірибесін  жинақтау,  облыстық 
семинарларды,  ғылыми  –практикалық  конференцияларды  және  конкурстарды 
ұйымдастыру және өткізуге бағытталған.  
Елімізде құрылған РО жақын аумақтағы ШЖМ-ның оқушыларына сапалы 
білім  беру  үдерісіне  қол  жеткізуді,  олардың  арнайы  жабдықталған 
кабинеттерде  зерттеу  және  зертханалық  жұмыстарды  орындауға,  әлеуметтік 
тәжірибені және ШЖМ жағдайында білім алушылардың мүмкіндігін кеңейтуді 
қамтамасыз етеді.  
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ШЖМ-ның оқушыларына сапалы 
білім беру мақсатында 2015жылы қосымша 40РО құру және олардың санын 160 
–қа көтеру белгіленген.  
2020 жылға қарай ШЖМ негізінде бастауыш және негізгі орта білім беру 
деңгейінде  қызмет  ететін  болады.  Жоғарғы  сынып  (10-11сынып)  оқушылары 
ТМ  (РО)-тағы  интернатқа  көшіріледі,  онда  сапалы  білім  беру  үдерісі 
қамтамасыз  етіледі.  Қазіргі  таңда  «Жергілікті  жерде  мектебі  жоқ  білім 
алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  мектептен  барып-келу  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ететін»  құжат  бойынша  бастауыш  және  негізгі  орта  мектеп 
оқушыларын тасымалдау мәселесі шешіледі.  
ШЖМ  қызметіне  талдау  жасағанда  ресурстық  орталыққа  бекітілген 
мектептердің  білім  сапасы  артқаны  көрінді,  мысалы  ауылдық  елді  мекенде 
ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі  –ҰБТ) тапсырудың орташа баллы  -59,4, 
қалада - 65,7(-6,3балл).  
2013-2014  оқу  жылында  ауыл  мектебінің  9-сынып  оқушыларының  оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалау  (бұдан  әрі  -  ОЖСБ)  нәтижесі  бойынша  –  37,6 
балл, қалада – 41,5 балға (-3,9балл) тең болды (31-кесте).  
 
31-кесте – ШЖМ оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ)  
ШЖМ оқушыларының 
нәтижелері  
ОЖСБ 
(балл) 
ҰБТ 
(балл) 
ЖОО түсу гранты  
(%) 
қаланың ШЖМ  
41,5 
65,7 
45,7% 
ауылдың ШЖМ  
37,6 
59,4 
57,6% 
Дереккөзі: Облыстардың мәліметі бойынша  

70 
Ауылдық  жердегі  ШЖМ  әр  екінші  ҰБТ-ға  қатысушы  грантқа  ие  болу 
конкурсына  қатысқан,  қалалық  жермен  салыстырғанда  әр  бесінші  ҰБТ-ға 
қатысушы болып отыр. Нәтижесінде грантқа 57,6% ауыл мектебін бітіргендер, 
45,7  %  қала  мектебін  бітірушілері  грантқа  ие  болды.  Ең  жоғары  көрсеткіш 
Батыс Қазақстан облысы (орташа балы – 63,83), Ақтөбе облысы (63,58) болса, 
ең  төмен  көрсеткіш  Атырау  (49,08),  Қостанай  (57,61),  Алматы  (58,69) 
облыстарында болды. (2014 оқу жылы, ҰБДҚ деректері).  
2014  жылдың  нәтижесі  бойынша  9-сынып  оқушыларының  ОЖСБ 
нәтижесінде  Ақтөбе  (63,58),  Шығыс  Қазақстан  (49,76  балл),  Ақмола  (48,11 
балл), Алматы (42,58 балл), ал төмен көрсеткіштерді Оңтүстік Қазақстан (31,6 
балл), Атырау (33,58 балл), Қостанай облыстары (33,18 балл) көрсетті.  
Республика  бойынша  мектеп  бітірушілер  арасында  грант  иегері  –  9437 
оқушы, оның ішінде ауыл мектебінен – 2829 оқушы болды.  
Жоғарғы  оқу  орнына  түсу  грантының  26,61%-ын  ауылдық  ШЖМ  мектеп 
бітірушілері,  ал  8,89%-ын  қала  мектебін  бітіруші  ШЖМ  ие  болды.  2013-2014 
оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  грантты  ең  көп  алған  облыстар: 
Оңтүстік Қазақстан облысының мектеп бітірушілері – 31,6%, Шығыс Қазақстан 
облысы – 30,3%, Алматы облысы – 28,8%, Жамбыл облысы – 24,8%.  
ШЖМ  қызметін  талдау  қорытындысы  барлық  ШЖМ-ға  тән  проблемалар 
сипатын көрсетті:  
Материалды-техникалық  базасының  толық  жабдықталмауы  1389  (42,5%) 
мектеп  бейімделген  ғимаратта,  оның  ішінде  апатты  жағдайда  –  34  (1,04%) 
мектеп,  күрделі  жөндеуді  –  479  (14,7%)  мектеп  қажет  етеді;  жаңа 
модификациялы кабинеттердің болмауы: 1102 – физика, 1273 – химия, 1283 –
биология,  958  –  математика,  456  –  информатика,  1600  –  лингафон  кабинеті; 
672-сі мектеп асханасы, ал 707-сі мектеп спортзалымен қамтамасыз етілмеген;  
- білікті мамандардың жетіспеушілігі, ауылдық елді мекенде тұрғын үймен 
қамтамасыз  етілу  проблемасы  және  инфраструктураның  дамымағандығы 
ауылға жас мамандардың келмеуіне себепкер болуда.  
ШЖМ  және  тірек  мектептері  (ресурстық  орталықтардың)  білім  беру 
үдерісін қолдау мақсатында келесі ұсынымдарды ескеру қажет:  
1.  ШЖМ  және  тірек  мектептері  (ресурстық  орталықтардың)  қызметін 
қарастыратын  нормативтік  –  құқықтық  актілерді  жетілдіру  (  «Тірек  мектебі 
(ресурстық орталық) туралы ережені» әзірлеу);  
2.  Біріктірілген  сыныптардың  санына  байланысты  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің жүктемесіне өзгерістер енгізу:  
- 2 сынып біріктірілгенде – 1,5 еңбек ақы мөлшерінде,  
- 3 сынып біріктірілгенде – 2 еңбек ақы мөлшерінде.  
3.  Көп  салалы  мамандықтар  бойынша  жоғары  білікті  педагог  кадрларды 
дайындауды жүзеге асыру;  
4.  педагогикалық  мамандықтары  бар  жоғарғы  оқу  орындарының 
элективтік  пәндер  және  арнайы  курстар  мазмұнына  ШЖМ-нің  көкейтесті 
проблемаларын  және  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  еңбек 
нарығының мамандарға қажеттілігін ескере отырып оқу жоспарына енгізу;  

