Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
44.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес, экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті. Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі.
Тұрмыс деңгейін жалпы ел бойынша ұлттық-тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша әлеум. топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойынша бағалауға болады. Халықтың Тұрмыс деңгейін сипаттау үшін материалдық игіліктердің көлемін, құрамын, олардың халықтың жекелеген топтары арасында пайдаланылуы мен бөлінуін сипаттайтын статистикалық деректер негізінде қалыптасатын бірқатар әлеум-экономика көрсеткіштер (индикаторлар) қолданылады.
Халықтың Тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс минимумының шамасы, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы индексінің көрсеткіші.
Халықтың Тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру қоғамдық дамудың қазіргі кезеңде республиканың әлеуметтік саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. 19 ғасырдың 90-жылдарының 1-жартысында өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарымен байланысты Тұрмыс деңгейінің төмендеу үрдісі орын алды. Соңғы жылдары Қазақстан халқының Тұрмыс деңгейі өсуі байқалды. 1996 – 1997 жылы, әсіресе, 1999 – 2000 жылы еліміздің экономикалық өрлеуге бет алуы халықтың табысы мен Тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне игі ықпалын тигізді.
2000 жылы халықтың барлық ақшалай табысының нақты өскендігі байқалды. Бұл жылы халықтың жылдық ақшалай табысының орташа мөлшері 1999 жылдың осындай көрсеткішінен 16,9%-ға асып түсіп, 47795 теңгеге жетті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2000 жылы 3,6%-ға өсті. Ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасы деңгейінің біршама тұрақтандырылуына орай қолдағы ақшалай табыс көлемінің өсуі халықтың төлем төлеуге қабілетті сұранысын арттырды. Сондай-ақ ішкі нарықтың күнделікті сұраныс тауарларымен және ұзақ пайдаланылатын тауарлармен молығуы оларды тұтыну көлемінің көбеюіне септігін тигізді. Халықтың мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етілуі кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда көбеюі өтпелі кезеңдегі оң құбылыс болды. Мысалы, 1985 жылы халықтың 100 отбасына шаққанда 36 магнитофоннан келсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 115 данаға жетті, телефонмен қамтамасыз етілу 38 данадан 55 данаға артты, электрлі шаңсорғыштың саны тиісінше 33 данадан 65 данаға, жеңіл автомобильдің саны 16-дан 26-ға, тоңазытқыш 97-ден 118-ге көбейді. Жеке меншіктегі автомобильдің саны тұрақты түрде артқаны байқалды. 1998 жылы мың адамға шаққанда 62 автомобильден келсе, 2000 жылы 65 автомобильге жетті. 90-жылдары халықтың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды. 1985 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші бір тұрғынға шаққанда 12,9 м2 болса, 1999 жылы ол 16,5 м2-ге көбейді. Үкіметтің елдегі экон. ахуалды жақсарту жолында жүргізген нысаналы іс-қимылы нәтижесінде жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі, табыс пен трансфертті ескергенде, 2000 жылы 31,8%-ды құрап, айтарлықтай азайды, ал 1998 жылы бұл көрсеткіш 39%-ды құраған болатын. Адамның дамуы индексінің (АДИ) көрсеткіші (халықтың жан басына шаққандағы өндірілген нақты ЖҚӨ-нің көлемі, өмірдің ұзақтығы мен тұрмыс сапасы, білім алу және білімді жетілдіру мүмкіндігі) 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде 0,768-пункттен 0,726 пунктке дейін төмендеді. Бұдан кейінгі жылдары халықтың жан басына шаққанда нақты ЖҚӨ көлемінің ұлғаюы нәтижесінде АДИ көрсеткішінің өсу серпіні, сондай-ақ туған адамның өмір жасы ұзақтығының артуы (1995 жылы 63,5 жастан 1999 жылы 65,5 жасқа ұзаруы) байқалды. Білім деңгейі индексінің 0,927 пунктке дейін көбеюі халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді. Халықтың Тұрмыс деңгейін дәйектілікпен жасарту, әлеум. теңсіздікті төмендету, кедейліктің ауқымын қысқарту, халықтың неғұрлым осал жіктерін қолдау мақсатымен ҚР Үкіметі “Білім”, “Халықтың денсаулығы” бағдарламаларын, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасын қабылдады. Халықты әлеум. қорғау жүйесі қайта құрылды, халыққа мемлекет тарапынан атаулы әлеум. көмек көрсетіле бастады. Халықтың неғұрлым осал жіктерінің әлеум. қорғалуын қамтамасыз ету үшін мүгедектік бойынша асыраушысынан айрылған жағдайда, құрсақ көтеріп, бала туғанда арнаулы жәрдемақы бөлінетін болды, оралмандарды әлеум. қорғау жөнінде нысаналы іс-шаралар жүргізіледі, медицина-демографиялық ахуалды жақсарту жолында салауатты тұрмыс-салты насихатталудауылы 2005 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 15463 теңгені құрап, алдыңғы жылғымен салыстырғанда 20,6 пайызға көбейді, мұның өзі 2000 жылғымен салыстырғанда 2,5 еседей көп. 2000 – 2005 жылы тұтыну бағасының өсуінен халықтың атаулы ақшалай табысының тұрақты түрде арту үрдісі байқалды. Нақты ақшалай табыстың өсімі бұл кезеңде 2000 жылғы 1,3%-дан 2001 – 2005 жылы 10,3 – 13,8%-ға дейін жетті. Елімізде соңғы уақытта өріс алған экон. өрлеу халықтың Тұрмыс деңгейінің жоғарылауына игі ықпалын тигізді. Табысы күнкөріс минимумынан төмен жұртшылықтың үлесі 2005 жылы 9,8%-ға төмендеді және табысы азықаласытүлік қоржынының құнынан төмен жұртшылықтың үлесі 1,6%-ға азайды. Кедейлік шегінде тұрған үй қожалықтарының үлесі 2002 жылы 6,4%-дан 2005 жылы 2,2%-ға дейін азайды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖҚӨ-нің көлемі валютаның сатып алуға жарамдылығының тепе-теңдігі бойынша 2005 жылы 8060 АҚШ долларын құрады. Елімізде макроэкон. жағдайдың жақсаруына орай жалақы мен зейнетақы да дәйектілікпен көбейіп келеді. 2005жылы орташа айлық атаулы жалақы 34066 теңгеге, ал зейнетақы мөлш. 11877 теңгеге дейін өсті. 2001 жылы атаулы жалақының сатып алуға жарамдылығы 3,5 есені құраса, ал зейнетақының жарамдылығы 123,9% болса, 2005 жылы тиісінше 5,2 есеге және 231,6%-ға жетті. Соңғы бес жылда (2001 – 05) пәтерлердің көл. 3,6%-ға көбейді. 2005 жылы тұрғын үй құрылысында 254 млрд. теңгеге күрделі инвестиция игерілді, мұның өзі 1998 жылы деңгейден 9,9 есе көп. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 07 жылдарға арналған бағдарламаларына сәйкес жалпы ауданы12 млн. м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды