3 Орта білім жүйесіндегі менеджментке заманауи көзқарас
Жоғары нәтижелі білім беру жүйесі елдің экономикасы мен қоғамның
тұрақты өсуін қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым жетістіктері мен тәжірибе негізінде
тұлғаның кәсіби қалыптасуы және дамуына бағытталған білім алуы үшін
қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесін басқару екі деңгейде жүзеге асырылады.
Басқарудың бірінші деңгейі – жинақталған тәжірибені талдау негізінде
білім беру жүйесінің дұрыс жұмыс істеу тәртібінің нормалары мен
критерийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында білім
берудің жаңа нормалары мен құндылықтарын, білім беру мекемелерінің жұмыс
істеуінің ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін заңды нормаларда
бекітуді, білім беру бойынша мемлекеттік заңдылықты жетілдіруді Қазақстан
Республикасы Үкіметі және ел Парламенті жүзеге асырады.
Білім беру жүйесін басқарудың екінші деңгейі – ең алыс немесе ең жақын
келешектегі басқару жүйесінің бағыты барысын анықтай отырып стратегиялық
сипатқа ие. Ол нормативтік-басқару актілерін, мемлекеттік білім беру
стандарттарын және тағы басқаларын әзірлеу арқылы іске асырылады және
білім беру саласындағы орталық уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы
білім және ғылым министрлігімен жүзеге асырылады.
Жергілікті жерлерде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты
жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті білім беруді басқарушы органдар
жүзеге асырады.
Білім беру жүйелерін басқарудың көмегімен екі міндет шешімін табады: әр
түрлі деңгейдегі білім беруді басқару ұйымдары арасындағы міндеттерді бөлу
және қажетті нәтижеге жету мақсатында оларды үйлестіру.
Білім беру жүйелерін басқару сыртқы ортадағы өзгерістерді, сыртқы
ортамен беріліп отырған белгілі бір мақсаттарды қою және оларды бар
ресурстар негізінде жүзеге асыруды көрсетуі керек. Білім беруді басқару
әлеуметтік басқару түрі ретінде білім беру жүйесіндегі үдерістер жүйесінің
жұмысын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісіндегі мақсаттылық және
ұйымшылдық, инновациялық және басқаларды қолдайды. Әлеуметтік
басқарудың жалпы заңдылықтарына бағына отырып, білім беруді басқарудың,
нақты жағдайлардағы ұйымдастырылған оқу-тәрбие үдерісінің әлеуметтік
маңызды мақсаттарды қою тәсілі мен оған жетуді ескерген өзгеше
ерекшеліктері бар.
Егер білім беру жүйесін басқаруды әрбір білім беру мекемесінің және
бүтіндей білім беру жүйесінің барлық буындарының қалыптасуы, тиімді жұмыс
істеуі және міндетті дамуын қамтамасыз ету бойынша барлық білім беру
субъектілерінің мақсатты іс-әрекеттері ретінде анықтайтын болсақ, онда ұлттық
білім беру жүйесінің басқару моделі мемлекеттік білім беру жүйесін басқару
қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын, оның даму стратегиясы
91
мен кезеңдерін анықтайтын, ұлттық білім беру саясатын іске асырушы билік
органдары, жергілікті органдар мен білім беру мекемелерінің бірлескен іс-
әрекеттеріне негізделеді.
Қазіргі заман жағдайында білім беру жүйесін басқарудың мәні білім беруді
басқарудың мақсаттары мен көпшілік параметрлерін анықтаушы, себеп-
салдарлы байланыстарын ашып көрсететін, әлеуметтік-экономикалық
шарттары бар білім беру саласындағы іс-әрекеттердің реттілігі мен
келісімділігіне жетуге бағытталғандығын көрсететін басқарудың ұйымдастыру-
технологиялық сипаттарының біртұтастығы ретінде қарастырылады [18].
Білім беру жүйесін басқарудың мәніне беріліп отырған анықтама
орталықтандырылған және директивті-регламенттеуші басқару жүйесінің
құрылымын көрсетеді. Заманауи басқару жүйесі әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға ілесіп және үйлесуі ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық дамуы стратегиясы мен қарқынынан қаншалықты алға
шығуымен таңдандыруы, икемді болуы, жетілдіру үшін ашық, оңай ауыстыруға
және қоғамның қажеттілігіне, әрі елдің жедел қарқынды дамуына сәйкес
өзгеруге келетін болуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі әдістері берілген: білім жүйесін дамыту
басымдығы; адамның бостандығы мен құқығын қорғау; оқыту, тәрбиелеу мен
дамыту бірлігі; білімді басқарудың демократиялық сипаты, білім жүйесі
қызметінің ашықтығы [12].
Аталған заңның 5-бабында білім саласындағы уәкілетті орган бiлiм беру
сапасын басқаруды, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметiн
әдiстемелiк және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру бойынша
уәкілдікті орындайтындығы көрсетілген.
44-бапта
бiлiм беру ұйымдарында алқалы басқару органдары
құрылатындығы берілген.
Білім беруді басқарудың алқалы органдары: білім беру ұйымының кеңесі
(ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңесі, педагогикалық, әдістемелік (оқу-
әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа формалар, білім беру
саласындағы өкілетті орган бекітетін жұмысты ұйымдастырудың үлгілік
ережелері жатады [12].
Басқарудың алқалы органдарына түрлі құрылымдарды жатқызуға болады:
білім беру мекемесі мен ұжымдарындағы қызметкерлердің (оқушылардың)
жалпы жиналысы; педагогикалық кеңес; ғылыми кеңес; қамқоршылық кеңес;
әдістемелік кеңес; оқу-әдістемелік кеңес; ғылыми-әдістемелік кеңес;
басқарушылық кеңес; бақылаушы кеңес; басқа да басқарудың алқалы
органдары.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдар білім берудің тиісті мекемелерінің
жарғыларында көрсетіледі. Басқарудың алқалы органдарының жұмысын
ұйымдастырудың типтік бағдарламасы оларды таңдау тәртібін қоса алғанда,
әдетте білім саласындағы әкімшіл уәкілетті органмен бекітіледі.
Білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына кәмелетке
92
толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері ата-аналар
комитеті арқылы қатысуға құқылы.
51-бапқа сәйкес, педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымдарын
басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатыса алады.
Басқарудың алқалы қағидаларын жүзеге асыру білім беру ұйымдары мен
мекемелерінің қызметіне қатысты басқарушылық шешімдердің сапасын
арттырады, бұл көбінесе кәсіби немесе сараптамалық өкілдік арқылы
қамтамасыз етіледі. Ол алқаластық жоспарлаудан басталып, қадағалаумен
аяқталатын басқарушылық циклдың барлық кезеңдеріндегі функция арқылы
жүзеге асырылатын өзіндік басқаруға қарағанда басқарушылық шешімдерді
қабылдау үдерісінің ішінде болады.
Басқарудың алқалы органдары уақытша және тұрақты болуы мүмкін,
мәртебесі мен ұсынатын өкілдіктер деңгейі әртүрлі және түрлі міндеттерді
атқаруы мүмкін. Басқарудың алқалы моделінің негізгі сипаттамалары 54-
суретте берілген.
54-сурет – Алқалы басқару моделінің негізгі сипаттамалары
Басқарудың алқалы органдарының ақпараттық; кеңесшілік; шешім
қабылдауға өкілеттілер; қадағалаушы түрлері бар.
Басқарудың алқалы органдары білім беру мекемелері мен ұйымдардың
жергілікті нормативті актілерін (Ереже) дайындайды [19].
Ең алдымен білім беру үдерісінің ерекшеліктері мен өзгешеліктерін,
ұжымның болуын есепке ала отырып, аталған ұйымның жағдайына қатысты
жалпы, заңнамалық құқықтық нормаларды талдап-тексеру, нақтылау,
93
толықтыру, тіпті кейде орнын толтыру жергілікті нормативті актілердің
қызметі болып табылады.
Педагогтер жұмысына қатыса алатын басқарудың алқалы органдарымен
қатар, білім беру ұйымдарына оқушылардың, кәмелетке толмаған
оқушылардың ата-аналарының (заңды өкілдердің) және педагогикалық
қызметкерлердің бастамасымен оқушылар кеңесін, ата-аналар кеңесін,
қызметкерлердің өкілдік органдарын құру мүмкіндігі беріледі және
органдардың құрамы мен жұмыс тәртібі осындай өкілдік органдардың ішкі
ережелерімен және басқа да құжаттармен реттеледі.
Оқушылардың өкілдері, олардың ата-аналары (заңды өкілдері)
қамқоршылық кеңестің, педагогикалық кеңестің, білім беру ұйымының
жарғысында қарастырылған білім беру ұйымы кеңесі немесе басқа соған ұқсас
органдардың құрамына қосыла алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін
реформалау лауазымды тұлғаларға жүктелген ресми қызметтік міндеттері үшін
жеке жауапкершілігін сақтаудағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың
алқалы формасын кеңінен қолдануды объективті түрде көрсетті.
Білім саласына нарықтың тұрақты түрде енуі білім беру ұйымдарының
бәсекеге қабілеттілігін көтеруін талап етеді, бұл тұлғаның, педагогикалық
ұжым мен оқушылар ұжымы мүшелерінің жоғары рөлін сақтай отырып
басқаруды кәсібилендіру қажеттілігіне алып келеді. Сонымен, алқалы басқару
органдарын құрудың екі аспектісін тұжырымдауға болады:
–
біріншіден,
білім
беру
мекемелерінің
басшыларына
ғылыми
педагогикалық ұжыммен байланысты сақтай отырып, кәсіби менеджер бола
білу;
–
екіншіден, педагогтер мен оқушылар шешім қабылдайтын адамдарға
ортақ ұйымдастырушылық мақсатқа тиімді қол жеткізуге көмектесетін өз
пікірін жеткізу.
Ресми сайттарда орналастырылған ақпараттарды талдай отырып,
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің көпшілігі қазіргі таңда
алқалы басқарудың түрлі формаларын енгізіп жатқанын айта кетуге болады[20].
Білім беру және әлеуметтік қорғау салаларындағы проблемалар соңғы
кездері мемлекет пен жұртшылық тарабынан қызығушылық туғызып отыр,
және қамқоршылық кеңестерін құру осы салаларда қызмет ететін мекеме
қызметінің тиімділігін арттырудың бірден бір тетігі болуы мүмкін.
Білім беру саласында қамқоршылық кеңестері өзге құрылымдармен қатар
білім беруді дамыту үшін жағдайлар туғызуға, оның қолжетімдігін, сапасын
және еңбек нарығының ағымдағы әрі болашақтағы сұранысына сәйкестігін,
балалар мен жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті.
Қазақстандағы қамқоршылық кеңестері мазмұны жағынан білім беру
ұйымдарын басқарудың жаңа, прогрессивті формасы болып отыр. Жаңа
құрылымдарға мектептің стратегиясын анықтауды жүктейді, басшылық
қызметтерге мамандарды тағайындайды, сондай-ақ қаржы қызметін бақылауға
94
кеңес береді.
Білім
беру
ұйымдары
қамқоршылық
кеңестерінде
ата-аналар
жұртшылығы, үкіметтік емес ұйымдары, бизнес өкілдері және педагогтардың
өздері қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы «басқарудың мемлекеттік-қоғамдық
жүйесін» құру мақсатымен қатар «білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық
кеңестерінің үлесін 2015 жылы 45%-дан 2020 жылы 60% - ға арттыру» міндетін
белгіледі [3].
Бағдарлама Қазақстандағы білім беруді басқаруда қамқоршылық
кеңестеріне жұртшылықты тарту ісінде басты механизм рөлін белгіледі.
«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік
ережелері» (2007 ж.) қамқоршылық кеңестерін құруды және қызметін реттейтін
ереже болып табылады [21].
Бүгінгі күні Қазақстанда мектептер жанында 3259 қамқоршылық кеңестері
құрылған және ол жалпы мектептердің санының 44,1% құрайды (2011-2012 оқу
жылында – 2666 мектеп және 35,7% құрады).
Олардың көпшілігі Үлгілік жоспарға сәйкес мектеп ұйымы жанындағы
өзін өзі басқару органы ретінде ресімделген. Жеке қамқоршылық кеңестер ҚР
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке заңды тұлға түрінде қоғамдық қор
немесе бірлестіктер ретінде құрылған. Жеке облыстар бойынша қарастырсақ:
Ақтөбе облысында 344, ШҚО - 632, БҚО - 310, Жамбыл - 135, Қарағанды - 539,
Қызылорда - 231, Павлодар - 356, СҚО- 519 мектепте қамқоршылық кеңестері
құрылған.
Қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуі нәтижесінде мектептер үшін
істің кең аясы ашылады. Мектеп бюджеті үш бөлімнен тұратын болады. Бірінші
бөлім – негізгі, яғни стандарттарды ұстау, екінші – ғимаратты ұстау. Үшінші –
гранттар – бұл ынталандыру бөлімі. Жыл бойы атқарылған жұмыстың
қорытындысы балдық жүйе бойынша шығарылады, егер мектеп жақсы жұмыс
атқарса, қосымша гранттар бөлінеді.
Білім беру ұйымдары арасынан қамқоршылық кеңестері қызметінің жақсы
тәжірибесі бар Шығыс Қазақстан облысы №1 Жезкент орта мектебін атап
көрсетуге болады. Бұл мектепте мектеп дамуына қажет неғұрлым көп ресурстар
тартуы үшін қамқоршылық кеңестері мен демеушілердің өзара шығармашылық
қарым-қатынасы қалыптасқан. Қатысу үшін мысалы, агороқұрылымдар мен
кәсіпорындардың басшылары шақырылады. Олардың көпшілігі қамқоршылық
кеңестерімен белсенді түрде жұмыс жүргізе бастады және айтарлықтай
материалдық қолдау көрсетуде. Қамқоршылық кеңестер пилоттық жоба ретінде
құрылған Алматы қаласындағы бірнеше мектептің іс-тәжірибесі құптауға
тұрарлық. Мысалы, №158 мектептің қамқоршылық кеңесі болып табылатын
«Үміт» қоғамдық қоры. Сол сияқты Алматы қаласындағы № 175 мектеп-
гимназиясының, Қостанай қаласындағы физикалық-математикалық лицейдің іс-
тәжірибесі қызықты. Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы Вячеслав
орта мектебі қамқоршылық кеңесінде «Ақ бота» қоғамдық қоры, әкімшілік
95
құрылымдар (ауыл әкімі), Ардагерлер кеңесінің мүшелері, амбулатория, клуб,
бала бақша басшылары, әскери бөлімдердің өкілдері бар.
Мысалы, «Ақ бота» ҚҚ тек мектеп үшін ғана емес, сондай-ақ жергілікті
жұртшылыққа қажет жобаға, мысалы, балаларға ғана емес, сол сияқты олардың
ата-аналарына, ауылдың барлық тұрғындарына қызмет көрсететін физио
‐ және
стоматология кабинеттеріне жабдықтар алу үшін тиісті гранттар іздестіруде.
«Пар айдайтын жердің топырақты қорғаудың баламалы табиғатты сақтау
технологияларын көрсету», «Тұқымдық картофельді мерестемдік технология
бойынша өсіру», «Вячеслав ауылының табиғи ауыз су көздерін сақтау» және
т.б. жобалар мектепке елеулі қаржы түсірді. Бірақ бұл тек қаржы ғана емес –
сондай-ақ бұл оқушылардың зерттеу жұмыстары, отандық және шетелдік
оқымыстылармен танысуы, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.
Бұл жобалардың нәтижелерін ауданның (олар картофельдің аудандастырылған
элиталы тұқымдарын алды) және Арнасай ауылының фермерлері (су құбыры
жөндеу жұмысына жабылған кезде халық ауыз суды балалардың жобасы
бойынша түзетілген бұлақтардан алды) пайдалана алды.
Республиканың көптеген мектептерінде құрылған қамқоршылық кеңестері
қызметін зерттеу және талдау мақсатты бағдардың екі тобын көрсетуге
мүмкіндік берді:
мақсатты бағдардың бірінші тобы нақты білім беру ұйымының білім беру
бағдарламасын дамытуды қолдауға байланысты;
екінші топ білім беру ұйымында жеке мәселелерді шешуге байланысты
(сапарларға шығу, костюмдер сатып алу және т.б.), мектепке материалдық
көмек көрсету және т.б.) іс-шаралар өткізу.
Қамқоршылық кеңесі көбінесе білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін
арттырумен байланысты мәселелерді шешуге бағдарланады. Мысалы, білім
беру мекемесіне бюджеттен тыс қаражатты тарту, білім беру ұйымының төлем
қабілеттілігін көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және т.б. ең көп тараған мақсатты
бағдарларлар болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар негізінде осы кеңестер қызметінің іс жүзіндегі
басты екі тобын көрсетуге болады:
- қызметтердің бірінші тобы бюджеттен тыс қаржыны тартумен және
олардың игерілуіне бақылау жүргізумен байланысты;
- қызметтердің екінші тобы қоғамның білім берудегі әлеуметтік
тапсырысына және білім беру жүйесінің мазмұндық аспектісіне байланысты
бағдарланған.
Жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық кеңестері қызметін
ұйымдастыруға
жүргізілген
мониторинг
көрсеткендей,
мектептердегі
қамқоршылық кеңестері қызметінің басты тақырыбы: дарынды және аз
қамсыздандырылған балаларды қолдау, түрлі үйірмелер мен секциялар ашу,
балалар мен жасөспірімдер үшін акциялар ұйымдастыру және өткізу, сол
сияқты мектепте инновацияға қолдау көрсету болып табылады.
Қамқоршылық білім беру бағдарламаларын, мектеп бюджетін, яғни осы
келісілген бағдарламаның бағасын ұйғаруда және т.б. белсенділік танытады.
96
Қамқоршылық кеңестері мектеп пен қоғам арасындағы буын болуы тиіс,
себебі мектеп – қызмет көрсетуші, ал қоғам (ата-аналар, жұмыс берушілер,
бизнес, БАҚ және т.б.) – оны тұтынушылар. Мектепте қамқоршылық кеңесінің
болуы мектепке артықшылықтар беретіні түсінікті. Ол тек бюджеттен тыс
қаржыны іздестіріп қана қоймай, оның мүдделерін түрлі деңгейлерде алға
бастыратын адамдарды тартады. Ашықтық және айқындық мақсатында мектеп
бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны игеруі бойынша ата-аналар, мектеп
педагогтері алдында жыл сайын есеп беріп отыруы қажет.
Қамқоршылық кеңестері міндеттерінің бірі – мектепке демеушілік және
қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өнімдерін
өндірушілердің демеушілік және қайырымдылық көмектерінің арқасында
мектепалды, бастауыш сынып оқушыларының барлығын және тұрмысы төмен
отбасы балаларын қамтыған «Мектеп сүті» және «Мектеп балы» жобалары
табысты жүзеге асырылуда. Сол сияқты, Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» патриоттық акция
аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған облыстық мектеп-интернатқа 39 ұйым мен мекеме 800 мың теңге
көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті [22].
Алматы облысында балалардың иммундық жүйесін күшейту, ағзаларын
дәрумендермен толықтыру және жасөспірімдерді қоршаған ортаның зиянды
әрекеттерінен қорғау мақсатында «Мектеп балы» жобасы енгізілді. Қазақстан
Республикасы тамақтану академиясының қолдауымен Ақсу, Сарқан, Кербұлақ,
Балқаш, Алакөл және Райымбек аудандары мектептерінде бірінші сыныптан
бастап төртінші сынып аралығында оқитын әрбір балаға тегін бал беріле
бастады. Бағдарлама 246 мектептің 51 мың оқушысын қамтыды. Төменгі сынып
оқушылары үшін күн сайын берілетін балдың нормасы 10 граммды құрады. Бұл
жоба облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Менкесер ауылында
қамқоршылық кеңесін «Мамбетов және К» серіктестігінің бас директоры
басқарады. Мысалы, өткен оқу жылында мектепке жалпы құны 12 млн. теңгеге
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын бірінші сынып оқушылары
мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Шаруашылық есебінен мектептің
бастауыш буын оқушыларына тегін тамақ ұйымдастырылған.
«Мамбетов және К» шаруашылығы ауылда спортты дамытуға,
оқушыларда салауатты өмір салтын тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Осының
дәлелі: «Мамбетов және К» жүлдесі үшін волейбол, баскетбол, стол теннисінен
және грек-рим күресінен турнир өтті, спорттық инвентарьлар сатып алынды.
Демеушілік қолдау көрсетудің арқасында оқушылардың түрлі спорттық
жарыстарға сапары ұйымдастырылған. Стол теннисі үйірмесі құрылды,
тренажер залы жабдықталды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің
күш салуы арқасында Менкесер ауылының көптеген түлектері ауыл
шаруашылығымен байланысты мамандықты таңдайды. Қазіргі күні
97
шаруашылықта мектеп түлектері құрылыс шебері, механик, агроном, электрик
болып қызмет етуде.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Абай атындағы мектептің қамқоршылық
кеңесі құрылған 5 жыл арасында заманауи талапқа сәйкес «Өзін-өзі тану»,
«Құқық» кабинеттерін жабдықтады. Спорттық жабдықтар мен музыкалық
аппаратура сатып алынды, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасы
балаларына материалдық көмек көрсетілді және т.б.
Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен оқушылардың «Медеу» мұз
айдынына,
Іле-Алатау
ұлттық
саябағына
және
т.б.
саяхаттары
ұйымдастырылды, мұғалімдерге жергілікті мекен-жай бойынша рейдтер
жүргізуіне және балалардың сабақтан бос уақытын қызықты өткізуіне
көмектеседі. Материалдық қолдау көрсету мақсатында көп балалы және
тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барады.
Алматыдағы № 79 гимназия қамқоршылық кеңесін құру тәжірибесі
қызықты. Қамқоршылық кеңесі педагогикалық кеңес жұмыстарына, ішкі тәртіп
ережелерін дайындауда, кадрлық әлеуетті, оның ішінде гимназия әкімшілігін
құруда, шығармашылық, зияткерлік байқаулар, сайыстар ұйымдастыруда, даму
бағдарламаларын бекітуде, оқыту сапасына бақылау жүргізуде, бюджеттік және
бюджеттен тыс қаржыны мақсатты игеруде қатысуға құқылы.
Гимназияда қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру және жүргізу
бойынша жұмыс тобы құрылған. Қамқоршылық кеңесі туралы ереже
дайындалған. Қамқоршылық кеңесі туралы ереже заңгерлермен келісілген,
қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес құрастырылған. Кеңес құрамына
ата-аналар, мұғалімдер, БАҚ, «Ұстаз» қалалық кәсіподақ өкілдері, мәслихат
депутаты, барлығы 19 адам кірді.
Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 1-11 сынып
оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізілді. Ата-аналардың
100% қамқоршылық кеңесін құруға келісім берді.
Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер:
- кабинеттерді жаңа оргтехникамен және құралдармен жабдықтау;
- мектеп жанындағы телімді қосымша көгалдандыру;
- бастауыш мектеп кабинеттері терезесінің сыртына гүлзарлар жасау және
көшеттер отырғызу;
- жазғы бейіндік практиканы ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау
(жазғы математикалық мектеп, тілдік мектеп, олимпияда резервтерінің жазғы
мектебін ұйымдастыру);
- ата-аналар қөшіру және бітіру емтихандарына қатысуға тілек білдірді;
- мектептің 30 жылдығын тойлау қарсаңында ата-аналар жұртшылығын
мерейтой дайындығына және тойлауға тарту (мектеп туралы «Мектеп менің
өмірімде» альманахын шығаруға қатысу, БАҚ-да мектеп өмірі туралы репортаж
дайындау) және т.б.
Ұсыныстар мен пікірлер ескеріле отырып, гимназияның және
қамқоршылық кеңесінің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары түзетілді.
Қамқоршылық кеңесі 4 комиссиядан тұрады, олардың әрқайсысы жеке
98
бағдарламаны жүзеге асырады:
-
Денсаулық, жайлылық, қауіпсіздік (медициналық қызмет көрсету, ыстық
тамақ, күзет, мектеп полицейімен өзара әрекеттесу, жөндеу жұмысы).
-
Педагогтерді,
қызметкерлерді,
оқушыларды
әлеуметтік
қорғау
(бюджеттен тыс қаржының игерілуін бақылау, қосымша ақыларды бөлу,
мұғалімдер мен оқушыларға сыйлық беру).
-
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Білім беру сапасы (жылдық жоспарды
бекіту, даму бағдарламасы, білім беру сапасын арттыру бойынша
ұсыныстардың есебі, дарынды балалармен, олимпияда резервтерімен жұмыс,
жоба жұмысы, «Зерттеуші-оқушы», «Жыл оқушысы» байқауын ұйымдастыру
және өткізу).
-
Әлеуметтік серіктестік (ЖОО-мен байланыс, демеушілермен, Сынып ата-
аналар комитетімен және гимназия кеңесімен өзара әрекеттесу).
Кеңес отырысы әр тоқсанда бір рет өтеді және ашық сипатқа ие.
Қамқоршылық кеңесі өз қызметі туралы жылына 2 рет ата-аналар және
педагогикалық жұртшылық алдында есеп береді.
Қостанай қаласындағы физикалық-математикалық лицей директоры ата-
аналар жиналысында «Өткенді «қайталама», алға бір қадам жаса» деген
ұсыныспен сөз сөйледі. 2001 жылы ата-аналардың қатысуымен «Мейірім»
қоғамдық қоры құрылды, мұнда қамқоршылық кеңесі басқарудың алқалы
органы болып саналады. Бірқатар жылдар бойы қамқоршылық кеңесі демеуші
және барлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы бола отыра, мектеппен
белсенді түрде ынтымақтастықта қызмет етуде. Олардың құзырына балалардың
тамақтандыруын ұйымдастыру, мектепке материалдық-техникалық демеу,
педагогикалық процесті ұйымдастыруға көмек көрсету кіреді. Кеңестің
құрамында 30 адам бар. Мектеп директоры – кеңестің қатардағы мүшесі. Әрбір
сынып қамқоршылық кеңесіне өз мүшесін сайлайды. Мұнан бөлек, кеңес
құрамында қаланың беделді азаматтары және демеушілер болады. Бұл кеңес
Жарғысымен ескерілген.
Жұмыс барысында қор осы кезге дейін өзі айналысып келген материалдық
техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешу қызметінен оқу процесіне қатысу
қызметіне қайта бағдарланды. Мысалы, қамқоршылық кеңесінің ұйытқы
болуымен 25 мамыр – соңғы қоңырау күні бүкіл мектеп ұжымы табиғатқа
серуенге шығады, балалар үшін спорттық мереке ұйымдастырылады,
сыйлықтар тапсырылады.
Қор айына бір рет қаржылық есеп жасайды және ол туралы әрбір сыныпты
хабардар етеді. Ата-аналар қорға сенім артады, ал бюджеттік қаржыға Кеңестің
еш қатысы жоқ. Сайтта мектеп бюджеті және мемлекеттік сатып алу туралы
толық ақпарат орналастырылады.
Заңнама тұрғысынан қамқоршылық кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету
тақырыбына келесі пайымдаулар бар – оқу орнының қамқоршылық кеңесі
айналысатын қызмет түріне қарай:
1. Қамқоршылық кеңесі бір мезгілде мектепті және оның қасында
құрылған қоғамдық қорды басқарудың алқалы органы;
99
2. Заңды тұлға мәртебесінсіз оқу орны – мектепті басқарудың алқалы
органы мәртебесіне ие бола алады.
Мектептің тәрбие жүйесін құрудың бір бағыты – оқушылардың мектептік
өзін-өзі басқаруын дамыту. Оқушылардың мектептік өзін-өзі басқарудың басты
міндеті – ең алдымен, білім алушылардың азаматтық құқықтары мен
мүдделерін қорғауға бағытталған жеке мүдделерін қанағаттандыру, жалпы
білім беру мекемесінің маңызды проблемаларын шешуге қатысу болып
табылады.
Оқушылардың өзін-өзі басқару өздігімен бастама білдіру, шешім қабылдау
және оларды оқушылар ұжымының мүддесіне іске асыру мүмкіншілігін
білдіреді. Әдетте, өзін-өзі басқару ұжымның іс-әрекетін жоспарлауда, өз
жұмысын талдауда, атқарылған істің қорытындысын шығаруда және тиісті
шешім қабылдауда көрінеді.
Бұл тұрғыда оқушылар арасында командалық рухты тәрбиелейтін,
оқушылардың мектептік өзін-өзі басқаруды жетілдіретін Назарбаев зияткерлік
мектептерінде
құрылған
«Шаңырақ»
мектептік
қауымдастықтары
қызығушылық туғызып отыр.
Шаңырақ – мектеп өмірінде оқушыларға ұжымда командалық рухты сезіну
мүмкіндігін беретін шағын қауымдастық. «Шаңырақ» қауымдастығында түрлі
жастағы екі сынып (12 және 9, 11 және 8, 10 және 7) серіктеседі.
«Шаңырақтың» ерекшелігі – әр қауымдастықтың өз эмблемасы, девизі, түсінің
болуы және куратормен үйлестірілетіндігі. «Шаңырақ» қауымдастығының
міндеттері қызықтырады, себебі олардың әрқайсысында көшбасшылық
қасиеттері бар, ұтқыр, тиімді басқаруға, табысты әлеуметтенуге, өздігінен білім
алуға, жан-жақты өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде
қатысуға білікті Қазақстан азаматын дайындау проблемасын шешу болжанады.
Міндеттері:
мектепте оқушылардың командалық рухын және өмірлік позициясын
қалыптастыру, оқушылардың, ата-аналардың біртұтас, ұйымшыл қоғамын құру;
оң өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қалыптастыру;
саламатты бәсекелестік орта құру арқылы бәсекелесуге қабілетті тұлға
қалыптастыру;
түрлі жастағылар топтарында өзара әрекеттесу арқылы өз бірегейлігін
қабылдау және түсіну;
адамдарды қабылдау және құрметтеу, шиеленісті шешу, өздігінен іс-
әрекет ету, креативті ойлау, шешім қабылдау және оларды жүзеге асыру білігі;
мектепішілік қозғалысқа тарту (оқушылардың сындарлы қарым-
қатынасы өз «Шаңырақ» қауымдастығын қолдаудағы іс-шараларға барлығын
қызығуға мәжбүр етеді);
ересектердің кішілерді қамқорлыққа алуын қамтамасыз ету және
жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін дамытуға әсер ету;
біртұтас, ұйымдасқан командаларды, корпоративтік рухты, бос
уақытты бірге өткізуді қалыптастыруға ықпал ету;
100
оқуда, әлеуметтік жобаларда, іс-шаралар өткізуде, үйірме таңдауда
және т.б. оқушылардың бірін-бірі қолдауына ықпал ету.
Жыл бойы қауымдастықтар арасында түрлі сайыстар мен жарыстар
(спорттық, зияткерлік, мәдени) ұйымдастырылатынын атап өту қажет,
қатысқаны және жеңісі үшін балл беріледі, олар жинақталады. Жылдың
соңында ең көп балл жинаған «Шаңырақ» қауымдастығына «Өркен кубогы»
және Қазақстанның ең әсем жеріне, «Туған елге тағзым» өлкетану
экспедициясына жолдама тапсырылады. Әр тоқсанның соңында оқушыларды
«Өркен кубогын» алуға ынталандыратын аралық жүлделер (киноға, театрға
билет) беріледі. Шаңырақтардың оқушылар өзін-өзі басқарудың инновациялық
формасы ретінде артықшылықтары:
түрлі жастағылар арасындағы қарым-қатынас және ынтымақтастық,
басқа сынып оқушыларымен танысу мүмкіндіктері;
көшбасшылық қасиеттерді, төменгі сынып оқушыларын қамқорлыққа
алуды дамыту;
уақытты бірге өткізу, корпоративтік рух;
іс-шараларға тарту;
оқуда, ғылыми және әлеуметтік жобаларда, іс-шаралар өткізуде,
үйірмелер мен клубтарды таңдауда өзара көмек көрсету;
біртұтас, ұйымшыл команда құру;
дұрыс бәсекелестікке үйрету.
Оқушылардың мектептік өзін-өзі басқарудың инновациялық формасы
ретінде «Мың бала» жобасын (авторы – «Астана дарыны» АҒПО директоры
М.Ж. Құрманбаева) атауға болады. Астана қаласындағы № 49 орта мектебі
эксперименттік алаң ретінде тағайындалды. Жобаның мазмұны төмендегідей:
әр мектеп 1000-1200 оқушыға есептелген. Әр педагогке 10 баладан бөлген
жағдайда, директордан бастап жетекшіге дейін, әрбір мұғалім 10 оқушыға
күнделікті бақылау жүргізеді, олардың бағаларын, сабаққа, түрлі іс-шараларға
қатысу белсенділігін тексереді. Мұнан басқа, педагогтердің әрқайсысы өз
«бақылауындағы» оқушыларды қандай да бір білікке: ән салуға, билеуге,
шахмат ойнауға және т.б. үйретуі тиіс. Осылайша, мұғалім мен оқушы, ата-
аналар арасында тығыз байланыс орнайды, ал бала екіжақты бақылауда болады.
Бүгінгі таңда «Мың бала» жобасы Қазақстанның көптеген қалаларында үлкен
сұранысқа ие болып отыр. Астана қаласындағы №№ 49, 7, 51, 24, 4 -
мектептерде осы жобаны енгізу қолға алынған.
Алматы облысы Кербұлақ ауданының жалпы білім беретін мектептерінде
оқушылардың өзін-өзі басқарудың түрлі формалары құралған. Соңғы жылдары
ауданның бірыңғай білім беру кеңістігінде бірыңғай оқушылардың өзін-өзі
басқару жүйесін қалыптастыру мәселесі өзекті болып келеді. Мектеп
оқушыларының аудандық кеңесі құрылған. Соңғы жылдары аудан
мектептерінде, аудандық оқушылардың өзін-өзі басқаруы арқасында,
оқушылардың өзін-өзі басқаруының жаңа моделін жасауға күш салынып келеді.
Қазіргі кезде аудан мектептерінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы келесі түрде
101
жүзеге асырылуда: оқушылар кеңесі, старостат, оқушылық қоғамның кеңесі,
командирлер кеңесі, министрлер кабинеті, мектептік үйлестіруші оқушылар
кеңесі т.б.
Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысы тиімділігінің критерилері ретінде
мыналар анықталды:
-
тұрақтылық дәрежесі және оқушылардың өзін-өзі басқаруының барлық
буынындағы жұмыстың өте дәлдігі;
-
оқушылардың түрлі мектепшілік және мектептен тыс іс-шараларға
қатысудағы белсенділігі мен бұқаралығы;
-
барлық
деңгейлердегі
бәйгелерге,
жарыстарға,
фестивальдерге
қатысушылардың нәтижелілігі;
-
оқушылардың ынтагерлігі, оқудан тыс іс-шаралардың жаңа түрлерін
өздігімен іздеуі;
-
оқушылардың өзін-өзі басқаруының мектептегі, ауылдағы, аудандағы т.б.
жастар саясатына ықпал жасау дәрежесі.
Аудандағы оқушылардың өзін-өзі басқаруы бүгінде – оқушылардың
ынтагер, дербес, жауапкершілікті, қоғамдық қызметінің ерекше түрі болып
табылады. Оның қызметі студент жастардың өмірлік маңызы жоғары
мәселелерін шешуге, әлеуметтік белсенділігін дамытуға, зияткер, әлеуметтік
бейімделген және құзыретті тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Оқушылардың белсенді тобының жұмысы мектепте ұйымдастырушы-
педагогтермен үйлестіріледі және келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
патриоттық, адамгершілік; оқу-пәндік; ақпараттық; көркем-эстетикалық;
спорттық-сауықтырушылық; кәсіби-еңбек; волонтерлік қозғалыспен және
тәрбиелік жұмыстың басқа бағыттарымен байланысты.
Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының атқаратын қызметі мектеп
оқушыларын әлеуметтендіруге бағытталған. Ол қызметтердің ішінен
төмендегілерді атап көрсетуге болады:
-
әкімшілік
алдында
оқушылардың
талап-көзқарастарын
білдіру
(оқушылардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуде, оқу процесін
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу т.б.);
-
оқушылардың әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып табылатын қоғамдық
іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
-
оқушыларды, мектеп әкімшілігін мектеп өмірінің сан қырынан
хабардар ету;
-
оқушылардың белсенді тобын қалыптастыру және оқыту.
Бұл ретте Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибесі
қызғылықты болып табылады. Олар «Қоғамдық өзін-өзі басқару ұстанымын
оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту арқылы іске асыру» жобасы бойынша
жұмыс жасап келеді. Жобаның мақсаты: оқушыларды түрліше жеке және
ұжымдық қызметке араластыра отырып, оларды ауыл мектебі жағдайындағы
әлеуметтік белсенділік пен шығармашылыққа ынталандыру жолымен өзін
танытуына, өзіне сенімділік қалыптастыруына жайлы жағдайлар жасау.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында
102
«2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020
жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар
түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында
құрылып жатқан бірегей оқу орындары – «Жаңа халықаралық университет»,
«Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан
«Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие
болмақ... Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы
оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей
етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан
келгеннің бәрін жасау қажет» деп атап кеткен болатын [12].
Әлемдік білім беру кеңістігіне енудің мемлекеттік саясатын ескеріп,
Қазақстандағы білім беру жүйесінің заманауи даму деңгейі білім беру
ұйымдарының жаңа үлгілері ретіндегі халықаралық мектептердің пайда болуы
оларды басқару үдерісіне ғылыми-педагогикалық мағына беруді талап етеді.
Инновациялы-бейімделгіш, құзыретті және кәсіби-бағдарлы сипатты
қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары, мазмұны мен сапасына
қойылатын заманауи талаптарға сай келетін, халықаралық үлгідегі
мектептердің білім беру жүйесін басқарудың тұжырымдамалық моделінің
әдіснамалық негіздерін ғылыми тұрғыда әзірлеу өзекті әрі заңды болып
табылады. Тереңдетіп оқуға сәйкес, осы моделді жасауға бағытталған
халықаралық білім беруді басқарудың тұжырымдамалық негізі әдіснамалық
негіздеу мен әзірлеуді талап етеді.
Жаңа білім беру жүйелеріне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес білім
беруді стратегиялық басқарудың негізгі бағыттары:
- білім берудің халықаралық-стандарттық сапасын;
- білім берудегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін;
-білім берудің ұлттық және халықаралық танылған моделдердің
кіріктіруші
өзара
бейімделу
негіздерінде
білім
беру
жүйесінің
инновациялығын;
- келешектің сапалы деңгейіне бейімделуді қамтамасыз ету болып
табылады [19].
Республиканың білім беру мекемелерінің жүйесі мектептердің түрлі
типтерін қамтиды. Ол мектептердің басым көпшілігі (95,5 %) мемлекеттік
болып табылады және Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің ведомствасына қарайды. Мемлекеттік емес мектептер саны
соңғы онжылдықта өскен, бірақ олардың саны еліміздегі барлық мектептер
санының 1,4%-ын құрайды. Осы мектептерде барлық оқушылардың 0,8%-ы
оқиды. Мемлекеттік емес мектептер халықаралық тәжірибеге бейімделген оқу
бағдарламаларын ұсынады.
Қазіргі таңда республикамызда мектептердің сапалы жаңа деңгейін
білдіретін білім беру мекемелерінің түрлері құрылған – оқыту жүйесі
мемлекеттің саясатына, атап айтқанда халықаралық ынтымақтастық пен өзара
қарым-қатынасының негізгі басымдылықтарына жауап беретін білім берудің
ұлттық және халықаралық моделдерінің органикалық кірігуі тұрғысында
103
құрылған, әлемдік білім беру стандарттарына сай халықаралық үлгідегі
мектептер құрылған.
Бүгінгі таңда халықаралық мектептерде, оның ішінде «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша үлкен
тәжірибе жинастырылған.
Халықаралық мектептердің, атап айтқанда Қазақ-Түрік лицейлері,
«Мирас» халықаралық мектебі, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,
Астанадағы Heileybury мектебі және Алматыдағы Heileybury мектебі (бұдан әрі
– Хейлибэри мектебі) оқу орындарындағы басқарудың, басшылық ету және
бақылаудың жүргізу жолдарына тоқталайық.
Халықаралық мектептер:
- Қазақ-түрік лицейлері - Қазақстанда "KATEV" халықаралық қоғамдық
қорының басшылығымен жұмыс атқаратын мектептер желісі;
- «Мирас» халықаралық мектебі ‒ ұлттық бағдарламалар және
халықаралық Бакалавриат бағдарламалары кіріктірілген мемлекеттік емес білім
беру мекемесі;
- «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ ‒ ғылым, экономика және саясат
саласында дарынды балаларды оқытуға арналған мемлекеттік Зияткерлік
мектептер желісі;
Хэйлибэри - мектебі - Англиядағы ең атақты тәуелсіз британ мектептердің
бірі Хэйлибэри мектебінде қабылданған дәстүрлі оқыту қағидаларына
негізделген мектеп.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту
үдерісі:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен
бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен
мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз
мектепке барамыз», 2010 ж.) арқылы жүзеге асырылады.
Еліміздегі халықаралық мектептердегі білім беру үдерісі келесі түрде
жүзеге асырылады:
- Қазақ-Түрік лицейі өзінің қызметтік іс-әрекеттерінде Қазақстан
Республикасы Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, басқа да нормативтік-
құқықтық актілерін, халықаралық келісімдерін, бұйрықтарын, тиісті құзыретті
ұйымдардың нұсқаулары мен жарғыларын басшылыққа алады;
- «Мирас» мектебінің қызметі ұлттық білім беру стандарттары мен
Халықаралық
Бакалавриат
бағдарламаларымен
оқыту
тәсілдерінің
философиясы мен талаптарының мазмұнды компоненттерін кіріктіру арқылы
104
оқытудың педагогикалық технологиялары мен әдістерін енгізу болып
табылады;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ қызметі «Назарбаев
Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев Қоры»
Мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 19 қаңтардағы №394-
IV Заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Зияткерлік
мектептер дербес білім беру ұйымы мәртебесіне ие, яғни Қазақстан
Республикасы Үкіметімен құрылған бейкоммерциялық ұйым, іс-әрекет етудің
құқықтық мәртебесі және ерекше құқықтық тәртібі жоғарыда көрсетілген
Заңмен анықталады. Мектептің миссиясы: Қазақстанның Зияткерлік әлеуетін ең
үздік қазақстандық дәстүр, халықаралық тәжірибені қамтитын жаратылыстану-
математикалық бағыттағы мектептік білім берудің көптілділік жүйесін,
инновациялық моделін әзірлеу мен енгізу арқылы көтеруге жағдай жасау;
- Хэйлибэри мектебінің оқу жоспары Қазақстанның білім беру жүйесіне
бейімделген британдық оқыту стандартына негізделген.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім
бағдарламаларын жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердің қызмет
тәртібі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қоспағанда 2007 жылғы 27
шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім Заңына» сәйкес дайындалған
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17
қыркүйектегі №375 бұйрығымен бектіліген білім деңгейлері бойынша Білім
беру ұйымдары қызметінің Типтік ережелерімен анықталады.
Халықаралық мектептерде оқу үдерісін ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері бар. Қазақ-Түрік лицейі, «Мирас» мектебі, «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ, Хэйлибэри мектебінің құрылымдары сәйкесінше
32-35 кестелерде көрсетілген.
32-кесте – Қазақ-Түрік лицейінің құрылымы
Білім беру
деңгейлері
Оқушылардың
жасы
Сыныптар
Негізгі орта
13-15
7-9
Жалпы орта
16-17
10-11
Дереккөз: Қазақ-түрік лицейлерінің мәліметі
33-кесте - «Мирас» мектебінің құрылымы
Білім беру
деңгейлері
Оқушылардың
жасы
Сыныптар
Бастауыш
3-5
Балабақша
5-6
Мектепалды дайындық
6-11
1-5
Негізгі орта
11-16
6-10
Жалпы орта
16-18
11-12
Дереккөз: «Мирас» халықаралық мектебінің мәліметі
105
34-кесте - «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның құрылымы
Білім беру
деңгейлері
Оқушылардың
жасы
Сыныптар
Бастауыш
3-5
Бала бақша
(кіші, орта және жоғарғы топтар)
6-11
1-5 – бастауыш сыныптар
Негізгі орта
12-16
6-10
Жалпы орта
17-18
11-12
Дереккөз: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ мәліметі
35-кесте – Хэйлибэри мектебінің құрылымы
Білім беру
деңгейлері
Оқушылардың
жасы
Сыныптар
1
5-7
1-2
2
7-11
3-6
3
11-14
7-9
4
14-16
10-11
5
16-18
12-13
Дереккөз: Хэйлибэри-Алматы халықаралық мектебінің мәліметі
Қазақ тілі мемлекеттік тілі болып табылады, ал орыс тілі ұлтаралық қатыс
тілі болып саналады. Ұлттық бірегейлікті бекітуде қазақ тілінің басымдығы
соңғы жылдары қазақ тіліндегі мектептер санының ұлғайуына әкелді. 2012
жылы мектептердің басым көпшілігінде оқыту тілі қазақ тілінде (3 819 мектеп),
одан кейін орыс тілінде (1 394), өзбек тілінде (60), ұйғыр тілінде (14), тәжік
тілінде (2) болған (АТО, 2014). Шамамен 2 113 мектепте оқыту екі және одан
артық тілде жүргізілген.
Халықаралық мектептерде оқыту бірнеше тілде жүргізіледі.
Қазақ-Түрік лицейлерінің басты ерекшелігі - оқыту төрт тілде: қазақ тілі,
орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізу және әлемдік стандарттарға сай
келетін көптілді білім беру қағидасын жүзеге асыру.
Қазақ
тілі
мен
әдебиеті,
Қазақстан
тарихы,
география,
Қазақстан
географиясы,
құқық
негіздері, дүние жүзі тарихы,
алғашқы әскери дайындық, дене
шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу –
қазақ тілінде; ағылшын тілі, алгебра,
геометрия, химия, физика, биология,
информатика
ағылшын
тілінде
жүргізіледі; түрік тілі – түрік
тілінде; орыс тілі мен әдебиеті –
орыс тілінде жүргізіледі. Пәндерді
көп тілді оқытудың салыстырмалы
талдауы 55-суретте келтірілген.
Дереккөз: Қазақ-түрік лицейлерінің мәліметі
55-сурет – Пәндерді көп тілді
оқытудың салыстырмалы талдауы
106
«Мирас» мектебінде бастауыш сыныпта оқыту: ағылшын /қазақ тілде және
ағылшын/орыс тілде жүргізіледі; негізгі мектепте - қазақ, ағылшын және орыс
тілдерінде; 11 – сыныпта қазақстандық оқу бағдарламалары - қазақ және орыс
тілдерде; 11-12 – сыныптарда Халықаралық Бакалавриаттың дипломдық
бағдарламасы ағылшын тілде жүргізіледі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да оқыту мен тәрбие
жұмыстарын жүргізу тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болып
табылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың әдіс-тәсілдері
толығымен өзгертілген. Грамматикалық-аударма әдісінен сөйлеу әрекетінің
төрт түрін (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) дамытуға көшірілген. Сонымен
қатар, мектептің тағы бір ерекшелігі бірі тілдік және тілдік емес пәндерді
пәнаралық кіріктіру болып табылады.
Хэйлибэри мектебінде тіл пәндерінен басқа пәндерді оқыту ағылшын
тілінде жүргізіледі.
«Мирас» мектебі – Халықаралық Бакалавриаттың барлық үш
бағдарламасымен оқытады. Атап айтқанда бастауыш мектеп бағдарламасы (IB
PYP – Primary Years Programme); негізгі мектеп бағдарламасы (IB MYP Middle
Years
Programme),
негізгі
мектепті
аяқтағаннан
кейін
Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінде танылған сертификат
беріледі, ол сертификат негізгі білім беру деңгейін бітіргенде берілетін куәлікке
пара-пар; Дипломдық бағдарлама (IB DP – Diploma Programme), осы
бағдарлама бойынша оқытуды тәмәмдаған оқушыға әлемнің іргелі
университеттеріне емтихансыз түсу құқығын береді. Сонымен қатар, мектептің
оқу жоспарына «Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері, «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан
тарихы», «Қазақстан географиясы» және «Орыс әдебиеті» кіріктірілген
курстары енгізілген.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нда екі үздік білім беру
модельдері қолданылады. Біріншісі ‒ Кембридж университетінің Халықаралық
емтихандық кеңесімен бірлесіп дайындалған жаратылыстану-математикалық
бағыттағы кіріктірілген білім беру бағдарламасы. Екіншісі ‒ Халықаралық
Бакалавриат бағдарламасы.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да өз қызметкерлерімен
дайындалған оқу бағдарламалары, сонымен қатар шет елдердегі әріптестерінің
таңдаулы оқу бағдарламалары қолданылады. Осы мектептерде білім берудің үш
бағыты жүзеге асырылуда: физика-математика, химия-биология, сонымен қатар
Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-да The International
Baccalaureate оқыту бағдарламасы.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 10 стратегиялық міндет орындалуы
қажет. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өзінің қызметінде келесі
қағидаттарды ұстаным етеді: заңдылық, отаншылдық, төзімділік, тепе-теңдік,
ашықтық, академиялық еркіндік, инновациялық, білім, ғылым мен өндірісті
біріктіру, автономдық және өзін-өзі басқару, алқалылық, әлеуметтік
жауапкершілік және айқындық [19].
Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологиялардың
107
заманауи модельдерін әзірлеу, мониторингілеу, зерттеу, талдау, апробациялау,
енгізу және жүзеге асыру бойынша эксперименттік алаң болып табылады.
Оқу жетістіктерін бағалау мақсаты оқу бағдарламаларында көрсетілген
дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың оқушының нақты жеке
жетістіктеріне сәйкестігін анықтауды көздейді. Жоспарланған нәтижелерге
жетуді бағалауға арналған жүйе өзара байланыстағы екі бағалау жүйесінен
тұрады: ішкі баға (немесе оқушымен, оқытушылармен, мектеп әкімшілігімен
қойылатын баға) және сыртқы баға (немесе мектеп қызметтеріне қатысты
жүзеге асырылатын сыртқы баға).
Қазақ-Түрік лицейлерінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда
дәстүрлі бағалау шкаласы, яғни бес балдық бағалау жүйесі қолданылады.
Кейбір халықаралық мектептерде критериалдық бағалау жүйесі
қолданылады. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына
сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға
себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің
барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
«Мирас» мектебінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлік
болып табылады, бұл мұғалімдердің оқушының үлгерімін бағалауды сыныптың
басқа
оқушыларына
қатысты
емес
нақты
пәндік
критерийлеріне
сәйкес жүргізеді.
«Мирас» мектебінде оқытылатын әр пән бойынша Халықаралық
Бакалавриат ұйымымен бекітілген бірқатар критерийлер бар. Әр критерий үшін
бағалау мезетінде оқушының қызметіне негізделген бірнеше пункттер
келтірілген. Бағалау мезетінде әр оқушының жетістігін түсіндіретін нақты
сипаттамалар берілген.
Семестр соңында әр критерийдің нәтижелері қосылып, жалпы балл
Халықаралық Бакалавриат бағаларының кестесіне келтіріледі және 1-7
шкалаларына сәйкестендіріледі. Оқушылардың жетістіктері бойынша есеп
жасау
кезінде
MYP
шкаласы
қазақстандық
бағалау
шкаласымен
салыстырылады (36-кесте).
36-кесте – Оқушылардың жетістіктерін бағалау шкаласы
MYP бойынша бағалу шкала
1 2 3 4 5 6 7
Дәстүрлі бағалау шкаласы
1 2
3
4
5
Дереккөз: «Мирас» халықаралық мектебінің мәліметі
Оқу жетістіктерін объективті және анық болу үшін «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДБҰҰ-да критериалды бағалау жүйесі жүзеге асырылады.
Қалыптастырушы, жиынтық (ішкі және сыртқы) бағалау жүйесі арқылы
тоқсандық, жартыжылдық және жылдық оқу жетістіктерінің қорытындысын
шығарудың нақты тәжірибесі қалыптасқан және Назарбаев Зияткерлік мектебі
ДББҰ-ның педагогикалық өлшемдер орталығымен (ПӨО) жүзеге асырылады.
108
Қалыптастырушы бағалау әр тоқсан барысында өткізіліп, келесі үшін
пайдаланылады: оқу бағдарламасының пәндері бойынша білім мен дағдыны
игеру деңгейі туралы деректерді алу; сабақ беру мен оқыту туралы ақпаратты
және қалыптастырушы бағалау негізінде мұғалімдер, оқушылар және ата-
аналармен тұрақты кері байланысты көрсету.
Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан аяғында, тоқсан мақсатының
жетістіктерін бағалауға тестілеу немесе прогресс тапсырмалары үлгісінде
өткізіледі.
Сыртқы жиынтық бағалау 5,10,11 және 12-сыныптардан кейін
оқушылардың оқу жетістіктерін сыртқы жиынтық бағалау моделіне сәйкес
емтихан түрінде өткізіледі.
«Хэйлибэри Алматы» мектебінде оқыту таңдау және ұжымдық оқыту
қағидасы бойынша негізінде сараланып жүргізіледі. Әр апта сайын әрбір
оқушыға оның жас ерекшелігімен және оқуға деген қызығушылығы ескерілген
жеке кесте құрастырылады. Кейбір пәндерді тереңдетіп оқыту үшін сынып
топтарға бөлінеді.
Қазақ-Түрік лицейлерінің қоғамдық өмірінде келесі құндылықтарға ерекше
мән беріледі:
- жетілдіру – барлық аспектілерде (білім алуда, жеке басының дамуы және
қоғамдық өмірде) жоғары деңгейге жету;
- өзара құрметтеу – өзін-өзі қадірлеу, маңындағыларды құрметтеу;
басқалардың құқығы мен көзқарастарын сыйлау;
- жауапкершілік – қоғамдық ортада өз қылықтары үшін жауапкершілікті
сезіну;
- ынтымақтастық – ортақ мақсаттарға жетуде көмек көрсету;
- белсенділік – топты басқаруға қабілетті шығармашыл тұлға болу,
мектептің іс-шараларына белсенді қатысу;
- өзара қарым-қатынас – бөтен біреулермен қатынас жасауда төзімді болу,
күнделікті өмірдегі қиындықтарға төзімділік таныту, психологиялық тұрғыда
орнықты болу;
- әділеттілік – әлеуметтік ережелерге бағына отырып әділетсіздікке көнбеу;
- этика – адамгершілік құндылықтарды сақтау.
Ұлттық
және
мәдени
құндылықтарды
оқушылардың
бойына
қалыптастыруда патриоттық тәрбиелеу бағдарламасының орны ерекше. Тәрбие
жұмысы 9 бағытты қамтиды: азаматтық-патриоттық тәрбие; әскери-патриоттық
тәрбие; полимәдени тәрбие; салауатты өмір салты; рухани-адамгершілік тәрбие;
экологиялық тәрбие; құқықтық тәрбие; отбасылық тәрбие; өзін-өзі басқару.
Қазақ-Түрік лицейлері тәрбие үдерісінде оқушылардың ата-аналарымен тығыз
байланыс жасайды. Әрбір ата-ана мектеп өміріне және сыныпта өткізілетін іс-
шараларға белсене араласады. Сонымен қатар лицейде балалар үшін әр түрлі
үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді (футбол, баскетбол, волейбол,
тоғызқұмалақ, таэквандо, би, қолданбалы өнер, домбыра, өлкетану).
«Мирас» мектебінде тұлғаның альтруистік сапасының дамуына, белсенді
өмірлік позициясын қалыптастыруға бағытталған тәрбие концепциясы
109
дайындалған. Оқушының мәдениаралық түсінісуі полилингвальды тілдік
ортамен қамтамасыз ету және тілдік саясатты жүзеге асыру, мектептің
студенттер кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру, БҰҰБҚ, БҰҰ БҰМ
халықаралық ұйымдарымен байланыстар орнату арқылы жүзеге асырылады.
Әлемнің 20-дан астам елінің оқушылары мен мұғалімдерінен тұратын "Мирас"
халықаралық мектебі өзінің рухы, мазмұны және құрамы бойынша
интернационалды мектеп. Қазақстандық және халықаралық тәрбие жүйесін,
дәстүрлер мен мәдениеттің байлығын бойына сіңірген мектепте ұлтаралық
бірлік пен қалыптасқан қарым-қатынасты «Біздің бірлігіміздің - біздің
көптүрлілігімізде» атты мектептің ұраны көрсетеді.
Зияткерлік мектептерде тәрбиелеу жүйесі бәсекелік ортада тиімді іс-әрекет
ете алатын, жоғары мәдениетті, өз Отанына берілген адамгершілігі жоғары
шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және келесі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
патриоттық тәрбиелеу;
зияткерлік дамыту;
адамгершілік тәрбиесі, физикалық және психологиялық дамыту;
көпмәдениетті дамыту;
жетекшілік қаситетті дамыту;
көркем-эстетикалық даму.
Білім беру қызметін біріктіру нәтижесінде тәрбие жұмысы келесі әдістер
арқылы ұйымдастырылады: әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер; Қазақстанда
өлкетанулық экспедициялар; қызығушылық бойынша қызмет (спорттық,
көркем, технологиялық, және зияткерлік); элективті курстар; оқушылық өзін өзі
басқару және қоғамдастықтар («Шаңырақ» және т.б.); драмалық және театрлық
көріністер; зияткерлік жне іскерлік ойындар; желілік іс-шаралар.
Heileybury ‒ Хэйлибери мектебінің ұстанатын моральдық құндылықтары:
оқушыларды жақсы мен жаманды айыра білуге баулу;
оқушыларды қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстай білуге үйрету;
оқушыларды сыйластыққа, топпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек етуге,
қоғамдық жұмысқа және түрлі ұлт өкілдерін сыйлауға баулу;
оқушылар арасында көшбасшылықты дамыту.
Қазақ-Түрік лицейлерінде жылына 2 рет тестілеу түрінде өткізілетін
мұғалімдерді аттестациялаудың тиімді жүйесі ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Мұғалімдер 5 жылда бір рет аттестациядан өтетін әдеттегі мектептерге
қарағанда бұл тәжірибе пайдалы, мұғалімдерді аттестациялау мәселесі ол
тікелей мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру жүйесі мен сапасына тікелей
әсер етеді.
«Назарбаев
Зияткерлік
мектептері»
ДББҰ-нда
педагогикалық
қызметкерлердің аттестациялаудың бірегей моделі жүзеге асырылады.
Мұғалімдер алты педагогикалық шеберлік деңгейінен өтуі тиіс: мұғалім-
стажер, мұғалім, мұғалім-модератор, мұғалім-эксперт, мұғалім-зерттеуші және
мұғалім-мастер. Шетелдік педагогтер үздік халықаралық тәжірибені енгізу
110
үшін қабылданады.
Сонымен, орта білім жүйесіндегі менеджментті зерттеу барысында
мыналар байқалады:
1. Бүгінде заманауи білім беру жүйесін басқарудың төмендегідей
талаптары қалыптасқан:
–
басқарудың барлық үдерістерінің тиімді қызмет ету;
–
даму үшін сыртқы ресурстарды тартудың тетіктерін жасау;
–
орталықтанған жоспарлаудан стратегиялық менеджментке көшу;
–
басқарушы қызметкерлердің біліктілік деңгейін тұрақты түрде көтеру;
–
өзіндік имидж құру және қолдау;
–
дамудың
ішкі интеллектуалдық, материалдық-техникалық және
шығармашылық ресурстарын жинақтау мен біріктіру;
–
балансты
қалыптастыру
негізінде
орталықтандыру
мен
бейорталықтандыру арасындағы басқару құрылымының икемділігі.
2. Орта білім жүйесінде қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру
өзіндік орын алған. Қамқоршылық кеңестері институтын дамыту үшін
төмендегі ұсынымдарды ұсынамыз:
Қамқоршылық кеңестерін құру және дамыту процесін ақпараттық, оқу,
әдістемелік сүйемелдеу;
Демеушілік көмек көрсеткен жеке және заңды тұлғаларды ынталандыру
механизмін дайындау;
Жаңа үлгілік ережелерді дайындауда мектепті дамыту стратегиясын
дайындауда, бюджетті бекіту және т.б. қамқоршылық кеңестерінің
өкілеттігіне қосу.
3. Қазақстанда білім беру саласында оқушылардың өзін-өзі басқару
процесі жетілдірілуде. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – баланың жеке
тұлғасының әлеуметтенуінің маңызды қозғаушы күші болып табылады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы балалардың әлеуметтік байланыстарын
кеңейтіп, әрбір жеке бала үшін қажетті әлеуметтік әлемге бейімделу жолын
табуға көмектеседі. Өзі өмір сүру үшін еніп отырған әлеуметтік жүйені бала да
өзгертуге, дамытуға, жетілдіруге, сөйтіп, соның ортасынан әлеуметтік әлемдегі
өзіндік орнын табуына мүмкіндіктер туғызады.
4. Халықаралық мектептерде:
- тілдік дағдының төрт түрі дамытылуда;
- үштілдік саясат жүзеге асырылуда;
- оқу пәндері кіріктіріліп оқытылуда;
- оқушының дамуын шынайы бағалау мақсатында оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады және одан оқушының
әрі жеке даму траекториясы құрылады.
111
Достарыңызбен бөлісу: |