71 
5.  Облыстық  білім  басқармасына  және  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  облыстық 
филиалында біріктірілген сыныптарда сабақ өткізу әдістемесі бойынша ШЖМ 
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын жүйелі ұйымдастыру;  
6. ШЖМ мұғалімдеріне арналған электрондық оқу құралдарының базасын 
дамыту;  
7.  ШЖМ  пен  РО-ның  білім  беру  үдерісінде  қашықта  оқытуды  белсенді 
қолдану;  
8.  Жас  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсетуді  күшейту,  сондай-ақ 
облыстық  ресурстық  орталықтарда  ШЖМ  мұғалімдерінің  озық  іс-тәжірибесін 
тарату;  
9.  Желілік  қауымдастық  және  ресурстық  қамтамасыз  ету  қызметін 
орындайтын  және  әдістемелік  материалдардан  құралған  интернет  сайттар 
құруды қамтамасыз ету;  
10.  Интернаттық  ұйымдар  желісінің  альтернативасы  ретінде  мектептен 
алыста тұратын облыстардағы балалар үшін интернат желісін ұлғайту;  
11.  Еліміздің  ШЖМ  және  ТМ  (РО)-ты  жетілдіру  мақсатында,  олардың 
қызметі мен қолжеткізген нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу.  
Жоғарыда  көрсетілген  ұсынымдарды  қорытындылай  келе,  ШЖМ-ның 
қазіргі  таңдағы  көкейтесті  проблемаларын  нормативтік  қаржы  құжаттардан 
басқасын  облыстық  әкімшілік  пен  облыстық  білім  басқармасы,  облыстық 
«Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалының  орталығы  мен  әдістемелік  кабинеттердің 
құзыреттілігінің жеткілікті екендігіне көз жеткізуге болады. Мысалы:  
- материалдық- техникалық базаны күшейту, ТМ (РО) мен ШЖМ-ның оқу-
тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру,  білім  сапасына  мониторинг  жүргізу, 
интернаттың қажеттілігін уақытында шешу;  
-  облыстық  білім  басқармасына  және  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  облыстық 
филиалында біріктірілген сыныптарда сабақ өткізу әдістемесі бойынша қысқы 
және жазғы каникулдар арасында біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру 
және  ауылдағы  ШЖМ-мен  (шығу  семинарларын,  он-лайн  режимінде 
конференциялар, 
шығармашылық 
сыныбын, 
дөңгелек 
үстелдерге) 
ынтымақтастық бағдарлама әзірлеу және оны жүзеге асыру;  
-  Шағын  жинақты  мектептердің  педагогтерін  жаңа  интерактивтік  және 
жаңа  технологияларды  қолдануға  үйрету,  электрондық  оқу  құралдарының 
базасын дамыту және оны қолдану, педагог кадрларды қайта даярлауға жіберу;  
-  Жергілікті  бюджет  қаржысынан  шағын  жинақты  мектептердің 
материалдық-техникалық  базасын,  кабинеттерді  жабдықтау,  тамақтану,  жатын 
орын және оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру болып табылады.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет