Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
18. Қырғыз (Қазақ) АКСР – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз. 1919 ж 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімі бойынша Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды. Қырғыз өлкесінің автономиясы жариялағанға дейін өлкені басқару үшін құрылған бұл орган негізінен барлық жоғары әскери-азаматтық басқаруды өзінің қолына шоғырландырды.
Яғни Декретте Қырғыз революциялық комитеті өлкенің жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылды деп айтылады. Казревкомның басшысы болып Пестковский тағайындалды, ол 1919 жылдың шілдесінен 1920 ж маусымына дейін осы қызметте отырды .Революциялық комитеттің қарауына Астрахань губерниясының Қырғыз территориясы (бұрынғы Бөкей Ордасын),Орал,Торғай ,Ақмола,Семей облыстары кірді. 1920жылы 22 ұыркуйекте бүкіл Ресейлік ОАК-нің жаңа декіреті бойынша Қырғыз АКСР құрамына Орынбор губерниясы қосымша еңгізілді. 1920жылы қазанның 4 Орынборда Қырғыз АКСР құрылтай съезі болды. Съезд үкіметтің жоғарғы органдарын Қазақ АКСР орталық атқару комитеті сайлап (оның төреғасы Меңдешов болды),ОАК-ның республиканың Халық комиссарлар кеңесін (оның төреғасы Радус Зенкович болды) құрды.
Автономиялы республиканың территориясы : Семей , Павлодар , Өскемен ,Зайсан ,Қарқаралы уездері , Ақмола , Атбасар , Көешетау , Петропавл уездері, Торғай , Қостанай , Ақтөбе , Ырғыз уездері ,Орал ,Темір, Гурьев уездері , Маңғыстау уезі , Закаспий облысындағы Красновод уезінің 4 және 5 Адай болыстары , Астрахань губерниясы , Каспий теңізі жағалауының солтүстік-шығыс бөлігі , Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтер аймағы. Қырғыз автономиясының территориясын негізінен 4 облыстың жері құрады. Дегенмен аталған өңірлерінің ҚазАКСР-ына енуі ,яғни жаңа мемлекеттік құрылымның шекарасын анықтау мәселесі сол жылдардың өзінде өте күрделі жағдайда жүрді.
Қырғыз АКСР ын құру барысында шекара айналасындағы талас-тартыстар автономиялы республика құрылғаннан кейін де ұзақ уақыт жүрді.
1921 ж Қырғыз АКСР ОАКнің декреті бойынша Жайық пен Ертіс өңірінен патша үкіметі казактарға тартып әперген және 10 шақырымдық шеп құрған жерлердің қазақ халқына қайтарылуы сияқты әділетті шара бірқатар орыс жауапты қызметкерлерінің қарсылығына тап болды, сол жылғы маусымда Орал губкомы казактардың құқыығн қорғау деген желеумен жайықтың сол жағалауында қазақтарға қайтарылған 10 шақырымдық шеп құрған жерді бермеу туралы шешім қабылдады. Және орталыққа Орал губерниясының Қырғыз АКСРнан бөлінетіндігін хабарлады . Нәтижесінде Қазақ АКСР территориясы 700 мың шаршы шақырымға жуық, яғни үштің біріне ұлғайып 27 млн шаршы шақырымға жетті .